Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Марксизм ілімі

Марксизм философиясының өкілдері К. Маркс, Ф. Энгельс (ХІХ ғ.)

Негізігі сипаттары:

  • диалектикалық әдіс материалистік принциппен байланыста қарастырылды;

  • тарихи процесс материалистік позицияда, табиғи, заңды процесс ретінде түсіндірілді;

  • диалектика-материалистік көзқарастар еңбекшілердің қызығушылығымен, қоғам дамуының қажеттіліктерімен байланыстырылды.

Марксизмнің пайда болуының алғышарттары:

  • материалистік философияның идеялық алғышарттары: Демокрит, Эпикур, Бэкон, Локк, Гоббс, француз ағартушылығы, Фейербахтың атеистік-материалистік философиясы;

  • ғылыми жаңалықтар: материя мен энергияның сақталу заңы, эволюция теориясы, клетка құрылымының ашылуы;

  • әлеуметтік-таптық қайшылықтар: 1848-1849 жж. революция, 1871 жылғы Париж коммунасы;

  • саяси экономика, А.Смит, Д.Рикардо мұрасы.

Маркстік философия материалистік сипатта. Екі бөлімнен тұрады: диалектикалық материализм және тарихи материализм.

Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген, оның мәні:

  • қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру);

  • өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институттардың, қоғамдық қатынастардың базисі;

  • мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады;

  • базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді;

  • базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады;

  • экономиканың, материалды өндірістің, өндірістік қатынастардың деңгейі мемлекеттің тағдырын, тарих барысын анықтайды.

Диалектикалық материализмінің мәні:

  • философияның негізгі сұрағы болмыс пайдасына шешіледі. Болмыс сананы анықтайды;

  • сана - өзіндік мән емес, материяның Өзіндік бейнелеу қасиеті ретінде түсіндіріледі;

  • материя – тоқтаусыз қозғалыс пен дамуда болады;

  • Құдай жоқ – ол адам қиялының жемісі;

  • материя мәңгі және шексіз;

  • дамудың маңызды факторы – практика, оның негізінде адам қоршаған дүниені жәнеөзін өзгертеді;

  • даму – диалектика заңдарымен жүзеге асады. Олар қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сан және сапа өзерістерінің өзара ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы.

Еңбектері:

К. Маркс «Фейрбах туралы тезистер», «Капитал», «1844 ж. экономикалық-философиялық қолжазбалар».

Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы», «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі», «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы».

К. Маркс, Ф. Энгельс «Коммунистік партияның манифесі», «Неміс идеологиясы», «Әулие әулиет».

Тақарап 8. Орыс философиясы

Орыс философиясының қалыптасуы мен даму кезеңдері

Кезеңі

Қарастырған мәселесі

Өкілдері

Алғашқы кезеңі – XI – XҮІІ ғғ. бұл кезеңді: Ерте кездегі орыс философиясы немесе орыстың ортағасырлық философиясы деген атауларға ие болады.

Кезеңнің ерекшелігі:

Киевтік Русьтің 988 ж. христиандық дінді қабылдауымен байланысты. Орыс философиясы славян халқының мәдениеті мен дүниетанымының ерекшеліктерімен және Византиялық православиялық философия және Антикалық философиялық идеялармен байланысты болды.

  • адамгершілік және мораль;

  • христиандықты уағыздау;

  • мемлекет, құқық,

  • табиғат

  • орыстық руханиятты сақтау;

  • азатттық үшін күрес;

  • мемлекет құрлысы,

  • таным.

Орыс мәдениеті мен философиялық дәстүрінде ІХ ғасырда Кирилл мен Мефодий жасаған жазба тілі өзіндік рөл атқарды.

Иоанн Дамаскийдің «Білім қайнары», Иоанн Болгарскийдің «Алты күн»

Владимир Мономах «Поучение»

митрополит Илларион «Ізгілік пен заң туралы сөзінде»

Монах Филарет (ХVІ) «Москва – үшінші Рим»

Климент Солятич «Пресвитер Фомаға жолдама»

Филипп Пустынник «Плач»

Екінші кезеңі XVIII ғ. ағартушылық дәуір философиясы

  • саяси-әлеуметтік мәселелер

  • соғыс және бейбітшілік;

  • таным;

  • құндылықтар;

  • ағартушылық,

  • деизм,

  • басыбайлылыққа қарсылық.

