Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История Казахстана Юриспруденция на каз.яз..doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

1822 Және 1824 жылдардағы Жарғылар.

ХІХ ғасырда Россия империясының қазақ жерлерін жайпауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 ж., “орынбор қырғыздарының уставы” 1824 ж., би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру.

Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы.

Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды. Көшпелі қазақтар шаруашылығы әлеуметтік экономикалық қатынастарға тығыз байланысты. Негізгі роль – қазақ халқының тіршілігінде – көшпелі мал шаруашылығы.

Көшпелі шаруашылық малды жыл бойы аяқ астынан жайылуға негізделген. Мал азығының жеткіліксіздігі жайылымның өнімсіздігімен су ресурстарының жеткіліксіздігі малды жыл бойы әр жерлерге көшіріп отырып бағуды қажет етті. Ол үшін әрине өте көп аумақ керек болатын.

Номадтардың мал жайылымына пайдаланған аумақтары, өз ерекшеліктеріне ғана пайдаланды. Мысалы, қыстау, жайлау, күзеу, көктеу. Қара малды бағу үшін қардың қалыңдығы қыста 10-12 см аспау керек, бұл солтүстік шекараға сәйкес. Сондықтан қыстау негізінде оңтүстік Қазақстан аймағында орналасты.

Жаз жайылымдар солтүстік және таулы аймақтарды. Жазғы жайылымды таңдаудың негізгі шарты - су көздерінің болуы. Олар көш жолы бойында малды сумен қамтамасыз ете алатын болуы қажет. Күзгі, көктемгі жайылымдар осы жазғы және қыстау арасындағы байланыс буыны ролін атқарған.

Көшпелі қазақтар қатаң реттелген маршрут болған, яғни тұрақты қыстақтары және жаз кезінде белгіленген жайлауларға көшіп отырған. Орташа алғанда көшу радиусы 50-100 шақырым, кейде 1000 км- 2000 км дейін жеткен.

Жануарлар құрамы тұрақты болған: қой, ешкі, жылқы, түйе және қарамал. Бұл жануарлар дала жағдайына бейімделген.

Жылқы өсіруді қазақтар бірнеше мақсатта пайдаланған: ет-май, сүт, көлік ретінде, қара күш ретінде, қазақ жылқысы еңбекқор, қара жұмысқа шыдамды, жергілікті жердің табиғатына бейім, алыс көштерге жарамды. Жылқы өсірудің көшпелі қазақтар өміріндегі мәні туралы Қасым хан ХҮІ ғасырдың басында былай деген: “Біз – дала тұрғындары; бізге сирек, бай заттар жоқ ең басты байлығымыз – жылқы, еті мен терісі бізге тамақ пен киім, ал оның сүті- қымыз ең асыл сусын; жерімізде бау-бақша жоқ, біздің ойын сауық құратын жеріміз – мал табыны, үйір үйір жылқы, біз осы үйірлерден ләззәт аламыз.

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының көтерілісі.

Бөкей Ордасы 1801ж. Еділ мен Жайық өзендері аралығына Бөкей хан басқарған 5 мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі (Бөкей) орданың құрылуына бастапқы негіз болды. 30-жылдардың аяғында-ақ 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам жойылды.

Бөкей Ордасының ен белгілі ханы Жәңгір-хан болған – Бөкей ханның баласы. Жәңгір хан өз кезеңінін адамы болған. Ханның өмірі туралы мәліметтер бойынша – ол өте ақылды,прогрессивтік, білімді билеуші болған.

Жәңгір ханның тұсында Бөкей Ордасы жаңа экономикалық шаруашылық қатынастарға кірген. Бөкей ордасында ру-тайпалық қатынастарын орнына әкімшілік-саяси қатынастар ене бастады және жерге жеке меншік туа бастады.

Жәңгір хан өз уақытының ағартушысы болған. Қазақстан территориясында ең бірінші мектептер ашқан, кітапхана, архив, мұражай ұйымдастырған Жәңгір хан болған. 1844ж. Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Бөкей Орданың территориясы Ресей Астрахан губерниясына қосылған, осы кезден бастап хан атағы жойылған.

ХІХ ғасырдың залы жылдарында көшпелі малшылар ортасында, Бөкей ордасында көшпелі халық толқулары жиіледі.Жәңгір Ордада ескі тәртіпті бұзып, феодалдық жүйе орнатты.

И.Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілісінің себептері терең және саяси экономикалық негізде еді.

