Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

II. Тарау. Қаңлы рулық бірлестігінің шаруашылығы, мәдениеті және этнографиялық ерекшелігі

2.1 Қаңлы мәдениеті , шаруашылығы, жазу өнері, қол өнері, музыка және би өнері.

Шаруашылығы. Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи климаттық және ландшафтық – географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесі мен, шаруашылық қызметке тартылуы мен шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленеді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зерафран аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдынғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді.

Дәнді дақылдар дәндері мен астық қамбаларының табылғанына, еден сылағы мен камкесектен сабан – топан қалдықтарының болғанына дәнүккіштер мен астық сақтайтын құмдардың көп кездескеніне қарағанда, егіншілік мықтап дамыған тәрізді. Жерді тас кетпендермен өндеген, олар көрінген мекеннен табылады. Жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар да қолданған.

Б.з. алғашқы ғасырда егінді суғару шектеулі көлемде жүргізілген. Әдетте, суды пайдалануға еңбектің ең қарапайым әдістері қолданылады. Көкмардандағы жер суландыру ісін алдын-ала зерттеуден Арыстың опырылып құлап біткен көне арнасы мен тарамдарын бөгеп, олардың жарма, арықтар тартып, егін мен бақшаларды суарғанын көреміз.

Шаруашылықтың маңызды бір саласы – мал өсіру болған. Егіншілігі біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы, қой, ешкі, сиыр сияқты үй жануарлары сүйектерінің көп кездесетіне қарап қаңлылар тіршілігінде мал шаруашылығы едәуір орын алғанын байқаймыз.

Қоныстанушылар өмірінде аң аулау ісі де үлкен орын алған. Қазбалардан еліктің, таутекенің, арқар мен ақбөкеннің сүйектері табылған. Арқар мен марал мүйіздері де жиі кездеседі. Ісмерлер олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Қаңлылар су құстары – үйректер мен қаздарды да, бірқазандарда аулаған. Балық қылтанақтары мен қабыршақтарының табылуын еске алсақ, олар балық аулаумен де айналысқан. Балықты шанышқымен түйреп, әртүрлі аулармен, қармақпен ұстаған.

Жабайы алма мен алмұрт, өрік пен долана, пісте жемістерін жинау да көп шаруаның мәнді бір түрі болған.

Сонымен б.з басталар кезде және б.з I-мыңжылдығының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігінде аса ірі және құдіретті Қаңлы мемлекеттік бірлестігі болып, өркен жайған ол Шығыс тарихында маңызды рөл атқарған. Оның халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқан. Қаңлының өз тұсындағы Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланысы мол болған.

Қаңлы тілі туралы ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлер бірыңғай емес, тіпті қаңлыларды иран тілдес тайпаларға жатқызатын ғалымдар да бар. Мысалы, қаңлылардың шығу тегі мен тілі туралы Б.Ғ.Ғафуров: «Этническая принадлежность кангюйцев вызывает споры ученых. Существует точка зрения, что они тюрки. Другие доказывают, чо кангюйцы пренадлежат к числу носителей тохарских языков. Вероятнее однако, что они были иранозычным, потомками и наследниками сырдарьинских саков», -деп жазады/37/.

Қалай болған да, мемлекет салтанатын құрып отырған көне қаңлы түркі әлеміне Қытай елшісі Цыма Цзянның алғаш жариялаған дәуірінде (б.д.д. II ғасырда) олар түркі тілдес тайпа болып саналған.

А.Н.Бернштам өзінің кангюй проблемасына бағыныштаған зерттеуінде б.ғ.б. қаңлы түркі тілдес тайпа болатын /38/ деп есептейді.

Сонымен қаңлы барша түркі әлемінде үйсін тайпасымен бірге шыққан ең көне әрі алғашқы түркі тілдес тайпалар екендігінде күмән болмауы керек.

Қаңлы тілінде жазу дәстүрі де болған. Алайда қаңлы атымен бүгінге жеткен жазба ескерткіштердің (оның жалпы саны 30 шақты) қайсысы оған жақын, қайсысы алыс екенің айту өте қиын. Ал қаңлы тілінде кезінде жазылған «Заң ережелері» (б.д.д. II ғасырда), «Қаңлы тілінің сөздігі» (XIV ғасыр) т.б. ресми жазба ескерткіштер бізге жетпей, тарихтың шаңына көміліп қалған.

