Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / МР ОМ каз.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
10 Mб
Скачать

Астана, 2012ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 31 .08 2012 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1. Тақырыбы: Ішкі сөл бөлу бездері. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы.

2. Мақсаты: Ішкі сөлініс бездерінің қызметін және реттелу тегершіктерін оқу

3. Оқу мақсаты: Гормондардың түзілу реттелісінің негізгі принциптері мен олардың әсер ету механизмін анықтау. Жеке ішкі сөлініс бездерінің сөл бөлу тегершіктерін сүсіндіре білу. Эндокриндік жүйенің тіс-иекті аймаққа әсер етуін түсіну. Жыныстық циклдің жобасын сала білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Эндокриндік жүйенің қызметтік ұйымдасуы. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы.

2. Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері. Гормондардың пайда болу көзі. Ішкі сөл бөлу бездері және олардың құрылыстық-қызметтік ерекшеліктері. Гормондардың пайда болу және әсер ету динамикасы.

3. Гормондардың қанмен тасымалдану түрі, тіршілік етуінің ұзақтығы, гормондардың ыдырауы. Гормондардың жасушалармен өзара байланысы (жасушаішілік, рецепторлармен). Гормондар әсерінің жасушалық механизмдері.

4. Мембраналық рецепция. Цитоплазмалық рецепция. Гормон бөлінуінің реттелуі. Жасушаішілік, жүйкелік реттелуі.

5. Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі: либериндер мен статиндер. Гипоталамустың гипофизбен қызметтік байланысы. Аденогипофиздің ролі.

6. Гипоталамус- гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі. Ішкі сөл бөлу бездері қызметінің реттелуіндегі кері байланыс принципі. Вегетативтік жүйке жүйесінің ролі.

7. Физиологиялық қызметтердің гормональдық реттелуінің жүйелік принциптері. Ағзаның қызметтік жүйелеріндегі ІСБ бездерінің ролі. Гормональдық гомеостаз.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. «Сіз стресс әсеріне ұшырадыңыз ба?» атты тестті жүргізу.

2. Аналық жыныс циклінің жобасын салу.

3. Кесте мен сызбанұсқаны салу:

А) Әйелдің жыныстық циклінің сызбанұсқасы

Б) Ішкі сөлініс бездері және оның гормондары

В)Кесте Эндокринді бездердің гормондары

6. Әдебиет:

1.Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4.Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2.Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

7. Бақылау: ситуациялық есептерді шешу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:31.08.2009

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:31.08.2012

Тексеріс #:

29бет 61

Соседние файлы в папке физиология