Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / МР ОМ каз.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
10 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өндеулер (тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

Тақырыбы: Еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының түрлері.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған ________________________

Астана, 2012ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 31 .08 2012 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырыбы: Еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының түрлері.

2.Мақсаты: Еттердің физиологиялық қасиеттерін, бұлшық ет жиырылуының түрлері туралы оқу.

3.Оқу мақсаты: Еттердің физиологиялық қасиеттерін, бұлшық ет жиырылуының түрлері туралы ұғым беру. Студенттердің бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтауға, динамометрия жүргізуге үйрету, бұлшықеттік жиырылудың негізгі тегершіктерін ұйымдастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қаңқа бұлшық етінің физиологиясы, олардың қызметтері. Еттердің негізгі қасиеттері.

2. Еттің күші және жұмысы. Еттің қажуы, тұтас ағза және жекелеген еттер қажуының теориялары. Орташа жүктеме заңы.

3. Қозғалтқыш бірліктер және әртүрлі еттердегі олардың ерекшеліктері.Бұлшық ет жиырылуның құрылыстық - қызметтік негізі. Қозу мен жиырылудың бірдейлігі. Еттің босаңсуы.

4. Еттер жиырылуының тәртіптері. Жеке дара жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері. Қаңқа бұлшық етінің жұмысының түрлері. (изотоникалық, изометриялық, ауксотоникалы).

5. Бірыңғай салалы еттер физиологиясы, олардың қызметтері, физиологиялық қасиеттері, іс-әрекетінің реттелуі.

6. Бірыңғай салалы еттер мен қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттерінің негізгі айырмашылықтары.

7. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау.

2. Жеке бұлшық еттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі.

3. Динамометрия.

4. Электромиография.

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  1. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006,

52 б.

7. Бақылау: Тақырып бойынша – тестілеу.

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:31.08.2009

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:31.08.2012

Тексеріс #:

13бет 61

Соседние файлы в папке физиология