Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

5 Сабақ

Электронды есептеу машиналары. Дербес компьютерлер.

Анықтауыштық қатынас.

  1. Термин сөздермен жұмыс істеңіздер.

Есептеулер, ақпарат, есептеуіш құрылғылар, электрондық есептеуіш машиналар, құрылғы, ақпараттарды қабылдау, қайта өңдеу, бағдарламалау тілі, мәліметтер базасы, енгізу-шығару.

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Компьютер (ағылшынша computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) – есептеулерді жүргізуге және ақпараттарды алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтауға арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі есептеу болып саналатын. Алғашында ағылшын тілінде компьютер сөзі арифметикалық есептеулер жүргізетін адамдарға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады. Қазіргі заманда олардың бастапқы қызметі – басқару болып табылады. Алғаш рет компьютер сөзінің анықтамасы 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына қарасақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Алғаш рет бұл ерекшелікті 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е.Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлемінің кішірею процесі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғанда, қазіргі заманғы компьютерлер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады.

  1. Сіздің пікіріңіз.

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.

  1. Компьютер – ХХ ғасырдың ғажап жаңалығы.

  2. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар тым үлкен болыпты.

  3. Қазір компьютер тек математикамен байланысты мәселелермен ғана айналысады.

  4. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын пайда болған.

  1. Жоғарыдағы берілген термин сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.

  1. Мына ақпараттарға назар аударыңыздар.

а) Біздің эрамызға дейінгі (б.э.д.) 3000 жылы Вавилонда алғашқы есептегіштер – абак пайда болды.

ә) 1927 жылы Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды.

б) 1941 жылы Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттеріне ие болатын.

в) 1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап шығарды.

г) Кеңес Одағында алғашқы электронды есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен 1950 жылы жасалды.

  1. Алғашқы компьютерлер, эем-нің пайда болуы туралы өздеріңіз білетін ақпараттарыңызды жазыңыздар.

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі – Фортран тілі деп аталған. Ол есептеулерге арналған болатын. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін болатын. Бірінші кезекте бұлар үкімет пен банктерге қажет болды. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер керек еді. Осы мақсатта Кобол тілі пайда болған. Үшінші жолы - әртүрлі құрылғылармен бірге қолдану. Ақырында компьютер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс (мәтін енгізу, фильм көру, т.б.) компьютердің көмегімен жүзеге асырылатын болды.

  1. Жағдаяттық тапсырма. Өздеріңіз қандай бағдарламалау тілін білесіздер? Оларды пайдалану туралы түсіндіріңіздер.

9. Сөздерге берілген түсініктемені оқыңыз.

КПК (ЖҚК) - жеке қалталық компьютер (карманный персональный компьютер)

Палм - (ауызекі тілде) қалта компьютер

SMS - қысқа мәтіндік хабарлар

Электронды жазба кітапшалардың мүмкіндігі – Возможности электронных записных книжек

10.Мына сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыздар:

Жабдықтау ( немен), бекіту ( неге), жеткізу (нені, қайда), біріктіру, қосу

( нені), жетілдіру, ажырату (нені неден), жол беру ( кімге не үшін),

шегіну ( қайда)

11. Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша әңгімелесуге дайындалыңыз.

Соңғы кездері қалта компьютерлерді ( КПК) сату өсті, ауыз екі тілде белгілі өндіруші фирманың құрметіне «палм» деп те аз айтылмайды. Қазіргі кезде «палмдар» қымбат және ауыр ноутбуктерді алмастыра бастады. Қалта компьютерлердің кемшін жақтары айтарлықтай емес, ал артықшылықтары көзге көрініп тұр. Соңғысынан бастайық. Бәрінен бұрын, әрине, ықшамды. Кәдімгі КПК салмағы үш жүз грамм. Пиджактың қалтасына ,тіпті, жейденің қалтасына да сыйып кетеді. Екінші артықшылығы «палм» тек қана компьютер емес, байланыс құралы да. Оның көмегімен электронды хат алмасуға, SMS хабарлама алмасуға болады. Қолайлы және жұмыс істеу жылдамдығы да жақсы. Кемшін жағы қуаттылығы аз. Қалта компьютердің мүмкіндігін кеңейтуге арналған құрылғылар пайда болуда. Оның көмегімен қалта компьютерді проекторға, немесе мониторға қосуға болады. Бұл дегеніңіз қалта компьютерді белсенді түрде оқытуда, дәріс оқуға пайдалануға болды. Қазіргі кезде қалта компьютердің көлемі де кішіреюде. Болжам бойынша болашақта оны күнделік, блокнот ретінде де пайдалануға болады.