Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

1. Билеу жүйесінің ең жоғарғы бірінші деңгейң – Ван-патша,

яғни қаңлы патшасы. Ол қаңлы мемлекетінің барлық иесі, ел билеушісіең биік лауазымды адам.

2.Екінші деңгейдегі ел билеуші –Фу Ваң, бұл патшаның орынбасары немесе орынбасар патша. Ол патшаның бірінші көмекшісі, әрі әскери істерін басқарушы бас сардар саналады. Бүгінгі біздің түсінігімізше ол - жоғарғы қолбасшы. Ол ірі жорықтарға өзі қолбасшылық жасаған, әрі елін жаудан қорғау міндетін де атқарады. Автор бас сардардың ісін көрсету үшін «Ханнамадан» бір мысал келтіреді: «Қаңлы патшасының орынбасары Баудін бірнеше мың қол бастап шығып, Чыгуш (Қызылсай) қаласының шығыс алабын таран таражылады, үлкен күн бидің (бұл үйсін елінің басшысы) мыңнан астам адамын қырғындап, көптеген малдарын айдап әкетті. Содан соң олар Хань патшалығының әскерлерімен айқасып олардың артқы шеп тасымал керуендерін мейлінше тонады»- деп жазады.

3. Үшінші деңгейдегі мемлекет билеуші Гүйрын, ақсүйектер немесе төрелер. Олар негізінде халықтық әлеуметтік істерді, ел аралық қатынастарды, бітімгершілік миссияларды басқаратын лауазымды адамдар. Олар кезекті кеңес жиналыстарына қатысып маңызды қарарлар қабылдайтын мемлекеттер кеңесшілер болып саналады. Басқаша айтқанда, олар ең жоғарғы ақсүйектер кеңесінің мүшелері болып саналады.

4. Төртінші деңгейдегі мемлекет билеушісі – ябвуылар.

Бұлар – ірі ру басшылары немесе ұлыстардың басшылары. Олар өз руларынның әскерлері мен әкімшілік істерін басқарады. Сонымен қатар, ақсүйек – төрелер кеңестеріне қатысып, мемлекеттік келелі істерді атқаруға, шешім қабылдауға өз ықпалын жасайтын беделді адамдар болып саналған.

5. Бесінші деңгейдегі мемлекет билеушілері – түменбасылары.

«Қаңлы мемлекетінде әкімшілік пен әскңери жүйе біртұтас болады» деп көрсетеді Н. Мұқаметханұлы. Қытай деректеріне сүйеніп, әрбір отбасының бір адамы тұрақты түрде әскер қызметін атқаруға міндетті болған. Олар жәйшылықта өндіріспен, мал бағу және басқа да тіршіліктермен айналысады да, ал соғыс бола қалған жағдайда, қоссынданып, қолдарына қару жарақтарын алып шайқасқа аттанатын болған. Мысал ретінде автор: «Ханнамда» б.з.д.36 жылы Қытай әскерлері қаңлы жеріндегі Жыжы тәңірқұтты өз қорғанында қоршауға алып шабуыл жасаған, «қаңлының» жүз мыңдаған әскері он топқа бөлініп, оларғада төрт жағынан қоршауға алып шайқас жасамақ болады. «Түнде олар қосындарысызға бірнеше рет тап берді, бірақ бәрінде ырықты орынға жете алмаған соң шегініп кетті» делінген деп көрсетеді /32/.

Қаңлы мемлекетінің әскери күші. Мемлекет болған жерде оның жерін, елін қорғайтын қарулы қолы, әскери күші болуы міндетті. Демек, әскери күш қай заманда болмасын мемлекеттік құрылымының құрамдық бөлігі болып саналған. Сондықтан жалпы дәурендеу мерзімі он бес ғасырға созылған Қанлы мемлекетінің тарихында тұрақты әскер күшінің болғандығы Қытай жылнамаларында көрсетіліп отырған. Кангюй мемлекетіне алғаш рет елші Чжан Цзяньнің мағлұматы бойынша бұл мемлекеттің 120 мың садақшы жауынгері болған.