Феофан Прокопович, В.Н. Татищев, Дмитрий Кантемир,

М.В. Ломоносов «Жер қабаттары туралы», «Жылу мен ыстықтың себебі туралы толғаныстар»,

А.Н. Радищев «Тобылдағы досқа хат», «Еркіндік ордасы» «Ф.В. Ушаковтың тұрмысы», «Петербургтен Москваға саяхат», «Адам, оның өлімі мен мәңгілігі»

Үшінші кезеңі ХІХ ғ. орыс философиясы

Декабристер, батысшылдар мен словянофилдер, революцияшыл-демократиялық, либералды философия

Декабристер:

  • табиғи құқық,

  • құқықтық құрлыстың қажеттілігі,

  • басыбайлылықты жою,

  • адамның жееке бас бостандығы,

  • самадержавиені республикамен алмастыру

Декабристер: П.Пестель Н. Муравьев, М.Лунин, В. Кюхельбекер, И. Кереевский

Тарих философиясы

  • Тарихқа, мемлекеттер мен халықтар тарихына әсер ететін алғышарт – география деп санады.

  • крепостнойлықтың, орталық биліктің деспоттығының тереңінен тамыр жаюы Ресей территориясының кеңдігінен деп есептеді.

  • католиктік Батысты Ресейге үлгі ретінде ұсынды және Ресейдің Батыстан ерекшелігі оның ғаламдық миссиясында жатыр деп есептеген.

П.Я. Чаадаев Философиялық хаттар“ „Жындының апологиясы“.

Славянофильдер

  • Ресейдің өз болмысымен дамуын үгіттеді. Ресей ешқашан Батысқа бет бұрмай, ондағы индивидуализм, рационализм, екіге бөлінушілік сияқты идеяларды ескермеуі қажет дегенді ұсынды.

  • қоғамдық дамудың принципі православия, халықтық самодержавиясы болуы керек.

  • Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой.

  • қоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмірқоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмір.

  • Ресейдің ерекше рөлі христиандық шіркеудің ақиқат ілімі, православияны ұстануында жатыр. Әрбір мәдениет халық ұстанатын дінмен айқындалыды.

А.С. Хомяков, К.С. және И.С. Аксаковтар, Ю.В. Самарин, А.Н. Островский.

Батысшылдар

  • Ресейдің дамуын Батыс Еуропаның тарихи жетістіктерін игерумен байланыстырды.

  • Олар Батыстық даму жолы - бұл жалпы адамзат өркениетінің жолы деп айқындады. Олар үшін рухани идеал –католиктік сенім.

  • Батысшылдар арасынан орыстың революцияшыл демократтары шықты.

П.Я. Чаадаев, Грановский, К.Д., В.Г. Белинский

А.Г. Герцен «Кім жазықты», «Табиғатты зерттеу туралы хат», «Табиғаттағы адамның орны туралы»

Революцияшыл-демократиялық философия

  • әлеуметтік-саяси бағытылығы болды.

  • саяси және экономикалық құрлысты терістеп, өз ойларын ұсынды

Н.Г.Чернышевский «Философиядағы антропологиялық принцип», Ф.М. Добролюбов, Д.И. Писарев, т.б.

Халықшылдар ХІХ ғасырдың 60-70 жж.

  • орыс халқының төлтумалығына сүйене отырып, капитализмге соқпай социализм орнату идеясы

  • Орыс социализмінің экономикалық және рухани негізі орыс шаруаларының қауымы деп есептеді.

Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров

Діни философия

  • орыстың келешегі капитализмде, социализмде де емес ұлттық дәстүрде деп түсінді.

  • Дін –мемлекет тарихымен қатар, адам тағдырында да маңызды рөл атқарады.

  • еркіндіктің жолы – Жаратушының бұйрығына мойынсыну.

  • Құдай әлемдегі адамгершіліктің түпкі негізі болып табылады. (Достоевский(

Ф.М. Достоевский «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар», Л. Н. Толстой

Либералды философия

  • Ілімінің негізі - Құдайды абсолютті бастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы болды. Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық – София кейпімен түсіндірген. софия – бұл әлемнің жаны. Әлем жаны Жаратушы мен жаратылысты байланыстырып, Құдай, Әлем және Адамзатты біріктіреді.

