Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История Казахстана Юриспруденция на каз.яз..doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

1917 Ж. Қазан төнкерісі және кеңес билігінің орнатылуы.

1917ж. 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертен әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады.

Қазан қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және Орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелесе ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда Қазақстанда кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917ж. аяғынан 1918ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс – өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары, және ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне – бейбітшілік, ал шаруаларға – жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.

Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері деп аталатындардың табанды қарсыласуымен, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) орталық аудандардан қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен қиыншылықты жағдай одан бетер күшейе түсті.

Сырдария, Ақмола облысының және Бөкей Ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер шешуші бас мықты болғандықтан да Уақытша үкіметтің жақтаушылары оларға қарулы қарсылық көрсете алмады, сөйтіп кеңес өкіметі бейбіт жолмен-жұмысшылар мен кедей шаруалардың Кеңестерде мықты көпшілікке ие бола алуы жолымен жеңіп шықты.

Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында істің барысы басқаша өрбіді. Көптеген жерлерде, соның ішінде облысорталықтары мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондардың большевикшіл солдаттарының күштерімен қарулы көтерілістер жасап, Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының және олардың одақтастарының қарсыласушы күштерін басып-жаншу жолымен орнатылды.

1917ж. қазан айының соңынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен Қазақстанның басқа да ірі елді мекендерінде орнап бітті. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату процесі. Азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Т.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ә.Майкөтов, И.Дубинин, К.А.Шугаев, Я.В.Ушанов, С.М.Цвиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.М.Виноградов, Т.Бокин, Л.П.Емелов, Т.Өтепов, А.Розыбакиев және басқалар неғұрлым белсенді қатысты.

1917-1918 Жж. «Алаш» және «Үш жүз » партиялары.

“Үш жүз” партиясының большевиктер басқарған совет өкіметімен қарым-қатынасы басқаша қалыптасты. “Үш жүз” партиясының басшысы Көлбай Тоғысов пен оның серіктерінің саясикөзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгереді. Әуелгі кезде үшжүзшілер социалды-революцияшылдар партиясымен одақтасу линиясын қолдаса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап, совет өкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ үшжүзшілер большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде олардың одақтасына айналады. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Алаш Орда үкіметі бірнеше ай ішінде (1917 желтоқсан мен 1918 ж. науырызы) қазақтардың бейтараптығы мен жер-жердегі большевиктер басқарған Советтердің әлсіздігін пайдаланып, облыстарда әкімшіліктер құруға, милиция отряттарын ұйымдастыруға кіріседі. Бірақта көп ұзамай басталып кеткен азамат соғысы Қазақстанда жаңа әскери-саяси жағдай туғызады жа, соның салдарынын күресуші күштердің ара жігі ашылып, текетірес асқынып сала барады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Азамат соғысы, «қызыл террор», «ақ террор», «әскери коммунизм саясаты», ұлтшылдық, жалпы еңбек міндеттілігі, мемлекеттілік. Кеңестер, Уақытша үкімет, қазақ комиттері, «Алаш», «Үш-жуз» партиясы, автономия, «Алаш-Орда», «Қоқан автономиясы».

14 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағыжұмысшы саны?

  1. 78 мың

  2. 120 мың

  3. 150 мың

  4. 200 мың

  5. 238 мың

2. Қазақстан Ресейге толық қосылып біткеннен кейін қазақ өлкесінде қай елдің тауарлары басым болды?

  1. Қытай

  2. Ресей

  3. Орта Азия

  4. Батыс Еуропа

  5. Жергілікті

3. ХХ ғ. басындағы Қазақстан қалаларының негізінен майда қалалар болып қалыптасуы неде?

  1. қала халқы тұрақты болмады

  2. халықтың ауыл шаруашылығына жақындығы

  3. майда кәсіпорындар көп болды

  4. отарлық саясатқа ыңғайлы еді

  5. инфрақұрылым жетілмеді

4. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі?

  1. 1916 ж. 25 июньдегі патша жарлығы

  2. орталық қанаудың күшеюі

  3. патша шенеуніктерінің зомбылығы

  4. жергілікті әкімдердің озбырлығы

  5. осылардың барлығы

5. Азамат соғысы жылдарындағы негізгі саяси-экономикалық саясат?

