Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Еуропалықтарға бөлшектер қалайша белгілі болды?

  2. Бөлшек сызығы қашаннан бері қолданыста?

  3. Бөлшектердің қажеттілігі неден туындады?

  4. Бөлшектердің қазіргі атауын кім енгізді?

  5. Бөлшектер қай ғасыр шамасында тұрақты қолданысқа енді?

3. Бөлшек сандарға мысал келтіріп сөйлем құрастырыңыздар.

4. Жауаптарға сәйкес сұрақ қойыңыздар.

  1. …………………………?

  2. Ия, білемін Жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр.

  3. …………………………?

  4. Тынық мұхиты- ең үлкен және терең мұхит.

  5. …………………………?

  6. Ал құрлық керісінше Жердің ¼ бөлігін құрайды.

  7. …………………………?

  8. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемдегі он ірі мемлекеттің қатарына кіреді.

  9. …………………………?

  10. Адам тәуліктің 1/3 бөлігін ұйықтап өткізеді.

  11. .......................................?

  12. Қазір екінің бірі көбейту кестесін жатқа біледі.

  13. ........................................?

  14. Мемлекеттік грант ең көп ұпай жинаған талапкерге беріледі.

  15. -----------------------------?

  16. Біздің топтың жартысынан астамы жақсы оқиды, ал төрт студент кілең беске оқиды.

5. Сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.

Тұңғыш, әйгілі, көзге түсті, өз дәуіріндегі, жұрт

6. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Сіз білесіз бе?

а) И.Ньютонның дарындылығы жастайынан-ақ байқалған. Ол он сегiз жасында әлемдегi тұңғыш айналы телескопты ойлап тапқан.

ә) Б.Паскаль он алты жасында өзiнiң атымен аталған әйгiлi «Паскаль теоремасын» ашты. Ол он сегiз жасында қосу амалын орындайтын есептегiш машина құрастырды.

б) Софья Ковалевская жиырма төрт жасында математика саласында ерекше көзге түстi.

в) М.В.Ломоносов – өз дәуiрiндегi дарынды ақын, терең ойлы философ, тарихшы, филолог, тамаша физик, химик, математик және суретшi болған адам. Ғалымның бұл еңбектерiн дұрыс бағалап, жұрт оны «орыс ғылымының негiзiн салушы атасы» деп атайды.

7. Өзіңіз ерекше құрметтейтін қандай дарындарды білесіз, сол туралы қазақша мәтін дайындаңыз.

БОӨЖ тапсырмалары

7.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз университетте әлде институтта оқисыз ба? Ал сіздің жолдасыңыз ше? Сіздің ініңіз техникумда оқи ма? Әлде училищеде ме? Ал қарындасыңыз ше? Қай курста? Қай класта? Сіздің жолдасыңыз химия факультетінде ме? Әлде физика факультетінде ме? Мына аспирант теориялық физика кафедрасында ма? Әлде қолданбалы физикада ма? Ал оның досы ше? Сіздің танысыңыз бос уақытында демала ма? Немесе компьютер курсында оқи ма? Ал сіз ше?

8. а) Диалогты оқыңыз. б) Диалог материалын пайдалана отырып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

- Дастан, әдетте сен сәрсенбі күні не істейсің?

- Сағат тоғызда мен қазақ тілін оқимын, ал сағат он бірде матанализден семинар.

- Мүмкін, семинардан кейін асханаға барайық. Түс кезіндегі үзілісте үлгірмеймін бе деп қорқамын, сағат бір жарымда физикадан лекция бар. Түскі үзіліс сағат бірден екіге дейін-ақ.

- Сағат үште бос болатын шығарсың?

- Жоқ, сағат үште информатикадандан консультация болады. Сәрсенбіде мен үшін жұмыс көп.

Сұрақтар. Дастан сәрсенбіде сағат тоғыздан он бірге дейін қайда болады? Он бірден бір жарымға дейін қайда болады? Факультетте түскі үзіліс бар ма? Дастан неге сәрсенбіде түскі үзіліс кезінде асханаға барып үлгермейді? Дастан сағат үштен беске дейін қайда болады?

9.Сіздің топта оқу күні қалай өтеді? Әңгімелеңіз.