Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История Казахстана Юриспруденция на каз.яз..doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

Дәріс сабақтарының курсы

1 дәріс. Ерте замандағы Қазақстан

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан тарихының әр түрлі кезеңге бөлу жүйелерін қарастыру және салыстыру. Адамның, қоғамның дамуын, тас құралдарының даму кезеңдерін, оның қоғамдық дамуына ықпалын қарастыру.

Жоспар:

  1. Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңге бөлу және хронологиясы

  2. Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-V Т. Алматы, 1996-98

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  5. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

  6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

  7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңге бөлу және хронологиясы.

Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

«Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.

Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.

Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.

Тарихи білімнің маңызы – жас адамдарды өз халқының рухани әлеміне қатыстыру, халық мәдениетінің, тарихының қайнар көздерін түсіндіру. Қазақстан тарихы, тарихи ғылым тәуелсіздік кезеңінде жаңа міндеттерді шешуіне бағыттылады – Қазақстан Республикасында тарихи сана-сезімін қалыптастыру.

Тарихи ғылымында кезенге бөлу мәселелі маңызды орын алады. Галымдардын әр түрлі пікірлері бойынша кезеңдерге бөлінуі формациялық, социогенетикалық, таптық, археологиялық, мәдени-тарихи, саяси оқиғалар бойынша т.б. тұрғысынан қарастырылады. Тарихи ғылымында, герменевтика әдісімен пайдаланып, зерттелініп жатқан кезеңнің ұстанымдарынан деректерді бағалау керек. Тарихи кезеңдердін тек қана саяси тарихын қарастырмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениеттін тарихын, оның әр алуандық көрсетуін білдіру керек.

Ежелгі тарих алғашқы кезеңді тас, қола, ертедегі темір дәуірлерін қамтиді. Тас ғасыры көне, орта және жаңа тас ғасырлардан тұрады. Осы кезендер туралы біз археологиялық зерттеулерден, археологиялық дереккөздер пайда болуынан білеміз. Тас ғасыры тағы тарихқа дейінгі кезең деп аталынады, яғни сол уақытта жазба дереккөздері әлі пайда болған жоқ. Тас ғасыры 2 млн. жыл бүрын басталып 2 мыңжылдық біздің заманымызға дейін кезенде аяқталады. Ежелгі тарихы бізге ежелгі адам дамуының процесін білдіреді, алғашкы қауым туралы, ежелгі тайпалар, тайпалық одақтар, ежелгі мемлекеттер туралы білім береді. Ежелгі кезеңнің тарихы біздің заманымыздың 6 ғасырында аяқталады.

Орта ғасыр тарихы біздін заманымыздың 6 ғасырынан басталып 18 ғасырдын басына дейін жалғасады. Осы кезең түркі мемлекеттер тарихын, моңғол шапқыншылығы, моңғолкейіңгі кезеңдерін, Қазақ хандығы қалыптасуы, дамуы кезеңдерін қамтиды.

Жаңа заман тарихына Қазақстанның Ресей империясына қосылу басталуы 1917 жылғы қазан революцияға дейінгі процесстермен байланысты оқиғалар жатады.

Қазіргі заман кеңес уақытынан 1917 жылдан басталады да бүгінгі күнге дейін жалғасады.

Тарихты зерттеу үшін, халықтың шаруашылығын, экономикасын, мәдени өмірін, саяси, әлеуметтік жағдайын объективтік түрде қарастыру үшін тарих ғылымының салалары және көмекші пәндер бар.

Тарих ғылымының салалары төмендегілер болып табылады: экономикалық, әскери тарих, тарихи жағрафия, тарихи таным, археология, этнография және көмекші пәндер: археография, палеология; дипломатика, хронология, генеология, геральдика, нумизматика және басқ.

Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

Қазақстанның тарихи өткенін зерделеу үшін тарих ғылымында дереккөздер пайдаланады:

1. Заттай – археологиялық көздер;

2. Этнографиялық;

3. Лингвистикалық;

4. Ауызша;

5. Жазбаша;

Археологиялық – еңбек қарулары, көне заттар, үй тұрмысындағы заттар, қару, теңгелер, киім, қала қирандылары, зындандар, көне заман адамдарының сүйек – мүрделері.

Археологиялық көздер – барлау және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Олар көне заманның әрқилы дәуіріне жатады және сол дәуірдегі адамдардың мәдениетін білдіреді. Заттай көздерге: сондай ақ орта ғасырда салынған мавзолейлер, молалар, архитектура ескерткіштері жатады.

Лингвистикалық көздерге – қазақ тілі жатады. Ол қоғамның дамуына сай қалыптасып, этностың тарихи элементтерін сақтап қалған.

Ауызша көздерге, көшпелі халықтарда басым дамыған, халық ауыз әдебиеті жатады. Негізінен ол жазбаша тарихты алмастырды. Шежіре, эпос, мақал – мәтелдер, ертегі, жұмбақтар.

Жазбаша-деректер; жылнамалар, кітаптар қалдырған тарихи дәуірлер туғанға дейін, ең басты куәгерлер – археологиялық материалдар болған. Олар: елді мекендердегі қазба іздеу жұмыстары нәтижесінде табылған: еңбек қаруы, ескі теңгелер, тау-тастардағы суреттер, сүйек қалдықтары.

Ең көп тараған көздер түрі – жазбаша деректер, олар негізінен сол дәуірдің тарихи жай күйін білдіреді, бірақ олар терең зерттеуді қажет етеді.

Көне жазба көздеріне: көне жазушы, ғалымдардың қазіргі Қазақстан аймағында өмір сүрген тайпалар өмірі сипатталған еңбектері жатады.

Ол көне грек көздері – Геродоттың «Тарихы» (біздің дәуірге дейін 430-434 жылғы), Стробонның еңбегі «Жағрафия» (64 ж. біздің дәуірге дейін), Птолемейдің ең ертедегі жазбаша еңбектерінде, Авестада (Уағыз) - Зараостризмнің қасиетті кітабында (І мың жыл біздің дәуірге дейін).

Парсы дереккөздері – сына жазба мәтіні, Бехистун жазуы Дәрий І (522-486 жж.), Қытай дереккөздері Чжань Цянь, Сыма Цянь (145-86 жж.), Бань Гу (б.д. І ғ) авторлардын еңбектері.

Тарихнамалықта І-ші орынды: түрік жылнамалары ерекше орын алады. Йоллық-Тегін ( VIII ғасыр) Більге-қаган, Күлтегін құрметіне жазылған, Тоныкөк жазулары Орхон және Енисей өзендерін алқабында табылып, Орхон - Енисей руна жазуы деп аталған. Бүл жазулар ежелгі түрік дәуір туралы маңызды ақпаратын береді және ежелгі түрік әдебиеттін бағалы үлгісі болып табылады.

