Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История Казахстана Юриспруденция на каз.яз..doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

1946-1964 Жылдардағы саяси жағдай.

Кеңес елінде 20 жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толқ дәрежеде тән еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық ролі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.

Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кеінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.

Жас, талант тарихшы Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР- тарихын” даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П. Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылар кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп санады, басқа біреулері “Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап”деп сынады. “Тарихтағы” отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылымикескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан” (1947 ж.) деген монографиясындаайтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зияынды деп жарияланды. 1950 ж. “Правда” газеті Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.

“Правданың мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951ж. 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және “Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 1951ж. маусымда Қазақстан Компартиясының орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.

Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды, сөйтіп ол 1951-1952 жж. Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ боғандықтан доғарылды. 1954 ж. көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.

40-жылдары және 50-жлдардың басында “Бекмахановтың ісі” жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақтан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателістер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті Қ.Сәтпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: милитаризация, Сталиннің жеке тұлғасы, тың игеру, тоталитарлық режим, халық шаруашылығының Кеңесі.

18 дәріс тақырыбына арналған тест тапсырмасы

1. ХІХ ғ. соңында Қазақстан өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылардың ұлттық құрамы жағынан қалай болды?

  1. қазақтар басым болды

  2. орыстар көп болды

  3. украиндықтар көбірек

  4. көпұлтты

  5. бәрі бірдей мөлшерде

2.1920 ж. өте үлкен көлемдегі ақша эмиссиясы жағдайында эквивалент ретінде ақша ролін не атқарды?

  1. алтын, күміс, платина

  2. соқа, сеялка, тырма

  3. тұз, керосин, нан

  4. қой, жылқы, сиыр

  5. доллар франк, фунт стерлинг

3.Қазақстандағы индустрияландырудың қиыншылықтарының бірін атаңыз?

  1. қаражат ескі кәсіпорындарға жұмсалды

  2. негізінен тек ескі жабдықтар қолданылды

  3. бөлінген қаржы игерілмеді

  4. өндіргіш күштер дұрыс орналаспады

  5. территория нашар зерттелді, транспорт нашар болды

4. Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешеннің интенсивті дамыған кезі?

  1. 50-жылдар

  2. 60-жылдар

  3. 70-жылдар

  4. 80-жылдар

  5. 90-жылдар

5. 50-жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалу себебі не?

  1. соғыс үлкен зиян тигізді

  2. ауыл адамдарының қажеттілігін өздерінің шаруашылығы қамтамасыз етті

  3. ауыл шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының кемшіліктері

  4. қала мен деревня арасында ешқандай айырмашылық болмады

  5. күрделі қаржыны дұрыс жұмсамау

6. Қазақстан Конституциясы бойынша жеке меншікке қол сұғуға бола ма?

1. болады

2. болмайды

3. қылмыстық жағдайда

4. заңда көрсетілмеген

5. бұл тек жеке кодекстерде анықталады

7. Тың жерлерді игеру қашан басталды?

  1. 1952 ж.

  2. 1954 ж.

  3. 1958 ж.

  4. 1961 ж.

  5. 1965 ж.

8. Нарықтық экономикаға көшудің негізгі тетігі не?

  1. жерді бөліп беру

  2. халық санағын жүргізу

  3. оқу орындарының санын көбейту

  4. мал санын арттыру

  5. мемлекет иелігінен алу

9. Ұзақ мерзімді басты мақсат?

  1. ТМД елдері арасында басты роль атқару

  2. тек өнеркәсіпті дамыту

  3. ұлттық қауіпсіздік

  4. ауыл шаруашылығына баса көңіл аудару

  5. шетелдермен достық қарым-қатынас

10. Территориялық-өндірістік кешен дегеніміз не?

1. шағын территорияда орналасқан кәсіпорындар

2. өндіргіш күштерді толық пайдалану

3. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы байланысты жақсарту

4. тек кейбір облыстарға ғана көңіл бөлу

5. салалар арасындағы өндірістік қатынастарды жақсарту

11. Қазақстанға шетелдерден әкелінетін импорттық өнімдердің басым көпшілігі қандай өнім?

  1. металлургия өнімдері

  2. машиналар, оның жабдықтары

  3. химия өнімдері

  4. отын-энергетика өнімдері

  5. минералдық өнімдер.

19 дәріс. Қазақстан «Нақты социализм» жылдарында (1964-1991жж.)

