Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

1. Оқытушы туралы мәлімет. Аға оқытушы- Рейдолда с.Р.

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Т: 70 – 30 -45; 417-каб.

Базалық білімі: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Экономика» факультетінде оқып, «Бухгалтерік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіргенмін.

Ғылыми қызығушылығы: ҚЕХС сәйкес қомпаниялардағы қаржылық және басқару есебін ұйымдастыру мәселелерін зерттеу. Келесі негізгі пәндер бойынша дәріс оқимын: Қаржылық есеп, Басқару есебі, Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржылық талдау, Барқарудағы талдау, Қаржылық менеджмент және де Статистика.

  1. Курстың пререквизиттері:

«Экономика теориясы»

«Экономикадағы математика»

  1. Курстың постреквизиттері:

«Бухгалтерлік есеп және аудит»

«Қаржы»

1. Оқу пәнiнiң сипаттамасы: Нарықтық қатынастардың дамуы, әртүрлі меншік түрлерінің пайда болуы, статистикалық стандартқа көшуі. Республикадағы экономикалық жағдайды бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуге, сөйтіп статистиканы одан әрі дамытуға ықпал етеді. Демек әрбір кәсіпорын немесе мекеме өз экономикасы жағынан дербес түрде қалыптаса бастады. Мұндай жағдайда оны іске асыру үшін білікті мамандардың керек екендігі яғни олардың білімділігі іскерлігі арқасында көптеген үлкен мәселелерді шешуге болатындығы. Жоғарғы білімді мамандар даярлауда статистика ғылымының да атқаратын рөлі өте жоғары.

  1. «Статистика» пәнін оқуда студенттерге мынадай талаптар қойылады: Статистика категориясының мәнін, атқаратын қызметін түсініп, қоғамдық қатынастарды статистикалық басқару мен бақылау әдістері мен қағидаларын тәжірибеде орынды қолдана білу. «Статистика» пәнін оқуға дейін студенттер оқитын пәндерге керек қосымша пәндердің саны мен тарауларын білулері қажет. Оларға мыналар жатады: элементарлық және жоғарғы математика, ықтимал теориясы, математикалық статистика, орта сандарды есептеу, экономикалық теория, микроэкономика және макроэкономика, ақша, несие, банк, кәсіпорын және шаруашылық субъектілер нарығының жағдайы мен нәтижелерін талдау және т.б.

2. Пәндi оқыту мақсаты: Нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистиканың алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Статистика пәнінің негізгі мақсаттары:

  • Бұқаралық статистикалық құбылыстар мен процестердің сапалық қасиеттерін ескере отырып, сан жағынан сипаттауға қажетті теориялық білімді студенттерге қалыптастыру және оны тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыландыру.

  • Студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өте кезеңіндегі статистиканың құбылыстары мен процестердің сандық өзгерістерін, салалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету. Статистиканы оқып-үйрену кезінде студенттерге қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау және есептеу сияқты әр-түрлі тәсілдерді үйрету, яғни статистикалық әдістемелерді және басқа да көптеген сұрақтарды толығымен қамту қамтуды үйрету.