- •Философия пәнінен таратылу материалдары
- •Дүниеге көзқарастың түрлері
- •Философияның негізгі әдістері
- •Философияның негізгі сұрағы
- •Филосфияның тарихи кезеңдері
- •Түрлі философиялық мектептердің тұжырымындағы философияның негізгі сұрақтары (мәселелері)
- •Философиялық танымның түрлері және ерекшеліктері
- •Философияның қоғамдық қызметтері
- •Философия әрбір адамға не ұсына алады? (философияны оқудың практикалық мәні)
- •Тақырып 2. Көне Үнді және Қытай фиолософиясы көне үнді философиясының дамуының кезеңдері
- •Үнді философиясының қалыптасуы мен дамуына негіз болған көне үнді діни және діни-философиялық әдебиеттері
- •Көне үнді философиялық мектептері
- •Көне үнді философиясының маңызды ұғымдары
- •Көне қытайда философияның қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен діни, діни-философиялық, тарихи әдебиеттер
- •Көне қытай философиялық негізігі мектептері және қарастырған мәселелері
- •Көне қытай философиясының маңызды ұғымдары
- •Қытай философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •Тақырып 3. Антика философиясы
- •Антикалық философияның мектептері (көне грек және көне рим)
- •Антикалық философияның классиктері
- •Аристотель бойынша ғылымдар классификациясы
- •Тақырып 4 Орта ғасырлар философиясы орта ғасырлардағы батыс философиясының дамуының бағыттары (іі-хіү ғғ.)
- •Орта ғасырлық батыс философиясының қалыптасуының алғышарттары
- •Орта ғасырлық батыс философиясының негізгі позициялары
- •Аврелий августин және фома аквинский ілімдері
- •Орта ғасырлардығы шығыс философиясы
- •Шығыс перипатетизмі
- •Тақырып 5. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы қайта өрлеу дәуірінің философиясы (XIV-XVI ғ.Ғ.). Қайта өрлеу дәуірінің философиясының даму кезеңдері
- •Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси философиясы
- •Тақырып 6. Жаңа заман және ағартушылық философиясы
- •Жаңа Заман философиясының дамуының негізгі бағыттары (xүіі-хүіiIғғ)
- •Жаңа заман эмпиризмі
- •Жаңа заман рационализмі
- •Ағартушылық философиясы
- •Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •Тақырып 7. Неміс классикалық философиясы (хүiіі-хіХғғ.)
- •Марксизм ілімі
- •Тақарап 8. Орыс философиясы
- •Тақарап 9. Қазақ философиясы
- •Қазақ философиясының дамуының кезеңдері
- •Орта ғасырлық қазақ философиясы
- •Қазақ ағартшылық философиясы
- •Хх ғ. Басындағы ағартушы-демократиялық философия
- •Тақырып 10. Хіх-хх ғғ. Батыс философиясы хх ғасыр Батыс философиясы
- •Позитивизм философиясы
- •Психоанализ философиясы
- •Экзистенциализм философиясы
- •Постмодернизм философиясы
- •Тақарып 11. Онтология: негізігі түсініктері мен қағидалары. Даму теориясының мәселеері
- •Субстанция туралы философиялық тұжырымдар
- •Христиандық догматтық теология бойынша болмыстың онтологиялық құрылымы
- •Г.Гегель бойынша бойынша болмыстың онтологиялық құрылымы
- •Әлем орталығы туралы тұжырымдар
- •Философиядағы материя ұғымы
- •Материяның құрылымдық деңгейлері
- •Материяның формалары
- •Кеңістік-уақыт туралы негізгі концепциялар
- •Материя қозғалысы және оның түрлері
- •Ғарыштағы материя ұйымдастырылуының деңгейлері
- •? Диалектика
- •Сананның пайда болуы туралы философиялық концепциялар
- •Тақырып 12. Гносеология: мәселелер шеңбері Гносеологияның негізгі мәселелері мен сұрақтары
- •Дүниені танып білу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері
- •Жартылай агностисизм
- •Агностисизм гносеологиялық концепциялар
- •Сезімдік танымның формалары
- •Рационалды танымның формалары
- •Ақиқаттың түрлері
- •Ғылыми танымның өзіндік ерекшелігі
- •Тақырып 13. Философиялық антропология негіздері және аксиология Философиялық антропологияның мәселелері және сұрақтары
- •Адам мәні туралы тұжырымдар
- •Адам мәнін айқындаудағы негізіг ыңғайлар
- •Платон бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Аристотель бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Ортодоксальды христиан философиясы бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Антропогенездің негізгі концепциялары
- •Йога және психоанализ философиясы бойынша адамның психикалық әлемінің құрылымы
- •Адам санасының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар
- •Адам өмірінің мәні мәселесіне байланысты философиялық тұжырымдар
- •Антропологиялық биоэтиканың қазіргі заманғы мәселелері
- •Аксеология
- •Адамның қоғамдық өмірдегі негізгі реттеушілері
- •Адамзат құндылықтарының түрлері мен иерархиясы.