Түркі әлемінде, соның ішінде әсіресе Алтай, Орталық, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жасаған түркі тайпаларының бәріне ортақ Орхон, Енисей және Талас руникалық жазуында қалыптасқан түркі жазуы әдеби тілі сол кезде (V-VII ғ) Батыс түркі қағанатының құзырында болған қаңлылардың ұлан-ғайыр Еуразия жазығына қыпшақ қауымының үстемдігі жүріп «қыпшақ тілдерінің қауымдастығының» енген тілдердің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері айқындала бастаған дәуірде (X-XII ғ) қаңлы тайпасының тілі де осы топтағы тілдердің бірі болып қалыптасқаны белгілі.

Қазақ халқы және оның жалпы халықтық һәм жазба әдеби тілі қалыптасқанда қаңлылар тілі оған ұйытқы болған қыпшақ компоненті ретінде қатысты.

Жазу өркениетті елге айналған тайпа ұлыстың, халықтың тіліне қажетті мәдени атрибут. Жазу бір халықта ерте, бір халықта кеш пайда болуы мүмкін. Адамзат қауымына тән жазу мәдениетінің тым ұзақ тарихы оның сан алуан түрлерін, қолдану әдіс тәсілдерің, шығу төркінін, қалыптастыру дәуірлерін жақсы білген.

Адамзат өркениетінің басқа саласын былай қойып, тек түркі әлеміне тән жазу дәстүрін қарастырсақ, оның өзі тасқа қашап, ойып жазатын, металл (алтын, күміс, қола, темір) бетіне сызып жазатын, күйдірген кірпіш бетіне батырып жазатын, иленген терінің бетіне тіліп, не бедерлеп жазатын, қайың қабығы тозға кесіп жазатын, матаның бетіне кестелеп жазатын, қағаздың бетіне сызып, суреттеп, бейнелеп жазатын т.б. сан алуан тәсілдерін білген екен. Өркениет деңгейіне қарай, әр алуан материалдарды да пайдаланған екен.

Қаңлы тайпасы да кезінде жазулардың біразын қолданған сияқты. Мәселен, б.д.д.II ғасырда Кангюй мемлекетіне барған Қытай елшісі Цыма Цзянь: «Патша ордасында оның заңдары мен жарлықтары ілулі тұрады екен»,- деп жазады.

Олжас Сүлейменовтың: «Тюркологом известно сообщение китайской летописи III века до н.э., что народ кангюй писал «поперек» -горизантальной строкой, в отличие от китайской традиции вертикального расположения текста» /39/ деп көрсеткен еді. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» атрибуты- күміс ожау басындағы (б.д.д.VI-V ғ) жазуға ұқсас дегенді аңғартып отыр. Ол Алтай қорғандары мен Шумер жерінен табылған археологиялық ескерткіштерде тәңірге сену символдары қайталанып отырылуы да олардың ортақ мәдени дәстүрін айқындац түседі деп көрсетеді.

VI-VII ғасырлардағы Батыс түрік қағанатының тарихына қатысты Білге қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке т.б. тарихи тұлғаларға бағышталып, тасқа қашап жазылғанг ескерткіштерге де қаңлы тайпасының тікелей қатысы бар деп білеміз. Өйткені оларды қаңлының ата мекен жәйі аталады. Тіпті осы руникалық жазудың Талас бойынан табылған ескерткіштері де сол кезде осы аймақта рухани мәдени, әкімшілік жағынан үстемдік жүргізген қаңлы тайпасына тән болуы да ғажап емес. Демек бұл, қаңлы тайпасы VIII ғасырға дейін де руникалық жазуды пайдаланған.

«Қаңлы тілінің сөздігі» жайында айтсақ – бұл араб жазуына XIV ғасырда жасалған сөздік.

Ең алдымен «Қаңлы тілінің сөздігі» қандай тарихи әлеуметтік жағдайда дүниеге келді?, соған жауап іздеп көрелік. Алтын Орда дәуірінде (XIII-XV ғасырдың аяғына дейін) жер жүзіне әйгілі көптеген көркем шығармалар дүниеге келді: «Қисса-си Йусуф» (1233) Сәйфи Сарайдың «Гүлістан бит түрки» (1391), хусам Катибтың «Жұмжұмасы» (1369), Хорезмидің «Мұхаббатнамасы» (1353) т.б. «Бұл шығармалар қай тілде жазылды, Алтын Орда мемлекетінің тілі қандай тіл болды, оның құзырында жасаған қыпшақ, қаңлы. Оғыз т.б. тайпалардың өз тілдері болды ма, болса олар қандай тіл еді?», деген сұрақтарға әлі күнге дейін жауап берілген жоқ.

