Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

10.«Статистика» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Статистика пәні неге қоғамдық ғылымға жатады?

  2. Статистикалық әдістемелер мен зерттеу сатыларын түсіндіріңдер.Статистикалық жиынтық дегенді қалай түсінуге болады.

  3. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі статистиканың негізгі міндеттеріне не жатады?

  4. Статистика органдарының ұйымдастыру принциптерін және оның негізін көрсетіңіздер.

  5. Статистика органдарының қызметі , міндеті ,қүқығы.

  6. Бір тұтас есеп жүйесі және статистика туралы түсінік беріңдер.

  7. Статистикалық бақылау дегеніміз не ?

  8. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелеріне нелер жатады?

  9. Статистикалық бақылаудың формалары және оның түсінігі.

  10. Статистикалық бақылаудың түрлеріне не жатады?

  11. Статистикалық бақылаудың тәсілдеріне не жатады?

  12. Мәліметтерді жинақтау дегеніміз не?

  13. Статистикалық жинақтаудың түрлері.

  14. Статистикалық топтаудың түрлері, міндеттері. Деңгей аралығын қалай анықтайды ?

  15. Қайта топтау және оның тәсілдері.

  16. Статистикалық таратпалы қатарлар және оның элементтері.

  17. Статистикалық кесте құрастыру ережелері.

  18. Нақты шама, оның мәні мен маңызы.

  19. Нақты шаманың түрлері және өлшем бірліктері.

  20. Қатысты шама, оның мәні, маңызы.

  21. Қатысты шаманың түрлері және өлшем бірліктері.

  22. Графиктер әдісі.

  23. Графиктердің түрлері және оларға сипаттама бер.

  24. Орташа шама, оның мәні мен маңызы.

  25. 26. Арифметикалық орташа шама, оның түрлері, қолданылуы.

  26. Үйлесімдік (гармоникалық) орташа шама, оның түрлері, қолданылуы.

  27. Мода мен медиананың анықтамасы, есептеу жолдары.

  28. Өзгерменің көрсеткіштері оның түрлері.

  29. Өсіңкілік қатарлар (динамика) туралы түсінік, оның түрлері

  30. Өсіңкілік қатарлардың негізгі көрсеткіштері және есептеу тәсілдері.

  31. Индекс туралы түсінік және ол арқылы қандай мәселелерді шешуге болады.

  32. Дара және жалпы индекстер, есептелуі және қолданылуы.

  33. Орташа индекстер, есептеу және қолдану тәсілдері.

  34. Тұрақты, өзгермелі құрамды индекстер және олардың қолданылуы есептелуі.

  35. Әлеуметтік-экономикалық статистика нені зерттейді?

  36. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі әдістемелерін атаңыз.

  37. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін сипаттаңыз.

  38. «Халық», «еңбек ресурстары» ұғымдары нені білдіреді?

  39. «Тұрақты халық», «нақты халық» дегеніміз не?

  40. Халықтың табиғи, механикалық негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

  41. Экономикалық белсенді халық құрамын атаңыз.

  42. Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі және жұмыссыздық дәрежесі қалай анықталады?

  43. Ұлттық байлық дегеніміз не?

  44. Негізгі капиталдың толық және қалдық құн бойынша баланстарын сипаттаңыз.

  45. Негізгі капиталды бағалаудың қандай түрлері бар?

  46. Материалдық айналым капиталының көлем, динамика көрсеткіштері қалай есептеледі?

  47. «Өнім өсіруге оны өткізуге жасалған шығын» мен «аралық тұтыну» ұғымдарының айырмашылығы неде?

  48. Өнеркәсіп өнімінің негізгі элементтерін атаңыз.

  49. Ауылшаруашылығы өнімі деп нені айтады?

  50. Құрылыс саласының өнімін қалай есептейді?

  51. Жалпы шығарылған өнім қалай есептелінеді?

  52. Тауар айналысы статистикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

  53. Тұтыну бағасының сауда бағасынан айырмашылығы неде?

  54. Ұлттық шоттарды құрудың негізгі принциптерін атаңыз.

  55. Ұлттық есеп жүйесінің әр шотының үлгісін, мазмұнын, міндетін айтыңыз.

  56. Халықтың тұрмыс дәрежесінің көрсеткіштерін айтыңыз.

  57. Адам дамуының индексі қалай есептелінеді?