Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

12. Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

Мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасының мәнін ашу және қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

          1. Экономикалық потенциял түсінігі

          2. Экономикалық потенциялдың жіктелуі

          3. Экономикалық потенциял көрсеткіштері

Демографиялық статистика – халықтың ұдайы өндірісі жөнінде ақпараттарды жинау, өңдеу және талдаумен айналысатын ғылым, демография бөлігі.

Статистикалық ақпарат көзі – халық санағы және ішінара бақылаулар.

Тұрақты халық – берілген территорияда тұрақты мекендейтін халық.

Бар халық – санақ кезінде берілген территорияда болған халық.

Миграция – ол ел территориясында немесе елдер арасында халықтың механикалық қозғалысы. Миграцияның негізгі көрсеткіштері: П – берілген территорияға келгендер саны, В – берілген территориядан кетендер саны. Бұл көрсеткіштердің айырмасы механикалық өсім деп аталады: Dмех.. = П - В

Бұл көрсеткіштер бойынша келу және кету коэффициенттерін есептеуге болады: К п = П / S ср , К в = В / S ср , К мех. = (П-В ) / S ср. немесе Кп – К в.

Халықтың табиғи қозғалысы – ол туу және өлу процестеріне байланысты халық санының өзгеруі. Көрсеткіштері:

N- туылғандар саны,

M- өлгендер саны,

Dт.ө. = N – M– халықтың табиғи өсімі.

Қатысты көрсеткіштер (промилльиен):

К туу = N / S ср. * 1000

К өлу = M / S ср. * 1000

К т.ө. = (N-M) S ср. * 1000 немесе К т.ө. = Ктуу - К өлу

Халықтың жалпы өсімі = Dт.ө. + Dмех

Халықтың табиғи қозғалысын сипаттайтын жалпылама көрсеткіштермен бірге ішкі процестер өлім мен тууду сипаттайтын жеке коэффициенттер қолднылады.

Арнайы туу коффициенті:

К арнайы туу = N / S ср. жен. (15-49) * 1000.

1 жасқа дейінгі балалардың (нәрестелердің) өлу коэффициенті:

К нәрест. өлу =( N10/ M0 + N11/ M1) * 1000,

Мұндағы: N10 - - число умерших до года в текущем году из поколения родившихся в предыдущем году, N11 - агымдагы жылы туығандардың ағымдағы жылы өлгені, M0 и M1- алдыңғы және ағымдағы жылы туылғандар саны. Еңбек нарығы статистикасының негізгі түсініктері мен көрсеткіштерін 23.01.01ж. ҚР «Еңбек туралы» Заңы және Жұмыс бастылық статусының халықаралық жіктемесінде анықталған. Олардың өзара байлансын келесі түрде беруге болады:

Елдің халық саны = Еңбекке жарамсыз жастағы халық (балалар мен зейнеткерлер) + Еңбек жасындағы халық.

Еңбекке жарамсыз жастағы халық (балалар мен зейнеткерлер) = Жұмыс істемейтін халық + Еңбекке жарамсыз жастағы халықтың ішінде жұмыс істейтіндер.

Еңбекке жарамды халық = Еңбек жасындағы халық - 1 және 2 топтағы мүгедектер.

Еңбек ресурстары = Жұмыспен қамтылғандар + Жұмыссыздар + Еңбек жасындағы жұмыс істемейтіндер (күндізгі бөлімде оқитын студенттер, үй шаруасындағы әйелдер).

Экономикалық белсенді халық = Жұмыспен қамтылғандар + Жұмыс іздеген жұмыссыздар.

Жұмыспен қамтылғандар жалдамалы жұмыскерлер және өз бетімен жұмыспен қамтылғандар болып бөлінеді.

Жалдамалы жұмыскерлер = Азаматтық халық + Әскери қызметкерлер.

Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар = Жеке негізде жұмыс істейтіндер + Жұмыс берушілер + Жеке кәсіпорындарда ақы алмайтын жұмыс күші + Ұжымдық кәсіпорындар мүшелері.

Еңбек ресурстары құрылымының көрсеткіштері

Халықтың экономикалық белсенділік көрсеткіші: жалпы халықтағы экономикалық белсенді халық үлесі.

Жұмыссыздық деңгейі: экономикалық белсенді халықтағы жұмыссыздар үлесі.

Экономикалық белсенді еңбекке жарамды халықтың деңгейі: жалпы еңбек ресурстары санындағы экономикалық белсенді еңбекке жарамды жастағы халық үлесі.

Халықтың еңбекке қабілеттілік коэффициенті: еңбекке жарамды жастағы халықтың барлық халық санының қатынасы.

Жұмыс бастылық коэффициенті: жұмыспен қамтылғандардың жалпы халық санына қатынасы.