  • Құдайадам идеясы барлық индивидттер ұмтылатын мұрат болуы тиіс.

  • соборлық, біртұтастану және адамның абсолютті құндылығы. Соборлық дегеніміз-адамдардың бір-біріне және құдайға деген сүйіспеншілігі негізінде бірігуі.

  • адамның діни және әлеуметтік өмір сұраныстарын христиандық дін атқаруы тиіс деп есептеді.

В. Соловьев (1853-1900 жж.) “Өмірдің рухани негізі”, “Ресей және Бүкіл әлемдік шіркеу”, “Табиғаттағы сұлулық”, “Сүйіспеншіліктің мәні”

Төртінші кезеңі ХХ ғ

философиясы

Діни философия

  • дін мәселесі, шіркеуге біріктіру, бұл арқылы қайғы-қасіреттен арылу (С.Н. Булгаков)

  • Шіркеу қоғамның рухани орталығы ретінде адамдарды діни негізде біріктіреді. Бірқұдайлық пен аскеттік өмір салтына жасау арқылы, әлемді өзгертуге қабілетті рух бостандығына үміт ету (Н.А. Бердяев)

  • дүние өзара байланыстар мен қайшылықтардын тұратын тұтастық бұл – Құдайдың жалғыздығы мен беріктігінің белгісі (П.А.. Флоренский)

Діни филсофиясы (ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. басы) өкілдері С.Н. Булгаков, П.А.. Флоренский, Н.А. Бердяев : “Бостандық философиясы”, “Шығармашылықтың мәні”, “Өзіндік таным”.

Космизм

  • адам мен ғарыштың берік байланысы

  • тіршілктің үздіксіз эволюциясы

  • адамның ғарыштық табиғаты және жасырын рухани күщі,

  • адамның рухани мәнәнің ажалсыздығы;

  • ғарыш сансыз көп монадалардан тұрады, жер бетіндегі өркениет монадалардың өзара байланысы, өмірі арқылы іске асады (Н.В. Бугаев)

  • ноосфера – адамзат пен табиғат арасындағы байланыстан туындағын ақыл-парасат сферсы. Ноосфера кеңейеді, болмастың басқа сфераларын қамтып, ғарышқа таралады (В.И. Вернадский)

  • болмастың жоқтан бар болмайтынды, материяның мәңгілігі және негізі атомдар. Жер бетіндегі өркениеттен де басқа өркениеттер бар, өйткені космос – жанды. Адамзаттың космосты толық игеру, болашақта планетааралық өркениеттердің қатынасы болатындығына сену (К.Э. Циолковский)

  • космостық биология - тіршілк сферасы дамудың ішкі себептері, ғарыштық сфера сыртқы себептері болады. Жер бетіндегі өзгеріске әсер ететін – Күн. (А.Л. Чижевский)

Н.В. Бугаев, В.И. Вернадский, К.Э. Циолковский, А.Л. чижевский

Маркстік философия

  • қоғамдық саяси құрылымды өзгертуге байланысты практикалық бағыт

  • диалектикалық материализмді насихаттау

  • тарихтың материалистік түсінігін жалғастыру

  • әлемнің танылатындығы мен объективті шындықтың тіршілік принциптерін ұстану.

Г.Плеханов «Социализм және саяси күрес”

В.И. Ленин

Ғылыми-жаратылыстық философия

  • Материалистік – болмысты жаратылыстану ғылымдар тұрғысынан қарастырды. Атаомдар құрылысының күрделігін, көптүрлілігін анықтады. Сананы материалистік тұрғыдан тұсіндірді.

  • Саяси-әлеуметтік бағыты қоғам мен табиғатты көпфакторлы біртұтас құбылыс деп қарады. Қоғам дамуына ықпал ететін географиялық, климаттық, экономикалық және т.б. факторлар, қоғам объективті заңдарға тәуелді.

Материалистік бағыт Сеченов, Менделеев, Тимирязев.

Саяси-әлеуметтік бағыт Мечников, Ковалевский

Кеңестік дәуір философиясы

  • кеңестік дәстүрдің мықтылығы

Н.И. Бухарин, А.Багданов, А.Ф. Лосев, Л. Гумилев, М. Мамардашивили. В. Асмус, Ю. Лотман

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]