Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

I.Тарау. Ежелгі қаңлылардың саяси тарихы

1.1 «Қаңлы» атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер

Түркітану саласында «қаңлы» этнонимнің, не этнопонимінің шығу тегін айқындау негізгі өзекті мәселе болып саналады.

«Қаңлы» деген кімдер, ру тайпа ма, үлыс па, әлде жер-су атауы ма, ол қашан және қай жерде, қалай пайда болды?. Бұл атаудың мән-мағынысы не, ол қалай өте ежелгі тайпалардың атауы болып қалыптасты?. Бұл жұмбақтың тұйінін шешу көптеген жылдарға ізденістен кейін де ғалымдар үшін мүмкін болмай отыр. Өйткені оған жауап ретінде берілетін варианттардын сан-саналы болуы. Ал, бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр. Сондықтан біз бұл тарауда «қаңлы» атауының екі түрлі көзқарастағы бастамдарына тоқталайық.

Қаңлы атауының «өзен-су» идеясы көптеген ғалымдардын еңбектерінде /18/ алға тартылған болатын. Қайдар Абдуали зерттеу еңбегіне үнілсек қаңлы ұғымына байланысты атаулардың жалпы саны 40-тан астам екен. Олар мынаандай болып келеді:

Қәну – қану

Кәнгерес – Кенгерес

Кенегес – Кенегес

Кенгелер - ...

Бұл аталған сөздердің бәрінің түбірі «Кан» сөзінен таралып отыр. Демек бүл түбір-қаңлы тайпасының атамекені саналатын бір заманда «қан», «қаңға», «қаңқа» аталған тек Сырдарияның өзіне ғана тән атау емес, сонымен қатар бүкіл Азия құрылығының төрт бұрышына түгел таралған жүздеген географиялық (жер-су) және этнонимиялық (ру тайпа) атаулардың дүниеге келуіне негіз болған. Әмбебап түбір сөз. Мәселен, Үндістанда Ганг, Оңтүстік Кореяда Канган, Солтүстік Кореяда Канге, Қытайда Цзянь (осылай жазылғанымен Қытайша оқылуы Кань) делініп келеді. Ал, Сырдың бір замандағы аты Қақ // Қаңғы болған, енді Алтай өңіріндегі өзен атауларына назар аударсақ, онда былайша болып келеді: Ақ-қан (Ара өзені), Ара-қан (Ара өзені), Арын қан (Арын өзені), Асқар-қан (Асқар өзені), Бай қан (Бай өзені), Берке-кан (Берке өзені), т.б. Осы деректерді келтірген сөздіктің авторы О.Т.Молчанова: « По данным картотеки топонимов Сибири при Томксом университете есть еще шесть как, правый приток М.Потом, Тихий Кан; р, Кан-правый приток Енисея, Кан на территориии Сибири... » /19/ деп жазды.

Басқаны қойғанда, тек Ш.Уәлиханов еңбектерінде ғана кездесетін «қақ» түбіріне қатысты 6-7 туынды атау өзі нені көрсетеді: Қаңлы, Қанглы, Кангюй (қақғұй), канезы (қақездер), канкалы (қаңқалдар), кенегес (кенегестер), кангары (қаңғарлар) т.б.

Осылардың бәрі сайып келгенде, қаңлы // кангюй этнонимімен этнотопонимдерінің қалыптасуына негіз болған гидронимдік түбір екендігін дәлелдейтін деректер.

Ал, енді Кан – қаң түбірлі вариантты атауларға тоқталар болсақ онда ол мынандай болып келеді.

Кенгюй – этнотопоним: Сырдария бойынша б.д.д II-ғасырда пайда болып, дәурендеген алғашқы түркі мемлекеттерінің бірі. Бұл тарихта белгілі және қалыптасқан дерек. «Кангюй» (қаңлының Қытайша атауы).