Орта ғасырлық Қазақстан туралы араб тарихшылары Ибн аль Факих, саяхатшылар Плано Карпини, Марко Поло, Гильом Рубрук, еңбектерінен білуіне болады.

Араб саяхатшысы Ибн Батут қыпшақтардың көшпелі мемлекеті туралы, Қазақ хандығының қалыптасуы туралы Мухамед Қайдар Дулатидың “Тарихи және Рашиди” еңбегінде, Ибн Рузбиханның “Бұхар қонағы естеліктерінде”, Қадырғали Жалайырдың “Жылнама жинақтарында”, айтылған.

Қазақстан тарихының тарихнамасы 18 ғасырдан, Қазқстан Ресей империяның қүрамына кіргізілген кезеңінен басталады. Қазақстан жерінің, этникалық қүрамын, әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайын орыс ғалымдары ғылыми тұрғысынан зерттелеу бастады. Бірақ, айтып кетуге керек, осы зерттеулердін, экспедициялырдын мақсаттары Ресей империяның отарлау саясатымен байланысты болды.

Тарихты зерделеуге орыс ғалымдары елеулі үлес қосты. Қазақстан территориясы 18 ғасырдан бастап Ресей империясының құрамына колония ретінде кіре бастады. Ресейдін империялық мүдделерін орнату үшін қазақ өлкесіне зерттеу экспедициялар ұйымдастырылды. Бірінші экспедициялардын ішінде П.С.Паллас басқарған Ресей ғылым академияның экспедициясы болған (1768-1774 жж.). Экспедиция мүшелері тарихшылар И.П.Фальк, И.Г.Георги өздерінің еңбектерін қалдырған. Қазақстанда және Орта Азияда тұрған халықтардын этникалық, әлеуметтік, саяси тарихынан маңызды еңбек жазған И.Я.Бичурин (1777-1853жж.) “Ежелгі дәуірде Орта Азияны қоныстаған халықтар туралы деректер жинағы” (3 томдық). Қазақстан тарихына зор үлес қосқан Левшин А.И. (1799-1879жж.) “Қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу” 1832ж. Қазақстан тарихының маңызды мәселелеріне арналған шығыстанушы-ғалымдардын В.В.Вельяминов-Зерновтың “Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер” (1830-1904 жж.), В.В.Бартольдтің (1869-1930жж.) “Түркістан тарихы”, “Жетісу тарихынан очерктер” арналған.

Тарих, этногенез, көшпенділердің өмірінің әлеуметтік жағдайы Ш.Уәлихановтың “Абылай”, “Қырғыз тегі”, “Даладағы мұсылмандық туралы” т.б. еңбектерінде зерттелген. Ш.Уәлиханов қазақ халқының атақты тұңғыш ғалымы үлкен, бағалы тарихи мұрасын қалдырды. Қазақ халқының жаңа заманның өкілдері – қазақ ұлттық интеллигенциясы Қазақстан тарихының зерттеуіне үлкен үлес қоскан. Қазақ зиялы қауымның өкілдері қазақ халқының сана сезімін оятуына үмтылған, сондықтан еңбектері қазақ тарихына арналған. Қазақ зиялысы Ә.Бөкейханов (1866-1937жж.) тарихи этнографиялық “Қазіргі заманғы мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері” атты очерк, т.б. еңбектер жазды. Аса құнды материалдарға сондай-ақ “Қазақ”, “Дала уалаяты”, “Айқап” мерзімді басылымдары жатады. Шәкәрім Құдайбердиевтің (1858-1931жж.) “Шежіресі”- этногенез, тарихи ақпаратты береді. М.Тынышпаев жазған (1879-1937жж.) “Қырғыз қазақ халқы тарихына материалдары” (1925 ж.) қазақ тарихының маңызды мәселелерін анықтайды.

Кеңес дәуірінде С.Асфендиаров “Көне дәуірдегі Қазақстан тарихы” (1935ж.), А.Панкратова, Н.Дружинин, М.Вяткин “Қазақ КСР тарихы” көне дәуірінен (1943ж.) дайындалған, 1977жылы “Қазақ ССР” тарихының 5 томдығы жарыққа шықты. Белгілі қазақ ғалымдары Бекмаханов Е.Б., Дахшлейгер Г.Ф., Сүлейменов Р., Галузо П.Г., Марғүлан А.Х, Шахматов В.Ф., Зиманов С.З., және басқ. Олардың еңбектері және оқулықтары партия совет цензурасы қысымымен жазылған, сондықтан бұл еңбектерде тарихты зерделеу таптық- идеялық тұрғысы сақталған.

Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, тарихшылар Қазақстан тарихын зерделеуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауына, ұлттық тарихты жаңғыртуға, Қазақстан тарихында белгісіз, бұрмаланған деректер мен оқиғаларды кеңінен ашуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, Қазақстан тарихы жаңа тұрғыдан, шындық тұрғысынан қайта қаралуда.

Дәрістің негізгі ұғымдары: палеолит, мезолит, неолит, неолититтік төңкеріс, энеолит, нуклеус.

1 дәріске арналған тексеру тесті

1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттеріне кіреді:

А. Тарихи білім беру +

Б. Идеологияны нығайту

В. Саяси жағдайға ықпал ету

Г. Президент билігін нығайту

Д. Үкімет билігін нығайту

2. Ежелгі тарих қай кезенге дейін пайда болды

А. 1 ғасыр б.з.д.

Б. 6 ғасыр б.з.д.

В. 6 ғасыр б.з. +

Г. 2 ғасыр б.з.д.

Б. 5 ғасыр б.з.д.

3. Алғашкы қауым қай дәуірде пайда болған

А. Тас +

Б. Қола

В. Темір

Г. Мыс-тас

Д. Қола-мыс

4. Әуелгі палеолит қанша дғуірге бөлінді

А. 1

Б. 2

В.3 +

Г. 4

Д. 5

5. Аталған түрақтардын қайсысы кейінгі палеолитке жатады

А. Қанай +

Б. Дұзбай

В. Беғазы

Г. Дәндібай

Д. Батпақ

2 дәріс. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан территориясындағы қола дәуірі негізгі кезеңдеріне анықтама беру және сипаттау

Жоспар:

  1. Тас ғасырының жалпы сипаттамасы

  2. Тас ғасырының кезеңдері (палеолит, мезолит, неолит, энеолит).

  3. Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Антропогенез және социогенез.

  4. Қола дәуірі. Көшпеліліктің өркениет ретінде қалыптасуы.

  5. Мәдениеттің пайда болуы. Кейінгі тас және қола дәуірінің өнері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. I-IV Т. Алматы, 1996-98

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

  4. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

  5. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

  6. Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

  7. Марғұлан А. “Бегазы – Дәндібай мәдениеті” Алматы 9. Сатыбекова А.С., Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды Аль-Фараби. Алма-Ата. 1975.

