Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / МР ОМ каз.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
10 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік өндеулер (тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

Тақырыбы: Энергетикалық алмасу. Тамақтану. Жылу реттелуі. Жылудың тепе-теңділігі.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған ________________________

Астана, 2012ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 31 .08 2012 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырыбы: Энергетикалық алмасу. Тамақтану. Жылу реттелуі. Жылудың тепе-теңділігі.

2.Мақсаты: Зат және қуат алмасудың, сыртқа бөлу мен жылу реттелістің физиологиясын оқу

3. Оқу мақсаты: Негізгі алмасу мен оны анықтаудың әдістері туралы ұғындыру. Майлар, ақуыздар және көмірсулардың арнайы синтездеу үдерісін түсіндіруді үйрету. Номограмма және Брок формуласы бойынша идеалды массаны анықтауды дарыту. Гаррис – Бендикс кестесі, Рид формуласы бойынша негізгі алмасуды анықтауды дарыту және алынған нәтижені талдау. Ағзаның қалыпты қызметінде идеалды дене салмағының маңыздылығын түсіндіру. Ағзадағы гомеостаздың негізгі өлшемдерін сақтауында термореттелу үрдістерінің маңыздылығын және ролін ұғындыру

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зат алмасу және энергия алмасу. Ағза үшін зат алмасудың маңызы. Катаболизм. Анаболизм.

2. Көмірсу алмасу. Қандағы қант деңгейін реттеу. Май алмасу. Липолиз және липогенездің реттелуі. Белок алмасу.

3. Азоттық баланс. Рубнердің тозу коэффициенті. Белоктардың биологиялық құндылығы.

4. Тағамдық заттардың арнайы - динамикалық әсері. Рубнердің изодинамия ережесі. Белок алмасуының гормональдық реттелуі.

5. Энергия алмасу.Тірі жүйелердің термодинамикасы.Термодинамика заңдары.

6.Организмнің энергия шығынын анықтау. Тікелей калориметрия. Тікелей емес калориметрия. Оттегінің калориялық коэффициенті. Тыныс алу коэффициенті. Дуглас- Холден әдісімен энергия шығынын есептеу.

7. Негізгі алмасу. Негізгі алмасу мөлшерін анықтайтын факторлар. Рубнердің дене бетінің заңы. Негізгі алмасуды анықтау әдістері.

8. Физикалық жүктеме кезіндегі энергия шығыны. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориялары (балансты тамақтану теориясы және адекватты тамақтану теориясы).

9. Организмнің сыртқы температураға әсерленуі. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температура реттелуінің жүйелік механизмдері.

10. Зат алмасу үшін оптимальді қан температурасының тұрақтылығын ұстап тұратын қызметтік жүйе.

11.Терморецепторлар. Жылу реттелуінің шеткері және орталық механизмдері. Дененің температуралық жобасы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі зат алмасуды анықтау.

2. Рид формуласы көмегімен негізгі зат алмасуды есептеу.

3. Брок формуласымен қалыпты массаны анықтау.

4. Номограмма арқылы адамның қалыпты салмағын анықтау

5. Зәрдің меншікті салмағын анықтау.

6. Зәрдің рН анықтау.

7. Адамдағы тер бөлінуді зерттеу.

8. Оттегі жетіспеген жағдайдағы организмнің шыдамдылығына температураның әсері.

9. Дене температурасын өлшеу.

Соседние файлы в папке физиология