Мақсаты мен міндеттері:

- Соғыстан кейінгі республиканың экономикалық трансформациясы 1964-1991 жылдардағы қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі тенденциялары ашып көрсету.

Жоспар:

1. Экономикалық реформалар: жүзеге асырылмағанның себептері.

2. Әлеуметтік-мәдени дамудың негізгі тенденциялары.

3. Қайта құру саясаты, оның оның Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы (1985-1991жж.).

4. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ХХ съезд КПСС и его исторические реальности. М., 1991.

  2. Алексеенко А.Н., Алексеенко Н.В. Этносы Казахстана. Астана, 2001.

Экономикалық реформалар: жүзеге асырылмағанның себептері.

КОКП Орталық Комитетінің 1965ж. наурызда, қыркүйекте, қазанда өткен пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. Неғұрлым жоғары жоспарлы тапсырма алуға, өндірістік қорларды, жұмысшы күшін, материалдық және ақша ресурстардың толық пайдалануға, өндіріс техникасын жетілдіруге және өнімдердің сапасын жақсартуға деген қызметкерлер мен коллективтердің материалдық ынтасы артты. 1960-ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорыны, яғни олардың жалпы санының 80 проценттен астамы өтті. Шаруашылық реформасы республиканың экономикалық дамуына белгілі дәрежеде қозғау салды. Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принциптерінің артықшылықтары, мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Басқарудың жаңа құрылған экономикалық жүйесі бірте-бірте өз позициясынан айрыла берді (жоспарларға түзету енгізу жиіледі, кәсіпорындардың құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді және т.б.) Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей, екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалған сияқты болды. Реформаны тереңдетуге жасалған талпыныстар экономикалық экспериментке айналды.

1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц.жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдыңтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығың жалпы өнімі 52 проц.артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі жәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қаламынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.

Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.

Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту – тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қазығына беріліп, неғұрлым оңай жолға - өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғрыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.

Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.

70-ж басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.

Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларының 22,4 проц. еді.

1970-1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млн сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістіккомплекстері қалыптасты.

Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстары тарту есебінен жүзеге асырылды.

Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кең шығаратын салалрға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі кұрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. Сом жалпы табыс алып отырған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды. Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымынын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.

Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдық байлықтар мен еңбек өлі дүниеге айналып жатты. Мұндай дүниелер 1980-1989 жж. өндірістік салаларда жұмсалған жалпы күрделі қаржының 85 проц. 101 проц. дейінге мөлшерінде болды. Тек 1976-1985 жж. ғана республиканың құрылысшылары 4,2 млрд. Сом күрделі қаржыны игере алмады. Осының салдарынан халық 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үйді, 121,5 мың мектеп орнын, 49,5 мың мектепке дейінгі мекемелер орнын, 67 мың кәсіптік-техникалық училищелер орның, 7 мың аурухана орнын ала алмады. Күрделі құрылыста «сақалды» құрылыстар берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, обьектілердің шашырандығы, қаржы мен жұмысшы күшін көптеген құрылыстарға шашыратып жіберу, жобалаушылар мен жабдықтар жіберушілердің арасында өзара байланыстың болмауы, толық бітпеген және ақауы бар объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу және құрылыс материалдарын талан-таражға салу берік орын алды.

Өмір сүріп отырған жүйе экономиканы жандандыруға бағытталған төменнен болған бастамалардың бәрін тұншықтырып отырды. 70 жылдары құрылыста бригадалық мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Мұның негізінде жұмысшылардың өндірісте, ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Іс жүзінде әңгіме жұмысшылар еңбегімен тапқан қаржының көп бөлігін саны көп басқару құрылымының қызметкерлеріне ақы төлеуге жұисамай, оны жұмысшылардың өздері алатын болуы туралы болды. 1982 ж. республиканың құрылыстарында мердігерлік әдіспен 5,7 мың бригада, ал 1985 ж. 6,8 мың бригада жұмыс істеді. Бұл ұжымдарда еңбек өнімділігі басқалардан 23-25 проц. жоғары, жұмыстардың өзіндік құны 13-15 проц. төмен болды. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, бірақ іс қалай басқару аппаратын қысқарту және оның қызметін еңбек коллективтеріне беруге келгенде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды, олар еңбек ұжымдарын өздері еңбегімен тапқан қаржыларын жұмсау дербестігінен айырды. Бригадалық мердігерлікті қанша насихаттағанмен жүйе оны экономикалық құбылыс ретінде тұнқыштырып тастады.

70-80 жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат саларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркісіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 6 проц.Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.

Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканың орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды.

Бесжыдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстың сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті съездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді.

Экономиканың көкейтесті міндетері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары республикада әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген.

Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері әсерін тигізді. Кәсіпорындардың ұжымы жаңа техниканы игеруге ынталы емес еді, өйткені бұл кәсіпорын және жеке алғанда әрбір жұмыс істеушінің жұмыс нәтижесіне теріс әсерін тигізді. Сондықтан жаңа өнім мен бұйымды игеру мен шығару көп жылға созылды. Өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды және комплексті механикаландырылды. Осының салдарынан 80-жылдардың ортасында өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды.

Өмір сүріп тұрған жүйе еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижелілігіне экономикалық жолмен ынталандыруға қабілетсіздігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ол адамдардың жаңашылдыққа, шығармашылық белсенділікке және жоғары өнімді еңбекке деген ынта-ықыласын мұқалтты. Өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын мәнінде ынталы әрі белсенді қызметкерді көкірегінен итерді, өндіріс жаңашылдарына өздерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Олардың кейбіреулерін жүйе дөрекі тұншықтырды, екінші біреулерін қолдаған болып, жылдар бойы шамшырақтардың қатарында жүргенмен олардың тәжірибесі таратылмады. Социалистік жарысты ұйымдастыру формальді сипат алды. Ресми мәлімет бойынша оған жұмысшылардың 90 проц. қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Коммунитстік еңбек жолындағы қозғалыс та бастапқы кездегі талпыныстан кейін бос сөзге айналдырылды. Өндірістік белсенділік те өспеді, қайта төмендей берді. Өндірістің даму қарқынының төмендеуі, өнім сапасының нашарлауы, технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырауы, ғылыми-техникалық прогресс саласында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. Өндірісте немқұрайдылық, салақтық, ынта-жігерсіздік, талан-таражылық, іске жанашымастықтың басқа да көріністері үйреншікті әдетке айналды.

Қайта құру саясаты, оның оның Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы (1985-1991 жж.).

М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа «қайта құру» деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.

Бірінші: 1985 ж. көктем – 1987 ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуге тез көрініс беруге тиіс болды.

Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір «қайта құру архитекторлары» есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90 проц. дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.

Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985 ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болыпқалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жетіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздеріне жеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.

Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері әсер етті. Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерістің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға қабілетсіз болып шықты.Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.

Екінші кезең. 1987 ж. жаз – 1989 ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған «косметикалық әдістер» бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.

Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.

1986 ж. 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып «партия сарбазы» Г.Колбин келді.

Ешқандай хабарсыз және жариялықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.

Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіліне шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.

Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.

Осы көптеген себептерге одан да терең факторлар: әлеуиеттік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.

17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды., 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.

Осылайша Кремльдегі «адал интернационал-лениншілдердің» қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.

Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.

Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986 ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.

Үшінші кезең 1989 ж. май -1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығын бюрократиялық орындардан белсенділеу реформаторлыққа бағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.

Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының «қарапайымдылығы мен демократтығы» айтылып жатты.

Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде «қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз» деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде «құрғақ» тойлар өткізілуде болды.

Осылайша республикада байқалған қоғамдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. «Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы Қазақстанға да жете бастады.

Қарастырылып орытған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса бастайды. 1989 ж. қарашадан 1990 ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103 қоғамдық қозғалыстар , партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.

Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар бойынша құрылды.

Осы жылдары коммунистік партия өзінің «қоғамның бірден-бір басқарушы және бағыттаушы күші» ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе берді. 1990 ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17 проц. ғана КОКП-ның қоғамды қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да, көбейіп келе жатты. 1988 ж. ортасында өткен КОКП Бүкілодақтық конференциясы, одан кейінгі партия съезі партияның өзін-өзі жаңартуға және реформалауға қабілетсіздігіне толық көз жеткізді. Қоғам тарапынан оған деген сын мен қарсы келу жоғары тенденциямен өсе түсті. Мұның нәтижесі 1991 жылғы тамыз оқиғалары болды. 1991 ж. қыркүйекте Қазақстан Компартиясы таратылды. Республика дамуының қоғамдық-саяси өмірінің жаңа кезеңі басталды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Туралау, орталықтандыру, жоспарлылық, коммунисттік идеология, қайта құру, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

19 дәріс тақырыбына арналған тест тапсырмасы

1.1964 ж. басталған шаруашылық реформалардың бастапқы негізгі мақсаты

А. Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін кеңейту +

Б. Кәсіпорындардың тәуелділігін нығайту

В. Ауылшаруашылықта қатаң әдістерді нығайту

Г. Шаруашылық даму бағыттарын өзгерту

Д. Партияның ықпалын нығайту

2. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі.

