Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

13 Тақырып. Шығын және аралық тұтыну статистикасы

Мақсаты: Шығын және аралық тұтыну статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1. Шығынның түсінігі. Шығынның жіктелуі.

2. Аралық тұтыну түсінігі.

Кәсіпорын шығындары төмендегі белгілері бойынша жіктеледі:

а) Өзіндік процесіне қатыстылығына байланысты: өндірістік-өнім (жұмыс, қызмет) өндірумен тікелей байланысты және коммерциялық-өнім сатумен байланысты.

б) Өндіріс көлеміне байланысты: шартты-тұрақты – шығындар көлемі өндіріс көлемінің өсуіне байланысты өзгермейді (негізгі қорлардың тозуы, жылуға, жарыққа кеткен шығындар және т.б.) және шартты-айналымы - өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар да өзгереді (шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылар еңбекақысы). Аралас – шығындар өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты өзгереді, бірақ тура пропорцияда емес.

в) Өзіндік құнға қосуға байланысты: тура шығындар – олардың белгілі бір өнім түрінде (калькуляция объектісіне) тікелей қосуға болады, жанама (үстеме) – бірден бірнеше өнім түрімен байланысты. Бұл шығындарға машина мен құрал-жабдықтарды күту шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары және т.б. жатады. Яғни бұл шығындар кәсіпорында қабылданған пропорционалды базамен жанама түрде есептеледі.

г) Уақыт белгісі бойынша шығындар: ағымдағы, күнделікті және бір уақыттың шығындары – бір ретті – олар ұзақ уақыт мерзімі ішінде өндіріс процесінің жүруін қамтамасыз етіп отырады (өнімнің жаңа түрлерін игеру және дайындау үшін кеткен шығындар және т.б.)

д) Арналуы бойынша. Негізгі – онсыз өнім өндірісі жүзеге асырылмайды. Үстеме - өндірісті ұйымдастыру және басқарумен байланысты.

е) Орташалау деңгейі бойынша. Толық – шығарылған өнімнің барлық өзіндік құны. Үлестік – орташа есеппен 1 бұйымға кеткен шығындар.

Сонымен қатар, шығындар экономикалық элементтер мен калькуляция статьялары бойынша жіктеледі.

Өнімнің өзіндік құн көрсеткіштері мен өзіндік құн динамикасы:

а) z=З/q — өнім бірлігінің өзіндік құны.

б) z= å zq / å pq — өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар деңгейі

в) сумма zq — бүкіл өнімнің өзіндік құны..

Бұлардың негізгі өзіндік құнның жеке және жалпы индекстері есептелінеді.

Корпоративті табыс (пайда) – нарықты экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін абсолютті көрсеткіш.

Рентабельділік - өндіріс тиімділігінің қатысты көрсеткіші, ол алынған табыс пен оны алуға кеткен шығындарды салыстыруға мүмкіндік береді. Рентабельділіктің негізгі 3 көрсеткішін бөліп көрсетеді: өнім рентабельділігі, өндірістің жалпы рентабельділігі, сату рентабельділігі.

Негізгі әдебиеттер: 4,5,7

Қосымша әдебиеттер:5,6,11,12

14 Тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы

Мақсаты: Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1.Тауар мен қызметтің өзіндік құнының статистикасы.

2.Экономикалық қызметтің нәтижесін статистикалық зерттеу.

3. Экономикалық қызметтің тиімділігін статистикалық зерттеу.

Өндіріс нәтижелерінің статистикасының міндеттеріне мыналар жатады:

1.Ақпараттар жинау және ҚР тауарлар мен қызметтер өндірісінінің микро және макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау;

2.Өндіріс нәтижелерін ұлттық шот, баланстық құрылым түрінде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін әзірлеу және жинау.

    1. Туарлар мен қызметтер өндірісінің құрылымын, динамикасын мына белгілер бойынша талдау: табиғи заттық құрамы бойынша; құндық, экономикалық қызметтің түрлері мен секторлары бойынша; республикалық өңірлер бойынша; меншік нысаны бойынша.

    2. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсу факторларын статистикалық талдау әдісінің көмегімен зерттеу.

    3. Өндіріс көрсеткіштерін есептеу әдістемемсін ҰШЖ ұсынымдары бойынша жетілдіру.

Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • Шығарылым;

  • Экономикалық жалпы қосылған құн;

  • Таза қосылған құн;

  • Жалпы ішкі өнім;

ЖІӨ мынандай үш әдіспен есептеледі:

  • Өндірістік әдіс;

  • Бөлу әдісі;

  • Түпкілікті пайдалану.