  8. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Тас ғасырының жалпы сипаттамасы

Алғашқы тарихтың бірінші беті тас дәуір. Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат тарихындағы бірінші әлеуметтік – экономикалық формация, адамзат қоғамының тарихи дамуының, адамның пайда болу кезеңінен таптар, мемлекеттер пайда болғанға дейінгі кезеңді қамтитын, бірінші кезең.

Ерте палеолит. (2 млн. – 140 мың жыл бұрын) Шелашел кезеңі. Шамамен алғанда бұдан 800 мың жыл бұрын – Қазақстан территориясында (Оңтүстіқ аудандар мен Балхаштың солтүстігі) ежелгі дәуір адамының пайда болуы (питекантроп пен синатроп)

Ертедегі палеолит ірі – ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың жыл бұрын) дәуірлері. Ерте палеолит алғашқы қауымдық табын дәуірі - бұл жалпы алғанда әлеуметтік, ең алдымен алғашқы қауымдық ұжымдық қатынастардың қалыптасу кезеңі. Кулді тас ғасыры бойында еңбек қүралып жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Сол себептен ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдар табылады, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар сүйектерінен істелген бұйымдар да кездеседі. Түрі мен ерекеше сипатына қарай тас бүйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, пышақ, тескір және басқаға бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғіші ең ескі еңбек қүралдары орын алады.

Ашель дәуірінің тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегі заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысында еді. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А. Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі – ірі кедір – бұдыр домалақ тастарға бөледі.

Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – оларды бір ө біріне соғатын болған.

Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтастары қажетке асырылған. Кейін соққыштар пайда болды.

Тас ғасырының кезеңдері (палеолит, мезолит, неолит, энеолит, Қазақстан территориясындағы тұрақтар, обалар)

Ашель дәірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Мұнда қуралдар қара және сұрқай – жасыл түсті кремний жынысынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей – шығыс шетінде орналасқан. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралды, жануарлар терін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштарды, сол сияқты толып жатқан домалақ тастарды атауға болады, соңғыснан сындырғыштар мен қалақтар жарылап алынып, еңбек құралдары ретінде пайдаланылған. Орталық Қазақстанның басқа да ашельдік ескерткіштері ішінен Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Тас бұйымдар арасынан жел – құздан мүжілген шапқыш құралдар айырықша назар аударады. Сонымен қатар археологтар Қаратау тауларынан, Бөріқазғаннан, Шабақтыдан (Жамбыл облысы), Қазанғаптан (Шу өзені) және басқа жерлерден адамадрдың негізгі кісібі аң аулар, ұжымдасып жабайы жануарларды ұстау, қару жарағы – шоқпар, жебе, дөрекі өңделген тас болды. Өздігінен өсетіп дәндерді, жеміс – жидек теріп жеу оларрдың өмірінде үлкен рөл атқарды. Синантроптар сол кездің өзіндеақ отты пайдаланды, бәлкім олар отты шағару әдісін де игерген болар. Піскен ет пен өсімдікті тамақ ету адамның дамуында игі әсер еткені сөзсіз. Қоғамдық ұйымы – адамдар тобыры болды. Адамдар үйірі бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналалысу қызметін, қызметін атқарып, тасты жару үшін жұмыр тас қалданды.

Орта палеолит. (140-40 мың жыл бұрын) Мустье дәуірі. Бұл кезеңнен қөғамдық ұйымы – ірі қауым болып табылады. Осы кездеадамның неандерталь түрі пайда болды. Қазақстан территориясының оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде таралды. Сондай орталық мекендердін бірі – Қаратау таулары. Сондай орындары – Алғабас, Өгізтау 1,2,Үлкен Ақ-Мая және басқалары. Бүгінгі таңда Қозыбай деген олжалы жер – ШығысҚазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында Көршім ауданының Қараторғай ауылына таяу бір бүйірде. Алғашқы қауым адамның қолымен жасалған тас бұйымдары, олардың ішінде шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелген сындырғыштар бар. 1958 жылы табылған, кейін ағартушы-ғылым Ш.Ш. уалихановтын атымен аталған көп қатпарлы тұрақ үлкен атаққа ие. Тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орны, ошақтар, әртүрлі жанупрлардың сүйектері табылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің оң жағалауындағы осынау тұрақ қатпалары жердің қазіргі бетінен әртүрлі тереңдікте жайғасқан.

Мустье дәуірінің жаңа ескерткіші 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар Өгіз-тау-1,2, Үлкен Ақмая тұрақтары.Адамдардың бүл араны мекендеуіне шикізат қорлары мен бұлақ суының іргелес жатуы әсер еткен. Дөңгелек іспеттес нуклеустерге қоса, протопризматикалық нуклеустердің, сол сияқты шет-шеті симметриялы келетін қалақтардың болуы тас өңдеу техникасының жете түскенінен хабар береді.

Ал 80 мың жыл бұрын мұз дәуірі басталды. Өсімдіктер мен жануарлар өзгерді. Адамдар түратын орындар іздестіру қажет болды. Үйкеу арқылы от тұтандыру игерілді, киім дайындау дами бастады. Діни сенімдердің алғашқы белгілері, көму салттары пайда болды.

Қазақстанның баяғы заманындағы тұрғындары, эволюциялық дамуы жағынан Homo habilis фазасына сәйкес келетін питекантроп пен синантропы замандастары болған. Қаратаудың алғашқы қауымдағы мекендеушілері отты тұтатып, оны сөндірмей жағып отыруды білген, ірі және уақ жануарларды аулаумен айналысып, өсімдік тағамдарын жинаған.

Кейінгі палеолит ( 40-12 мың жыл бұрын). Қазіргілер түтес адамдар (Homo sapiens) сол кезде пайда болды. Осы кез – адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.

Кейінгі палеолит дәуірінде саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылумен, рудың, адамдар ұжымының пайда болуымен тура табысып жатыр. Рулық қауым барлық жерде де матрилиниялық (ана жағынан есептелген ) және матрилокалді (ана жағымен тұйықталған), ал әйелдің қауымдағы жай-жағдайы өте мықты болған. Әйелдің қоғамдық әмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелегімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып отырды.

Кейінгі палеолит дәуірінде адамның дүние танымы күрднліліне түседі. Аңшылық жадысына иланц-елігу сенімі кең жайылды, оның түп – төркініңде хайуанның рух-бейнесін игеру арқылы оны билеп-төстеуге мүмкіндік алу сенімі жататын.

Адамның жаны оның өлгенне кейінгі, бақидағы өмірі – пәнидегі өмірінің жалғасы деген ой-түсінігі оның жерлеу рәсімін күрделі етіп қиындатып жібереді.

Бұдан бұрынгы кезеңнің ескерткіштерімен салыстыра қарағанда, сол дәуірдің тұрақты аз табылған. Шығыс Қазақстанға ел-жұртқа Қанай, Свинчатка, Үңгір және Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Ал Ащысай тұрағы Оңтүстік Қазақстаннан, Батпақ 8, Қарабас 3 Орталық Қазақстаннан табылған.