- •Құндылық мәселесі туралы философиялық тұжырымдар
- •Тақырып 14. Қоғам және мәдениет философиялық талдаудың негізі ретінде
- •Қоғамның негізгі сипаттары
- •Қоғам өмірінің салалары
- •Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес қоғам құрылымы
- •Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық формация
- •Қоғам дамуының түрлері
- •Қоғам дамуы туралы теориялар
- •Қоғамдағы билік түрлері
- •Мемлекет түрлері
- •Құқықтық мемлекетегі биліктің тармақтары
- •Азаматтық қоғам
- •Мәдениет философиясы
- •Мәдениет туралы философиялық тұжырымдар
- •Мәдениеттің қоғамдық қызметтері
- •Мәдениеттің формалары мен түрлері
- •Өркениет ұғымы
- •Өркениет ұғымының мәні (ойшылдар мен зерттеушілер бойынша)
- •Хх-ххі ғғ.Мәдениет пен өркениеттің даму тенденциялары
- •Тақырып 15. Қазірігі заманғы жаһандық мәселелер қазірігі заманғы мәдениет пен философиядағы контртенденциялар
- •Қазірігі заманғы өркениет дамуының ішкі және сыртық факторлары
- •Ххі ғасыр басындағы ғаламдық мәселелер
- •Ғаламдық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдары
- •Ғаламдық мәселелердің жалпы себептері
- •Ғаламдық мәселелерді шешу жолындағы қажетті әлеуметтік-мәдени шарттар
- •Болашақты зерттеу
- •Болашақты зерттеудің әдістері
- •Кейбір мүмкін болатын өркениет дамуының моделдері
Аристотель бойынша ғылымдар классификациясы
Ғылым |
Ғылым пәні | |
Философияға кіріспе |
Логика |
Ойлаудың заңдары мен формалары |
Теоретикалық философия |
Бірінші философия – метафизика |
Мәңгілік жоғарғы сезімді формалар – бүкіл тіршіліктің бейматериалды бастамалары мен себептерін қарастыру |
Екінші филосфия - физика |
Табиғи яғни материалды, өгеретін мәндерді қарастыру | |
Практикалық философия
|
Этика |
Адам тәртібі мен нормалары |
Политика |
Саяси-әлеуметтік әрекеттер | |
Экономика |
Экономикалық әрекеттер | |
Шығармашылық философия |
Эстетика |
Өнер |
Риторика |
Шешендік өнер |
Тақырып 4 Орта ғасырлар философиясы орта ғасырлардағы батыс философиясының дамуының бағыттары (іі-хіү ғғ.)
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ |
ПАТРИСТИКА (ІІ-ҮІІ ҒҒ.) – (лат. рater –әке) – христиандық дүниетанымды қалыптастыру, қорғау, христиандық ілімді негіздеу және жүйелеу. |
Христиандық гностицизм (Карпократ, Василид, Валентин)
Христиандық апологетика (Марциан, Юстин, Тертуллиан)
Александрлық мектеп (Пантен, Климент, Ориген)
Каппадоктік догматика (Григорий Нисский, Григорий Назианзин)
Догматтық патристика (Ұлы Василий, Аврелий авкустин, Диондық Ареопагит, Иоанн Дамастық)
Манихейлік (Мани және оның ізбасарлары)
СХОЛОСТИКА (ҮІІ-ХҮ ҒҒ.) – (лат. schola – мектеп) шіркеу догмалары мен діни ілімдерді философия көмегімен түсіндіру. (Философия дін қызметшісіне айналды) |
Номинализм (Абеляр, Росцелин, Оккам)
Реализм (Августин, Гильом, Ансельм Кентерберийский, Ұлы Альберт, Фома Аквинский)
Протореформаторлік (Уклиф, Гус)
Мистикалық христиандық (Экхарт, Таулер, Сузо)
Христиандық алхимиялық философия (Альбер, раймонд луллий; Рожер Бэкон, Никола Фламмель, Тревизо)
Орта ғасырлық батыс философиясының қалыптасуының алғышарттары
Орта ғасырлар философияның қалыптасуының алғышарты |
|
|
Орта ғасырлық батыс философиясының негізгі позициялары
Орта ғасырлар Батыс философиясы дінге тәуелді болды, негізгі философиялық сұрақтар теоцентризм, креационизм, провиденциализм позициялармен шешілді. |
|
|
|
Аврелий августин және фома аквинский ілімдері