  1. национализациялау

  2. жаңа экономикалық саясат

  3. шаруашылық есепке көшу

  4. азық-түлік салығы

  5. соғыс коммунизмі саясаты

6. Майда кәсіпорындарды национализациялау қандай саясаттың кезінде іске асты?

  1. жаңа экономикалық саясат

  2. бірінші дүниежүзілік соғыс

  3. соғыс коммунизмі

  4. индустрияландыру

  5. Ұлы Отан соғысы

7. 1919 жылы Азамат соғысының қиыншылықтарына қарамай, Кеңес өкіметі Қазақстанда Александров Гай – Ембі темір жолын салуға шешім қабылдауына не себеп болды?

  1. Қазақстандағы майдандарға қару-жарақты тез жеткізу

  2. Орта Азия мен Қазақстаннан орталыққа қатынасты жылдамдату

  3. Орал-Ембі мұнайын тасу

  4. Батыс Қазақстанның экономикасын көтеру

  5. мұнай өңдейтін зауыт салу

8. Азамат соғысы жылдарында тауарды бөлуді қатаң орталықтандырылған жағдайында сауда не болды?

  1. әрі қарай дамыды

  2. жойылды

  3. социалистік қоғамда тауарларға қажеттік болмады

  4. тауар өндірілмеді

  5. сатуда тек тұтыну тауарлары ғана болды

9. 1932 ж. ВСНХ қайта құрылған кезде өнеркәсіпті басқарудың қандай жүйесі құрылды?

  1. Халық шаруашылық кеңестері

  2. территориялық-өнеркәсіптік кешен

  3. Ғылыми-өндірістік бірлестіктер

  4. Министрлік

  5. Халық комиссариаты

10. Орталық Азия мен Қазақстанда ұлттық-мемлекеттік межелеу не үшін жүргізілді?

  1. халық санағын жүргізу

  2. жаңа республикалар құру

  3. әрбір ұлттың тарихи территориясын қалпына келтіру

  4. қазба байлықтарды анықтау

  5. соғысқа дайындықты бастау

11. Артель дегеніміз не?

  1. кооперацияның қарапайым түрі

  2. мәдени шара

  3. кәсіптік-техникалық оқу орны

  4. әскерге алғашқы дайындық

  5. көшпелі жөндеу шаберханасы

15 дәріс. Қазақстандағы ЖЭС және индустриандыру.

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан индустриализация және ЖЭС жылдарында. Қазақстанның өнеркәсібінің қалыптасуы процессін көрсету. КСРО шикізат бөлігіне айналуын көрсету. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму барысындағы тоталитарлық режим жүйесінің орнауының алғышарттарын анықтау.

Жоспар:

1. Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның қорытындылары. Жер-су реформасы.

2. Қазақстан және Орталық Азияның ұлттық-аумақтық межеленуі.

3. Қазақстандағы индустриаландырудың қалыптасуы.Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның нәтижелері. Жер-су реформасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1993.

  2. Бурханов К.Н., Абылхожин Ж.Б., СултановТ.И., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. А.1999.

  3. М. Шоқай Кеңестер билігіндегі Түркістан. А., 1993.

Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның нәтижелері. Жер-су реформасы.

Советтік қоғамтану ғылымы НЭП – жаңа экономикалық саясат кезеңін ұзақ жылдар бойы социализм идеялдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде, тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-атла ретінде түсіндіріп келді. Жаңа экологиялық саясат тұтас алғанда “Социалистік таңдау” идеясы бағытын сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының әкімшілік-әміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндырақ жолы болатын.

Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік экономикалық және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды. Революциялық романтикамен бұдан былайда әуестене берудің, коммунистік өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің аяғы шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл елдің халық шаруашылығы, ионың ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың ойранды кесапатын басынан өткерді.

Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалады. Мысалы,егістік көлемі 1914 ж.3,6 млн. Деседен (десятина) 1922 ж. 1,6 млн десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж.әр деседен түсетін38,7 пұттан 1921 ж. 18,7 пұтқа дейін азайды. Осы кезенде астықтың жалпы өнімі 3 еседен аса кеміп кетті. Шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланады (кейінірек оны 10 күнге ұзартты).

Науқанның қорытындысы туралы құжаттарға сүйенсек, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619 тұрған округінен тыс жерге айдалды. Олардан ірі шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.