Үңгір тұрағы – Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы шығанақ мүйісінде орналасқан, ол – кіретін жері батысқа қараған. Қазба жұмыстары кезінде шығыс шетіндегі 30-50 см., ал батыс бөлігіндегі 60-170 см., терендіктен палеолит бұйымдары табылды, олардың арасында шеңберлі ретуші бар қырғыш, пышақ іспетті қалақ сынығы, пышақ тәрізді құрал, түрі пирамида тәрізді құрал, кетіліп, сынып түскен жердің іздері бар нуклеус, соққыш және қара кремний мен жасылдау кварц жынысынан бұйым дайындаған кезде түскен өндіріс қалдықтары және жануар сүйектері бар екен. Жоғарғы палеолитте тас құралдары өңдеу тәсілі бұрынғыдан да күрделіне түскен.

1980-1983 жылы Семей облысында Ново-Шульба аудананда, Ертіс бойындағы Шульбинка тұрағында қазу жұмыстары жүргізілді. Мың тас бұйымдар ішінде көптеген сынық-қырғыш, қалақ-қырғыштар, үшкірлер, кескілер, тескірлер, нуклеустердің әр түрі, өндіріс қалдықтары ыбырысып жатыр. Тас бұйымдарға қоса, бұл арадан малтатастан қаланған ошақтар, күл қабаты, ал ошақ айналасындағы едәуір жерден шағын диаметрлі дөңгелек тәрізді қоңыр дақтар кездесті.

Мәдени-тұрмыстық жәдігерлермен бірге, өлген кісінің моласы да табылды, ол оң жанбасына ыңғайлай жатқызылып, басын батысқа қарата, бүгілген күйде қойылған. Шульбинка тұрағында құралдар дайындауға шикізат ретінде негізінен халцедон, яшма, кремень мен тау хрустальді қолданылған. Адамдар пашақ тіліктер жасауды үйренді, ірі балықтарды аулауға ыңғайлы ілмекті сүңгілер бастап қолданыла бастады, дротиктер кеңінен қолданылды.

Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ барлық материалдар көне тас дәуірі адамадрының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғынына, сол сияқты Қазақстан территориясындағы қоныстану процесінің де үзілмегеніне көз жеткізеді.

Мезолит (12-15 мың жыл – 5 мың жыл біздің заманымызға дейін)

Мезолит грек тілінен аударғанда орта тас ғасыры деп аталынады. Осы кезең 70-ші жылдарға дейін өте аз зерттелінген, кәзіргі уақытта да Қазақстан тарихының ең зерттелмеген кезен болып табылады. Тек соңғы онжылдықтарында бір-неше осы уақытына жататын ескерткіштер табылған.Оның ішінде тас өндірістін комплекстері, тұрғын-шаруашылық комплекстері табылған. Бірақ, осы кезеңнің жерлеу комплекстері пайда болуы белгісіз.

Мезолит кезеңінің ескерткіштерінің зерттеулер бойынша тас өндеу әдістерінде едәуір өзгерістер болған жоқ. Голоцен (мұз дәуірінен кеіңгі) кезңінде адамның шаруашылығы кейіңгі палеолитте қалыптасқан түрінде пайда болған. Мезолитте тас қүралдары микролит өндеуімен белгілі, және осы кезеңінде табиғи туындыларын иелену шаруашылығынан өндірістік шаруашылығына өту алғашқы белгілері көріне бастаған. Мезолит кезеңінің ескерткіштері көбінесе Солтүстік Қазқстанда табылған.

Палеолит дәуірі мезолитпен орта тас дәуірге 12-15 мың жыл бұрынғы кезеңде ауысты. Ол ауа райының күрт жылуымен сипатталады. Мәңгі мұз шекарасы қазіргідей жағдайға келді. Суық ауа райына бейімделген хайуанаттар жойылды. Сол заманғы еңбек қарулары және аң аулау құралдарына қажеттілік туды. Мезолит кезеніңде адамзат едәуір дәрежелерге жетті. Осы кезеңде садақ пен жебе, бумеранг кең тараған. Бұның өзі құс пен аңдарды алыстан өлтіруге мүмкіндік берді. Садақ пен найзамен аң аулау, жемістер жинау адамдарға орындарын жиі ауыстырмауға жағдай туғызды. Осы кезеңді біз әскер ісінің қайнар көзін - адамзат әрекетінің бір түрі – тіршілік үшін, көрші қауымдастықтармен аумақ үшін күресі деп айта аламыз. Мезолит кезеңде жаңа шарушылық туды – балық аулау.

Мезолит тұрақтары – Жоғарғы Ертіс, Балқаш өңірі, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан. Батыс Алтайдың көркем шатқалдарында, Іле, Талас, Алатау, Жоңғар тауларында, Қаратауда көптеген бейне суреттерге толы тау шоқылары кездеседі. Тобыл маңайында табылған Евгеньевка 1, Дұзбай 6 тұрақтары мезолит кезеңіне жатады. Тас құралдарының 90 % микролиттік (пластиналар) тұрінде өндірілген тас құралдары болып табылады. Микролиттер халцедонолит, алевролит, яшмокварцит тастарынан жасалынған. Петропавл Ертіс маңайында Явленский, Виноградовский микролиттік аудандары топталынған, Тельман микроауданы (Атбасар), Ақмола облысының Селета, Ерментау аудандарында топталынған. Екібастұз аудандарында мезолит комплекстері – тас жасайтын шеберханалар табылған. Осы қазбалар орындарында кремнийден жасалынған пластиналар, домалақ жүмыс шеттері бар қырғыштар, пышақтар т.б. құралдар табылды.

Неолит ( 5 мың жыл – 2 мың жыл біздін заманымызға дейін)

Неолит – біздің заманымызға дейінгі жаңа тас дәуір, тасты өңдеудің жаңа түрлері: қашау, бұрғылаудың енуі - өндірістің мамандандырылуы өндіріске бұрын анықталмаған жаңа еңбек құралдарын; дәнүккіш, балта, тесе әкелді.

Жаңа тас дәуірге қолөнердің тууы да жатады. Адамдар шыбықтардан кәрзеңке тоқуды, өзендерде балық ауларын қоюға, қайық жасауды, сал құруды үйренді.

Қару, аспаптар бұрынғыдан жетілдіріле түсті. Заттардан адамдардың әдемілікке ұмтылғандықтарын көреміз.

