Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқыңыздар.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ағылшынша International university of information technology) — 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Carnegie Mellon  ақпараттық технологиялар университетінің ынтымақтастығы негізінде ашылған. Carnegie Mellon университеті алгоритмдер, компьютер желісі, үлестірімді есептеулер, бағдарламалау тілдері, робот техникасы, компьютерлік лингвистика, бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлаудан әлемде жетекші орын алады. Бұл университет  Қазақстанда  ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандар әзірлеп шығару мақсатында ашылған.

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің ұйымдастырушылары «Зерде» Акционерлік Қоғамы мен Халықаралық Бизнес Университеті (UIB). Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінде білім беру қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдерінде оқытылады. Университет Акционерлік Қоғам болғанымен студенттерді қабылдағанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне қарайды.

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес қосымша білетін ақпараттарыңызды айтыңыздар.

  2. Сіз ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша білім алып жатырсыз? Болашақтағы жоспарыңыз қандай? Еліңіздің өркендеуіне немен үлес қосасыз? Пікіріңізді жазыңыз.

Назар аударыңыз!

Әрекет субьектісі аталмаған, предикттары 3 - жақта берілген сөйлемдер

а)субьектінің нақты емес іс әрекетін;

ә)сөйлеушіге іс әрекеттің субьектісі белгісіз немесе ұмыт қалған;

б) іс әрекет субьектісі сөйлеушіге белгілі, бірақ әр түрлі себептермен аталмаған;

в) әрекет иесі сөйлем ішінде бар;

г) жалпыланған субьект әрекетін білдіреді.

  1. Сөйлемдердің мазмұнын белгісіз жақты конструкциямен беріңіз. Анықтама үшін берілген материалды пайдалануыңызға болады.

Үлгі: Сізді факультет деканы шақырады. – Сізді деканатқа шақырады.

Сізге «Парасат» журналының қызметкері телефон шалды. Жаңа жылдық сыйлықты біз шыршаның түбіне қоямыз. Қонқтарды, әдетте, біз ресторанда қабылдамыз. Институт қызметкерлері лазерді медицинада қолданудың әдістерін дайындап жатыр.Олардың үйінде тұратындар әрқашан айтысатын, көп сөйлейтін.

Анықтама үшін: бізде, редакцияда, біздің отбасыда, олардың үйінде, институтта.

  1. Сұрақтарға белгісіз жақты конструкцияны пайдалана отырып, жауап беріңіздер, предикат ретінде жақша ішіндегі сөздерді пайдаланыңыз.

Үлгі: Қайда барасыңдар? Сіздерде тағы бір лекция бар емес пе? - Бізге лекция болмайтынын хабарлады.

Сіз симпозиумның сәуірге ауысқанын білесіз бе? (хабарлау) - Сіз бүрсігүні конференцияда боласыз ба? (іс сапарға жіберу) - Сіз вокзалдан қонақ үйге дейін қалай жеттіңіз. ( машинамен жеткізіп салу) - Сіз факсты пайдалана аласыз ба? (түсіндіру) - Сіз бүгін кешке боссыз ба?(театрға шақыру) - Мынау сіздің журналыңыз ба?(бірнеше күнге беру).

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Қандай жағдайда белгісіз жақты конструкциялы сөйлемде белгісіздік есімдігі біреу субьектісімен алмастыруға мүмкін болатынын көрсетіңіз.

Қабырғаның ар жағында жәй, төмен дауыспен ән айтып жатыр.Маған бұл суреттерді көрсеткен. Сізді дәлізде күтіп тұр. Маған қызық жұмыс ұсынды. Саған гүл әкелді. Театрдың қасында артық билет сұрады.

8.Сіздерде қалай тойлайды әңгімелеңіз. Жаңа жыл немесе басқа мереке.

9. Қандай дәстүр әдетті білесіз, әңгімелеңіз.( сіздің елде немесе басқа елде) Мысалы: Бізде үйге кіргенде, міндетті түрде аяқ киім шешеді; малды теппейді; босағаны кермейді т. б.

БОӨЖ тапсырмалары.

Белгісіздік есімдігі және үстеу

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Қай сөйлемде сөйлеушіге белгісіз адам, мекен, себеп айтылады, назар аударыңыз, өзіңіз де мысал жазыңыз.

- Мен сабақта болғанда, маған біреу келді ме? Мұнда әлдекім болған сияқты.

- Егер дүкенге барсаң маған кешкі асқа бірдеңе ала кел. Дүкенге бармай ақ қой, Айжан кешкі асқа бірдеңелер алды.

- Егер сен бір себептермен келе алмасаң, маған хабарлас. Асылбек неліктен екені , келмеді.

- Менің қандай болмасын бір аралда демалғым келеді. Дастан бір аралға демалуға баратынын айтты.

11. Диалогты есімдікпен немесе үстеумен толықтырыңыз.

- Маған керек емес .... газет берші.

- Міне, мында керек емес ... газеттер жатыр. Соны ал.

- Егер ... жерден жасыл тушь көрсең, маған ала сал.

- Мен оны ... жерден көрдім, қай жерден көргенімді есіме түсіруім керек.

- Мына көлде теңіз жануарлары қайдан жүр?

- Мүмкін ....кездері мұнда теңіз болған шығар.

- Егер сен ... жаққа кететін болсаң, кілтті алып кет.

- Дастан үйде жоқ па?

- Жоқ, ол ...жаққа кеткен.

- Түскі асқа ... нәрсе дайындау керек.

- Дайындамай ақ қой. Елдана .... дайын тамақтар алып келді. Жегің келсе тәтті .... нәрсе пісірейін.

- Сабақта бізге карта керек болады. ......картаға барып келсін.

- Міне карта, .....әкеліпті.

Назар аударыңыз!

12 . Бір белгісіздік есімдігі сын есімдермен, зат есімдермен жиі қоланылады: бір қызық айтайын, бір тәтті нәрсе, бір мұңлы ән, бір ащы, бір сұмдық, бір ой, бір кем дүние т. б.

13. Берілген белгісіздік есімдіктерімен сөйлем құраңыздар.

Біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде кім, бір, қайсыбір, кейбір, әр, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әрқашан.