А. Қаржының жетіспеуі

Б. Демократияландыру процесінің тежелуі +

В. Жұмыс күшінің жетіспеуі

Г. Жұмысшы тобының төмен жалақысы

Д. Ауыл тұрғындарының төмен жалақысы

3. 70-80 жж. КСРО экономикасындағы Қазақстанның ролі

А. Кадрлардың базасы

Б. Шикізат ресурстардың базасы +

В. Азық-түлік базасы

Г. Транзит территориясы

Д. Техникалық базасы

4. Өнеркәсіптің қай тобы Қазақстанда дамыды

А. «А» тобы +

Б. «Б» тобы

В. «С» тобы

Г. «Д» тобы

Д. «В» тобы

5. Қазақстанның магниткасы КСРО-да қай орын алған

А. 1-ші

Б. 2-ші

В. 3-ші +

Г. 4-ші

Д. 5-ші

6. Қазақстанда Неміс автономиясын құру Компартияның шешімі қай жылда қабылданды

А. 1980 ж.

Б. 1979 ж. +

В. 1981 ж.

Г. 1986 ж.

Д. 1990 ж.

7. Қайта құру саясаты басталды

А. 1985 ж. +

Б. 1984 ж.

В. 1986 ж.

Г. 1987 ж.

Д. 1988 ж.

8. 1986 ж. Қазақстан Компартия Орталық комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, ол

А. Д.Қонаев

Б. Н.Назарбаев

В. Г.Колбин +

Г. Л.Брежнев

Д. В.Путин

9. 1986 ж. желтоқсан оқиғалар басталуының негізгі себебі

А. Партияның жаңа жетекшісінің тағайындауы

Б. Ұлтаралық қатынастардың шиеленісі

В. Әкімшілік-командалық жүйесінің әдістері +

Г. Демократиялық бостандықтарының пайда болуы

Д. Жариялылыққа жол ашылу

10. «Желтоқсан оқиғалары тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді» деген сипаттамасын берген

А. Н.Ә.Назарбаев +

Б. М.Қ.Қозыбаев

В. М.Қойгелдиев

Г. Ә.Кекілбаев

Д. О.Сүлейменов

20 дәріс. Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстанның егемендігі қалыптасуы кезеңіндегі мемлекеттік өзгерістерін көрсету. ҚР ғаламдану проблемаларын анықтау.

Жоспар:

1. Қазақстанның егемендігінің қалыптасу кезеңдері.

2. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани дамуы.

3. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  5. Абишев Г. Казахстан в годы Великой Отечественной войны. - Алма-Аты.1960.

  6. Алматы, 1986 г. Декабрь. Книга-хроника. - Алматы,1991.

Қазақстанның егемендігінің қалыптасу кезеңдері.

80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.

Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып , Одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен» - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканы өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптін негізгі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталғанқозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н.Ә.Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.

Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөль атқарды. Бұл салада ол екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы» заңын қабылдауы уақиға болды.

Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 ж 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, перламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтк көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған уақиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды.

1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді.1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.1990 ж. төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.

1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшандатты. ҚОКП оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

Міне осындай күрделі жағдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдағпн Қазақ КСР-ның «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңы бойынша берілді.

1991 ж. 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болды.

Республикада төмендегідей өзгерістер жасады: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.

1991 ж. 10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне кірісті, ал 1991 ж. 16 желтоқсанында қазақтың Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республиканың өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.

Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани дамуы.

Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса мол қоры барлығын негізге алатын, экономикалық қайта құрылыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыру, региондар мен шаруашылық қызметі субьектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі, қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағыты ұстануда.

1993 жылы 28 қаңтарда республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық,мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша Қазақстан республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Оның территориясының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Сөйтіп Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.

Қазақстанның саяси жүйесінің даму негізі болып, 1995ж. Конституциясы референдум негізінде өтуінде, Президенттік басқару реформасының заңды баяндау ету болды. Мемлекетте екі парламент және басқа да саяси жүйенің негізі қаланды.

Дамудың жаңа кезені (1998 ж. қыркүйек) Мемлекеттің саяси жүйесінде демократиялық элементтердің өсуі негізінде байқалады.