Патристикалық кезеңнің көрнекті өкілі, шіркеу әкесі Аврелий Августин (354-430 жж.) болды. Еңбектері: «Донатаға хат», «Қуғындаудың апологиясы», «Ақиқат дін туралы», «Тәубе», «Үштік туралы», «Құдай қаласы туралы». Августин дәулетті отбасында дүниеге келді Оның әкесі пұтқа табынушы, ал шешесі христиан сенімінде болған. 7-8 жыл манихей сенімінде болған Августинннің христиандық дінді қабыл алуына Жаңа өсиеттегі апостолдардың жолдауы зор әсер еткен. Оны епископ Амвросий шоқындырды. 395 жылы Августин Гиппон қаласының епископы қызметіне тағайындалды. Августиннің дүниетанымының философиялық негізі Плотин мен Порфирийдің неоплатонизмі болды.Ол философиядан жұбаныш іздеді. Оның пікірінше, Құдай мен адам қатынасында күнә басты ұғым болып саналады. Адам құдай алдында, кінәлі, яғни күнәлі. Күнә – антропологиялық, метафизикалық космологиялық мәнге ие. Құдай бүкіл әлемнің генетикалық және субстанциялық бастауы. Адам – ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиіркенішті қатынасты қолдайды Адам жаның құдай жаратқан. Жан тек адам болмысына тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңыздырақ. Жоғарғы ырық – сенім еркі. Алдымен адам құдайға сенім білдіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Құдай – ең жоғарғы игілік. Сенім – құдай сыйы. Августин бойынша, Адам ата мен Хауа Ананың жұмақта мәуе ағашының жемісінің дәмін татуы, алғашқы күнәнің бастауы болып табылады, осыдан кейін адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам игі іс жасауға ұмтылса да еріксіз түрде күнә жасайды. Августиннің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түсіп құтқарылғандар үшін айқышта азап шеккен. Августин бойынша адамдар бойындағы қайырымдылық пен ізгілік тек құдай мейірімінен беріледі. Құдай мейірімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі. Авустиннің осы пікіріне замандасы монах Пелагий (360-418 жж.) қарсы уәж айтты. Құдайдың мейірімінсіз-ақ адам қайырымдылық жасауға, рухани кемелденуге қабілетті және тозақтан құтқарыла алады деп санады. 431 жылы өткен Эфес Соборында Несториан және Пелагиандық ілімдер айыпталды. Католик шіркеуі Августин ілімін жұмсартты. Құдай рахымы қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы, яғни дін басыларының, әулиелердің, шіркеу қызметкерлерінің қайырымды істерімен түсетіндігі туралы ілімін негіздеді. Адам шіркеуге жағымды өз ісімен құтқарылады. «Құдай қаласы» еңбегінде адамзат тарихы құдай патшалығы мен ібіліс патшалығының ымырасыз күресі болып табылады. Құдай патшалығы – шіркеу, ал мемлекет – күнә патшалығы. Себебі мемлекет пенденің өзімшілдігіне негізделген. Рим империясы мемлекеттің жоғарғы сатысы. Римнің құлауы заңды. Өйткені Рим мемлекетінің тарихы ібілістік негізде құрылған. Адамзат тарихын ол алты кезеңге бөлді. Бес кезеңді Көне өсиет тарихымен байланыстырады. Алтыншы кезең Иисустың бірінші келуімен басталып, Иисустың екінші келуі сот күнімен аяқталады Августиннің философиялық көзқарасына неоплатонизм ықпал етті. Ол Плотин мен Порфиридің латын тіліндегі еңбектерін оқыды. Неоплатонизм идеясына көңілі толмаған Августин 8-9 жыл монахтық өмір салтын ұстанды. Христиандықты қабылдағаннан кейін, Августин манихеилік пен мүшіріктік, христиандық ересьтерді қудалады. Августин құдай мен адам арасындағы күнә ұғымына қатысты өз көзқарасын баяндай отырып, адам құдай алдында күнәлі. Күнә антропологиялық, метафизикалық, космологиялық мәнге ие. Адам ең алдымен жан иесі. Августин неоплатонизм мен христиандыққа тән адам тәніне деген жиренішті көзқарасты қолдайды. Адам жанын құдай жаратқан. Жан тек адам баласына ғана тән. Ақыл, ырық, ес адам жанының қабілеттері. Ырық ақылдан жоғары және маңызды. Ал ең жоғарғы ырық иесі – құдай. Алдымен адам құдайға сенім келтіріп, әрі сүюі керек, кейін құдайды тануға ұмтылуы тиіс. Сенім – құдай «сыйы». Августиннің пікірінше алғашқы күнәдан соң адамдар тек күнә жасауға ғана қабілетті. Адам ізгі іс жасауға ұмтылса да, еріксіз күнә жасайды. Адамдар бойындағы ізгілік пен мейірімділік тек құдай рахымымен беріледі. Құдай мейрімі құтқарылуға таңдалған адамдарға ғана түседі. Августиттің пікірінше, Иисус Христос барлық христиандар үшін емес, тек құдай таңдауы түскен адамдар үшін айқышты азап шеккен. Августиннің осы көзқарасын жұмсарту үшін католик шіркеуі құдай мейрімі қарапайым адамдарға тікелей емес, шіркеу арқылы түсетіндігі туралы ілімін негіздеді. |
