Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Ежелги канлылар.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
187.39 Кб
Скачать

1.2 Қаңлы мемлекетінің саяси құрылыс және әскри қуаты

Үлкенді-кішілі кез келген мемлекеттің өз дәуіріне, заман талабына, саяси экономикалық, табиғи-географиялық жағдайларына байланысты қалыптасқан құрылымы, құрамы, сондай-ақ оны басқару жүйесі және ол үшін аса қажетті мемлекеттік атрибуттары, атап айтқанда: саяси, тарихи, экономикалық негізі, табиғи географиялық ортасы өзіндік рәміздер, ортақ тілі, жазуы, ақшасы, заңы, этникалық тұтастығы, әскери күші, өмір тіршілік көздері мен тәсілдері болуы шарт. Біз қарастырған еңбектер, онда келтірілген деректер мағлұматтар шамамен XV ғасырдай дәуірлеген Кангюй мемлекетінің бойынан түгел табылады деп айтуға толық негіз болады.

Қаңлы мемлекетінің жалпы қоғамдық бейнесі туралы төмендегіше қорытынды түйін жасаймыз.

1. Қаңлы мемлекетінің алғашқы қалыптасқан тарихи кезеңі бізге белгісіз. Қытай елшісі Чжань-Цзянның түркі әлеміне берген ресми хабары бұл мемлекеттің құрылған, не құрыла бастаған нақтылы кезеңін емес дүниеге келіп, дәуірлеп тұрған дәуірін баяндайды. Демек, Қаңлы мемлекеті өз бастауын айтып жүрген б.з.д III-ғасырын емес, II- III ғасыр одан бұрынырақ алатынын ескерген жөн.

2.Қаңлы мемлекеті түркі әлеміне көптен белгілі тарихи шындық. Сонау көне дәірден-ақ қаңлы мемлекетінің қалыптасуына этникалық негіз болып, іргетасын қалаған әр тектес көп тілді қауым емес, бір текті, Сыр бойында тым ерте пайда болған ірі де біртұтас қаңлы тайпасы.

3. Көне қаңлы мемлекеті өзінің статусы жағынан көне дәірдің талабына лайықты құл иеленушілік қоғамынан кейін әскери ақсүйектер билік жүргізу негізінде қалыптасқан феодалдық-патриархалдық мемлекет болған.

4. Өз алдына өз билігі өзінде, өз жері бар, көрші елдермен терезесі тең қарым-қатынасы тығыз ел болған. Қаңлы мемлекеті де өзінің ішкі сыртқы саясатын осы бейбітшілік принципінде қалыптастырғаның көреміз. Мәселен қаңлы патшасының өз ұлын Қытай патшасының қолына жіберіп «аманат» ретінде беруі, еліне келген Қытай елшілеріне өз деңгейіне сай сый-сияпат көрсетпей, өзінің тәкаппарлығын танытуы осының бәрі мемлекет деңгейіндегі сыртқы саясат болса керек.

5. Қаңлы мемлекетінде ел-жұртты заң жүйесімен басқару да жазбаларда сөз болады. « «Заң жинағы» (кодексі) патша сарайында тұрады, қажет адамдар онымен сонда барып танысады» деген дерек бір ортадан басқаруға қажет өзіндік жарғысы болғанын аңғартып тұр. Аса қылмыс жасаған адамдардың өзін ғана емас сол қылмыс жасау әрекетін дер кезінде тия алмаған ата-анасымен жақын туыстарының бәрін де қатал жазаға тарту да осы заңда көрсетілген.

6. Патша сарайының дәстүрі, патшаның өзі мен отбасының, үй-ішінін қалыптасқан тәртібіде жазба деректерде біршама сөз болады. Мәселен, қаңлы патшалары бірінен-кейін бірі нәсілдік жолмен тағайындалып отырған. Бес деңгейдегі билік жүйесі сатылы принциппен жүргізілген. Қаңлы патшалығында көп әйел алу салты да болған. Патша сарайындағы мәртебелі қонақтармен, шетелдік елшілермен кездесусалтанатында әрбәр адамның отыратын өз орны болған. Патшаның нақсүйер патшасы бұл кеңес кездесулерде оның оң тізесіне сүйеніп отыратын болған.

