Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

11 Сабақ

Ғаламтордың пайда болуы. Ғаламтор желісі.

Қарсылық мәнді қатынастың берілуі.

  1. Мәтінді оқып, талқылаңыздар. Сұрақтар дайындаңыздар.

ХХ ғасырдың аяғында пайда болған ғаламтор қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Ғаламтор желісін алғаш дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдардың басында АҚШ Қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. Оны соғыс бола қалған жағдайдабір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Кейін APRANET бейбіт мақсатқа қызмет етті, оны негізінен ғалымдар мен мамандап пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында «Интернет» деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Дегенмен, ғаламтор тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. Ол көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Ғаламтор ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электорнды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейне конференциялар өткізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан. Соңғы Ғаламтор желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 мың әртүрлі желілерді біріктіріп, күнделікті жаңалықтармен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, ғаламшардың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

  1. Ғаламтор желісі, оның пайдалы жақтары, зияны бар ма, сол жайында пікірлесіңіздер.

  2. Өзіңіз ғаламтор желісін пайдаланасыз ба? Не үшін? Пікіріңізді жазыңыз.

  3. Мына деректерге назар аударыңыздар.

1943жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы – Колосс жасалды. Машина фашистік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты.

Сынбайтын шынының ойлап табылуы кездейсоқ болды. 1903 жылы франциялық химик Эдуард Бенедиктус абайсызда нитроцеллюлозамен толтырылған колбаны құлатып алған. Шыны шытынады, бірақ сынбады. Сол кезде Бенедиктус автомобиль апатының құрбандарының санын азайту үшін қазіргі автомобильдердің шыныларын жасады.

  1. Берілген сөйлемдерді қарсылықты мәнді жалғаулықтарды пайдалана отырып, біріктіріңіздер.

1. Оның жұмысы көп. Ол оқуға үлгеріп жүр.

2. Ол тура ештеңе айтқан жоқ. Мен оның риза еместігін байқадым.

3. Олар шындығында, өте жас болатын. Олардың тәжірибесі жеткілікті.

4. Ол ол кезде бала болатын. Ақылды еді.

5. Айдана сымбатты қыз. Басқалар оған назар аудармайтын.

  1. Сұраққа болымды түрде жауап беріңіз. Оң жақта берілген ақпаратты пайдаланыңыз.

    Жұмысыңыз табысты жүріп жатыр ма?

    Аяқтауға әлі ерте.

    Қазақ тілінде көркем әдебиетті оқу қызықты ма?

    Көптеген таныс емес сөздер кездеседі.

    Сізге жатаханада тұру ұнай ма?

    Басында көп нәрсеге үйрену керек.

    Сізге Астана қысы ұнай ма?

    Өте суық.

    Көршілеріңізбен тату тұрасыз ба?

    Біздер әр түрлі адамдармыз.

    Мұражайға бармайсыз ба?

    Уақытым жоқ

    Диссертацияңа өзгерістер енгіздің бе?

    Ғылыми жетекші ұсыныстар айтпады.

  2. в) Сөйлемнің бірінші бөлігін жазып көріңіз:

..., қазір мен өзімше жасаймын.

..., барлық шындықты естіген жақсырақ (лучше услышать всю правду).

..., мен сізбен келісе алмаймын.

..., мен өз жұмысыммен мақтанамын.

  1. Оң жақта және сол жақта берілген сөйлемдерді оқыңыз. Олардың құрылымындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

Біз қанша даулассақ та, әркім өз пікірінде қалды.

Қанша даулассақ та, біз ешқашан келісімге келмейміз, біздің ойымыз тым алшақ.

Біздің тіліміз қанша бай болса да, кейде әсеріміз бен сезімімізді жеткізу үшін сөз таппай қаламыз.

Біздің тіліміз қаншалықты бай болса да, музыканы сөзбен жеткізу мүмкін емес (невозможно передать музыку словами, как бы ни был богат наш язык).

БОӨЖ тапсырмалары

  1. Берілген сөйлемдердің мазмұнын қаншалықты сөзін пайдалана отырып, жазыңыз.

Ол өнермен өте көп айналысса да, оның өміріндегі басты жұмысы медицина болып қалды. Біз өте көп ұқсамасақ та бізді бәрібір көп нәрсе біріктіреді. Біз одан бірнеше рет өзі туралы айтуды сұрасақ та, ол үндемеді. Ол осы есеппен ұзақ отырса да, ештеңе шықпады. Мен өзімнің таңдауымның дұрыстығына толық сенемін, бірақ бәрі бір күдіктендім, толқыдым.