Жәңгір барлық рубасыларын өз адамдарымен алмастырды. Ең жақсы жерлерді алды. 1835ж бастап Жәңгір хан қоғамдық жерлерді жеке тұлғаларға бекітті. Әуелі ол жерлерді жергілікті бастықтарға жақсы қызметі үшін берсе, кейіннен ақшаға сатты. Бұл – жерді талап жаржыға салуға әкелді.

Ханның мұндай аграрлық саясаты көшпелілер арасындағы әлеуметтік қатынастарды шиеленістірді. Орданың халқының үштен бірі жерсіз қалды, көбісі жерді жалға алды, жер сауда объектісіне айналды. Бір жағынан меншік иелері отырықшылыққа көше бастады, егіншілік пен шөп шабу дамыды.

Жерді жеке меншік ретінде пайдалану ескі сұлтандық ақсүйектерді және Орданың жаңа сословиесі - дворяндарды күшейтті. Дворяндар Жәңгір ханның тархан грамотасы негізінде қалыптасқан. Адамдардың бұл табы – біртіндеп Ордадағы саяси билікке ие болып, рулық дәстүрлерді оғыстырды. Ал батырлар мен билер осы рулық дәстүр негізінде халықтың құқын қорғауға ұмтылды.

Жәңгір хан мемлекеттік алым салық жинаудың жүйесін енгізді. Алым салықтан бас тартқан қазақтар қатаң жазаланды. Қазақтар қоныс аударушы орыстар мен үкімет тарапынан қанауға ұшырады. Сұлтандық ақсүйектер мен тархандар, старшындардың жерде меншік иеленіп күшеюі, салықтың ауыртпалығы, хан әкімшілігінің озбырлығы – халықтың көтерілуінің себептері.

Қақтығыстар 1833ж басталды, оған себеп Қарауыл қожа Бабажановтың Каспий округінің басқармасы тағайындалуы. Хан оған Исатай Тайманов ауылдарын бағындырды.

Бұл әрекетті қасиетті дәстүрді бұзу деп санаған Исатай күреске кірісіп, бағынудан бас тарты. Бұл күрес кейіннен үлкен көтеріліске ұласты. Исатай Тайманов ең жақын сақабасы Махамбет Өтемісов болды. Ол да Берше руынан шыққан старшын. Қарауылқожаның Исатай батырдың бағынудан бас тартқандығы туралы хабары Ордада ылаң туғызды. Жәңгір хан Исатаймен оны жақтаушыларды ұстауға әмір берді. Осы бұйрықты алысымен Қарауылқожа Исатайға қарсы әскермен аттанды. Исатай ханға келді, бірақ халық тобымен және Қарауылқожаның іс әрекеттеріне қарсылық өтінішпен келді. Қарауылқожа Исатаймен жекпе жекке шықпады. Исатай хан атына тағы да ұжымдық шағым түсірді.

Исатай ханға қарсы шеру ұйымдастырды. Хан осыдан қорқып Астрахань губернаторынан көмек сұрады. Ызаланған халық ауыл – ауылда қаруланған топтар құрды. Қарауылқожа талқандалды. Ордадағы топтар, батырдың бүлігінен қорқып, бас сауғалай бастады. Сонымен бірге, бүлікшілер көпестер мен саудагерлерді тонады. Көтеріліс Орда шекарасынан шықты. Қазан айында бүлікшілер Хан ордасын қоршады, ал Орал желісінен оларға қарсы үш колонна орал казактары шықты. Қарашада, Меркульев басқарған отряды Теректі құмға жетті, онда көтерісшілер тоқтаған болатын. Шабуыл нәтижесінде қарусыз халық жеңіліске ұшырады. Исатай мен Махамбет Кіші Ордаға 13 желтоқсанда ғана жетті. Енді Айшуақ сұлтан олардың соңына түсті.

Исатай Кіші жүзде халықты жаңа күрестерге шақырды. 1883ж маусымда сұлтан Қайыпқали Есімовпен 2000 жігітті бастап Ембі өзеніндегі Темір шатқалына келді. Кіші жүздегі көтеріліс Кенесары қозғалысымен тұспа тұс келді. Көтеріліс Орта Азия, Шығыспен сауда қатынастарын тоқтатып тастады. Сондықтан Ресей үкіметі көтерілісті басуға отрядтар жіберді.

