Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

Пәннің дәріс кешені

1 Тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Мақсаты: Статистика пәні мен зерттеу әдістерінің мазмұнын ашу.

Міндеттері:

.Статистиканың мазмұны, оның даму тарихы. Статистиканың оқу пәні. .Статистика заңдылықтары және үлкен сандар заңы.

.Статистикалық белгілер және оның жіктелуі.

.Статистикалық көрсеткіштер. Статискалық көрсеткіштер жүйесі. .Статистикалық зерттеу туралы жалпы түсінік.

Статистика ғылымының негізгі сипаттамалары:

  1. Статистика – қоғамдық ғылым.

  2. Басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейді.

  3. Статистика – жалпы бұқаралық құбылыстарды зерттейді.

  4. Статистика – құбылыстарың сандық жағын олардың сапалық жағымен тығыз байланыстыра отырып зерттейді және ол статистикалық көрсеткіштер жүйесінде көрініс алады.

  5. Статистика – құбылыстардың сандық жағын белгілі бір жерде және уақытта зерттейді.

Статистикалық жиынтық – ол кеңістік пен уақытта саны шектелген, ең болмағанда құбылыстардың бір белгісі бойынша бірсапалы (біртекті) болатын жиынтық (масса). Жиынтықтың бір бірлігінен екіншісіне өтуі кезінде белгінің сандық өзгерісі – вариация деп аталады. Статистикалық жиынтықтар белгілі бір белгіге ие болатын жиынтықтардың (құбылыстың) бірліктері (жеке элементтері) болып келетін белгілі бір қасиеттерге ие болады.

Белгі - өзгеруге мүмкіндігі бар жиынтық бірліктерінің қасиеттері және олар сол жиынтық бірліктерінің мәнін толық сипаттайды. Жиынтықтың жеке бірліктерінің жеке мәнін қабылдайтын белгілерді өзгермелі, ал мәндердің өзін вариант деп атайды.

Өзгермелі белгілер атрибутивтік және сандық болып екіге бөлінеді. Белгі атрибутивтік немесе сапалық деп аталады, егер оның жеке мәндері (варианттары) құбылысқа тән күйі немесе қасиеттері түрінде берілсе. Атрибутивтік белгілер варианттары сөз түрінде беріледі.

Белгі сандық деп аталады, егер оның жеке мәндері сан түрінде берілген жағдайда.

Өзгеру сипаты бойынша сандық белгілер дискретті және үздіксіз блып екіге бөлінеді.

Дискретті белгілер – белгілі бір бүтін мән ғана қабылдайтын сандық белгілер.

Үздіксіз белгілер - белгілі бір шектерде бүтін және бөлшек мән қабылдай алатын белгілер болп табылады. Мысалы, елдің ЖІӨ және т.б.

Сонымен қатар белгілер негізгі және екінші дәрежелі болып бөлінеді.

Негізгі белгілер зерттеліп отырған құбылыстар мен процестердің негізгі мазмұны мен мәнін сипаттайды.

Екінші дәрежелі белгілер құбылыс туралы қосымша ақпарат береді және оның ішкі мазмұнымен тікелей байланысты.

Статистикалық заңдылық – егер оқиғаларды тудыратын жағдайлар өзермесе, ықтималдылық дәрежесі жоғары оқиғалардың қайтлаланатын себептік байланыстың көрініс алу формасы.

Статистикалық көрсеткіш - белгілі бір жер мен уақытта әлеуметтік экономикалық құбылыстар белгісінің мөлшер және сан қатынасын көрсетеді.

Статистиканы қайта ұйымдастырудың негізгі бағыттары.

Қазақстанның тікелей есеп және статистика жүйесінің халықаралық тәжірибиесіне өту бағдарламасында негізгі екі бағыт қарастырылған:

- жоспарлы экономика көрсеткіштерін дамыған нарықтық экономика көрсеткіштері мен ауыстыру;

- ақпараттарды жинаудың жаңа формалары;

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4