Неолит дәуірінде адамның өнер табысы - алғашқы өнер материалдары - отқа төзімді саз балшық пайда бола бастады. Ыдысты балшықты сумен немесе құм, тас, ұсақталған сабан араластырып құйып жасай бастады. Осындай қоспалармен ыдысты қыздырғанда ол жарылмайтын болды. Тұрғын үйлердің қабырғаларын әр түрлі суреттермен өрнектеді. Неолит ескерткіштері Қазақстанның барлық аумақтарында: Орталық Қазақстанда – Бөрібас, Үшбұлақ, Қаратау қаласында Қараүңгір (Шымкент), Солтүстік Оралда – Сексеуіл станциясы, Семей облысында “Ауыл” курортында, Жезқазған өңірінде, Қостанаймен Арқалық аралығында, Ертісте кездеседі. Неолит адамдары аңдарды: қой, ат, иттерді қолға үйретті. Енді ет пен теріні тек аң аулаудан емес, мал өсіруден де алатын болды. Малшылар пайда болды, жүн иіруді, киім тігуді үйренді. Кейіннен сүт алуды, одан ірімшік, сірне жасауды үйренді. Адамдар әр түрлі дәндер жинауды үйренді, оларды жарып оған су қосып ботқа жасауды үйренді. Тастардың арасына салып үгетіп ұн жасады, оған су қосып, қыздырылған тасқа қойып нан пісірді. Дәнді көп қылып дайындап алу мүмкіндігі туды, сөйтіп аң аулау сәтсіз болса да, адам өзін аштықтан сақтау амалын тапты.

Біртіндеп, адамдар жабайы бидай мен арпа дәндеріне алысқа бармай-ақ жинауға болатынын ұқты, олардың дәндері мекендердің маңайында да өсетін.

Сөйтіп, адамдар жерді қопсытып, дәнді отырғызатын болды, сөйтіп біртіндеп егіншілік туды. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысу адам өмірінде зор роль атқарды. Бұл оқиғаның өте мағыналы болғаны соншалық, оны неолит революциясы деп атады.

Өмірдің жаңа түрлері орта ғасырда қалыптаса басталған, бірақ көптеген аумақтарға жаңа тас ғасыр – неолитте кеңінен таралды. Біздің эраға дейінгі ІІІ мың жылдықта ежелгі Қазақстанның тұрғындарында біртіндеп өндіру шаруашылығы қалыптаса бастады. “Неолит революциясы” табиғаттан өзіне қажеттің бәрін енжарлықпен жинақтайтын тас ғасыр адамының жаңадаму сатысын: мал шаруашылығы мен егіншілікті білдіреді.

Бұл кезең оңжылдық емес мыңжылдықты қамтыды. Бұл адамзаттың еңбек ету аумағын кеңітті, оның сипатын сапалы түрде өзгертті. Алғашқы рулық қауымдастық аналық дәуір негізінде ұйымдастырылды.

Алғашқы қауым тұрғындарының қол жеткізген өндірістік күштердің даму деңгейі, біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық басында, өмірге көптеген мәдени, тұрмыстық өзгерістер әкелді: берік отырықшылық, сазбалшық ыдыстар көптеп жасалды, тау кен ісі, тоқымашылық дами бастады. Осы енген жаңашылдықтар сол кездегі қалыптасқан өндірістік шаруашылықтың өзекті бөлегі болып табылады. Бұл жаңалықтар өзінің жемісін, әсіресе, қола дәуірінде берді.

Энеолит – біздің заманға дейінгі IV мың жыл – мысты тас ғасыры – қола дәуірге өтудегі өтпелі кезең. Тас өңдеудің ең жоғарғы техникалық деңгейіне қол жетті. Мыс бұйымдары, құралдары пайда бола бастады.

Оңтүстік Қазақстанда – Қараүңгір, Батыс Қазақстанда – Күлсары (Атырау облысы), Шығыс Қазақтанда – Қызыл су (Белокаменка), Солтүстік Қазақстанда – Пеньки станциясы. Энеолит – Ботай мәдениетімен анықталады. (Ботай – Көкшетау облысы).

Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті.

Қола дәуір – біздің заманға дйін ІІІ-ІІ мыңжыл (XVIII-VIII ғасыр бздің заманға дейінгі). Біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық адам қоғамының дамуының жаңа сапалы сатысымен анықталады. Бұл кезең өндірістік шаруашылықтың толық жеңісі және рулық қатынастардың ыдырауының басы болды. Мәдени және этникалық қатынастарда – Қазақстан аумағында және оған шекаралас жерлерде туыстық тайпалар таралу аймағының қосылу кезеңі болды. Андроново селосы жанынан Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде табылған алғашқы қазбалар орнына байланысты андронов мәдениеті атауына ие болды.

Андронов мәдениетінің зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі»: ерте қола – б.з. дейінгі 18-15 ғ.ғ.(Нұра кезеңі-Орталық Қазақстан; Федеров кезеңі-Солтүстік Қазақстан); орта қола – б.з. дейінгі 15 – 12ғ.ғ., (Алакөл кезеңі-Орталық Қазақстан, Атасу кезеңі-Солтүстік Қазақстан); кейінгі қола – б.з. дейінгі 12 – 8 ғ.ғ. басы (Андронов мәдениеті көшпелі мәдени бірлікпен алмастырылды – Беғазы-Дәндібай мәдениеті-Орталық Қазақстан, Қима мәдениеті-Батыс Қазақстанда қалыптасқан).

Қола дәуірінің бірінші ерекшелігі – алтын және полиметалдарды өндірістік игеру. Қазақстанның орталық, шығыс, солтүстік аудандарында археологтар көптеген ежелгі қазбалар ашты.

Тау-кен өндірісі процесін толық қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қалайы, алтын, мыс өндірудің жалпы белгілерін біз білеміз. Қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың шикізат ретінде мол болуы, қола металлургиясының гүлденуіне жол ашты.

Алғашқы тайпалардың шаруашылығының екінші ерекшелігі, мал шаруашылығындағы ерекше жетістіктері және оны ежелгі өндірістің жетекші саласына айналдыруында болды. Бұл жетістікке қысқа мал азығын дайындау және ет тағамдарымен өздерін толық қамту үшін малды қолда ұстау нәтижесінде қол жетті. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдық және І мыңжылдық басында тіршіліктің жаңа түріне, яғни сапалы мал шаруашылығына көшу жағдайлары қалыптаса бастады.

Қола дәуірінде мал шаруашылығының дамуы – (үй жануарларын өсіру, бағу, аттарды үйрету, малды күзету) – ер адамдардың еңбегін қажет етті, сөйтіп енді қоғамда ер адамның ролі өсті, аталық дәуірдің орнауына әкеп соқты. Матриархаттың орнына патриархат келді.

Енді аңшылық немесе жеміс-жидек жинау емес, ең негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы болды. Онымен ірі оқиға байланысты: еңбекті ең алғашқы қоғамдық бөлу пайда болды, мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар жалпы халықтан бөліне бастады.