Осы кезең Республика Президентінің Қазақстан халқына Үндеу жолдауы мен 1998 ж. күзде Конституция мен басқа да заң актілеріне өзгертулер енгізуі, Парламент өкілдігін кеңейтумен басталды.

Сайлау жүйесінің реформасы өткізілді. Соның негізінде 1999 ж. жалпы және тікелей Қазақстан Президентін сайлау өткізілді, кейінірек Парламент сайлауы аралас жүйе бойынша, яғни партиялық тізім бойынша дауыс беру арқылы да өткізілді.

Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болғаннан бері сыртқы саясат мәселелеріне деген жалпы мемлекеттік көзқарас түбірімен өзгерді.

Республика Сыртқы істер министірлігі нығайтылып, Қазақстан Сыртқы экономикалық қызметке белсенді қатысты. 1992 жылдың қыркүйек-қазан айларында Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы өтті.

1997 ж. Сыртқы саяси қызметтiң құқықтық өрiсiн айқындайтын “Дипломатиялық қызмет туралы” тұњғыш Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты – тәуелсіздік алғанан бергі уақытта саясат пен ғылымда қалыптасқан жаңа сала. Өйткені ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясы боданында, кейіннен Кеңес үкіметі құрамында болғандықтан тәуелсіз мемлекет ретінде өз саясатын толыққанды жүргізе алған жоқ.

Қазақстан Республикасы Елбасының жетекшілігімен бастапқыдан халықаралық қоғамдастыққа бейбітшілікті жақтаушы мемлекет ретінде танытты.

Еліміз барлық мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға және халықаралық ұйымдармен ықпалдастық жасауға жағдай жасады. Алайда, еліміздің сыртқы саясатының басымдықтары- республикада түп-тамырлы әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, территория тұтастығын сақтап қалуға, мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылыққа және де жалпыәлемдік мәселелерді шешуге қойылды.

1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Егемендік, демократия, көппартиялылық, Конституция, теңге.

20 дәріс тақырыбына арналған тест тапсырмасы

1. Қазақ КСР-нің Президенті лауазымы қашан белгіленді

А. 1991 ж. сәуірде

Б. 1990 ж. сәуірде +

В. 1992 ж. сәуірде

Г. 1989 ж сәуірде

Д. 1986 ж. сәуірде

2. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қай жылда қабылданды

А. 1990 ж. 25 қазанда +

Б. 1991 ж. 25 қазанда

В. 1989 ж 25 қазанда

Г. 1992 ж. 25 қазанда

Д. 1993 ж. 25 қазанда

3. ҚР Президенті қай жылда бүкіл халық сайлаған жолымен қызметіне кірісті

А. 1991 ж. желтоқсанында +

Б. 1990 ж. желтоқсанында

В. 1992 ж. желтоқсанында

Г. 1989 ж. желтоқсанында

Д. 1986 ж. желтоқсанында

4. Тұнғыш Қазақстан ғарышкері

А. Т.Әубәкіров +

Б. Т.Мұсабаев

В. О.Ахметов

Г. А.Гагарин

Д. Г.Леонов

5. Ұлттық валюта енгізілді

А. 1992 ж.

Б. 1993 ж. +

В. 1994 ж.

Г. 1995 ж.

Д. 1990 ж.

6. Қай жылда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді

А. 1992 ж. 3 наурызда +

Б. 1993 ж. 12 наурызда

В. 1991 ж. 6 наурызда.

Г. 1994 ж. 6 наурызда

Д. 1995 ж. 10 наурызда

7. «Қазақстан 2030» дамуы стратегиясы қай жылда қабылданды

А. 1996 ж

Б. 1997 ж +

В. 1998 ж.

Г. 1995 ж.

Д. 1994 ж.

8. Қай жылы саяси реформа бойынша парламент-президенттік билігіне өтуіне арналған парламент сайлауы өтті

А. 2006ж.

Б. 2005 ж.

В. 2007 ж. 18 тамыз +

Г. 2004 ж.

Д. 2003 ж.

9. ҚР сыртқы саясатының басым бағыты

А. Интеграция процестері +

Б. Инвестициялар

В. Мәдениет

Г. Әскери технологиялар дамыту

Д. Саяси бірлесуіне ұмтылу

10. ҚР ішкі саясаттын басым бағыты

А. Елдің тұрақтылығы мен қаупсіздігін сақтау +

Б. Салықтар

В. Спорт пен мәдениет

Г. Идеологияны дамыту

Д. Партиялар билігін дамыту