Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать
  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ халқы не үшін «жеті» санын қастерлейді?

Қандай жер –су атауларында «жеті» саны кездеседі?

«Жеті қазынаға» өзіңіз қандай нұсқа ұсынар едіңіз?

Өзге ұлттардың наным-сенімінде жеті саны қасиетті болып табылады ма?

Жеті санының ерекшелігі туралы тағы не айтар едіңіз?

  1. Құрамында сандар кездесетiн мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды жазыңыз.

Мысалы: Жетi рет өлшеп, бiр рет кес.

5. Мәтіннен өзіңізге таныс емес сөз, сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді дәптеріңізге теріп жазыңыз. Сөздіктерді пайдалана отырып олардың мағынасына назар аударыңыз.

Жоғарыда берілген сандарға қатысты мәтіндерден мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.

«Бір» саны туралы мәтін, мақал- мәтел, қанатты сөздер дайындаңыз.

БОӨЖ тапсырмалары

Сандарға қатысты мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Отызда орда бұзбаған,

Қырқында қамал алмайды.

Ердің жасы –елу.

Ер жігіт отызға дейін алдына қарайды,

Қырықтан кейін артына қарайды.

Қырықтың бірі-қыдыр.

Алпыстың асқарына,

Жетпістің жетесіне,

Сексеннің сеңгіріне шығу –мұрат.

63-Пайғамбар жасы.

Жарым, жарты, ширек, тұтас, бүтін, шаршы сөздеріне сөйлем құрастырыңыз және 4-еуінің суретін салыңыз.

“Төрт түлік мал”, “алты айлық жол”, “алпыс айлалы”, “қулығы қырық есекке жүк болу”, “баланы қырқынан шығару”, “түн ұйқысын төрт бөлу”, “ер кезегі үшке дейін” деген тіркестердің мағынасын зерттеңіз (тұрақты тіркестер сөздігін қараңыз).

Алдағы 5, 7, 10, 15, 25, 50, 70 жылдардан кейін өзіңіздің қанша жаста болатыныңызды жылдам айтуға төселіңіз.

4 Сабақ

Бөлшектер. Кеңістік қатынастың берілуі.

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ерте кезден бері адамдарға тек нәрселерді санау ғана емес (натурал сандар санау үшін қажет болған), сонымен бірге ұзындықты, уақытты, ауданды өлшеп, сатып алынған немесе сатылған тауарлардың есеп-қисабын да жүргізуге тура келді. Заттың (тауардың) құнын үнемі натурал сандармен өрнектеу мүмкін болмады. Өлшеуіштердің бөліктерін, үлестерін де есептеу қажеттігі туды.

Орыс тілінде «бөлшек» сөзі ҮІІІ ғасырда пайда болды, ол «бөлшектеу» - ұсақ бөліктерге бөліп, сындыру деген етістіктен шыққан. Алғашқы математика оқулықтарында (ХҮІІ ғ). бөлшектер осылайша «сынық сандар» деп аталды. Басқа халықтарда да бөлшек атауы «сындыру», «ұсақтау», «шағу» (бөлу) сияқты етістіктермен байланысты болды.

Бөлшектердің қазіргі кездегі белгіленуі өзінің түп тамырын Ежелгі Үндістаннан алған. Оны арабтар да пайдалана бастаған, олардан ХІІ-ХІҮ ғасырларда еуропалықтарға ауысқан. Алғаш бөлшекті жазғанда бөлшек сызығы қолданылған жоқ. Бөлшек сызығы осыдан 300 жылдай бұрын ғана тұрақты түрде енгізілді. Бөлшектердің осы күнгі жазылуын 1202 жылдан бастап алғаш рет пайдаланған және таратқан еуропалық ғалым, итальяндық көпес әрі саяхатшының ұлы Фибоначчи /Леонардо Пизанский/ болды. Ол «бөлшек» деген сөзді енгізеді. «Алым» және «бөлім» атауларын ХІІІ ғасырда грек монахы, математик-ғалым Максим Плануд енгізген.

(А. Көбесов)