Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

2.2 Қаңлы қауымының діни наным – сенімдері, әдет- ғұрып,

салт – дәстүрі

Адамзат қауымындағы көп діндер мен наным-сенімдердің ішінде ең ұлағатты діндерге негізінен үш дін – ислам, бідда, христиан діндері жатады делінеді. Түркі тайпалары өздерінің басып өткен ұзақ тарихында талай діндерді басынан кешіргендігі белгілі. Олар кезінде Көк Тәңір мен шамандық нанымға сеніп соған бас иді. Пұтқа да табынды, христианнесториан дәндеріне де мінәжат етіп келді. Тіпті: кейде бір діңді қабылдап, екіншісін жалғастырып, синкретикалық (қос дінділікке) құбылысқа ұшыраған кезеңдері де болды. Түркі тайпаларының біржағы пұтқа табынып жатқанда, екінші жағы Көк тәңіріне жалбарынды. Бір қазақтын өзі қазірге дейін: «Тәңір жарылқасын!», «Құдай сақтасын!», «Алла бұйырса!», «Жасаған ием жар бола көр!», деп сыйынып жүрген жоғары иелерінің санамызда қатар сақталуынан болса керек.

  1. Будда дінін тұту.

Б.А.Литвинский-біздің д. 1ғасырында Кангюй мемлекетінің жерінде Будда храмдары кездесетін еді және Шығыс Түркістанда будда дінің уағыздаушы кангюйлар болды деп көрсетеді. Отырардан Үндістан бар, онда будда дінінің негіздерін жетік меңгеріп, одан кейін Қытай елінде Будда храмын ашып, ол дінді уағыздап таратушы қаңлыдан шыққан ұстаз діндарлардың болғаны да Қытай тарихында аталады.

2. Тәңірге сиыну.

Көне түркі тайпаларының көбі көктегі Тәңірге сиынып құлшылық етті. Солардың бірі көне қаңлы тайпасы. Алматы манынан табылған қолөнер ескерткіштерінің бірі-шырағдан тәрізді ойық ыдыстың кеңересінде отырған 16 жолбарысы бат ортасында бір қошқарды ортаға алып, жәукемдеп жеп жатқан екі бөрісі бар, оған сырттан қарап тұрған екі қарғаның мүсіндері салынған тегершік шырағдан көптен бері-ақ ғалымдардың назарын аударып келеді.

3.Ислам дінін қабылдау.

Ислам дінінің әсері Сырдарияның орта және төменгі сағасында жасайтын қаңлыларға X ғасырдың өзінде жете қойған жоқ болатын. Кейбір араб деректеріне сүйеніп, В.Бартольдың айтуына қарағанда, мысалы, Жент, Сығанақ, (қазіргі Сунақ ата қорғанының қалдығы) қалаларындағы қыпшақтар мен қаңлылар XII ғасырдын тек екінші жартысында ғана, онда да Хорезм патшалығымен тығыз қарым-қатынас болуы арқасында ғана ислам дінін қабылдаған көрінеді /43/.

4. Христиан дінін уағыздау.

Қазақ тайпаларының ішінде христиан, оның тармағы –несориан дінін уағыздағандары да болды делік. Мәселен, Ж.О.Артықбаевтің келтірген дерегінде: «Керей – в первом тысячелетие нашей истории жили в Монголи и Алтайских краях, так же занимая Западные районы Китая: они известны в летописах как самые ранние христиане Центральной Азии, даже их племенная тамга в форме креста тому свидетельство» - делінеді /44/.

Жетісу, Сыр бойында жасаған түркі тайпалары да өткен тарихтың бір кезеңдерінде несториан дініне сенгендігі, олардың тасқа жазған ескерткіштерінің табылғандығы да белгілі. Бірақ бұл көне дүниелер арнайы зерттелген жоқ.

Әрбір халық пен ұлыстың ментаритетіне қалыптастыруда олардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының ерекше мәні бар. Олар ұзақ ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа рухани мұра болып ауысып отырады. Бірақ ол ұлттық қасиеттер ұзақ уақыт барысында қалыптасады. Олардың қаңлы қауымында тән кейбір көріністерін атап өтейік.

1)Лауазымды құрметтеу әдеті.