Маусымда Исатай 300 жігітпен Айшуақ ауылына шабуыл жасауға шешім қабылдайды. Себебі, онда тұтқында әйелі, туыстары, балалары тұтқындалған. Исатай отряды сұлтан әскерімен кездесіп, өзінің жауының соңына айналысып, ол қоршауға түсіп, қаза тапты.

Кенесары Қасымұлының көтерілісі.

Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан дара-дара жасақтарды біріктіріп, қазақ жерін отарлау саясатына қарсы көтерілді.

Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға казактарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Ал Қасым-төре-Абылай ханның ұрпағы еді. Патшаның жазалаушы отрядтары ығыстырған Саржан Сұлтан өзінің жолын қуушылармен бірге Қоқанд биінің көмек көрсететініне үміттеніп, Қоқанд хандығына көшіп кетті. Ресей патшалық өкіметіне арыз жазып, Саржан өзіннің талаптарын Ресей өкіметінің алдына қойды: Орыс әскерлерін Қазақ даласынан шығару, орыс бұйрықтарын жою, қазақтарға жерлерін және бостандығын қайтару.

Саржанның әскеріне қазақ тайпаларын көбісі қосылды. 1826ж. Саржан Қарқаралы бұйрығына шабуыл әркеттін жасаған Саржан, Есенгелді ағасымен бірге қазақ ауылдарын ат шауып орыс өкіметіне және аға-сұлтандарға қарсы күрес жүргізуге шақырған.

Саржан 1833-34жж. аға-сұлтандардын ауылдарына жазалау әскерлеріне, сауда керуендерге, бұйрықтарға үздіксіз шабуылдар жасаған.

Ташкент күшбегімен бірге Саржан 1834ж. Орта жүздің территориясына басып енді. Бірақ сәтсіз Ұлы жүздің шін ұмтылған. Бірақ 1836ж. Ташкент күшбегі Саржан сұлтанды ұлджеріне оралып келді. Саржан бұл кезден бастап Ұлы жүздің қазақтарын біріктіріп күреске көтеру үарымен бірге өлтірген.

Кенесары ағасы бастаған көтерілісті жалғастырды.

Көтерілістің негізгі күші – шаруа болды. Күрес 10 жылға созылды және қазақтардың тарихтағы ең мәнді ұзақ қозғалысы болды. Кенесары қозғалысының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақ хандығын біріктіріп оны орталықтандыру, мықты мемлекет еті. Сипаты бойынша ол отарлыққа қарсы, ұлт-азаттық қозғалысы болып табылады.

Көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай –хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығын қалпына келтіруге, “жинақтарды” жоюға, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.

Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарғын алды. Бұл XVIIIғ. соңы мен XIXғ.-дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді.

Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар және басқа ұлт өкілдері кездесті.

Кенесары Қасымұлы көтерілісінде қарама-қайшылықтар аз емес. Олар бір жағынан-Қоқанд хандығымен соғыс және екінші жағынан қырғыздармен туысын өлтірушілік соғыс, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларына деген өшпенділік.Кенесарының 1837ж көтерілісіне дейін, ол бірнеше рет патша үкіметін Көкшетау мен Ақмолада бекіністер салудан бас тартқызуға үміттеніп, бірнеше рет ниет білдірді.

1837ж Кенесары өз сақабалаларымен Ақмола округіне келді.

Орта жүздің ең орталығында мекендеген қазақтар патша отарлығын бәрінен де ауыр сезінді. Бұл уақытта Ақмола – отарлық өлкенің тірегі болды. Ақмоладан Ақтау, Ұлытауды қосатын пикеттер салынды. 1837ж көтеріліске бүкіл Қарқаралы округі қосылды. Олар балхаш, Шу бағытына шықты. 1838 ж оларға Баянауыл округінің, кейіннен Аман – Қарағай округінің қазақтары қосылды.

1838ж 7 тамызда Ақмолаға шабуыл жасады. Бекініс алынды. Бұл оқиғадан кейін Кенесарының қарулы қақтығыстары мен орыс әскері арасындағы соғыс, ауқымды сипат алды.

1838ж Кенесары бастаған қол Торғай, Ырғыз аудандарына өтті. Кенесары, Абылай ханның немересі бола тұра, Ресей мен Қазақстан арасында Абылай хан кезіндегі қарым қатынастарды қайта орнатқысы келді. 1841ж қыркүйекте Орта және Кіші жүз рулары қазақ хандығын жаңғыртуға шешім қабылдады.