Фома (лат Thomas) Аквинский (1185-1224) схоластиакалық кезеңнің ірі өкілі, негізгі шығармасы «Теологияның жиынтығы», «Пұтқа табынушыларға қарсы жиынтық». Бұл еңбекте католиктік догматиканың негізі қаланып, бұл сохоластикалық теологияның ұстанымына айналды. Фома Аквинский – католицизмнің діни-философиялық жүйесін негіздеуші, оның ілімі томизм деп аталды. Оның 1323 жылы әулие аталуы да осы еңбегі үшін еді. Париж университетінде теологияның оқытушысы қызметін атқарды. Мінезінің жұмсақтығына байланысты «періште доктор» (doctor angelicus) атанды. Ф. Аквинскийде ғылым мен сенімнің аймақтары нақты анықталған. Ғылымның міндеті әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір сүретіндерді танып білуге болатындығына сенді, бірақ адам ақылының әрекеті ғана шынайлық дегенге қосылмайды. Объективті және ақиқатты тануда барлығын білу мүмкін емес. Христиан дініндегі құпияларды (құдайдың үшбірлігі, қайта тірілу және т.б.) философиялық ақыл мен танымнан тыс деп, ал философияның қарастыратын мәселесі құдай болмысын дәлелдеу болу керек деп есептеді. Ғылым мен сенім арасында қайшылық жоқ, христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан пайда болады, бірақ ол ақылға қайшы емес. Сонымен, Фоманың негізгі принципі – сенім мен ақылдың үйлесімділігін жасау болды. Философия дінге қызмет етуі керек, философия діни ақиқатты ақыл категорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргументтерді теріске шығарып отыруы керек. Ф. Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген: Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін тылсым күш, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай; Себептілік – тіршілік иелерінің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай; Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай; Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі себеп– Құдай; Мақсаттылық (телеологиялық) – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай. Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Әділетті монархтың билігі әлемдегі құдай билігінің бейнесі болу керек. Азаматтар монархқа бойұсынуы тиіс. Монархтың міндеті азаматтарды ізгі өмір сүруге жетелеу. Бұл үшін бейбітшілікті сақтау және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуі керек. Адамның мақсаты мен өмірінің мәні ізгіліке жету болып табылады. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады. 1244 жылдан бастап Фома Доминикан орденінің монахы. 1314 жылы Вьен соборында Фома ілімі католик шіркеуінің ортодоксалды ілімі ретінде қабылданды. Томизм (лат.Thomаs) схоластикалық философия мен католицизм теологиясында Аквинский ықпалымен қалыптасқан бағыт. Фома ілімі алғашқыда Августиншылардың қарсылығына тап болды. 1277 жылы Фома ілімі Париж және Оксфорд университетері мен шіркеу тарапынан айыпталды, ал XIV ғасырда доминикан орденінің іліміне айналды. Фома 1567 жылы католик шіркеуінің бесінші ұстазы болды. 1879 жылда Рим папасы Льв XIII энцикликасымен томизм католик шіркеуінің ресми ілімі ретінде жарияланды. ХІХ-ХХ ғасырларда Батыс Еуропада неотомизм ілімі Фома Аквинский философиясы негізінде қалыптасты. |