Бичурин кангюй мемлекетінің халқы ұстаған әскерінің санына тоқталып: «Народу население состоит из 120 тысячи семейств, 600000 душ; строевого войска 120 000 человек», -деп көрсетеді /33/.

Осыншама әскери күш ұстау Қаңлы мемлекетінің, одан кейінгі қаңлы қауымының сонау көне дәуірден басталып, XIX ғасырға дейін жалғасып келген дәстүрі екеніне көз жеткізуге болады. Бұл дәстүрді біз Хорезм заманында да өз дамуын тауып, одан кейін де жалғасқаның көреміз.

Көне Хорезм жеріне археологиялық зерттеу жүргізген ғалым С.П.Толстов өз жұмысының бір тарауын «Конница Кангюй» деп атап салт атты әскердің теңгеге түсірілген бейнесіне байланысты мұздай қаруланған атты әскердің сол кездегі мемлекет өмірінде ерекше орын алғандығын баяндаған.

Сондай-ақ, академик С.П.Толстов көп зерттеулерінің бірінде Сырдарияның бойында Ескендір Зұлқарнайынмен болған қанды шайқаста оған қарсы щыққан жергілікті скифтердің қатарында Қангюй – Хорезм атты әскерлерінің болуы ыктимал деп көрсетеді. Қару жарақ пен қаруланған бұларды тек ауыр оқ атқыштармен ғана мертіктіруге болатын еді дейді. Ол әскерлерінің қарулары әртүрлі болып, белдерін алтынды белдіктермен буынып, аттарын теңгемен пластика жабулармен жабулаған еді /34/.

Қазаұстан жеріне, еліне ғасырлар бойы баса көктеп кіріп, ел жұртын қан қақсатқан Жоңғарлар мен Қалмақтарға қарсы қан төгіс жойқын соғыстардың барлығына да қаңлы қауымының ер азаматтары белсене қатысады. Соның бір мысалы ретіңде екі болыс қаңлы ауылының Жетісу жеріне қоныс аударып келуін айтуға болады.

Шыңғысқан шапқыншылығынан кейінгі Кангюй – Канқа – Хорезм мемлекеті ыдыраған дәуірлерде қаңлы тайпасы қалың отырған хандықтар мен қағанаттарда тек қаңлылардан ғана құралған әскери күштердің болғандығы белгілі. Мәселен, Қадырғали Жалайыридің «Жылнамалар жинағында»: «Ұрысхан әскерінің оң қанатында екі мың қаңлылар, ал сол жақ қанатында – «алаш мыңы» болды деп көрсетеді /35/.

Қаңлы полкы. XIX ғасыр Қоқан хандықтарының архивінде сақталып келе жатқан мыңдаған іс қағаздары мен құжаттардың А.Л.Троицкая жариялаған каталогінде көшпенділер полктарының лауазымды әскер басшыларына азық – түлік жіберілуіне байланысты сол полктардың аттары мен орналасқан мекен жайлары аталады. Мәселен: Қара-тепа, Карван, Канглы.../36/. Осы дерекке қарағанда да XIX ғасырдың өзінде біріңғай қаңлылардын құралған бір полк әскер болғандығы белгілі.

Міне бұл деректерден біз кангюй мемлекетінен басталған әскери күш жабдықтап ұстау дәстүрі көпке дейін созылғандығын көреміз. Бұл қаңлы қауымының биік рухын, өз жері мен ел жұртын қорғауға деген патриоттық сезімінің биіктігін көрсетсе керек. Қытай мен Моңғол империасының құзырында жүрген көптеген қаңлылардың ел басқару, ғылым – білім, өнер саласында ғана емес, сонымен қатар жоғарғы дәрежелі әскери лауазымды қызметтерді де атқаруы олардың жауынгерлік рухын сипаттайтын қасиет.