Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / МР ОМ каз.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
10 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  1. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006,

52 б.

7. Бақылау:Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу және билет бойынша жазбаша бақылау.

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:31.08.2009

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:31.08.2012

Тексеріс #:

55бет 61

Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өндеулер (тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

Тақырыбы: Аралық бақылау

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған ________________________

Астана, 2012ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 31 .08 2012 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1. Тақырыбы: Тәртіптің жүйелі механизмдері бойынша қорытынды сабақ..

2. Мақсаты: Талдағыштар жүйесінің түзу-талдау әрекетінің күрделі кезеңдері мен тегершіктері туралы білім, студентке гоместаз бен бейімделіс тегершігін тереңінен талдауға мұқтаж етеді. Оқытылатын тақырыптың өзектілігі, уақытша байланыстың түзілу қабілеттілігі және онық ұзақ сақталынуы шартты-рефлекторлық әрекетті анықтайтын, негіз болып табылатын, ми қыртысы құрылымдарының икемділігінде. Жоғарғы психикалық қызметтердің түзілуінің физиологиялық негіздері туралы білім, тәртіптің өзгеруінде өтілетін, ауытқуларды анықтау және нақты түзетуді таңдау үшін қажет.

3. Оқу мақсаты: Сана үрдісінің негізінде жататын, адамның мақсатқа бағытталған әрекетін сипаттайтын, түрлі тесттік тапсырмаларды қолдануға студенттерді үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Талдағыштардың құрылыстық- қызметтік ұйымдасуы. Сыртқы дүниені тануда талдағыштардың маңызы.

  2. Талдағыштардың шеткергі, өткізгіш, орталық бөлімдері ( И.П. Павлов). Талдағыштардың әртүрлі бөлімдерінде ақпараттың кодталуы.

  3. Талдағыштардың рецепторлық бөлімінің қасиеттері. Вебер- Фехнер заңы.

  4. Көру талдағышы. Көздің сәуле сындыру құрылымдары. Торлы қабаттың рецепторлары.

  5. 5.Жарық әсер еткенде торлы қабат рецепторларындағы фотохимиялық процестер. Торлы қабаттың биполярлы және ганглиозды клеткаларының қызметтері.

  6. Түсті ажырату теориялары. (М.В. Ломоносов, Г. Гельмгольц, П.П. Лазарев.).Түсті қабылдаудың қазіргі кездегі ұғымы. Түсті қабылдау бұзылыстарының негізгі түрлері. 7.Көру талдағышының бейімделуі және аккомодациясы жайында түсінік, механизмі. Рефракция және оның бұзылыстары.

  7. 8.ОЖЖ-нің әртүрлі деңгейінде ақпараттың өңделуі. Талдағышта көру ақпаратының кодталуы.

  8. Көру бейнесінің қалыптасуы. Көріп қабылдауда оң жақ және сол жақ жарты шарлардың ролі. Көздің қозғалуы және бинокулярлық көру.

  9. Көру талдағышын зерттеу әдістері.

  1. Дәм сезу талдағышы. Рецепторлық, өткізгіш және қыртыстық бөлімдері.

  2. Дәм сезудің жіктелуі.

  3. Дәм сезгіштікті зерттеу. Тәттіге, ащыға, қышқылға, тұздыға дәм сезу табалдырығын анықтау.

  4. Иіс сезу талдағышы. Рецепторлық, өткізгіш және қыртыстық бөлімдері.

  5. Иістердің жіктелуі, оларды қабылдау теориялары.

  6. Тактильді талдағыш. Тері рецепторлары. Жанасуды, вибрацияны, қысымды қабылдаудағы ролі.

  7. Талдағыштың рецепторлық, өткізгіш, қыртыстық бөлімдері.

  8. Зерттеу әдістері. Тітіркендіру күшінің табалдырығын анықтау. Сезінудің тітіркендіру қарқынының өзгеруіне байланыстылығын анықтау.

  1. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті жайында түсінік.Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер). Олардың организмнің бейімделу іс-әрекеті үшін маңызы, жіктелуі.

  2. Жүре пайда болған тәртіп- мінез- құлық. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде.

  3. Балада шартты- рефлекторлық іс-әрекеттің пайда болуы.

  4. Шартты рефлекстің пайда болу және көріну заңдылықтары. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. Шартты рефлекстердің жіктелуі.

  5. Шартты рефлекстер пайда болуының физиологиялық механизмдері, олардың құрылыстық- қызметтік негізі (И.П. Павлов, П.К. Анохин).

  6. Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

  7. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық маңызы, еңбек дағдыларына үйренудегі және оларға ие болудағы маңызы.

