Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сабақтардың тапсырмалары

Өзіндік жұмыстардың тапсырмалары кешендік,яғни өзара байланысқан тақырыптардың реті бойынша жүргізіледі (тақырыптардың номері тақырыптың жоспарға сәйкес көрсетілген). Бұндай бағыт басты сұрақтар бойынша жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды шешу үшін алғашқы ақпартаттар: 1,2 тапсырмаларды орындау үшін бір кестенің мәліметтері пайдалану, 3 тапсырманы орындау үшін екі кестенің мәліметтерін пайдалану;4 тапсырманы орындау үшін 1 кестенің пайдалану,11-17 тапсырманы орындау үшін-3 кестенің мәлметтерін, 25 тапсырма үшін өзінің бақылаулары пайдаланады.

1 тапсырма (тақырыптар: 2,3,4,5,15)

  1. 1-кестенің мәліметтер бойынша өзіңіз таңдаған 30 кәсіпорынды негізгі қорлардың құны бойынша бірдей аралықтар мен 5 топқа топтастырыңыз. Әр топты осы кетедегі абсолютті көрсеткіштермен сипаттаңыз.

  2. Жүргізілген топтастырудың негізінде әр топқа және кәсіпорындар үшін жалпы келесі көрсеткіштерді анықтаңыз: а) өткізілген өнім құрылымының салыстырмалы шамасын.б) бір жұмыс істеушіге келетін өткізілген өнімнің орта мөлшерін (еңбек өнімділігі) в) бір жұмыс істеушіге келетін негізгі қорлардың орта мөлшерін (қор қайтарымдылығын)

  3. Есептелген нәтижелерді бір топтық кестеде көрсетіңіз. Аса маңызды көрсеткіштерді графикте бейнелеп, қорытынды жасаңыз.

2 тапсырма (тақырыптар: 6,15)

1тапсырмада алынған мәлметтер бойынша келесіні анықтаңыз:

  1. 1 кәсіпорынға келетін негізгі қордың орта мөлшерін (барлық 30 кәсіпорын бойынша);

  2. Орташа квадраттық ауытқуды (орта сызықтық ауытқуды анықтауға болады)

  3. Вариация коэффициентін

  4. Мода және медиана

  5. Қорытынды жасаңыз.

3 тапсырма (тақырыптар: 4,5,12,13,14,15,)

  1. 5 жылғы мәліметтер бойынша (2 кесте) динамика қатарының көрсеткіштерін (қатар деңгейінің өзгеру интенсивтілігін, динамика қатарының орта көрсеткіштерін және олардың өзгеру интенсивтілігін сипаттайтын ) анықтаңыз.

  2. Есептелген көрсеткіштерді кестеде көрсетіп, қорытынды жасаңыз.

4 тапсырма (тақырыптар: 2,7,15)

Терме әдісін қолданып теру әдісімен өзіңізбен таңдалынған 30 зауыттың (1 кесте) ішінен 10 таңдап алыңыз және келесі көрсеткішті анықтаңыз.

1. Негізгі қорлардың орта мөлшерін

2. 0,997 ықтималдылықпен терменің шекті қатесін және басты орташаны күтетін шектерді.

5 тапсырма (тақырыптар 4,5,12,18)

  1. Әр жылға (2007-2010) Қазақстан халқының орта санын анықтаңыз.

  2. Әр жылға (2007-2010) Қазақстан бойынша туу, өлім және табиғи өсім коэффицентерін анықтаңыз.

  3. Әр жылға (2007-2010) Қазақстан бойынша некелесу және айырлысу коэффицентін анықтаңыз.

  4. Есептелген көрсеткіштерді графикте бейнелеп талдау жасаңыз.

6 тапсырма (4,5,12,14,18)

1. Әр жылға (2007-2010) Қазақстан халқының орта жылдық санын анықтаңыз.

2. Әр жылға (2007-2010) Қазақстан халқының жан басына шаққандағы ұлттық валютада ЖҰӨ деңгейін анықтаңыз.

  1. Алынған көрсеткіштерді грфикте бейнелеп талдау жасаңыз.

7 тапсырма (тақырыптар 4,5,13)

1. Әр жылға (2007-2010) Қазақстандағы экономикадағы жұмыс бастылардың санын анықтаңыз.

2. Әр жылға (2007-2010) Қазақстандағы еңбек ресурстарының санын анықтаңыз.

3. Жұмыс бастылық санының үлес салмақтарын анықтаңыз (еңбек ресурстарына пайызбен)

4. Әр жылға (2007-2010) Қазақстандағы еңбек ресурстарының құрылымын (экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық)анықтаңыз

5. Әр жылға (2007-2010) экономикалық белсенді емес халықтың үлес салмағын (еңбек ресурстарына пайызбен) анықтаңыз.

6. Есептелген көрсеткіштерді салыстырып қорытынды жасаңыз.

8 тапсырма (тақырыптар: 4,5,13,18)

Әр жылға экономикалық белсенді халықтың құрылымын (экономикадағы жұмыс бастылар мен жұмыссыздар) анықтаңыз.

1. Әр жылға (2007-2010) Қазақстандағы жалпы жұмыссыздар деңгейін анықтаңыз.