Сөйтіп дәстүрлі салт бойынша Кенесары ақ киізге көтеріліп, хан боп жарияланды. Бұл қазақтардың өзін өзі қорғауын және қазақтардың ұлт азаттық тәуелсіздігіне ұмтылуы еді.

Кенесары орта азия хандарымен одақтаспады, керісінше, ол олардың өзара кикілжіңін пайдаланды. 1840ж Бұхара мен Қоқанд арасында, 1842ж Бұхара мен Хива арасында соғыс туды.

Кенесарының сыртқы белсенді саясаты патша әкімшілігін сескентті, оңтүстікте әскери әрекеттерін тоқтатуды талап етті.

1842ж өз тұғырынан Перовский түсті. Оның орнына тағайындалған генерал Обручев қақтығысты бейбітшілік жолмен шешкісі келді. Бұл Сібір үкіметіне Кенесарыға қарсы күресті күшейтуге жол ашты, сондай бір күресте Кенесарының әйелі мен балалары тұтқынға алынды.

Тамызда үкімет көп санды экспедиция қалыптастырды. Олардың бір бөлігі Сахар, Батыс Сібір губернаторлығынан, Омбыдан шықты. Кенесары мұндай көп әскерге қарсы тікелей шықпай, даланы айналып жүрді. 1843ж бұл жорық еш нәтижесіз аяқталды. Бұл Кенесарының әскери тактикасының шеберлігін көрсетеді.

1844ж орыс үкіметі тағы үш отряд жасақтады. Олар Омбы Ұлытау және Тобыл өзенінен Кенесарыны соққылау керек еді.

Кенесары өз айласын асырып, орыс отрядтарына қарсы жігіттерін жұмсады. Олар көп күш салмай а, орыс әскерін айламен әуре-сараңға салды. 1844ж Кенесары Ахмет Жанторин отрядын қоршап, талқандады, сөйтіп ол енді Орынбор шекарасына шығып, енді Екатерин станциясын басып алды.

1844ж әскери операцияларда Кенесарының әскери шеберлігі айқын білінді. Дегенмен, халық тозған, жерлерінен айрылған, оның үстіне 1844-45 жылғы жұт жағдайды күрт төмендетті.

Қоқан, Хива хандықтары да мазалауын қоймады. Осындай жағдайда Кенесары келіссөздер жүргізді. Бұрынғы жерлерді қайтару туралы ол енді өтінбеді, тек Ақтау, Есіл – Нұра бойында бекіністер салмауды сұрады. Бірақ, үкімет оған келіспеді, себебі Ресейге Орта Азия хандықтарының қосылуы дайындалып жатқан.

1845ж Кенесары ордасына Долговтан елші келді. Олар Кенесарыға келіспеушілік хабар әкелді. Оған тек Қара Қоға үңгірін қалдырды. Қорланған Кенесары енді келіссөз жүргізбеді. Орыс үкіметі Ырғыз және Торғай өзендері бойында яғни Кенесары көшінің ортасында екі бекініс салды. Кенесары қазақ руларын жинап, кеңес құрды. Жоспар жасап, Қытай мен Бұхарадан, Ұлы жүзден, Адай руынан көмек сұрамақшы болды. Ұлы жүз сұлтаны Рүстемнен Орта Жүзді көшіру туралы шақыру келді. Кеңес Сары арқаны тастап кетпекші болды.

1845ж Қоқандпен күрес жүрді. Кенесары мен Жаңқожа Қоқандты қоршады, бірақ Қоқанд Бұхарамен одақ құрып Кенесарыға қарсы шықты. Әрең дегенде ол Орта жүзге қарай бет алды. Орта Жүздің бұл кезде жағдайы өзгерген, яғни Кенесары үшін қолайсыз жағдай туды. Сонда да Кенесары әжептәуір қол жинады. Бұл кезде оның қырғыздармен қарым қатынасы шиеленісті. Қырғыздар мен қоқандтардың біріккен әскері Кекілі тауында орналасып, әскери қимылдарға кірісті. Одан кейінгі шайқас пішпек және тоқмақ бекіністерінде болды. Қырғыздар жерді жақсы білетін, сондықтан Кенесары әскерлерін қоршауға алды. Наурызбай қаза болды, одан кейін Кенесары өлейін деп жатқанда оны қырғыздар сүңгіге көтерді, сонда Кенесары “өлейін деп тұрсам да қырғыздар, мен сендерден биікпін”- деді.