Потенциалды орын басу коэффициенті: еңбек жасына дейінгі халықтың еңбек жасындағы халыққа қатынасы.

Зейнеткерлік жүктеу коэффициенті: зейнеткерлік жастағы халық санының еңбек жасындағы халық санына қатынасы.

Жұмыс уақыты, жұмыс күші.

  1. Жұмыс бастылар көрсеткіштері.

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы көрсеткіші: жұмыскерлердің тізімдік саны – ол белгілі бір күнге есептелінетін сіттік көрсеткіш. Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны – кезеңнің әрбір күніндегі жұмыскерлердің тізімдік санын өзара қосып, сол кезеңдегі календарлық күндер санына бөлу арқылы есептелінеді. Бұл жағдайда демалыс және мейрам күндеріндегі жұмыскерлер саны алдыңғы күндегі санымен алынады.

  1. Жұмыс уақыты құрылымының көрсеткіштері.

Еңбек шығындарын жұмыскерлердің нақты жұмыс істелінген уақытының санымен дәлірек сипаттауға болады. Тірі еңбек шығындарының жалпы көлемі жұмыс істелінген адам-сағат немесе адам-күнмен өлшенеді. Жұмыс уақыты құрылымының бірнеше көрсеткіштер бар:

Жұмыс уақытының календарлық қоры = жұмыскерлердің орташа тізімдік саны * есепті мерзімдегі календарлық күндер саны.

Табельдік қор = календарлық қор – демалыс, мейрам күндері

Максималды мүмкіндік қоры = табельдік қор – кезекті демалыс.

Жұмыс уақытының жұмысқа келу қоры = Максималды мүмкіндік қоры - жұмысқа түрл себептермен келмеу. Ол жуықтап календарлық қордың 50% құрайды.

Нақты жұмыс істелген уақыт = жұмысқа келу қоры – күн бойы бос тұру.

Нақты жұмыс істелген уақыт бойынша жалпы еңбек шығындары анықталады.

  1. Еңбектің құндық бағасы

Ақшалай түрде өлшенген – еңбек шығындары – бұл еңбек бағасы. Ол 1 адамға бір адам-сағатқа есептелінеді.

  1. Жұмыс уақыты мен жұмыс күшін пайдалану көрсеткіштері.

Жұмысшылардың ауысым коэффициенті (жұмыс орындарын пайдалану көрсеткіші):

а) кәсіпорындар жұмыс істейтіндер саны / сәт көрсеткіші бойынша белгілі бір күнге есептелінетін толық ауысымда жұмыс істейтіндер саны.

б) жұмыс істелген адам-күндерінің жалпы саны / толық ауысымда жұмыс істелген адам-күні саны.

Еңбек өнімділігі-уақыт бірлігіне белгілі бір өнім көлемін өндіру мүмкіндігі. Еңбек өнімділігі деңгейі уақыт бірлігіне өндірілген өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен жұмыс уақытының санымен өлшенеді. Тәжірибеде еңбек өнімділігі деңгейінің тура және кері шамаларын есептелінеді:

Тура шама:

Q

W = --------- ,

T

мұндағы, W – уақыт бірлігінде өндірілген өнім көлемі.

Q – өндірілген өнім көлемі

T – жұмыс уақытының шығындары.

Кері шамасы:

T

t = -----------,

Q

мұндағы, t – еңбексыйымдылығы.

Жұмыс уақытының қолданылатын бірліктеріне байланысты: орташа сағаттың, күндік, айлық және жылдық еңбек өнімділігін ажыратады.

Еңбек өнімінің деңгейі мен динамикасын зерттеу үшін келесі әдістер қолданылады: табиғи, еңбек, құндық.

Еңбекақы – жүйелі түрде өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет, жұмыс істелген уақыт үшін алынатын сыйақы немесе жыл сайынғы кезекті демалыс пен заңнамаларда көрсетілген басқа да жұмыс істелінбеген уақытқа төленетін төлемдер.

Еңбекақы қорының құрамына кіреді:

    1. Жұмыс істелінген уақытқа ақшалай және натуралды формада кәсіпорындар мен ұйымдардың есептлеген еңбекақы сомасы.

    2. Жұмыс істелмеген уақытқа анықталу.

    3. Ынталандырылатын қосымша төлемдер мен үстемелер, жұмыс тәртібі мен жағдайларына байланысты өтемдік қосымша төлемдер мен үстемелер.

    4. тамақтануға, тұрғын үйге, отынға берілетін жүйелі төлемдер.

Еңбек ақы қорын зерттегенде келесі түрлерін бөледі: сағаттың, күндік, айлық және жылдың еңбекақы қоры.

Негізгі әдебиеттер: 4,5,7

Қосымша әдебиеттер:5,6,8