Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

3 Сабақ Киелі сандар туралы ұғымдар. Сан есімді обьектінің берілуі.

  1. Сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

Мән, күндеу, жүндеу, қолдың ұзындығы, жағасың, дауға қалу, қашық, асық болу, бекер мал шашу, апат, жоралғы

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақ халқының әдеби мұраларында, халықтың тұрмыс-салт өмiрiнде «бір», «үш», «бес», «жетi», «тоғыз», «он екi», «он үш», «он сегіз», «жиырма бес» сияқты сандарымен келетiн атауларды және олармен байланысты айтылатын тұрақты сөз тiркестерiнiң алуан түрiн ұшыратамыз.

«Үш» саны

Қазақ халқында «үш» санына қатысты көптеген тіркестер бар. «Үш барып, үш келу», «Ер кезегі үшке дейін», «үш рет қайталау», «Үш жүз», «үш ұйықтаса, түсіне кірмеу», «үш қайнаса сорпасы қосылмау», т.б.

Бұлардан басқа халық даналығынан туындағын мынадай ұғымдар бар:

«Үш жұрт». Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.

«Үш арсыз». Ұйқы арсыз. Тамақ арсыз. Күлкі арсыз.

«Үш қуат». Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.

«Бес» саны

«Бес парыз». Мұсылмандықтың бес парызы мыналар: 1. Иман – құдайдың және Мұхаммед пайғамбардың қасиетін мойындау. 2. Намаз оқу. 3. Ораза ұстау. 4. Зекет-садақа беру. 5. Қажылыққа бару.

«Бес асыл, бес дұшпан»

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым, ойлап қой,-

Бес асыл іс, көнсеңіз…

(Абай)

Бұлардан басқа «Бес батпан», «бес бересі, алты аласы», «бес елі», «бес саусағындай білу», «бесаспап» сияқты сөз тіркестері бар.

«Жеті» саны

Халқымыздың ұғымы бойынша жетi санының айрықша қасиетi бар. Оны ата-бабаларымыз киелi сан деп ұғынған. Кездейсоқ апаттан, өзге жағдайдан аман қалса «құдай сақтады» деп жетi (шелпек) күлше нан таратқан немесе қайыршыға жетi теңге берген.

Жетi санына байланысты жер-су аттары көп. Мысалы, Жетiсу, Жетiсай, Жетiбай т.б. Музыка әлемiнде нотаның өзi жетi дыбыстан тұрады: до-ре-ми-фа-соль-ля-си. Ұлттық «жетiген» деген жетi қыл iшектi, жетi асықтан тұратын музыкалық аспап та бар. Наурыз көжеге жетi түрлi астың қолданылатыны бәрiмiзге белгiлi. Қазақ халқында «Жұт жетi ағайынды» деп айтылады. Мағынасы қиыншылық, пәле-жала жалғыз келмейді, өмірде олардың біраз түрі кездеседі деген ойды білдіреді:

  1. Құрғақшылық

  2. Мал жұтау

  3. Оба (iндет)

  4. Өрт

  5. Соғыс

  6. Сел жүру

  7. Жер сiлкiну

Бұдан басқа, халқымыз байлық өлшеміне де терең көзқараспен баға берген. Оларды денсаулық, ақ жаулық, он саулық, сыйластық, татулық, мінез, білім деп бағалаған. Қазақша күн аттарының өзi де жетi санына байланысты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

«Тоғыз» саны

«Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «Тоғыз жолдың торабы», «Үйірімен үш тоғыз», «Тоғыз бастаған түйе» деген сияқты тіркестер халқымыздың әдет-ғұрыптарынан хабар береді. Алғашқы тіркес аяғы ауыр (екіқабат) әйелге байланысты айтылса, екіншісі көп жолдың келіп түйісер, қиылысар тұсына байланысты айтылады да, кейінгілері бәйгеге тігілген, не болмаса айып өтеуі ретінде төлеген мал санына байланысты қолданылған.

(С.Кенжеахметов)

«Он екі» саны

Он екі саны -қазақ халқы үшін ерекше сан. Бұған қатысты: «Жыл он екі ай», «он екіде бір гүлі ашылмау», «он екі жыл –бір мүшел», «он екі мүше» деген біраз тіркестер бар. «Он екіде бір гүлі ашылмау» тіркесі тазалықтың, пәктіктің, жастықтың белгісін білдіреді. Халқымыз 12 жыл өткеннен кейін он үшке толған баланы «бір мүшелден шықты» деп дәріптеген. Одан кейін 25, 37,49, 61 сияқты жас мөлшерін мүшелден аман-есен өтті деп, жоралғыларын орындайтын болған. Назар аударсаңыз, 13 –тен кейінгі мүшел 25 болса, арасында 12 жыл болады, содан кейін тағы 12-ні қоссаңыз, келесі мүшел шығады, т.с.с.

«Он үш» саны

Кейбір Еуропа елдеріндегідей емес, қазақ халқы үшін он үш – қасиетті сан. Халқымыз бұл саннан «қорықпайды», керісінше ерекше дәріптейді. Мысалы «Он үште- отау иесі», «он үшінде найза асынып», «13 жас –алғашқы мүшел» деп атап өтетін болған. Үйдің, көшенің, қабаттың, басқа да нәрселердің нөмірі 13 санына қатысты болса, «бұл –жаман сан» деп ешуақытта ойламайды. Себебі, бұл санды «ұнатпауға» ешқандай негіз жоқ. Ол керісінше, «жақсы сандар» қатарында. Қазақ халқының ұғымында ешқандай «қауіпті» сан жоқ. Бұлардан басқа бірталай сандар мақал-мәтелдерге ұйытқы болған.