Көтерілістің негізгі күші – шаруа болды. Күрес 10 жылға созылды және қазақтардың тарихтағы ең мәнді ұзақ қозғалысы болды. Кенесары қозғалысының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақ хандығын біріктіріп оны орталықтандыру, мықты мемлекет ету. Сипаты бойынша ол отарлыққа қарсы, ұлт азаттық көтеріліс. Кенесары тамаша әскери қолбасшы, елші ретінде ел есінде қалды.

Сыр бойы қазақтарының көтерілісі.

ХІХ ғасырдың 30-50жж Қазақстанның тарихында маңызды кезең.

Экономикалық әлеуметтік жағдайда Қазақстанның кейбір аудандарында даму байқалады, саяси жағдай тұрақсыз. Сырдария бойының қазақтарының жағдайы өте ауыр.

Ресейдің отарлау саясатының күшеюі, Хива хандығының агрессиясы: Сырдария қазақтарының Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісіне әкелді. Шекті руынан шыққан Жаңқожа қарапайым халықтың беделіне, сыйына ие болды. Өжет, батыл билеуші Жаңқожа бұл кезінде қазақ егіншілерінің отарлық езгіге айналғанын түсінді. Ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды. Орыс үкіметі Ақ-Мешітті алды, сөйтіп онда әскери желіс құрылды. Қазақ халқына алым салық көбейді. 1849ж Раим бекінісіне алғашқы 26 орыс шаруасы – Орынбордан казактары көшіп келді. 1857 жылы 3000-ға жетті қазақ отбасылары өздерінің жерінен қуылды, олардың жерлеріне қоныс аударушылар келіп, қазақ халқы қанауға ұшырады.

ХІХ ғасырдың 50 жылдарында қазақтардың Кішкентай шекті руы егіншілері көтерілді. 1813ж Жаңқожа батыр Хиваның Кувандары бекінісін талқандаған, ал 1845 ж 2000 әскерден тұратын Хива күшін жойды. 1847-48 жылдары орыстарға хивалықтарды Раим бекінісінен қууға көмектесті. Жанқожа Кенесары қозғалысына да қатысып, онымен бірге Созақ бекінісін талқандаған. Патша үкіметі Жанғожаның шектілер арарсындағы беделін көріп, оны өз жағына тартқысы келді. 1845ж оған орыс өкіметіне ант қабылдау ұсынды. Жанқожа одан бас тартты. Оның енді есауыл шенін алып, кішкентай шектіні басқарудан аластатты.

Бір жағынан хивалықтар езгісі, екінші жағынан жерлерінің тартып алынуы оларды ашық көтеріліске әкелді.

Ең алдымен олардың іс әрекеті патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал көтеріліс басшысы Жаңқожа бұл кезде 90-да еді.

1856ж көтерілісшілер мен патша әскері арасында тікелей қақтығыстар басталды. Жанқожа енді орыс отарлығына қарсы күреске белсенді кірісті, оның құрамында 1500 ге тарта қазақтар болды. 1856ж ол қазалы фортын алды, Солдат слободасын жойды. Оларға қарсы енді Михаилов отряды шықты, бір отряд жеңіліске ұшырады. Екінші отрядБулатов майор бастаған бүлікшілер лагерін атқылады. Бұл 1856 желтоқсаны. Жыл аяғында Ақмешіттен Перовский бастаған отряд, генерал майор Фитингоф (265 солдатпен қару жарақпен шықты) Оның құрамында 300 казак, 1 пушка, екі ракета қондырғыш болды.

1857ж 9 қаңтарда шешуші шайқас болды. Бүлікшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф оларды қуғындап, Сырдарияның оңтүстігіне шығуына мәжбүр етті.

Жанғожа мен бірге 20 ауыл көшті. Хива хандығы шегінде Жанғожа өзіне одақтас іздеді, бірақ еш нәтиже шықпады. Қазақтардың Жанғожа Нұрмұхамед бастаған көтерілісі осылай аяқталды.

Жеңіліс себебі: көне ортағасырлық тәртіпке сүйену, тактиканың ескілігі, нашар қаруланғандығы болды. Тұрғындар қуғын сүргінге ұшырады, малдарын тартып алды. Ал Жанқожа би міндетін атқарды, кейіннен өзінің қарсыластарының қолынан қаза болды. Хивалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзіндік стратегия қолданды: бекіністерге шабуылдап, оларды қиратып отырды.