Көне қаңлы қауымына тән жалпы құндылыққа ескі дәстүр салты мен кәлелі ел әдетін берік ұстанған ертеден мемлекет құрып, өркениетке ие болған, билеп төстеп үйренген хан тектілігі мен болмысына сінген бекзадалық, ақсүйектік, абыздық қасиеттерді жатқызуға болады. Сонау XI ғасырда ұлы ғалым Махмұд Қашқаридың өз аузымен айтылып, қаламымен жазылап қалған: «Қыпшақ тайпасының жақсы жайсаң ұлықтары қаңлылар еді» деген ұлағатты сөзі бар /45/. Бүл сөздің мәнісіне назар аударсақ XI-XII ғасырларда Сыр өлкесінде қалыптасқан қыпшақ қаңлы федерациясы құрамында да қаңлылардың жоғарғы билік жүйесіндегі ұлықтар қатарында да көп болғандықтан аңғартып тұр. Бұл деректен қаңлы арасынан шыққан атақ, лауазымды адамдардың М.Қашқариге дейін де, одан кейін де мол болғанын аңғару қиын емес.

Екінші бір дерек: жалпы қазақ еліне кең тараған: «Кәделі елге қаңлы бар, ханың болмаса, қаңлыдан хан сайлап ал!» деген қанатты сөз. Бұл сөз – жалпы қаңлы феноменінің мәнін аша түсетін бір «кілт» тәрізді.

2) Үлкенді құрметтеу салт - дәстүрі.

Көнеден ақ қаңлы атанатын қауымның барша қазақ тайпалары арасында үлкендік жолына ие болып, ерекше құрметке ие болуының сыры оның осы көнелігіне және сол қауымнан ел билеген қасиетті, парасатты адамдардың көптеп шығуына, оларды ақсүйек, бекзадалық тегіне, әулиелі қасиетіне өнегелі өмірі мен өнерлі қабілетіне, көріпкел, емшілік қасиетіне байланысты болса болды.

Қаңлылардың ел арасында ақсақал – абыз, ақын – жырау, діндар орырып кеткен орнына үй иесінің жас баласын аунатып алу, үзеңгісінің астынан өткізіп алу, «аузына түкіретін», басынан сыйпайтын, бала тілегін алу т.б. ырым кәделер жатады.

3) Қаңлы әулетіне тән әулиелік, сәуегейлік, емшілік қасиеттер.

Бұл қасиеттер барлық халықта да бар, бірнеше ру тайпа ру өкілдері бойынан табылады. Алайда, бұл қасиеттер қаңлылықтардың бойынан көбірек табылуы әулие - әнбилер мен қожа молдалардың ертеден – ақ шоғырланған, «Сайрамда бар - сансыз бап, Түркістанда – түмен бап, баптардың бабы Арыстан бап...» деп уағыздалатын ордасы – Оңтүстік өлкенің тұрақты тұрғындарының бірі – қаңлы әулиетінің діни рухының мықтылығы, діни дәстүр мен наным – сеніміне де байланысты болу керек.

Қаңлы әулетіне тән осы қасиетінің бірі шипагерлік, емшілік десек, қаңлы қызынығы бойына дарыған осы бір қасиетті ел ішінде осы күнге дейін аңыз қылып айтады. Ол аңыз бойынша: Ертеде ел арасында көп тараған аурулардың бірі түрі денеге шығатын жара («Көз жарасы», «теңге жара», «сыздауық» т.б. ) десек, міне сол жараларды «шақпақ шағып емдеу тек қаңлы қаз – келіншектерінің үлесіндегі шипагерлік деп санаған.

4) Қаңлы әлеуметінің өнегелі өнерін құрметтеу.

Өмірде өнердің түрі көп: сәулетшілік, суретшілік, қару-жарақ жасаушы тархан, құрал-жабдық жасаушы, ағашшы, темірші, тігінші, шебер т.б. Қаңлы әулетінен де осы өнерлердің бәрін меңгерген шеберлер шыққан екен.

Табиғи ортаға, тіршілік тағы басқа қажеттілікке байланысты әр өлкенің адамдары әр түрлі өнер саласына ыңғайланып өсуі заңды нәрсе. Көне қаңлы тайпасы да осы өнерлердің бірін меңгерген.

Алайда, халық жадында сақталған мына бір «қаңлыдан ұл туды дегенше, ағашқа күн туды десеңші» -деген қанатты сөзі назарды аудартады. Бұл сөзге қарағанда қаңлының өткен бабалары ағашшылық өнерімен көп шұғылданса керек. Мүмкін, «Оғызнамадан» тарап, аңызға айналып кеткен қаңлылардың «арабшы» деген атауы да осы қанатты сөзден шыққан болу керек.