Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

12. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Қалта компьютерлерді ауызекі тілде қалай атайды?

2) Қалта компьютерлердің артықшылығы неде?

3) Қалта компьютерлердің кемшілігі неде?

4) Соңғы кездері «палмдарды» қалай жетілдірді?

5) Әрі қарай жетілдіруде қандай болжамдар бар?

13. Сұрақтарға сүйене отырып, мәтінді әңгімелеңіз.

БОӨЖ тапсырмалары

14. Сұрақтарға сүйене отырып, өздеріңіздің оқуларыңыз және демалыстарыңыз туралы айтыңыз.

Қандай лекциялар тыңдадыңыз? Қандай семинарға қатысасыз? Қандай емтихан мен сынақ тапсырасыздар? Сіздердің университет ғалымдары қандай зерттеулер жүргізеді? Қандай кітаптар оқисыз? Қандай ғылыми жұмысқа қатысасыз? Қандай фильмдерді ұнатасыз? Қандай спорт жарыстарына қатыстыңыз? Қандай конференцияға қатыстыңыз?

15. Мына ғалымдардың қандай ғылым саласында танымал екендігін әңгімелеңіз. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркесін пайдаланыңыз.

К.А.Тимирязев (өсімдіктер физиологиясы), Л.Д.Ландау (теориялық физика), А.Эйнштейн (физика), К.Гаусс (математика), М.Өтелбаев (математика), Ө.А.Жолдасбеков (Қолданбалы математика), Н.Бор (ядролық физика), Р.Нұрғалиев (қазақ әдебиеті), А.Жұмаділдаев (математика).

6 Сабақ

Компьютерлік вирустар. Есімше.

  1. Термин сөздермен жұмыс істеңіздер.

компьютерлік вирустар, вирусты бағдарлама, бүліну, ауру жұққан, «ұстауыш вирустар», «Логикалық бомбалар», «Құрттар», ақпараттық-есептеу желілері, «Троян аттары», жедел жады

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Компьютерлік вирустар –арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама. Олар өздігінен басқа бағдарламалардың соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі және компьютерде басқа да келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Алғашқы кезде вирустың зиянды әрекеттері жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін. Сондықтан адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде «вирус жұққан» бағдарламалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге білінбейді. Алайда біраз уақытттан кейін компьютерде әдеттегіден тыс келеңсіз құбылыстар біліне бастайды. Олар мыналар: кейбір бағдарламалар дұрыс жұмыс істемейді, экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар шығады, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды, көптеген файлдардың бүлінгені байқалады. Вирустардан дер кезінде қорғанбаса, ол компьютердегі қажетті мәліметтерді жойып жіберуі мүмкін. Вирус бағдарламасының байқалмау себебі олардың көлемі кішкентай ғана болады және олар ассемблер тілінде жазылады. Қазіргі уақытта 10 мың шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

  1. «Ұстауыш-вирустар» - бағдарламалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Олардың әртүрлі зияндық әрекеттері бар.

  2. «Логикалық бомбалар» (баяу әсер ететін бомбалар) – қарапайым бағдарламаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн, ай мерзімінде немесе уақытта, бағдарлама орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол кезде неғұрлым көп бағдарламаларға «жұғуға» тырысады.

  3. «Құрттар» - жүйелік бағдарламалаушылардың ақпараттық-есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау бағдарламаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды босқа жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады.

  4. «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы бағдарламаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын ақпараттарды оқып, жария етеді, жедел жадтағы ақпараттарды «басқа жаққа» жіберуге дайындайды) орындайды. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.

Вирустардан сақтану үшін арнайы бағдарламалар қажет және оларды тұрақты түрде қолданып отыру қажет.

  1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

  1. Компьютер вирусы дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Компьютер вирустарын кімдер жазады?

  3. Олар қалай беріледі?

  4. Вирустардың түрлері қандай?

5. Компьютерлік вирустар қандай зиян әкеледі?

6. Компьютерді вирустан қалай қорғау керек?

4. Мәтінге тақырып таңдаңыз.

5. Сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Қажетсіз мәліметтер, арнайы бағдарламалар, бүлінген, зиянды, баяу әсер ету, келеңсіз.

6. Вирустың кесірінен жұмыс компьютеріңіз істен шықты. Не істейсіз? Жағдаяттық тапсырма дайындаңыз.

7. Төменде берілген етістіктерді есімшеге айналдырыңыз.

Үлгі: беру- берілген

Жасау, жазу, оқу, жинау, ұйымдастыру, көрсету, жоғалту, сату, қосу, қою, өшіру, сатып алу, ауыстыру, енгізу, жою.

8. Мәтінді оқып, есімшелерді етістікке алмастырыңыз.

Үлгі: Мектепте жаңа компьютер сыныбы ашылған.

Мектепте жаңа компьютер сыныбын ашылды.

Мектеп дирекциясының шешімімен тағы бір жаңа компьютер сыныбын ашуға шешім қабылданған. Оқу жылының басында сыныптарға жаңа компьютерлер қойылған. Олар тексерілген және Торапқа қосылған. Сабақ кестесіне бастауыш сыныптың балалары компьютерде оқып үйрену үшін арайы сабақтар енгізілген. Жоғары сыныптың балалары үшін де консультациялар жүргізіледі. Оларға әр түрлі пәндер бойынша оқу бағдарламалары көрсетіледі.

БОӨЖ тапсырмалары

9. Мәтінді оқыңыз. Етістіктерді есімшемен алмастырыңыз.

Үлгі: Кабинетке жаңа компьютер қойды.

Кабинетке жаңа компьютер қойылған.

Факультетте компьютер класын жабдықтады. Жаңа компьютерлер әкелді.Компьютерлерді арнайы үстөлдерге қойды. Перифериялық аппараттарының бәрін қосты. Бәріне негізгі бағдарламаны көрсетті. Компьютерлік бағдарламамен айгалысатындар үшін консультациялар өткізеді.

10. Тиісті тұлғаны таңдаңыз.

1. Бұл хабарлама таңертең... (қабылданған, қабылданды)

Таңертең .... хабарлама қайда?

2.- Сіз бағдарламашылар үшін ... семинарға барып жүрсіз бе? (ұйымдастырылған, ұйымдастырылғанын)

- Мен біз үшін семинар ... білмедім.

3. - Бастық ... құжаттар қайда? (қол ғойған. Қол қойылған, қол қойылмаған)

Құжаттарға әлі ... сияқты. Кейбір құжаттарға ... сияқты, бірақ бәріне емес.

4. Дискде құпия ақпарат... (қалдырылды қалдырылған)

Дискде.... құпия ақпаратты көшіріп үлгердіңіз бе?

5. Біз жаңа компьютерлік техникамен .... сыныпта оқимыз ба? (жабдықталған, жабдықталды )

Көрші сынып та жаңа компьютермен .... (жабдықталған, жабдықталды )

11. «Компьютерлік ғасыр» тақырыбына эссе жазыңыз.