  8. Қызметтік жүйелер тұрғысынан қарағандағы біртұтас мінез-құлықтық актінің архитектурасы. (П.К. Анохин).

  9. Шартты рефлекторлық іс-әрекеттің тежелуі. Қыртыстық тежелудің түрлері.

  10. Тежелудің қыртыстағы талдауға және шартты-рефлекторлық іс-әрекетке қатысы.

  11. Адамның және жануарлардың жоғарғы жүйке іс-әрекеттерінің типтері. (И.П. Павлов), олардың жіктелуі, сипаттамасы, анықтау әдістері.

  12. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтік қасиеттерінің қалыптасуындағы тәрбиенің ролі. Экспериментальды невроздар.

  13. П. Павловтың бірінші және екінші сигналдық жүйелер жайындағы ілімі. Қыртыстық іс-әрекет заңдары.

  14. Күштік қатынас заңдары және оның организмнің әртүрлі қызметтік жағдайында өзгеруі. Үлкен жарты шарлар қыртысындағы фазалық құбылыстар.

  15. Мотивациялар. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар. Мотивациялар теориясы. Жеке тұлға қалыптасуындағы биологиялық мотивациялар. Патологиялық мотивациялар.

  16. Мақсатқа бағытталған мінез-құлық организммен бейімделу нәтижесіне жетуге апаратын мінез-құлық, тәртіп ретінде.

  17. Мақсатқа бағытталған мінез- құлық түрлері. Мақсатқа бағытталған мінез-құлықтың биологиялық детерминделген түрлері (тағамдық, қорғаныс, жыныстық және т.б.).

  18. Тәртіптің әлеуметтік детерминделген түрлері (адамның еңбектік іс-әрекеті, оқу, ұжымдық еңбек және т.б.).

  19. 44.Тәртіптік актінің қызметтік жүйесіндегі кері байланыс принциптері.

  20. Адамның психикалық қызметтерінің физиологиялық негіздері. Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (назар, қабылдау, ойлау, сана, сөз).

  21. Адамның психикалық қызметтеріінң бейімдегіш ролі. Назар.

  22. Назардың физиологиялық механизмдерін түсіну үшін И.П. Павлов пен А.А. Ухтомский еңбектерінің маңызы. Назар аударуда тежелу процесінің ролі.

  23. Ойлау. Сана, төменгі сана, жоғарғы саналардың физиологиялық негіздері.

  24. Сөйлеу. Сөздің қызметтері. Адамдарда сөз дамуымен байланысты үлкен жарты шарлар қыртысының қызметтік асимметриясы.

  25. Психикалық қызметтердің іске асуында орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайының маңызы.

  26. 51.Психикалық қызметтерді зерттеудің физиологиялық әдістері.

  27. Есте сақтау және оның түрлері мен механизмдері. Ақпаратты есте сақтау және оны қайта шығару процестеріндегі мидың әрбір бөлімінің ролі.

  28. Есте сақтау теориялары. Шартты рефлекс және есте сақтау. Есте сақтау бейімделу тәртібінің бір түрі ретінде.

  29. Эмоциялар, олардың биологиялық ролі. Жіктелуі. Эмоциялар теориялары.

  30. Эмоциялық жағдайлардың қалыптасуында ми құрылымдарының ролі. Эмоциялық шектен шығудың вегетативтік және қозғалыс компоненттері.

  31. Адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекетіндегі эмоциялардың ролі. Эмоциялық шектен шығу. (эмоциялық стресс).

  32. Ұйқының биологиялық маңызы, оның кезеңдері мен түрлері. Ұйқының электроэнцефалографиялық көрсеткіштері. Парадоксальды ұйқы, баяу ұйқы. Түс көру. Ұйқы теориялары. (И.П. Павлов, Р.Гесс, П.К. Анохин және т.б. ).

  33. Гипноздық жағдайлардың физиологиялық негіздері. Электрлік ұйқы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Көру өткірлігін анықтау

2. Көру алаңын, соқыр дақты анықтау.

3. Түрлі-түсті көру

4. Қарашық рефлекстері

5. Сүйектік және ауалық өткізгішті зерттеу

6. Тепе-теңдік аппаратының қызметтік тұрақтылығын зерттеу.

7. Сипап-сезу өткірлігі.

8 . Терморецепторлардың бейімделуі.

9. Дәмнің сезімталдылығының табалдырығын анықтау.

10. Егеуқұйрықтарда белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру.

11. Тәжірибелік жануарларда тәртіптік реакцияларды зерттеу.

12. Адамда ЖЖІӘ типологиялық ерекшеліктерін анықтау.

13. Психикалық қызметтердің физиологиялық зерттеу әдістері.

Соседние файлы в папке физиология