Алайда жарияланған статистикалық материалдарды талдағанда тәркіленіп алынып «тең» бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қарағанда, жарлы-жақыбайдың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді.

Шаруашылықтардың едәуір бөлігінде шаруаны жүргізуде қажетті мал саны тіпті ең төменгі мөлшердің өзіне жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік халін жақсарту үмітінен айрылды, «ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды», қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шын мәнінде бұрынғыша қауымның кіріптар болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Кезінде Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осынау жайтқа аударған болатын.

Тәркілеу тек қана оң іс деп танылды, өйткені қаулыда мәлімдегендей-ақ, ол ауылды «қансорғыш қанаушылардан» азат ету мақсатын көздеді.

Алайда, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300-400 қаралы қойы бар, ортан қолды дәулетті кісілерді де қырына алып, қиғылық салды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге мұнша мал ғажайып байлық көрінді, оны дереу тәркіге салып, қолма-қол жарлы жақыбайларға берілуді керек деп жобалады.

Міне осындай «ауыл байларын» ауыздықтап, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, шіріген байлар малын тартып алып , біркезде өздеріне сауынға берген келесі бір қауымдарда енді тәркіге тағы түсіп, азып-тозып кетті. Бәрінің ақыры бірдей болды.

Күштеу саясатын тынымсыз жүргізудің бір мысалы мемлекеттің 20-шы жж. аяқ кезінде елді индустрияландыруға қаржы іздеп, алым-салық тәртібін күрт қатайтып жіберген зымияндық шараларынан көрінді. Қазақстанның ауылы мен селоларына салық нәубеті төнді. Өзара салық деген алым енгізілді.

Алым-салық нормасының күрт өсіп кетуінің зардабына шыдамай, шаруашылықтардың едәуір бөлігі, сол жылдардың тілімен айтсақ, «өз бетімен тәркіленеді» яғни шаруаға кәсібінен безіп, қалараға кетті де, табыс көзі мен жұмыс түрін өзгертті.

Ал, мал өсіретін шаруашылықтарға келсек, олар күш көрсету мен алым-салықтың ауырлығын көтере алмай, көбі шет елге ауып кетті. Бұл арадағы гәп «байлардың тіміскі» әрекетінде ғана емес, әрине, бұл да болған шығар – дәстүрлі құрылымның (аса күрделі ұдайы өндірістік, институционалдық, әлеуметтік-мәдени, патриархалды-рулық байланыстары) ерекшелігі аса ірі шаруашылық соңынан тұтас қауымды кетіп қалуға мәжбүр етті. Бірақ солкезендегі жаппай көшіп кетудің басты себебі: мемлекеттің, халықтың күнкөрісін қамтамасыз етіп тұрған жүйені бұзған еріксіз-күштеу саясаты болатын.

Сөйтіп Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың қайшылығы мол болып, «ұлы бетбұрыспен» (осылай есептеліп кеткенді) емес, 20 жж. екінші жартысының аяғында аса ауыр қайғы-қасыретпен аяқталды. Тап сол уақытта экономикалық саясаттың көптеген келелі идеялары тұмшаланып тасталды, бұл болашақ трагедияның – этникалық-экологиялық апаттың алғышарттарын туғыза бастады.

Малшарушылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғында дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы – 2 млн-ға, уақ мал (қой, ешкі) 6,5 млн-дай, түйе – 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10,8 млн басқа кемиді.

Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921-1922 жж. Орынбор губернәсінде 445 м. Адам, Қостанай гүбернәсінде – 225м., Оралда – 400 мың, Актөбеде – 360 мың., Бөкей гүбернәсінде – 100 мың адам аштық азабын тартты.

Қазақстан мен Орталық Азияның ұлттық-аумақтың межеленуі.

