Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать
  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Билл Гейтс бала кезінде қандай болған?

  2. Биллдің алғашқы компьютерлік бағдарламасы қалай дүниеге келді?

  3. Пол Аллен Биллді неге іздеді?

  4. Әйгілі «Microsoft» корпарациясы қалай дүниеге келді?

  5. Достар MITS компаниясымен қандай шарт жасасты?

  1. Мәтінді оқып , сұрақтар дайындаңыздар.

Билл Гейтс (Вильям Генри ІІІ) –бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрынғы президенті. Қазіргі уақытта ол ақша табудан гөрі жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсысы тек 10 млн. доллар алады. Қалғаны оның кенже баласы –қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93% -да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Ол сонымен қатар, компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40,7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша бірінші орын алады.

  1. Әлемдегі қайырымдылық акцияларына қатысушы бизнесмендер, магнаттар туралы ақпараттар дайындаңыздар.

  2. «Еңбек етсең ерінбей...» тақырыбына шағын эссе жазыңыздар.

  3. Бағананың оң жағында және сол жағында берілген сөйлемдерді салыстырыңыз. Себеп-салдарлық конструкцияда нәтижесінде, салдарында сөздерінің қолданылуына назар аударыңыз (нәтиже беретін әрекет себебі және зат сапасынан, қасиетінен немесе әрекеттен туындайтын қорытынды ретіндегі себеп).

Организмдегі әлдебір клетканың бұзылуы нәтижесінде тірі организмде ауру пайда болады.

Организмдегі әлдебір клетканың бұзылуы салдарынан тірі организмде ауру пайда болады.

Солтүстіктен суық ауа массасының келуі нәтижесінде орталық аймақтарда температура төмендеді.

Солтүстіктен суық ауа массасының келуі салдарынан орталық аймақтарда температура төмендеді.

Реакция нәтижесінде бір заттың ыдырауынан екі немесе бірнеше жаңа зат пайда болады.

Жоғары химиялық белсенділіктің салдарынан оттегі көптеген заттармен бірігеді.

БОӨЖ тапсырмалары

  1. Екі жай сөйлемді себеп-салдар конструкциясымен бір сөйлемге айналдырыңыз.( нәтижесінде, сондықтан жалғаулықтарын пайдаланыңыз)

1.Жер үсті күндіз қызады, түнде салқындайды; Температураның тәуліктік ауытқуы болады. 2.Венера атмосферасының тығыздығы жоғары; Ол күн сәулесінің бір пайызға жуығын ғана өткізе алады. 3.Уран (U) атомдары ыдырайды; Радий (Ra) пайда болады. 4.Инфрақызыл сәулелер бұлт пен тұманнан өте алуға қабілетті; Инфрақызыл сәулелер көмегімен алыстағы заттардың анық суреттерін түсіреді. 5.Қала ауаса шаңмен, түтінмен, машина газдарымен ластанған; Қалада жер үстіне ультракүлгін сәулелер өте аз түседі.

  1. Күрделі сөйлемді себеп-салдарлы жай сөйлемге айналдырыңыз.

Үлгі: Жер өз осін айналғандықтан күн мен түнің алмасуы болады.

Жер өз осін айналады, сондықтан күн мен түннің алмасуы болады. Су асты жер сілкінісі болады, сондықтан цунами пайда болады. Айжан көп дайындалды, сондықтан ол емтиханды жақсы тапсырды.

  1. Екі жай сөйлемді себеп-салдарлы күрделі сөйлемге айналдырыңыз.( сондықтан, себебі жалғаулықтарын пайдаланыңыз)

Үлгі: Солтүстікте табиғат жағдайы қатал, сондықтан, онда қалалардың өсуінен көптеген мәселелер пайда болады.

Солтүстікте табиғат жағдайы қатал. Онда қалалардың өсуінен көптеген мәселелер пайда болады. Жерорта теңізі суының тұздылығы мұхитқа қарағанда жоғары. Жерорта теңізі суы қатты буланады.. Эксперимент күрделі. Оны дайындау ерекше ұқыптылықты қажет етеді. Бірқатар елдерде автомобильмен тасымалдау құны өсті. Бұл – мұнай өнімдеріне бағаның өсуімен байланысты.