Қыпшақ тілі мен қаңлы тілде жарияланған (XIV ғ) «Кодекс куманикус», «Қаңлы тілінің сөздігі» деп аталатын сөздіктер міне осы дәуірдің жемісі. Бұл тілдер бұл дәуірде тайпа тілдері деңгейінде қалыптасқан еді.

Қаңлы тілінің сөздігі араб нұсқасындағы атауы: «Тәббийүн әллуғат ат-түрки әл-лисан әл-қаңгли». Түрік ғалымы профессор М.Ф.Көпюрлиннің мағлұматы бойынша: сөздіктің авторы – Хорезмшах кезіндегі Рей оғыздарынан шыққан филолог ғалым Мұхаммед ибн-Кайс.

Өкініштісі, қазақ тілінен даму кезеңінен тарихы үшін аса қажетті бұл қаңлы тілінің сөздігі тек жарияланған қол жазба тізімінде ғана сақталып, түп нұсқасы әлі күнге дейін табылмай отыр.

«Қаңлы тілінде дүниеге келген және сақталып бізге жеткен жазба ескерткіштер бар ма?». Белгілі археолог ғалым А.Н.Подушкиннің Қазақстанның Оңтүстік аймағы бойынша ізденістерінде қаңлылар жазуының жеке боліктері табылып отыр. /Қосымшаны қараныз/

Қолөнер саласына байланысты: қаңлы елінде қолөнер кәсібі айтарлықтай дамып өзіндік ерекшелігімен «Қаңлы мәдениеті аясын» қалыптастырғаны белгілі. Мысалы, қаңлы еліңде қой жүнінен мәнерлеп жасалған киіз үйлер мен топырақтан қыш құйып, тұрғызылған там үйлердің болғаны белгілі. Археологиялық мәліметтерге жүгінсек қаңлы жеріндегі «қоныстар мен қорымдарды ашқанда қыш мейлінше көп табылған. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді қамтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрлерін айтады. Металл ыдыспен бірге қыш ыдыс тамақ дайындау үшін қолданылған, сұйықты тасымалдау және сақтау үшін түрлі құмыралар түтынылған екен» /40/. /Қосымшаны қараныз/

Ол мәдениет туралы өз пікірін жалғастыра келіп: «Қаңлы жерінде алтын байлығының болғандығы қытай деректерінде айтылады. Мысалы, бір жылнамада «Қаңлы патшасы басына жеті жерден алтынмен гүл салып әшекейлеген бас киім қалпақ киеді. Үстіне жұқа торғыннан тігілген киімдерді қабаттап киеді. Патшаның әйелі шашын ұзын өзіреді де басына бөртпе салы салады» жеп жазылған» (сонда, 150б.).

Ежелгі қаңлы тайпасының рухани азаттық мәдениетін және басқа да құндылықтарын білу дәуірі, сол мемлекеттің тарих сахнасына шығу кезеңінен басталады деп айтуға болады. Көне қаңлы мемлекетінің атамекені Оңтүстік өлкенің археологиялық нысандарын көптен бері зерттеп келе жатқан Қ.А.Ақышев, К.М.Байпаков, К.М.Ерзакович т.б. архелолг ғалымдардың көне қаңлы мәдениеті туралы көптеген материалдар жариялап, құнды пікір айтып келе жатқаны белгілі. Мәселен, солардың бірі археолог К.М.Байпаков:

«Как известно, в районе среднего течения Сырдарьи распологался центр государства Кангюй. Письменные известия о кангюйе немногочисленны. Сведения, позволяющие поставить вопрос о локализации его относятся ко второй половине II в дон.э. они приенадлежать Чжан Цзяню Китайскому князью отправленному императором У-ди в 138 г до н.э.во главе посольства на запад. Чжан Цзянь открыл для Китая целый мир городских цивилизации и кочевых государств...» /41/.

Қаңлылардың музыка және би өнері. Көне қаңлылардың ұлттық ойын сауық өнері де болған.

Қытай жылнамасында жазылып сақталған деректер негізінде, әсіресе, ойын сауыққа қатысты қызықты мағлұматтар келтірілген. Қаңлылар кезінде Қытайлар үшін ойын-сауық мәдениеті, музыкалық аспаптары, әуен шығару, оларды орындау өнері дамыған ел саналған. Н Мұхаметханұлы: Қытай жылнамаларында «Қаңлыларды үлкен және кішкене барабандар, пипа, бес ішекті аспап, яғни жетіген және басқа да аспаптары барс», -деп жазған. Ал «көне таңнамады қаңлы адамдары «қымыз құмар» , «өлеңші, биші келеді» деп көрсетілген.