2. Динамикада есептелген көрсеткіштерді салыстырып графикте бейнелеңіз және қортынды жасаңыз.

9 тапсырма (тақырыптар 9,14)

1.Әр жылға (2007-2010) Қазақстанның АҚШ долларымен ЖІӨ анықтаңыз.

2.Келесі көрсеткіш бойынша тізбекті және базистік өсу коэффицентін анықтаңыз: а) ұлттық валютада ЖҰӨ б)АҚШ долларымен ЖҰӨ

3.Талдау жасаңыз.

10Тапсырма (тақырыптар 9,14)

1. Қазақстанда әр жыл бойынша алдыңғы жылдарға (2007-2010) пайызбен ЖІӨ физикалық көлемінің индекстерін анықтаңыз.

2. Ағымдағы бағаларда ЖІӨ динамикасымен салыстырып қорытынды жасаңыз

11 тапсырма (тақырыптар 10,17)

1. 2007 және 2011 ж 2 кәсіпорын бойынша бірге өнім бірлігінің орта бағасын.

2. Ауыспалы құрам,тұрақты құрам және құрылым өзгеруінің индекстерін есептеңіз.

3. Талдау жасаңыз.

12 тапсырма (тақырыптар 10,15)

2009-2010 жылдарға екі кәсіпорын бойынша бірге келесі көрсеткішті анықтаңыз:

1. Өткізуден табыс, негізгі қорлардың құны,қор қайтарымының жалпы индекстерін анықтаңыз. Есептелген көрсеткіштердің өзара байланысын көрсетіңіз.

2. Өткізуден табысқа келесі көрсеткіштердің абсолютті әсерін анықтаңыз: а) қор қайтарымы б) негізгі қорлардың құны.Есептелген көрсеткіштердің өзара байланысын көрсетіңіз

13 тапсырма (тақырыптар 10,15)

2009-2010 ж 2 кәсіпорын бойынша бірге келесілерді анықтаңыз:

1. Өткізуден табыстың,айналым құралдарының айналымдылығы,айналым құралдарының орта жылдық қалдығының құнының жалпы индекстерін есептеңіз.

2. Өткізуден табысқа келесілердің абсолютті әсерін анықтаңыз: а) айналым құралдарының айналымдылығын б)айналым құралдарының орта жылдық қалдығының құны.

Есептелген көрсеткіштердің өзара байланысын анықтаңыз.

14 тапсырма (тақырыптар 10,15)

Әр жылға екі кәсіпорын бойынша бірге келесілерді анықтаңыз:

1. Өткізуден табыс,баға, өткізілген өнім санының жалпы индекстерін.Есептелген индекстердің өзара байланысын көрсетіңіз.

2. Өткізуден табысқа төмендегілердің абсолютті әсерін анықтаңыз: 1) баға 2) өткізілген өнім саны

3. Есептелген көрсеткіштердің өзара байланысын көрсетіңіз.

15 тапсырма (тақырыптар 10,17)

Әр жылға екі кәсіпорын бойынша төмендегілерді анықтаңыз:

1. Өндіріске шығындар,өнім бірлігінің өзіндік құны,өткізілген өнім санының жалпы индекстерін анықтаңыз.Есептелген индекстердің өзара байланысын көрсетіңіз.

2. Өткізуден табысқа төмендегілердің абсолютті әсерін анықтаңыз:1) өнім бірлігінің өзіндік құны 2) өткізілген өнім саны.Есептелген көрсеткіштердің өзара байланысын анықтаңыз.

16 тапсырма (тақырыптар 10,13)

Екі кәсіпорын бойынша әр жылға келесі көрсеткішті анықтаңыз а)жылдық еңбек өнімділігін (1жұмыс істеушіге)

б) 1өнімнің еңбек сыйымдылығы (адам 1 сағатта).Есеп беру кезеңінде базистік пен салыстырғанда:

а) Еңбек өнімділігінің өзгеруі

б)жұмыс істеушілердің орта жылдық саны өзгеруі

в) екі фактордың бірге (есептеудің екі тәсілін көрсетіңіз) әсерінен алынған өткізуден табыстың салыстырмалы және абсолютті өсімшесін (төмендеуін)

анықтаңыз.

  1. тапсырма (тақырыптар 10,13)

Әр жылға екі кәсіпорын бойынша атқарылған адам сағаттардың санын анықтаңыз.Атқарылған адам – сағаттардың саны есеп беру жылы базистік пен (жылдарды өзіңіз таңдаңыз) салыстырғанда абсолютті және салыстырмалы өзгеруіне төмендегілердің әсерін анықтаңыз:

а) жұмыс күні ұзақтығының өзгеруі

б)жұмыс жылының ұзақтығының өзгеруі

в)жұмыс істеушілердің орта жылдық саны

18 тапсырма (тақырыптар 3,5,18)

Өз жанұяңыздың 1 айдағы табыстары мен шығындары жайында мәліметтердің негізінде:

1. Өзіңіз белгілеген топтастыру сипаттары бойынша топтар құрып,табыс пен шығындар байланысын құрыңыз.

2. Табыстар мен шығындар құрылымын анықтаңыз.

3. Талдау жасап, қортынды жасаңыз.

Тапсырмаларды орындау үшін алғашқы мәліметтер.

1 кесте