Н.Я.Бишуриннің пікірі бойынша, мемлекеттің, әрі сол мемлекеттің негізін құраушы және оны ұзақ ғұмырлар бойы (VIII ғасырға дейін) билеп төстеген негізгі тайпа.

Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч.в пяти томах А-А 1961-1968

қаңлылардын атауы /2/. Ал Малявкин А.Г. өзінің ұйғырлардың IX-XII ғ.ғ тарихына байланысты қытай деректері негізінде жүргізілген зерттеулерінде қаңлы этнониміне әртүрлі қатысты бар канцзюй /21/ кангы /22/, канго /23/ атауларын келтіріп, канцзюй атауы қаңлы халқының өз атауы емес. Тан патшалығы дәуіріндегі Шы.ыс Түркістандағы Соғды колониясындағы қаңлылардың атауы деп көрсетеді. Ал Н.Аристов /24/ қаңлы түріктердің дулаттардан да көне тайпалары деп айтты.

Енді қаңлы атауына байланысты қалыптасқан екінші көзқарас ол «арба» идеясы. Жоғарыда қаңлы этнонимінің түп-төркіні гидроним түбірінен, оның «өзен-су» деген мағынасы бар екенін айттық.

Қаңлы-арба идеясының бұрынғы сарынымен жалғасып келе жатқанын біз көптеген қазақ авторларының еңбектерінен де көруге болады. Мәселен, академик Ә. Марғұлан өзінің «О происхождении племени канглы» атты еңбегінде былай деген: «Термин «канка» встречается в древнейших источниках. Так канка упоминает в Зенд-Авесте, «Канка» генетические связан с названием племени «канглы», древнейшим центром которого был город Канка. ...повозка «канглы» была принадлежностью и средством передвижения исключительно представителей знати» дей келіп, Абулғазы, Рабғузи т.б. еңбектерінде сілтеме жасайды /25/.

Құдайберді Шәкәрімнің өзі де шежіре жайлы еңбегінде: «Қаңлы деген «арбалы» деген сөз, ұйғыр ішінен қаңлы аталған, бұлар бұрын бек көп ел болған, Стамбулдағы Осман түрікте қаңлы нәсілінен»-деп жазады /26/. Мұндай деректерді көптеп келтіруге болады. Тарихи әдебиеттерді мылай қойғанда қаңлы этнонимін «қаңға-арбадан» шығаратын этимологиялық түсініктемелердің бар екенің айтпасқа болмайды. Соның бірі түрік ғалымы Іспет Зәки Ейұбоғлұның «Түркі тілінің этимологиясының сөздігі» атты еңбегінде «қаңлы» этнониміне берілген түсініктеме.

Көп ізденістерден қорытынды шығарған академик Ә.Қайдар былай деп түйін шығарды: қаңлы-қырықтан астам атауы, сан алуан елдің қалыптасуына ұйытқы, құрамдас бөлшегі болсада, түп-төркіні біреу-ақ, ол: қан// қаң түбірінен тараған түрік тайпаларының ең байырғы, ірі әрі ұзақ жасап келе жатқан көне этникалық топтардың бірегейі, қазақ жерінде дүниеге келген көне тайпа-қаңлының байырғы атауы /27/.

Қаңлылардың территориясын анықтауға арналған жұмыстар да өте көп. Оның бес иелігі болғаны Сусе, Фуму, Юни, Ги және Юегань белгілі. Әйтсе де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.

Бүгінгі Қазақстандық және Орта Азиялық ғалымдар қаңлылар иелігіне Сырдариядан Іле өзеніне дейінгі аймақ жатады деп есептеген. А.Н. Бренштам және кейін оны қолдаған ғалымдар В.Вбарттольд пікіріне сүйенеді.

