Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать
  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Microsoft компаниясы қалай құрылды?

  2. Компания немен айналысады?

  3. Компанияның негізін салушылар туралы не білесіздер?

  4. Компания қандай қайырымдылық акцияларына қатысады?

  5. Компания акциялары кімнің еншісінде?

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес білетін ақпараттарыңызды әңгімелеңіздер.

5.Мәтінді оқыңыздар.

«Майкрософт» 2008 жылы $48 млрд. қаржыға «Yahoo!»-ды сатып алуға бел буады, бірақ оның акционерлерінің қарсы болуына орай, бұл іс жүзеге аспай қалады. 2011 жылы мамыр айында интернет-телефонияда мамандандырылған Skype Limited компаниясын 8,5 млрд. долларға сатып алатындығын жариялайды. Акцияны «Скайптың» негізін салушылар сатады. Skype Limited базасында Microsoft Skype Division бөлімшесі пайда болады. Оны Skype-нің бұрынғы директоры Тони Бейтс басқарады.

  1. Skype Limited компаниясы, Скайп туралы не білесіздер? Мәтіндегі мәліметтерді кеңейтіп, пікірлесіңіздер.

Мезгілдік қатынастар

  1. Қазақстандағы мерекелік даталарды атаңыз.

22 наурыз –

8 наурыз –

7 мамыр –

1 қыркүйек –

31 тамыз –

16 желтоқсан –

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Мезгілдік конструкцияларды табыңыз.

Бүкіл ай бойы жаңбыр жауды. Тек қана бір айдан кейін күн ашық, жылы бола бастады. Ол өзінің романымен үш жыл бойы жұмыс істеді. Ол өзінің романын үш жылдан кейін аяқтады. Аэропортта ашық (ұшу) ауа райын үш сағат күттік. Тек қана үш сағаттан кейін өзіміздің рейсіміз туралы хабарландыруды естідік. Олар он жыл бірге оқыды. Мектептен кейін олар университетке түсті. Олар интернет арқылы екі жыл хат жазысты. Екі жылдан кейін ғана олар кездесті. Алдағы үш апта аралығында Президент демалыста болады. Екі апта өткен соң, өзінің міндетіне оралады.

БОӨЖ тапсырмалары

  1. Айтылған ойға келіспесеңіз, қарсылығыңызды білдіріңіз, оқиға датасын нақтылаңыз. (Возразите, если вы не согласны с утверждением и уточните дату события).

Үлгі: Алматы (бұрынғы атауы Верный) ХІХ ғасырдың соңында салынған.

- Жоқ, меніңше ғасырдың соңында емес, 1861-ші жылы салынған.

1. Радионы ХХ ғасырда ойлап тапқан.

2. Студенттердің қысқы сессиясы ақпанда.

3. Ғарышқа адам бірінші рет өткен ғасырдың елуінші жылдары ұшты.

4. Астана Ақмолаға 2000-шы жылдың басында көшті.

9. Сіз білесіз бе?

  1. 1. Халықаралық балаларды қорғау күні қашан?

  2. 2. Қазақстанда тәуелсіздік күні қашан?

  3. 3. Күлкі күнін қашан тойлайды?

  4. 4. Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қашан?

  5. 1. Колумб Американы қашан ашты?

  6. 2. БҰҰ қашан құрылды?

  7. 3. Бірінші автомобиль қашан жасалды?

  8. 4. Халықаралық Жер күні қашан?

  9. 5. Халықаралық Су күні қашан?

8 Сабақ

Apple компаниясы. Салыстырылудың берілуі

  1. Сұрақтарды топпен талқылаңыздар.

  1. Әлем бойынша қандай ірі компьютерлік компанияларды білесіздер?

  2. Ол компанияларды кім басқарған?

  3. Ол компаниялар тағы қандай ақпараттық технологиялар шығарады?

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Apple компаниясы – дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында компанияның негізі қаланып, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің «Macintosh» желісі. Компанияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Фирманың атауы ағылшынша «аpple» (алма) сөзінен шыққан, мекеменің логотипінде де алма қолданылады. «Аpple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Macintosh –АҚШ- та сатылатын алма түрі, Стив Джобс келгенге дейін «Macintosh» жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын. Apple – дің ең бірінші логотипін Рональд Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін кемпірқосақ түстес алманың суреті ұсынылып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіліп, сол логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.

Компания өнімдерінің бір бөлігін тиесілі дүкендер желісі арқылы сатады (барлығы 324 дүкен, АҚШ-та, Канадада, Жапонияда, Ұлыбританияда және басқа елдерде). Қазіргі таңда Apple компаниясының негізгі өнімдері: Iphone ұялы телефондары, iPаd планшетті компьютерлері, Macbook Pro Macbook Air, Mac mini, iMac, Mac Pro дербес компьютерлері, Thunderbolt Display компьютер мониторлары, Mac mini Server, Mac Pro Server серверлері, Apple TV мультимедиялық ойнатқышы, iPod shuffle, iPod nano, iPod classic және iPod touch ықшамды мультимедиа-плейерлері және т.б. Сонымен қатар компания осы өнімдерге қатысты аксессураларды және бағдарламалық қамтамасыз етуді де шығарады.

  1. Сіздің пікіріңіз.

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.

  1. Apple компаниясы дербес компьютерлер, аудио тауарларын сатумен айналысады.

  2. Стив Джобс – фирманың негізін қалаушы адам.

  3. Apple компаниясы әртүрлі аксессуарлар да шығарады.

  4. Компанияның дүкендер желісі көптеген елдерде бар.

  5. Фирманың логотипінде алманың суреті бар.