Жанқожаның қаруланған қазақтарының саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске тек шектіліктер ғана емес, ал басқа рулар да, соның ішінде көшпелілер де қатысты.

Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі орта ғасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: қамал, Жайық, жатақ, егінші, генерал-губернаторлық, облыс, дистанция, байғыш, төлеңгіт, «әскери іздестіру».

10 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. «Қара пұл» дегеніміз не?

  1. қара түсті мата

  2. құмды, шөлейт аудандарда болатын күшті жел, қара дауыл

  3. әбден бабына келген еркек түйе, қара нар

  4. шыққан тегі белгісіз қызметші, қара құл

  5. динардың 1/6 тең мыс ақша

2. «Бұқара» дегеніміз не?

  1. бұхарда жасалған бұйым

  2. халық

  3. бұхарлық саудагерлер

  4. қаламен алыс-берісжасаушылар

  5. тау шатқалдарында мекен ететін аңшылар

3.Көшпелі мал шаруашылығының ең басты даму фактоларының бірі?

  1. асыл тұқымды малды көбейту

  2. жем-шөп қорының мол болуы

  3. жайылым кеңдігі

  4. жыртқыш аң-құстардың аз болуы

  5. көшу маршруттарының қысқа болуы

4. «Сауын» дегеніміз не?

  1. мал сауу орталықтарын ұйымдастыру

  2. малы жоқ адамдардың уақытша саууға мал алуы

  3. тек сауын малдарына ерекше бағу тәсілі

  4. сауын малдарын ерекше бағу тәсілі

  5. мал өнімдерін өңдеу

5. Кейінгі орта ғасырлардағы қалаларда қолөнердің мына аталған түрлерінің қайсысы басым болды?

  1. темір ұсталығы

  2. қару-жарақ жасау

  3. зергерлік, әшекей бұйымдарын жасау

  4. көлік, арба жасау

  5. ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу

6. Даруға дегеніміз кімдер?

  1. емдік қасиеті бар шөп жинайтын дәруіштер

  2. дар өнерінің (цирк) ойыншылары

  3. дарийдің тұқымы

  4. жазалы адамды дарға асушы

  5. жергілікті әскери басшы

7. С.Асфендияров 1935 ж. шыққан «Қазақстан тарихы» атты еңбегінде моңғол шапқыншылығына қандай баға берді?

  1. мәдениет пен өркениетті жалмаған апат

  2. бұрын соңды болмаған экономикалық қасірет

  3. дүниежүзілік дамуды үш ғасырға тоқтатқан тосқауыл

  4. тек отырықшы халықтарға ғана залалы тиді

  5. халықтар арасындағы қатынастары жоғары деңгейге көтерген ұлы құбылыс

8. Қазақ қауымының жердің шынайы иесі кімдер болды?

  1. қауым мүшелері

  2. жерге иелік болмады

  3. үстем тап өкілдері

  4. дін басылары

  5. сатып алғандар

9.Шайбани хан Қазақ хандығын әлсірету үшін не істеді?

  1. Жоңғарлармен бірігіп қазақтарға соғыс ашты.

  2. Ресейді жауластырды

  3. Түркімендерді айдап салды

  4. Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алды

  5. Қытаймен астыртын келіссөздер жүргізді.

10. Басқақ деген терминді қалай түсінесіз?

1. қолөнер цехының иесі

2. орта деңгейдегі әскери адам

3. көшпелі аудандардан қалаларға апарып сататын, малды айдайтындардың басқарушысы

4. алым-салық жинаушы

  1. монета құюшы маман

11. Қазақ хандығына келіп біраз жемісті келіссөздер жүргізген алғашқы орыс елшісін атаңыз?

  1. Веньямин Степанов

  2. Третьяк Чебуков

  3. Василий Кобяков

  4. Андрей Неприпасов

  5. Александр Тевкелев

11 дәріс. Қазақстанның полиэтникалық құрамының қалыптасуы.

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ халқының ресей құрамына толығымен өтуі. 1867-1868 жылдардағы реформалар, олардың мәні мен мақсаты. Қазақстандағы әкімшілік реформалардың мәнін, салдарларын анықтау. Қазақстан территориясындағы саяси-әлеуметтік процесстердін зерттеуінің мәселелері.

- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің даму ерекшеліктерін талқылау.

Жоспар:

1. XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.

2. Жетісу жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

3. Қазақстандағы татар, поляк, неміс және т.б. диаспораларының құрылуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  2. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  3. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.