А.Н.Бернштам Сырдариядағы қаңлылардың иелігін былайша белгілейді:

1. Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзені және Қаратау жоталары;

2. Фуму-Сырдария ауданы бойынша Жаңақорғаннан Қазалыға дейін;

3. Юни-шам (Ташкент) өңірі;

4. Ги-Сырдарияның төменгі ағысы;

5. Юегань-Амударияның төменгі ағысы, Хорезм өңірі;

Сусе жеріндегі Битяньқаласы яғни Қаратау тауы аймағы /28/.

Енді төмендегі деректегі маңызды үзінді негізінен әр иеліктің аумағы, әкімшілік орталығы жөнінде кеңірек мәлімет аламыз. Онда былай делінген: В гоударстве Канцзюй было пять удельных князей (Сяован). Первого звали князь Сусе, его резиденция в городе Сусе. До (местопребывания) наместника 5776 ли, до заставы Янгуань 8025 ли. Второй именовался князем Фумо резиденция его была в городе Фумо. До место пребывания наместника 5767 ли. Находятся в городе Юйни. До (местопребывания) наместника 5266 ли, до заставы Янгуань 7525 ли. Четвертый именуется цзи, его резиденция находятся в городе Цзи. До (местопребывания) наместника 6926 ли, до заставы Янгуань 8555 ли. Имя пятого князя Аоцзянь, резиденция его находятся в городе Аоцзянь. До (местопребывания) наместника 6906 ли, до заставы Янгуань 8355 ли. (Хань-Шу, «Повествование о государстве Канцзюй» - Н.Я.Бичурин аудармасы. II-том. 1866.)

Бұл мәліметтерді Чжан Цянның дәлдікпен жеткізуіне қарағанда ол «Чжан Цянь прошел ... концзюй» /29/, «...побывал лично ... у концзюй» /30/, дегендей ол тек қана канцзюй орталығы Битяньда ғана емес оның бес иелігінде де болған деп сенімді түрде айтуға болады.

Б.з.д. 104-102 ж Хань-да-юань соғысы аяқталғаннан кейін Канцзюйге Хань офицері Шань Гуань өз әскерімен ешқандай жол сілтеушісінсіз-ақ басып кірген болатын. Ол Ю қаласының билеушісін ұстап алып жазаға тартты. Ю Қытай әскери отрядын талқандауға қатысқан болатын. Тағы бір мысал: б.з.д. 36 жылы Чжи-чжи Шаньюйдің солтүстік суннуйлік ордасы және әскерінің қиратылуына байланысты «үш әскер Оңтүстік жолмен Цунлин (Памир) арқылы және Да-Юань (Ферғана) Думай (Талас) өзеніне дейін келді».

Қытай авторларвнвң (саяхатшылары, дипломаттары, чиновниктер, әскерилері) батыс өлке туралы мәліметтер мынандай тенденцияны анық көрсетеді дейді Н.Я.Бичурин: «Проникновение и освоение Ханьцами Заподного края (Сиюй) шло в рамках долговременной великодержавной политики Поднебесной по сдерживанию и нейтрализаций сюнну» /31/.

Бұл саясат Нань-Шань, Куэнь-Лун, Тянь-Шан таулы аймақтармен жоспарлы түрде Батысқа жылжиды. Уақыт барысында аталған бағыт Ұлы Жібек жолының оңтүстік және солтүстік тармағына бөлініп кетті. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көптеген мемлекеттерді (қалалар, иеліктер, хандықтар картаға түсіріп отырды).

Тарау соңын қорытындылай отырып Қанлы туралы мәліметтердің басым көпшілігін Қытай деректерінен тұратынын байқадық. Бұл деректердің негізінен Қаңлы мемлекетінің ұлан-ғайыр жерді алып жатқанын көреміз. Сондай-ақ, бұл мемлекеттің түркі тайпаларының ішіндегі ең қуатты мемлекет болғандығы да көп хабарламаларда анық айтылған. Ал этимологиялық талдау барысында бүгінде 40-тан астам варианттардың бар екендігін академик Ә.Қайдар еңбегінен алынған мәліметтерден кездестірдік.