Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

7 Сабақ

Әлемдегі ірі компьютер корпорациялары. Microsoft корпорациясы.

Мезгілдік қатынастар.

  1. Сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.

Дербес компьютер, Basic тілі, лицензиялық келісімшарт, микрокомпьютерлер, ойын бағдарламалары, Windows операциялық жүйесі, бағдарламалық қамсыздандыру нарығы.

  1. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.

Microsoft компаниясы дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Компанияның штаб-пәтері Редмонд қаласында орналасқан. Гарварда Билл Гейтс және Пол Аллен атты дос-студенттер «Танымал электроника» журналындағы жаңа Altair 8800 дербес компьютері (ДК) туралы мақаланы оқыған соң, оған Basic тілін ойлап табады. Бір айдан соң, 1-ақпан күні ДК-ні өндіріп шығарған MITS компаниясымен лицензиялық келісімшартқа отырады. Осы жылы Билл Гейтс Алленге жазған хатында компанияның атауын «MICROcomputer SOFTware» (микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) деп қою туралы ұсыныс жасайды. Компания іскерлік және жеке қызмет пен пайдаланудың кең көлемді бағдарламалық өнімдер тізімін ұсынады. Компанияның бір бөлімшесі Xbox ойын бағдарламаларын және дербес компьютерге арналған аксессуарлар (клавиатура, тышқан тетігі т.б) шығарумен айналысады. Microsoft өнімдері әлемнің 80-ге жуық елінде сатылады, бағдарламалары шамамен 45 тілге аударылған. Корпорацияда 89 мың қызметкер тұрақты жұмыс істейді.

Microsoft корпорациясы бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуде Windows операциялық жүйесі арқылы дүниежүзіне танылды. Қазіргі таңда корпорация жаңа өнімдер шығарумен айналысуда, олар: сервер бағдарламаларының жинағы, ойындар, бағдарлама құру құралдары т.б.

1980 жылдың басында компанияның негізін салушы Аллен мен Гейтстің жолдары екіге бөлінеді. Аллен өмірін Microsoft-қа арнағысы келмейді, ал Гейтс болса бар зейінін компанияның дамуына арнайды. 1983 жылы Аллен акциясының әрбір данасын 10 долларға сатып, Microsoft компаниясынан біржолата кетіп, дүниежүзіндегі ең бай адамдардың біріне айналады. Ол 2011 жылы «Forbes» журналының тізіміне 13 млрд. доллар капиталымен 57 орынды иеленеді.

Microsoft акциясының 7,55 % Билл Гейтстің, 4,66 % Стив Балмердің, 1 % корпорация менеджерлерінің еншісінде, ал қалған құнды қағаздар NASDAQ: MSFT биржасында еркін айналымда.

АҚШ-та Microsoft бірнеше мемлекеттік саяси институттарға қаржылай көмек көрсетеді, соның ішінде Стратегиялық және халықаралық зерттеу институты және «Наследие» қоры. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Microsoft Software Donation бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама бойынша коммерциялық емес ұйымдарға немесе NGO-ға тегін бағдарламалар орнатылады. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап, Dell компаниясымен қосылып, Африка елдерінде ЖИТС-қа қарсы қайырымдылық жоба ұйымдастырады. Ноутбуктың XPS версиясының сатылымынан түскен қаржыдан аталған дертке қарсы көмек ретінде арнайы қорға ақша бөлініп отырады. 2002 жылдың соңынан бастап Алматы қаласында Microsoft  кеңсесі жұмыс жасап келеді. Мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан аумақтарында жаңа технологияларды енгізу мен тарату және бағдарламалық қамсыздандыру нарығын дамыту болып табылады.