Музыка өнеріне байланысты тағы бір қызықты дерек: «Сүй патшалығы құрушы Яң-Шань патша өз ордасында жеті түрлі музыка өнерін ұстағандығы айтылады. Олардың біріншісі мен екіншісі қытайдың орталық өлкелеріне тараған өзінің ұлттық өнері, үшіншісі корей өнері, төртіншісі – үнді өнері, бесіншісі – Бұқар өнері, алтыншысы – күшан өнері, жетіншісі – қаңлы өнері», -делінеді. Тағы бір қызық дерек: «Жоу патшасының Ули патшасы солтүстік бұратаналардан қыз алғаннан бері, Қаңлы мемлекеті батыс бұратаналар өнерінің иесі болды. Оларды дауысы бойынша жіктегенде, өлендері орта дауыс-қоңыр дауысқа жатады. Музыка аспаптары-сыбызғы, барабан, қос барабан және дүнба аспаптары бір қосын болып, жеті адам орындайды» -деп жазған.

«Жоу патшалығының Ули патшасы бұратаналардаң бәйбіше алған соң батыс өңіріндегі елдер көп келетін болған. Сонымен құшан, сулы, бұқар және қанлы музыкалары Шаңаде тоғысты. Қаңлы музыкасын орындаушы басына қара желек салады, үстіне жібектен тігілген, жеңі гүлденген ұзын көйлек киеді. Биді екі адам орындайды. Олар жағасы кестелі, қызғылт түсті, жеңі көк жұқа шапан киеді, ауы кең сым киеді, аяғына қызыл былғары етік киіп, белін ақ белбеумен буады. Билегенде құйындай шыр көбелек айналады. Бұны: «Бұратаналар ырғағы» деп атайды. Музыкасы екі сыбызғы, бір барабан және бір қос барабан, бір дүнбадан тұрады» делінген.

Н.Мұқаметжанұлы «осы деректерден, қаңлы елінде ансамбльмен орындалатын музыка өнерінің де болғандығын және оған қоса би билейтін ойын-сауық өнерінің қалыптасқандығын байқауға болады. Демек, сол кезде қытай патшалықтары Батыс өнірдің ару қыздарын бәйбішелікке алып, олардың өлең билерін (өз ордасында ұстап) тамашалауға құмар болғандығы Батыс өңіріндегі қаңлы қатарлы елдердің ойын-сауық өнерінің құдыреті болса керек. Сол кезде қаңлы биші қыздарының мың бұралып билеген биін көрген Қытай ақындары қатты шабыттанып, жалынды өлендер де жазып қалдырған екен. Солардың бірі қытайдың классик ақыны Бәй Жүй-нің жазған «Биші бикеш» деген өлеңі екен:

Биші бикеш ойқастап,

Оңға солға бой тастап,

Жауған қардай қалықтап,

Құйындай құйғып шарықтап,

Мүдіруді білмеген,

Бұрала, толқып билеген,

Келіпті бикеш Каңлыдан,

Алты айшылық арыдан,

Жарыса жырлап күйменен,

Көңілі толқып күйменен,

Бидің биік сарасы,

Әлемде жоқ бағасы,

Қол жеткісіз асылға,

Әркімнің бар таласы,

Алқа-қотан айналды,

Жұрттың төре қарасы»,-

Осыны қорыта келе Н. Мұхаметхан,ұлы: «Осы тарихи жазба деректерден қаңлы елінің ойын-сауық өнері сол кездегі жоғары өреге жетті, өзінің көркемдігімен Қытай патшасы ордасынан орын алғандығы, сондай-ақ Қытай елінің ән-би өнерінің дамуына игі ықпал жасағандығын да байқауға болады» /42/,-деп түйіндейді.

Көріп отырғанымыздай, осы бір қарапайым деректерден қаңлы мәдениетінің сонау көне замандардың өзінде жан-жақты дамып тіпті би-музыка саласында Қытай, Үнді, Бүқар, Күшан, Корей сияқты кезіндегі ұлы елдердің қатарынды тұруы қаңлының музыкалық ансамблімен биші қызын алты айшылық алыстан алдырып, патша сарайында өнерін тамашалауы және сондай өнерпаздығы үшін Қытай патшаларының қаңлы қыздарын бәйбіше етіп алуы т.б осы сияқты хатталып, қағазға жазылып қалған деректердің өзі-ақ көне қаңлы мәдениеті туралы көп нәрсені анғартады. Этностың мәдениеті әрі заманның талап талғамына сай, жаңаланып, дамып отыратын аса бір өміршең құбылысы. Ұзақ тарихы бар қаңлы мәдениеті де осы заңдылыққа сәйкес дамып келгендігін көреміз.