1921ж. Батыс, Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде жер межеленіп бөлуі өткізілген. Орта Азия Казақстан жерлерін ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуіне үлкен дайындалық жұмысы жүргізілгін. 1924ж. 27 қазанда Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің сессиясында үкімет шешімі шығарылды. Шешім бойынша Өзбек КСР, оның құрамында Тәжік АКСР,Түрікмен КСР, Кара-Қырғыз автономиялық облысы РКФСР құрамында, қазақ АКСР оның құрамында Қарақалпақ автономиялық облысы қалыптасты. Ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуінің нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақ-Мешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие-Ата уезінің көбісі, Ташкент, Мырзашүлт уездері Сырдария облысының; 6 көшпелі болысы Самарканд облысының Джизак уездері берілді. Семей облысында: Алматы, Жаркент, Лепсинск, Қапал уездері Пишлек уезінің Георгиевск, Шу, Қара-Күнус болыстары. ҚАКСР территориясы 700мың км2 кеңейді, яғни 2,7 млн км2, тұрғындар саны 1468 мың адамға өсті, жалпы адам саны – 5 230 мың. 1926ж. халық санағы бойынша қазақтар саны 61,3 % барлық тұрғындардан болған 1925 Республика астанасы Ақ-Мешіт болып табылады, Қызыл-Орда атауына ие болған. 1925ж. Республикаға нақты атауы қайтып берілді – Қазақ республикасы.

1928ж. Қазақстанның губернияларға, уездерге, болыстарға бөлінуі жойылды, округтарға және аудандарға бөлінуі кіргізілді.

1919ж. 10 шілдесінде РКФСР халық комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) құрылды.

Оның бірінші құрамына С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С. Мендешев, Б.Қаратаев кіреді. Казревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды. Казревком қызметінің әскери – азаматтық сипатын азаматтық соғыс анықтап берді. Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті-қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Казревком әрекет қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни “Соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты Казревком 1919ж. шілдесінен 1920ж. қазаннын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істейді. Өзі пайда болған күннен бастап, казревком қазақ халқының Кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі қыруар көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.

1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).

1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан территориясы 2,8 млн. км2 дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.

Кеңес ұлттық-мемлекеттік құрылысы 1936ж. желтоқсанында аяқталды.СССР Конституция бойынша Қазақстан АССР кеңестік республикасына өзгертілінген. Бірақ Қазақстан сол қалпы құқықсыз, қатан түрде орталыққа бағынған СССР құрамындағы республика болып қалған.

Қазақстандағы индустрияландыру: кезеңдері, орындалуының ерекшеліктері.

Бірінші дүние жүзілік және азамат соғыстарының қиратып-тонаушылық зардаптарын шеккен Қазақстанның мешеу қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсіп дамыған аудандарына қарағанда одан да ауыр жағдайда еді. Соғыстан әсіресе өнеркәсіп пен транспорт ерекше зардап шекті.

Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортындағы елдің елдің жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайында басталған қалпына келтіру жұмыстары шаруашылқтың бүтіндей күйреу жағдайынан ғана емес, сонымен бірге көп мал қырылған 1920-1921 жж. жұттың, сондай-ақ республиканы ашаршылыққа ұшыратқан 1921 ж. егіннің шықпай қалу салдарынан да күшті қиыншылықтарға кездесті.

Түсті металлургия кәсіпорындарының 60 проц. Астамы ғана жұмыс істеді.

Сөйтіп Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортын қалпына келтіру елдің индустрияландыру дәуіріне өту жағдайында аяқталды. Бұл уақытқа шейін 1917 ж. қазаннан кейін мемлекет меншігіне алынған жеке меншік кәсіпорындардың негізінде пайда болған өнеркәсіптегі социалистік сектор нығайып, дами бастады, оның Қазақстанның бүкіл өнеркәсібіндегі үлесі 64 проц., ал ірі өнеркәсіпте 97,2 проц. Жетті. Теміржолдардың, сондай-ақ су жолдары, олардың жылжымалы құралдары, пристандары және т.б. да мемлекеттің меншігінде болды. Қазақстанда ЖЭС-тың жағдайында жекеменшік сектор мен сауда бостандығына жол берілді, сондықтан басқа экономикалық укладтар айтарлықтай дамыған жоқ.

