Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Тақарап 9. Қазақ философиясы

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ және МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Қазақ халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігі, ертедегі көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетімен байланысты, ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, табиғатпен үйлесімді өмір сүрді, соған байланысты табиғатқа табыну байқалды.

  • Әлеуметтік ойларында әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері көрінеді.

  • нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ойтұжырым жасады.

  • дүниетанымдық ізденістерінде ерлік пен батырлық мәселесі, еріктілік пен бостандық мәселесі талданды.

  • адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой категорияларын тереңінен қарастырылды.

  • әлеуметтік әділетілік мәселе, аксиологиялық мәселелер талданды.

  • дін және еркін ойшылдық туралы ойлар қалыптасты.

  • адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық ізденістер, адамгершілік және мораль мәселелері кеңінен талданды.

  • ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б. кеңінен талданды.

Қазақ философиясының дамуының кезеңдері

Қазақ философиясының негізгі тарихи кезеңдері

КЕЗЕҢ

ҚАРСТЫРЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

ӨКІЛДЕРІ

Алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін)

  • Тоныкөк, Күлтегін жырларындағы батырлық, елдік, ел қорғау

  • Анахарсис дүниетанымы

  • Аңыздардағы дүниетаным

Анахарсис, Қорқыт

Ұлттық философия (XI-ХХ ғғ.)

  • Орта ғасырлық философия

әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Дулати, Йасауи;

  • ХҮ-ХҮІІІ ғғ. жыраулар дүниетанымы

қалыптасуында халқымыздың мақал-мәтеледері, шешендік сөздері, ғақлиятты сөз саптаулары және көшпелі өмір салты мен имани ұстанымдары маңызды рөл атқарды. Ақын-жыраулар ұлттық құндылықтарды және имандылық қалыптарын жыр жолдарымен халықтың санасына және тарихи жадына сіңіре білді. Ақын жыраулардың ой толғауларынан далалық мәдени дәстүрдің ерекшелігін, көшпелілер дүниетанымы, адами мінез-құлықтарын, моральдық-этикалық ұстанымдары айқын аңғарылады.

Сыпыра жырау (ХІҮ ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮ ғ.), Доспанбет, Шалкиіз (ХҮІ ғ.), Жиембет, Марғасқа (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді, Қабан жырау, Қожаберген,Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын (ХҮІІІ ғ.)

  • ХІХ ғ. ағартушылық философия – қазақ қоғамының даму жолы ағарту, білім, өнер, кәсіп меңгеру деп есептеді.

Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев

  • ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы діни ойшылдар философиясы ислам діні мен оның құндылықтарының қоғам, адам өміріндегі маңызын көрсетуге тырысты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы; Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әбубәкір Кердері, Мақыш Қалтайұлы және т.б.

  • ХХ ғ. басындағы ағартушылық-демократиялық философия – отаршылдыққа қарсы, ел тәуелсіздігін аңсады. Ұлттық демократиялық қоғам құру жолында ізденді.

„Алаш“ ұлттық-демократиялық қозғалыс өкілдері Әлихан Бөкейханұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Садуақасов, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев.

қазақтың ұлттық зиялы қайраткерлері Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов,С.Қожанов, Нәзір Төреқұлов

  • Кеңестік дәуірдегі қазақ философиясы – диалектикалық материализм бағытында қалыптасты.

Қазіргі замандағы қазақ философиясы

  • Қазақ философиясының тарихын, рухани мұрасын зерттеу, зерделеу, жүйелеу.

  • Ұлттық рух мәселесін талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]