  1. Берілген сөйлемдерді оқыңыздар. Сөйлемдердің мағынасына назар аударыңыз.

  2. Біз қанша тырыссақ та, ешкім бізге көңіл аудармады. Ол қанша ойланса да, ешқашандай маңызды ой басына келмеді. Балалар қанша жылы киінсе де, олар далада көп жүре алмады, сыртта аяз қысып тұр. Әңгіме қанша тартымды болса да, менің кетуіме тура келді. Ол туралы қанша айтылса да, ол жаман адам емес. Ол қайда жұмыс істесе де, ол адамдармен ылғи жанжалдасып қалатын. Оған қандай сұрақ берілсе де, оның жауабы әрқашан дайын.

  3. «Ғаламтор –әлемдік желі» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

12 сабақ

Электронды кітаптардың пайда болуы.

Мақсат мәнді құрылымның берілуі.

  1. Сөз және сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.

Идея, каталог, магнитті, кітапхана қоры, оптикалық, бейнелеу, баспа, көрнекілеу, баспагер, хат жазысу, тарау, жаңарту, мұқаба, орналастыру, анықтамалық, компакт диск

2.Сөздерге берілген түсініктемені оқыңыз.

Энциклопедия – білімнің бір саласы немесе бірнеше саласы бойынша ғылыми анықтамалық құрал

ҒЗИ (НИИ) - ғылыми зерттеу институты

Гипермәтін - электронды түрдегі мәтіндік ақпаратты ұсыну технологиясы

Мега энциклопедия - электронды түрдегі бірнеше тақырыптық

энциклопедия

3. Мына сөздің құрамын талқылаңыз.

Бейнефрагмент

Интернеттік ( Мега энциклопедия)

Сұйық кристаллды (экран)

4. Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз.

ХХІ ғасырда әлемге компьютер келді. Компьютер ғасырының басында, ЭЕМ тек қана ірі ғылыми зерттеу институттарында ғана болды. Сол кезде алдағы күндері қағаз керек болмайды деген әңгімелер де айтыла бастады. Кез келген мәтін және суреттер – іскери хаттан бастап, кітапқа дейін клавиатурада теріліп, электронды түрде сақталып, берілетін болады, дисплейдің экранынан оқылатын болады. Қажет болған жағдайда «электронды кітаптар» принтерден шығарылатын болады. Ол кезде бұл идея болатын, қазір бұл шындық. Қазіргі дисплейлердің сапалылығы сонша электронды мәтінді сапалы көрнекілеумен қатар, дыбыспен де, бейне фрагментпен де қамтамасыз етеді. Бәріңізге таныс CD – ROM дискісі жүздеген кітап томдарын сақтауға қабілетті – ірі кітапхана қоры бір кітап сөресіне сияды. Интернет желісі компьютердің көмегімен әлемнің кез келген нүктесінен, тіпті ғарышта да әп-сәтте ақпарат ала алады. Интернет технологиясын пайдаланатын электронды энциклопедиялар немесе анықтамалықтарға енді жеке «өзгертілген, толықтырылған» басылымның қажеті болмайды. Себебі редакторлар толықтыруларды үнемі енгізіп, жаңартып отырады. Интернеттік мега энциклопедиялар баспалары жұмыс істейді. Соңғы кездері желілерде кітапханалар сайты пайда болды. Оқырман кез келген көркем әдебиетті, ғылыми техникалық әдебиетті таба алады. Ол кітаптарды « off-line» режимімен де оқи аласыз. Яғни өзіңіздің компьютеріңізге көшіріп алып, қалаған уақытыңызда оқи аласыз.

Әрине, « электронды кітаптардың» да кемшін жақтары бар. Мысалы магнитті немесе электронды дискіде жазылғандарды машинаның көмегінсіз оқи алмайсыз, сондай - ақ монитор экранынан оқи беру - көзге зиян. Мұны жөндеуге болады. Мысалы, қазіргі « палмтоптар» немесе сұйық кристаллды экранмен, аккумулятормен жабдықталған «алақандағы компьтерлерді» айтуға болады. ( компьютеры на ладони). Бұлар үздіксіз бірнеше сағат жұмыс істейді. Сондықтан оны кәдімгі кітап сияқты жолға алуға болады. Әзірге бұл қымбаттау. ( «Знание – сила» , 2000)