Егіншілік те нәтижелі дамыды. Бидай, арпа, тары себілді. Қоланың: көне метталургиясы негізінде, мал шаруашылығы мен теселік егін шаруашылығы негізінде Қазақстан даласында таралу аумағы біздің мемлекетіміздің қазіргі шекарасынан неғұрлым кеңірек қамтылған бірыңғай мәдениет қалыптасты.

Осы мәдениет таралған кеңістік, андронов мәдениеті атауына ие болды және батыста Оңтүстік Оралдан Енисейге дейін, шығыста Шығыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанға, Оңтүстікте Орта Азияның жерлерін қамтыды. Бұл қола дәуіріндегі Еуроазиядағы ең ірі мәдениеттің бірі болды.

Андронов тайпаларының шаруашылығы кешенді сипат (мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы) алды. Бірақ, олар негізінен отырықшылық өмір сүрді және өз қоныстарын дала өзендері жағасында, жайылма шалғындарда орналастырып отырды.

Бұл тайпалар үлкен аталық рулар отбасыларымен өмір сүрді, тұрақтары – жер үйлер, жеркепелер болса және оларға қосымша малға арналған шаруашылық қоралары салынды.

Андроновшылардың салт дәстүр, діни нанымдарында қайтыс болғандар бейнелері өте зор роль алған. Олардың бәрі тірілермен өз байланысын үзбейді деп санаған. Өлгендердің ажалсыздығына сенім, ол жақтағы тіршілікке сенім, жерлеу дәстүрін бір керемет күрделі салт дәстүрге айналдырды. Тас қоршаумен жерлеу құрылыстары салынды. Өлгендерді не жақты, немесе табытта жерледі.

Андроновшылар қалай көрінеді? Олар нәсілдің түрі бойынша бет пішіні ерекше қоңқа мұрын, жалпақ бет, көздері үлкен европеоидтар болды. Олар – сомды денелі, ірі мүсінді адамдар болды.

Ғалымдар болжауы бойынша тіл қатынастарында олар біздің заманға дейінгі ІІІ мың жылдық басында индоеуропа тілі құрамынан бөлініп шыққан, ірі индоиран тобына жатады.

Андронов мәдениітінің шығу тегі туралы әрқилы гипотезалар бар:

Біріншісі – бұл мәдениет Қазақстанның энеолиттік аңшылар мен жинақтаушылар ортасына өндірістік шаруашылық түрлері мен дағдыларын әкелген Орталық Азия жұртының көшу нәтижесі деп жобалайды.

Екіншілері – андроновтықтардың шығу тегін біздің заманға дейінгі ІІІ мың жыл бұрын индоеуропалықтардың өздерінің алғашқы Отаны – Оңтүстік шығыс Еуропа, оңтүстік және батыс бағытта көшуімен байланыстырады.

Үшіншілері – бұл мәдениет біздің заманға дейінгі XVIII ғасырда қазақ даласының солтүстігінде энеолит тайпаларының табиғи дамуының негізінде туды деп болжамдайды.

Біздің заманға дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай ежелгі Қазақстан экономикасы мен қоғамында едәуір өзгерістер байқалады. Андроновтықтар жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Орталық Қазақстанның асқан некропольдары, жоғары сапалы және бай әшекеленген геометриялық өрнектермен оюланған керамика Жезқазған, Зырян аумағының 100-ге тарта қоныстарында табылған.

Біздің заманның XV ғасырына дейінгі кезең, андронов мәдениетінің гүлдену кезеңі, бұл кезеңде көшпелі шаруашылыққа көшу кезеңінің буыны болатын мал шаруашылығының жаңа түрі – жайылымдық түрі туды.

Малшылар көктемде малдың бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе шабындықтарға айдап әкетіп, өздері сол малмен бірге көшіп, тек күзде ғана елді мекендерге оралып отырды. Алыс жайылымдарда жеңіл үйшіктер, киіз үйлер тұрғызатын еді. Тұрақтар маңайында малшылар қазған құдықтар болады.

Өмір кешудің мұндай өзгерістеріне себеп табынның құрамында көбірек қой, жылқы т.б. қардың астынан жайылым теуіп жейтін және ұзақ жолға шыдамды жануарлар болатын.

Ұзақ көштерге шыдамды бейімделген төрт дөңгелекті арбаларға орналастырылған киіз үйлер пайда болды. Бұл дәуірде ежелгі Қазақстанның оңтүстік жұртшылығы түгелдей көшпелі мал шаруашылығына ауыспады (Сырдарияның етегі), олар егіншілікпен айналысты. Осы кезеңде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің өзара байланысы мен қатынасы анықталып, соңғы мыңжылдықтағы Қазақстан тарихына өшпес таңба қалдырды.

Металлдарды, мыс, қола, күміс, алтын, т.б. игеру жаңа дәуірдің белгілерінің бірі болды. Біздің заманның IV мыңжылдық соңында Орта Шығыста мемлекеттер пайда бола бастады. Мұнда алғашқы өмір сипаты аяқталды, бірақ, ол жер шарының көп бөлігінде әлі де жалғасты.

Мал шаруашылығымен және егіншілікпен үнемі шұғылданған адамдар өздеріне қанша азық-түлік қажет болса, сонша дайындауға мүмкіндік алды. Ал артық дайындауларын өздерін басқа қолөнер: ыдыс дайындау, мата тоқу, тас, металл бұйымдар дайындауды үйренуге жұмсады, яғни айырбасқа азық-түлік берді. Дайындаған бұйымдарының бір бөлігін көрші, туысқандарына беріп отырды, ал олар орнына азық-түлікпен алмасты. Сонымен бірге қыстақтарда тәжірибелі: шаруашылық жұмыстарды, салт дәстүрлерді жақсы білетін адамдар да болды. Тұрғындар арасында келіспеушілік туған жағдайда солардың беделіне сүйеніп шешетін болды. Бұл адамдардың беделінен басқа өз шаруашылықтары болды, сондықтан көпшілік үшін жасаған өз кәсіптері үшін ешқандай ақы алмады.

Бірақ қоғам өміріне басшылық ету күннен күнге күрделене түсті. Бұрынғы басшыларға өз шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіндік бермейтін жаңа міндеттер қосылып отырды, сондықтан олар көпшілік өндірген азық-түліктің бір бөлігін алып отыратын болды.

Алғашқыда көшбасшылар сайланбалы болды және оның билігі оның беделінде болды. Бірақ, біртіндеп олардың жақын туыстарынан ақсүйектер қалыптасты. Андроновшыларды жерлеудің өзі қоғамның жіктелуі әлеуметтік топтарға бөлінгені туралы түсінік береді, ол жерлеудің “байлар” мен “қарапайымдар”ға бөлінуінен көрінеді.

Қоғамда қарапайым қауымдастықтармен, яғни өз руын қорғау жолында соғыспен жаугершілікпен, байлық пен даңқ әкелетін әскери ақсүйектер мен жауынгерлер де өмір сүрген.

