Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История Казахстана Юриспруденция на каз.яз..doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың іі жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.

60-90жж. реформамен жалпы империялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды.

Жаңа әкімшілік бөлініс жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Осының бәрі 1868ж. Торғай мен Орал Облыстары қазақтарының көтеріліс жасауына түрткі болды, Отаршылдыққа қарсы сыйпаты айқын көрінді.

Ірі ру басылары жетекшілік еткен қазақтар үкіметтік комиссияларды шетқақпайлады, патша отрядтарына қарулы қарсылық көрсетті. Билердің, сұлтандардың, болыс басқарушыларының, ағамандардың ауылдарына шапқыншылық жасалды.

Маңғыстау жарты аралығындағы шаруалар көтерілісі де 1869ж. Орал мен Торғай облыстарында уақытша ереженің енгізілуіне байланысты болды. Ереженің енгізілуінен адайлықтардың жер мәселесі бұрынғыдан да қиындай түсті. Салық жинаудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты ашу кернеу олардың Ережені іске асыруға қарсылығын күшейтті. Көтерілісшілер Александровск фортымен Николаевск станциясына шабуылдар жасады. Көтерілісшілер саны 10 мың адамға жетті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ каместтігіне жүктелді. Патша әскерлері Маңқыстауды үш айда көтерісшілерден арылтты.

1870ж наурызда Маңғышлақта көтеріліс басталды. Оған себеп, Маңғышлақ приставы подполковник Рукиннің әскер арқылы қазақ Адай тайпаларын “Уақытша тәртіпті” қабылдауға мәжбүрлеу және оларға дәстүрлі жазғы жайылымдарын пайдалануға тыйым салу. Көтерілісті Досан Тажиев және Иса Тленбаев бастады. 1870ж 15 наурызда Пристав Рукин отряды құрып шатқалында, адайларға қарсы жайлауға көшірмеу үшін ұрыс ашты. 22.03.1870ж. бүлікшілер отрядты қоршап, талқандады, жараланған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұдан кейін көтерілісшілерді балықшылар қостап, олардың қатарына қосылды, бәрі 10 мың адам болды. 5.04.1870ж. Николаев станциясымен Александров Ферпостын шабуылдап. Нижнее бекінісін талқандады. Жаулап алған қайықтардан өзіндік плотилия құрды. 9.04.1870ж. Кавказдан үлкен отряд Кутаисов басқарған әскер келді. Мамыр айында тағы жаңа күш Кавказдан келді, Дағыстан полкінің төрт ротасы, сөйтіп Маңғышлақты алды. И.Тленбаев, Д.Тажиев 1870ж Хиваға кетті. Адайларға 90 мың қой контрибуция салынды.

Сөйтіп, біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір – отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес ХҮІІІ ғас. 80 жылдарынан ХІХ ғасыр бойы жалғасып, ХХ ғасырда Қазақстанда кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

Сөйтіп біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір-отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт-азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес XVIIIғ. 80ж-нан XIXғ. бойы жалғасып, XX ғасырда Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

11 дәріске арналған тест тапсырмасы

1.IХ-ХIII ғ.ғ. қалаларды арабтардың жаулап алуын неден байқаймыз?

  1. қалаларда арабтардың көп болуы

  2. араб тауарларының көптігі

  3. діни кітаптар көбейді

  4. мешіттер салынды

  5. мәдениет орындары ашылды

2. IХ-ХIII ғ.ғ. натуралдік айырбасты қандай қатынастар ығыстыра бастады?

  1. жеке сауда

  2. көтерме сауда

  3. шетелдік сауда

  4. өнеркәсіптік сауда

  5. тауар-ақша айналымы

3. Шад-түтік дегеніміз не?

1. су жүйелерін реттеуші адам

2. әскери бөлімнің басқарушысы

3. қимақ тайпаларының басшысы

4. керуен басы

5. цирк ойыншысы

4.Қазақстан тарихының аса бір қиын кезінде, Жоңғар шапқыншылығы уақытында «қайың сауған» деген сөз пайда болды. Оны қалай түсінесіз?

  1. ағаштан түрлі жихаздар жасау

  2. аралас орман аудандарындағы жайылымдарды пайдалану

  3. ағаштан жасалған үлкен ғимараттар

  4. ашаршылықта қайыңның сөлін ішу

  5. қайық жасау

5. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде қазақ даласындағы негізгі өмірді қалай суреттейді?

1. шалқыған байлық, керемет өмір

2. зәулім сарайлар, ғимараттар

3. өте қымбат бағалы, әшекейлі киім киюге құмарлық

4. еріншектік басқан жалқаулар елі

5. негізгі байлығын жылқы деп есептейді

6. Пақыр (факир) дегеніміз кімдер?

1. қоғамның ең кедей адамдары, зекет салығынан босатылғандар

2. діни ұйымның мүшелерә

3. егіншілер қауымы

4. керуен сарайындағы қызметшілер

5. хан ордасындағы жұмысшылар

7. Кяриздік суландырудың егіншілікте алатын орны қандай?

1. егіншілікте негізгі орын алды

2. үлесі өте аз болды

3. өте сирек қолданылды

4. тіптен қолданылмады

5. деректер жеткіліксіз

8. Қазақтың қай ханы өзін «қазақ пен қалмақтың» ханымын деп жариялады?

1. Тәуекел

2. Тәуке

3. Абылай

4. Есім

5. Жәңгір

9. Төлеңгіттер негізінен қандай қызмет атқарды?

1. елшілік қызметке жұмсалды

2. тек қолөнермен айналысты

3. алыс елдермен сауда жасады

4. кіре тасыды

5. сұлтандардың қызметін атқарды

10. ХVI-ХVIII ғ.ғ. Қазақстандағы жерге феодалдық меншіктің ерекшелігі неде?

1. жердің мемлекет қарамағында болуы

2. қауымдық-рулық меншік нысанында болуы

3. жерге белгілі бір иелік болмады

4. тайпалық меншік

5. тайпалық одақтар

11. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелістің ең жоғарғы сатысында кімдер тұрды?

1. билер мен байлар

2. дін нелері

3. негізгі халық

4. шетел адамдары

5. сұлтандар

12 дәріс. XIX ғасырдың екінші жартысындағы