Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

СТАТИСТИКА

3 кредит

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе

Статистиканың зерттеу объектісі – қоғам және оның әр алуан көріністері мен формаларын қарастырады. Демек статистика әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестерге зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Сондықтан оны қоғамдық ғылым ретінде санайды және басқа ғылымдармен де тығыз байланыста болады.

«Статистика» терминін қоғамдық ғылым ретінде 18 ғасырдың ортасында неміс ғалымы, философия және құқық профессоры Готфрид Ахенвал енгізген. Ол өзінің бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезінде Англияда бастады және оның негізін қалаушы ағылшын ғалымдары Джон Граунт пен Вильям Петти болып табылды. В. Петтидің «Саяси арифметика» атты еңбегінде сандық көрсеткіштерді қолданғандығы және сол арқылы қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсететіндігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындаған.

Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғлыми еңбектерімен ат салысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай өтуге болмайды: Г. Ахенваль, А. Кетле, А. Боули, Н. Герман, Ю. Янсон, И. Кирилов және тағы басқалары.

Қазіргі егеменді республикамызда статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни статистикалық теория мен әдістемелерінің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Статистиканың жалпы теориясы

1 Тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері. Статистика пәні қоғамдық ғылым саласы. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері. Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа да ғылымдармен байланыстылығы. Статистиканың зерттеу тәсілдері туралы қазіргі көзқарастар.

2 тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырлуы және оның зерттеу міндеттері

Біртұтас есеп жүйесі және статистика. Статистиканың қоғамда атқаратын орны және нарықтық экономикаға өту кезіндегі міндеттері. Статистика органының қазақстандағы ұйымдастырлуы. Халықаралық статистика ұйымы. ҚР «Мемлекеттік статистика» туралы заңы.

3 тақырып. Статистикалық бақылау

Статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің алғашқы сатысы. Бақылауды ұйымдастырудың негізгі жолдары. Статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы әдістемелік және ұйымдастыру мәселелері. Мәліметтердің дұрыстығын тексеру статистикалық бақылаудың заңдылығы. Бақылау кезінде жеберілетін қателер және түзету әдістері.

4 тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

Мәліметтерді жинақтау – статистикалық зерттеудің екінші сатысы. Мәліметтерді жинақтауды ұйымдастыру және оның тәсілдері. Статистикалық мәліметтерді нышандарына қарай топтау. Топтау қағидалары және оның деңгейі аралығын анықтау. Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері. Қайта топтау және оның тәсілдері. Статистикалық таратпалы қатарлар, оның түрлері және негізгі бөлшектері. Статистикалық кесте туралы жалпы түсінік, құрастыру қағидалары мен негізгі бөлшектері.

5 тақырып. Абсолюттік және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

Абсолютті шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. Қатысты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. Динамиканың, жоспарлық тапсырманың, жоспарды орындаудың және құрылымдық қатысты шама көрсеткіштерін анықтау. Абсолютті және қатысты шамалардың қағидалары, қарым қатынасы, кешенді пайдаланудың мүдделігі. График мәні, маңызы және негізгі бөлшектері. Статистикалық графиктің түрлері және құру жолдары. Диограмма, оның түрлері және қолдану тәсілдері. Картограмма және кариотограмма, қолдану тәсілдері.