Андроновтылықтарда қару - соғыс қаруы және табыну заты. Жылқы-ат өлі адам жерлеу рәсімінде, қасиетті орындарда ең басты құрбандық табағы болды.

Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Академик Ә.Марғұлан тауып зерттеген Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәірдің соңғы кезеңі болып табылады.

Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңін сипаттайтын ескерткіштер Орталық Қазақстан өңірінен көп табылды. Олар: Жезқазған ( Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд, Шақпақ т.б.) көне кен орындары; Жезқазған ( Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ 3, Суықбұлақ, Тағыбайбұлақ, Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1,2 және басқа мыс балқыту орталықтары; Бұғылы1,2, Атасу 1, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Қарқаралы 1,2 сияқты аса ірі қоныс, мекендері; аумағы 60-80 га-ға жететін тоғандар, бөгеттер, тоспалар, арықтар мен каналдар т.б. гидротехникалық құрылыстар; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер ( Беғазы, Бұғылы 2, 3, Ақсу-Аюлы 2, Сңғыру 1, Дәндібай, Айбас дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары – менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпартас, түйетас және аютас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы сүреттер ( Бұғылы, Қарасай, Қойшоқы, Сартабан, Қанаттас, Аққойтас, Байқоңыр, Теректі әулие т.б.)

Археологиялық зерттеу материалдары Беғазы-дәндібай мәдениеті қола дәуірірі алғашқы кезеңдерінің тікелей жалғасы екенін дәлелдейді. Олардан қола дәуірі кезеңдерінің өзара байланыстары мен жүйелі хронологиялық дамуы жақсы көрінеді. Демек, Беғазы-дәндібай мәдениеті кола дәуіріндегі мәдениеттерін қарапайым түрінен, күрделі, жетілген сатысына өткен заңды жалғасты деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл тайпалар ішінде нәсілдік өзгеріс болмаса да, тұрмысы мен мәдениетінде ерекше дамығандық аңғарылды. Олар, әсіресе, сәулет-құрылыс өнерінде, керамика жасау, металл өндеу кәсібі салаларында анық байқалады.

Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.

Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген.

Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.

Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалары отырықшы болған. Қоныстары өзен бойлары мен тау аңғарларына салынған. Жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық, теселі егіншілік, металлургия және ұсақ кәсіпшілігі басым, сан-салалары кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп көшпелі малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.

Қола дәуірі қоныстары Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шіндерті, Түндік, Жарлы т.б. өзендері мен олардың салаларының бойына жиі салынған. Кейде өзендерден алыс, суы аз Солтүстік Балқашта, Бетпақдаланың солтүстігінде, Жеэқазған өңірінде де кездеседі. Бұл жерлерде суды құдықтардан, қолдан жасаған су қоймаларынан алған. Мұндай құрылыстар Жезқазған (Милықұдық, Айнакөл, Соркұдық) және Ұлытау қоныстарында ұшырасады.

Тұрғын үй құрылысы, рулық ұйым принципі мен ұжымдық шаруашылық негізіне сәйкес салынды. Патриархалдық бірнеше отбасы ошағы ортақ бір үйде тұрды. Шаруашылыққа арналған құрылыстар да тұрғын жаймен бірге тұрғызылды. Үй жанынан салынған тамбурларда немесе үй ішінде металл балқытып, оны өңдейтін және керамика жасау шеберханалары да болған.

Қола дәірінің соңына қарай үй жер бетіне тастан қаланып салынған (Атасу, Бұғылы 1, 2, Тағыбайбұлақ, Беғазы, Ортау). Жеке-жеке ошақтары бар көп бөлмелі тұрғын үйлер пайда болады ( Ақкезен, Бұғылы 1, 2, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбайболақ, Атасу, Суықбұлақ). Бұл үйлерді салғанда кесенелерді тұрғызу кезіндегі екі түрлі құрылыс әдістері қолданылған. Біріншісі – үйдің қабырғасын аса гранит тастар мен плиталарды жерге екі қатар етіп тігінен көміп тұрғызу. Бұл Беғазы-дәндібай мәдениетінің алғашқы кезеңіне тән еді. Екіншісі - әдейі іріктелген тақта тастардан көлденен қалау арқылы салу. Үй салудың екі әдісінде де қаланған қаптамамен екі арадағы қуыс тастардың ұсақ сынықтарымен толтырылған, лай құйылып, әбден тығыздалған. Төбе ішкі үй тіректеріне сай келетін жалпақ тастармен, пирамидалы-сатылы жақтау түріндегі бөренелермен жабылған. Үй салуда кеңінен қолданылған (Шортандыбұлақ, Суықбұлақ). Жезқазған қонысында қабырғалары саз балшықтан да тұрғызылған үйлердің қалдықтары сақталған.

Жезқазған қонысының тұрғындары үй мен қора-қопсы қалдықтары, бейіт құрылыстары мен көне рудниктер, мыс балқытатын пештер және басқа көптеген ескерткіштер қалдырды.

Мал өсіру, кен өндіру мен металл балқыту сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері қоғамдық өмірде ерлерді жетекше орынға шығарды. Материалдық байлық өндірісі мен қоғамдық саладағы ерлер беделінің басым болуы, патриархалдық – үлкендерге құрмет көрсету, тайпа көсемдерін пір тұту дәстүрін туғызады. Осының негізінде ата-бабаға табыну салты қалыптасты. Ру-тайпа көсемдеріне арнап ғажайып бейіт құрылыстары салынып, биік обалар тұғызылған.

Діни нанымның алғашқы түрі күн мен айға, жұлдыздарға табыну болған. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің зираттарында отқа сиыну белгілері сақталған. Күн мен ай, жұлдыз бейнелері Желтау, Батпақсу қоныстарынан, құрбандық шелған жердегі от орындары, мәйітті қояр алдындағы көр ішін отпен аластау белгілері Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 1, Айбас дарасы қоныстарынан табылған. Тас қабар ішінен күн мен оттың сұрапыл күшін бейнелейтін қызыл охра, ағаш көмірінің ұйіндісі жиі кездеседі (Балақұлболды, Беласар қоныстары). Осындай діни наным белгілері Бұғылы 1, 2, Шылым, Ортау, Балақұлболды қоныстарындағы арнайы табыну орындары мен Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 2, Айбас дарасындағы қорымдар ішінде сақталған. Ертедегі мегалиттік ескерткіштердің біріне менгирлер жатады. Мұндай тәңірге табыну орындары Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Ерте заманда менгирлердің жанында діни салт-жоралғылар өткізілген, ас беріліп, құрбандық шалынған және тәңірге табыну орны белгіленген. Менгирлер басында ертедегі малшылар көктемгі мал төлдетуге, күйек алуға т.б. арналған салттарын, егіншілер егін егу, астық жинау сияқты салт-жоралғыларын жасаған. Менгирлер тігінен көмілген биіктігі 2-6 м мөлшеріндегі төрт қырлы немесе жұмыр тас бағандар түрінде орнатылған. Олар жеке немесе тізбектеліп тұрғызылған.