ЖЭС-тің жағдайында өнеркәсіпті басқару жетілдірілді, БХШС-ның өнеркәсіп бюросы республикалық ОХШС болып қайта құрылды кәсіпорындар бағыныштылығы жағынан одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губернелік (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындардың негізінде шаруашылық есеп негізінде бірлестіктер құрылды, олар кеңестік трестер деп аталды. Орал – Ембі мұнай тресі, Алтайполиметалл тресі, Атбасар түсті металл тресі, Алтынруда тресі одақтық және ресейлік сипаттағы кәсіпорындар болып шықты, Екібастұз бен Риддердің кәсіпорындарын РКФСР БХШС-ның мандаты бойынша Қазақстан ОХШС басқарды. Республика ОХШС-ның тікелей басқаруында: Елек тұз тресі, Павлодар тұз тресі, Оңтүстік алтын, Ақжал алтын трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі болды. Қазақстанның біршама ірі кәсіпорындары, әсіресе өнеркәсіптің кен шығару салалары (мұнай, түсті металл және т.б.) жылдан жылға Орталықтың қарамағына өткізіле берді, олардың өнімдері КСР Одағының индустриялық жағынан дамыған аудандарына тасылып әкетіліп жатты. Қазақстан экономикасының шикізат бағыты барған сайын айқындала түсті.

БК (б) Партияның ХIV съезі 1925ж. желтоқсанда белгілеген елді социалистік индустияландыру бағытын жүзеге асыру Қазақстанда бір сыпыра елеулі қиыншылықтарға кездесті. Олардың ең бастысы республиканың әлеуметтік – экономикалық мешеулігі еді, осындай жағдайда қазақ халқы коммунистік партия мен кеңес үкіметінің пайымдауы бойынша, дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден феодализмнен социализмге аттап өтуге тиіс болды. Халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіпті қалпына келтіру ұзаққа созылды. 1926 ж. басына дейін республика өнеркәсібі 1913 ж. дәреженің 61 проц., ауыл шаруашылығы 82,9 проц. жетті. Т ранспортта 9,6, ал басқа салаларда, бұған уақытша және маусымдық жұмысшыларды қосқанда 41 проц. болды.

1933 ж. жұмысшы тобы халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің құрамында 23,8 проц. болды, 1926 ж. ол 10,7 проц. болатын, сөйтіп жұмысшы табы колхозшы шаруалармен қосқанда жаңа қоғамның ірі табына айналды. Жаңа таптың өзегі өнеркәсіп жұмысшылары (115,5 мың адамнан астам) болды. Республика жұмысшыларының төрттен үш бөлігі оған социалистік индустрияландыру жылдарында қосылды. Бұлар кешегі қазақ шаруалары – кедейлер, қол өнершілер, майдангерлер және басқа еңбекшілер, сондай-ақ Қазақстанға жалданып келген жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы немесе өз бетімен елдің басқа өңірлерінен келген жұмысшылар мен шаруалар болатын. Қазақ жұмысшы кадрларын даярлауда елеулі табыстарға қол жетті.

Жергілікті халықты еңбектің индустриялық саласына тарту үшін оларды жұмысқа қабылдау тәртібі оңайлатылды: олар кәсіподақ мүшелеріне теңестіріліп, бірінші кезекте қабылданды. Жұмысқа қабылдау еңбек биржалары мен олардың пункттерінде ғана емес, сонымен бірге тікелей ауылдарда жүргізілді. Қазақстанда жұмысшы табының ұлт кадрларын жасақтаудағы табысқа байырғы орыс жұмысшыларының, республикаға Ресей федерациясы мен Украинадан келген жұмысшы табының озық өкілдерінің қызметі көмектесті.

Жергілікті халықтан маман жұмысшылар даярлаудың бір өтімді жолы ірі және жоғары дамыған орталықтардың ұқсас кәсіпорындарына үйренуге және іссапарға жіберу болып табылды.

Мамандыққа оқытудың мұндай жолы өнеркәсіпті жұмысшы өңірлеріне тән еді. Шығыс халықтарының ондаған мың өкілдері индустриялық өндірістің күрделі мамандықтарын меңгеріп шықты, мұның өзі 30 жж. ортасында-ақ Орта Азия республикалары менҚазақстанда кеңес жұмысшы табының ұлт кадрларының ірі тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30 проц. түпкілікті және көшіп келген халықтан шыққан кешегі шаруалар еді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар қатары негізінен ұсақ буржуазиялық топтардан толықты. Осыған байланысты өлке жұмысшы табының «шаруалану» процесі жүрді.