Қаңлы патшасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, сондай-ақ бірнеше жерде жазғы және қысқы сарайлары болған.

7. Қанлы мемлекетінің билік жүйесіндегі өзіндік бір ерекшелігіне оның мемлекетке бағынышты қосымша бес иелікке басшылық етуі және тәуелді болған (мысалы: аландар елі) елдер мен қарым-қатыныс жасау тәртібі жатады.

Қаңлы мемлекетіне байланысты Қытай дерек көздерінде айтылмаған бұрын сонды көп сөз болмаған күрделі проблемаларының бірі- көне Кангюй мемлекетіне көне Хорезм жеріндегі Кан-Хорезм мемлекетінің қатыстылығы. Бұл акад. С.П.Толстов зерттеулерінен кейін жария болған. Бірақ кейбір тарихшылар көп мойындай қоймаған жаңа идея. Ол ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі «Канха-Хорезм мемлекеті» VIII-ғасырдан бұрында, кейінде көне Кангюй мемлекетінің құзырында болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды.

Мемлекет құрамы мен құрылымы Қаңлы мемлекетіне қатысты өзекті мәселелердің ең бастысы оның құамы мен құрылымын айқындау. Ол үшін мемлекетті үш шеңберде қарастырайық.

Бірінші шеңберге Қаңлы мемлекетінің өз басына тән негізгі мемлекеттік жер көлемі ғана кіруге тиіс. Ол хронологиялық нүкте аралығымен өлшенгені жөн. Оның бірі б.д.д. екінші ғасырда қытай елшісі Чжан-Цзянның мағлұматы бойынша белгіленген Кангюй мемлекетінің өз үлесіндегі жер аумағымен, екіншісі VIII-ғасырға дейінгі Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің үлесіндегі жер аумағымен өлшенуге тиіс.

Екінші шеңберге бір-біріне жалғаса дамыған бір мемлекеттің екі Кангюй және Қаңка-Хорезм атанған құрамына бағынышты, солардың билігінде болған тәуелді иеліктерменен бектіктер, кішігірім қала патшалықтары дала хандықтарының өріс қоныстары жатады.

Үшінші шеңберге жалғаса дамыған Канггюй-Қаңқа-Хорезм мемлекетінің аталған территорияларының сыртында қаңдылардың әр кезде, әртүрлі тарихи демографиялық себептерге байланысты тұрақтанып, тұрып қалған өріс қоныстары жатады. Қаңлылар жасаған бұл аумаққа түркі әлемінің көп жері енетіні белгілі. Оларға мәселен, Қазақстанның ұлан-ғайыр кең территориясының Сыр бойынан басқа жерінен, Орта Азияда, Иран, Тұран, Түркістан жерінде кейін пайда болған Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркменстан территорияларын, сондай-ақ Түркі әлеміне тән Татарстан, Башқұрстан, Ноғай, Қырым, Сібір өңіріндегі Сақа, Хакас, Тува, Алтай және Осман империясын сондай-ақ Монголия, Қытай, Ресей т.б елдердің жерлерін жатқызуға болады.

Осы аталған өлке аймақтардың бәрінде де кезінде көне қаңлы тайпалары жеке дара қауым, тайпа ұлыс болып та, шағын этникалық топ болып та тіршілік жасағаны және кей жерлерде күні бүгінге дейін жасап келе жатқаны белгілі.

Осы орайда, қаңлылардың түркі әлеміне кең тарап кетуіне негіз болған үш себепті атай кетуге болады: біріншіден, олардың түркі тайпаларының ішіндегі ең көне әрі байырғыларынан саналуы, екіншіден, өзінше қалыптасқан тарихи тағдыры, үшіншіден, эмиграциялық, демографиялық өміршен табиғаты т.б ерекшеліктері жатады.

Мемлекетті басқару жұйесі, Қаңлы мемлекетінің б.д.д II ғасырда қалыптасқан қорыта келе, Қытайтанушы қазақ тарихшысы Нәбижан Мұқаметжанұлы ол жүйесінің төмендегіше бес деңгейін атап көрсетеді.