Тас өндеу кәсібі негізінен неолиттен бастау алады. Адам қоладәуіріне тас өндеу ісіндегі мыңдаған жылдық тәжірибемен келді. Оның үстіне металл құралдардың пайда болуы көне шеберлердің тасты аса жоғары шеберлікпен өңдеуіне жағдай туғызды. Осының нәтижесінде менгирлер, жетілген тас құралдар және тастан тұрпайы қашалған адам мен жануарлар мүсіндері пайда болды.

Орталық Қазақстан тайпаларының басты кәсібінің бірі металл өндеу болғанын мұнан табылған қола заттар айқын аңғартады. Олар: құрал-сайман, қару-жарақ, әшекей бұйымдары. Қола қайла, сүймен, шот, балта сияқты құрал-саймандар, көне металлургтер қоныстарын (Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1, 2, Степняк, Бестөбе т.б.) қазғанда табылды. Қоладан жасалынған жебе ұштары мен сүңгі де ұшырасып отырады. Бұл заттар тұрмыстық қажеттілігімен қатар өнер туындысы ретінде де құнды. Оларды жасаушы ұсталар заттың әсем болуына да назар аударған.

Әшекей бұйымдарын жасауда металл өңдеу өнері жоғары дәрежеге жетті. Әшекей бұйымдар сыртқы пішінінің әдемілігі мен өңдеуінің тиянақтылығы, мүсіндік бейнелілігімен ерекшеленеді. Әдеттегі пуансон, бұдырлау, гофрировка т.б. тәсілдермен көптеген әшекей бұйымдар түрлері дайындалған. Көне зергерлер қола моншақтар мен екі басын құрама бұршақпен әшекейлеген білезіктерді асқан шеберлікпен жасаған. Беғазы-дәндібай мәдениеті кезінде төрт жапырақты розетка түріндегі жапсырма әшекейлер пайда болды. Төрт жапырақты розеткалардың әр қилы түрлері ертедегі көшпелілердің өрнектері мен металл бұйымдарын әшекейлеу ісінде кең тараған. Кейіннен төрт жапырақты композиция қыпшақтардың, онан соң қазақтар мен қырғыздардың өрнектеу өнерінің басты белгісіне айналды.

Зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар – білезік ( Айбас дарасы қонысы ) , сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы). Алтын мен қоладан жасалынған құралдардың , әшекей бұйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығанын көрсетеді. Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған. Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі – керамика. Жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналады. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңінің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленеді. Керамикалық ыдыстар екі түрлі тәсілмен жасалған. Түбі жалпақ ыдыстарды, алдымен түбін жасап, одан жоғары қарай таспа тәрізді саз балшықпен дөңгелете көтерген. Шар және жұқа ыдыстарды ішінен ойып, қабырғасын сығымдап, қысып шығарған. Керамиканы құм толтырылған кенеп дорбамен қалыптау – Орталық Қазақстан тұрғындарына ғана тән шеберлік. Керамикалық ыдыстар пайдаланылуына қарай ас ішетін және тамақ дайындайтын болып екіге бөлінген. Ас дайындайтын ыдыстардың қабырғасы қалың, дөрекі жасалынған, ұқыпсыз өрнектелген немесе әшекейленбеген. Қабырғасы жұқа ас ішетін ыдыстар сан түрлі – тостаған, кесе, құмыра т.б. Беғазы-дәндібай кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен өрнектері негізінен бірдей. Құмыралар тік мойынды , шар тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келеді. Бұл белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және соңғы кезең керамикаларында басым кездеседі. Олар өзіндік қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналады.

Қорыта келе, Беғазы-дәндібай мәдениетінің Оңтүстік Сібірдегі Карасук мәдениетінен бөлек, өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне тигізетін зор ықпалын айқын аңғартады.

Қазақстан тарихының көптеген жүз мың жылдыққа созылған алғашқы кезеңінің қысқаша мазмұны осындай. Алғашқыда жартылай адам, жартылай аң тастан ең қарапайым құралдар жасайтын. Ал соңында біз тәрізді адамдар, аң аулау, мал өсіруді, егін егуді, үй салуды, әр түрлі бұйымдар жасауды, қоладан құралдар жасауды меңгерген.

Адамның хайуандық жағдайдан алғашқы мемлекеттер құрылуына алғышарттар туындауына және қазақстан аумағында өркениет белгілері пайда болған уақытқа дейінгі адамның қол жеткізген жетістіктерін шексіз атай беруге болады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: патриархат, тебіндеп жайылу, құз обалар.

2 дәріске арналған тексеру тесті

1. Қай жылдары I Дарий сақтарға қарсы жорыққа аттанған?

A) Б.з.б. 500 – 499 ж.ж.

B) Б.з. 512 – 513 ж.ж.

C) Б.з.б. 518 – 517 ж.ж.

D) Б.з. 518 – 519 ж.ж.

E) Б.з.б. 519 – 518 ж.ж. 2. Алтын Орда мемлекетінде беклербек қандай салаға басшылық жасады? A) Шаруашылық. B) Салық жинау. C) Әскери іс. D) Сауда. E) Діни істер. 3. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кетті… A) АҚ Ордадан. B) Моғолстаннан. C) Ноғай Ордасынан. D) «Кµшпелі µзбек» мемлекетінен. E) Сібір хандығынан. 4. 1916 жылғы көтеріліс жайлы жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» еңбегінің авторы: A) Сәкен Сейфуллин. B) Әлихан Бөкейханов. C) Мұхтар Әуезов. D) Сәбит Мұқанов. E) Ахмет Байтұрсынұлы. 5. ҚазАКСР-ның құрылған жылы: A) 1923. B) 1920. C) 1922. D) 1919. E) 1921. 6. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған кейінгі палеолитке тән тұрақ: A) Тұщысай. B) Ащысай. C) Батпақ. D) Қоянды. E) Қарабас. 7. Андроновтықтар жерді қандай еңбек құралдың көмегімен өңдеді? A) Темір соқа. B) Күрек. C) Тас тесе. D) Кетпен. E) Тырнауыш. 8. Қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы: A) Адай. B) Найман. C) Дулат. D) Қаңлы. E) Үйсін. 9. Ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолы: A) Нефриттік жол. B) Лазуриттік жол. C) Ұлы Жібек жолы. D) Варягтан Грецияға дейінгі жол. E) Дала жолы. 10. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХІV ғ.ғ. халық ауыз әдебиеті мен әдебиет қай тілде дамыды? A) Өзбек тілінде. B) Ноғай тілінде. C) Қазақ тілінде. D) Ұйғыр тілінде. E) Қыпшақ тілінде.