Орта Азия мен Қазақстан жұмысшы табының ұлттық кадрларын даярлауда елеулі проблемалар бар еді. Түпкілікті ұлттардан шыққан жұмысшылар әлі де қалыптасу процесінде болатын. Қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік жұмысшыларының үлесі, жалпы саны жылдан жылға өсе берді, бірақ олардың негізгі көпшілігі мамандығы жоқ немесе мамандығы аз жұмысшылар болды.

Қазақстан жұмысшы табының маман және жоғары маман бөлігі арасында, тіпті бүгінгі күні де еңбектің тартымды салаларында ұлттық кадрлардың үлес саны әлі де төмен болғанмен мұнын Ұлы Отан соғысының алдында үлкен қиыншылықтармен қол жеткізілген бастапқы шептеріне объективті көз жіберу қажет.

Жаңа тапты қалыптастырудағы барлық қиындықтар мен проблемаларға қарамай, ол қалыптасу барысында өзінің мәдени-техникалық дәрежесіндегі, қоғамдық санасындағы кемшіліктерді жойды. Жұмысшылар қысқа мерзімнің ішінде әлеуметтік белсенділігін қауырт арттырып, республиканың индустриялық дамуына үлкен үлес қосты.

Республиканың индустриялық даму барысында қалыптасқан жұмысшы табының жаңа қоғамқұрудағы шешуші рөлі жалпы алғанда оның сол жылдардың мейлінше қиын да күрделі жағдайындағы ерен еңбегінен көрінді.

Қазақстан жұмысшы табының қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігі республиканың индустриялық дамуын, өтпелі дәуірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістерін ойдағыдай қамтамасыз етуде шешуші роль атқарды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Жаңа экономикалық саясат, продналог, концессии, жер-су реформасы, ұлт-аумақтық межелеу, индустриализация.

15 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. 1867-68жж. "Ереженің" ең негізгі түйінді жері. A) Округтардың жойылуы B) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі. C) Түркістан генерал -губернаторлығын құрылуы. D) Әскери соттардың құрылуы E) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы

2. Шоқан Уалиханов қашан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды. A) 1856 жылы. B) 1854 жылы. C) 1848 жылы. D) 1857 жылы. E) 1853 жылы. 3. ''Қалқаман-Мамыр'' поэмасының авторы: A) Ш.Құдайбердіұлы. B) А.Байтұрсынұлы. C) Ә.Бөкейханов. D) С.Сейфуллин. E) М.Шоқай. 4. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың әлеуметтік базасын атаңыз. A) Қолөнершілер. B) Шаруалар. C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс. D) Зиялылар. E) Жұмысшылар. 5. 1917 ж. шілдеде Верныйда A) Ж.Алдоңғаров. B) Р.Марсенов. C) Ж.Аубаев. D) Ж.Бабаев. E) М.Айтпенов. 6. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады? A) Верный B) Петропавл C) Ақтөбе D) Семей E) Қостанай 7. Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат: A) Құрылтай съезінің резолюциясы. B) "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет. C) Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы заң. D) КСРО Конституциясы. E) Қазақ АКСР-нің Конституциясы. 8. 1921ж. еңбекшілердің жағдайын жақсарту үшін Түркістан ХКК-і декрет қабылдады: A) Асханалардағы түскі ас ақысын төмендету. B) Жанар-жағар май бағасын төмендету. C) Сауда-саттық және отынды халыққа тегін жіберу. D) Коммуналды қызметтер ақысын төмендету. E) Сауда-саттық бағасын төмендету. 9. 1930-32 ж.ж. еліміздегі жағдай: A) Қаржы дағдарысы. B) Ашаршылық. C) Саяси дағдарыс. D) Экономикалық дағдарыс. E) Діни негіздегі қарама-қайшылық. 10. 1931 жылы Қарағанды облысының аумағында Осакаров ауданында шамамен болған қоныс-обсервация саны: A) 25 B) 35 C) 20 D) 30 E) 40 11. Алматыда медицина институты қашан ашылды? A) 1930 ж. B) 1928 ж. C) 1931 ж. D) 1929 ж. E) 1932 ж.

16 дәріс. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы репрессия, ауыл шаруашылығынг ұжымдастыру және Қазақстандағы мәдени құрылыс

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстандағы ұжымдастыру процессінің салдарларын, нәтижелерін анықтау. Ұжымдастыру құрбандықтар санының нақты білу мәселелері.