Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

8 Тақырып. Өсіңкілік қатарлар

Мақсаты: Өсіңкілік қатарладың мәнін анықтау және он қолданып үйрену.

Міндеттері:

.Өсіңкілік қатарлар.

.Өсіңкілік қатарлар көрсеткіші.

.Өсіңкілік қатарлардың орташа мәні.

Бұл тақырыпты оқу кезінде, міндетті түрде динамика қатарының түрлеріне, олардың арасындағы айырмашылықтарға көңіл аудару қажет. Себебі динамика қатарын зерттегенде, оның қай түрге жататыны маңызды болып табылады.

Динамиканың сәттік және кезеңдік қатарлары міндетті түрде олардың өлшем бірлігі, территориясы мен уақыты бойынша салыстырмалылығы неізінде құрылуы қажет.

Динамика қатарының деңгейлерін салыстырмалы түрге келтіру үшін, кейбір жағдайларда «динамикалық қатарларды үздіксіздендіру» әдісі қолданылады.

Динамика қатарлары деңгейінің өзгеру қарқынын зерттеу үшін келесі динамика қатарының негізгі көрсеткіштері есептелінеді:

Абсолюттік өсім:

а) базалық

б) тізбектелген

Өсу қарқыны, % :

а) базалық

б) тізбектелген

Өсімше қарқыныа, % :

а) базалық

б) тізбектелген Т прц = Трц100

1% өсімнің абсолюттік мәні, :

немесе α =∆уц / Тпрц

Интервалдық қатардағы деңгейдің орташасы мен орташа көрсеткіштерді есептеу үшін келесі формулалар қолданылады:

Қатардың орташа деңгейі

Орташа абсолюттік өсім

Орташа өсу коэффициенті:

немесе

немесе

Орташа өсу қарқыны

Орташа өсімше қарқыны

немесе

Шартты белгілер: у – динамикалық қатардағы көрсеткіштің мәні немесе қатар деңгейі,- базалық деңгей, тұрақты салыстыру базасы ретінде алынған (көбінебастапқы деңгейі),-кез келген кейінгі кезеңнің деңгейі (біріншіден басқасы), немесе ағымдағы кезең деңгейі,-ағымдағы кезеңге дейінгі кезең деңгейі, n – қатар деңгейінің саны.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

9 Тақырып. Индекстер

Мақсаты: Индекстердің түсінігін беру, мәнін және қолданылуын анықтау

Міндеттері:

. Индекс туралы түсінік. Индекстік әдісті қолдану.

.Агрегаттық индекс. Жеке индекстер.

.Құрылымдық индекстер.

.Көп факторлы индекстік үлгілерді құру.

Қатысты көрсеткіштер ретінде статистикалық индекстер түрлі мақсаттарда қолданылады: қоғамдық құбылыстардың динамикасын зерттеу, олардың кеңістікте арақатынасы, түрлі көрсеткіштер өзгерісі мен оларға әсер ететін факторлады зерттеу үшін қолданылады. Индекстер тек қатысты өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар абсолюттік ауытқуларды көрсетеді.

Шартты түрді барлық факторлық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштер ол: баға (p), өзіндік құн (z), еңбек өнімділігі(w), еңбек сыйымдылығы (t) және т.б. Сапалық көрсеткіштер ол: өндірістің физикалық көлемі (q), жұмысшылар саны (Ч) және т.б. Нәтижелі көрсеткіштерге келесілер жатады: тауар айналымы (pq), өнім өндіру шығындары (T) және т.б.

Индекстерді құру және нәтижеге факторлардың абсолюттік әсерін анықтау үшін төмендегі кесте қолданылады:

Агрегатты индекстер формасын құру мен нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерінің абсолюттік сомасын анықтау

Нәтиже

1 фактор

(сандық)

2 фактор

(сапалық)

Тауар айналымының жеке индексі

=

бағаның жеке индексі

*

тауар айналымы физикалық көлемінің жеке индексі

Тауар айналымының жалпы индексі

=

Бағаның жалпы индексі

*

Тауар айналымы физикалық көлемінің жалпы индексі

Барлық факторлар әсерінен тауар айналымының абсолюттік өсімі

=

Бағаның өзгеруі әсерінен тауар айналымының абсолюттік өсімі

+

Физикалық көлемнің өзгеруі әсерінен тауар айналымының абсолюттік өсімі

Шартты белгілер:

p0 - базалық кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы,

p1 - ағымдағы кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы,

q 0 – базалық кезеңдегі тауар айналымының физикалық көлемі (саны),

q1 - ағымдағы кезеңдегі тауар айналымының физикалық көлемі,

p0q0 - базалық кезеңдегі тауар айналымы,

p1q1 - ағымдағы мерзімдегі тауар айналымы.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4