Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 30.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
663.04 Кб
Скачать

Лекция 2. Тақырыбы:Ирандағы Сасанидтер мемлекеті.

Жоспар:

1.Сасанидтер мемлекетінің құрылуы.

2.Иранның әлеуметтік-экономикалық даму.Халық қозғалыстары.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995.

1.226 жылы Гранда билікке Сасанидтер әулеті кеді.Сасанилтердің атымен иранның қайтадан гүлденуі ,Византияменкескілескен үздіксіз күрестері байланысты.Сасанидтер мемлекетінің негізін салушы Фарс ауданының князі Ардашир.Ардашир билікке зороастризм дінінің ықпалды ақсүйектерінің көмегімен келді.Иранның оңтүстігінде және шығысындағы әлі де бостандығын сақтап отырған көптайпалы шаруалар Сасанидтерге ұзақ уақыт негізгі әскери күшін беріп отырды. Сасанидтер мемлекетінің шегарасының қалыптасуы бірнеше онжылдықтарға созылып, Ардаширдің мұрагері Шапур 1 (241-272 жж )тұсында аяқталды.

Оның тұсында Сасанидтер мемлекетінің құрамына Армения,Хорасан негізгі бөлігі, Месопотамияның бірқатар аудандары т.б. жерл ер қосылды. Сасанидтер мемлекеті орталықталған мемлекет болды.Ел губернаторлар басқарған 18 сатрапқа бөлінді. Губернаторды патша тағайындады және түгелдей оның билігінде болды. Сасанидтер мемлекеті қаржыға баса Назар аударды.Тұрғындардан жер және Жан басы салығы жиналды.Салықтарды жинауға чиновник тер штаты ұйымдастырылды.Жаңа әулеттің астанасы Персополь қаласы болды.Бірақ Месопотамиядағы үздіксіз күрестерге байланысты патша резиденциясы тигр өзені жағасындағы шекаралық Ктесифон қаласы болды.Мемлекетті шахиншах басқарды.

2.Сасанидтер тұсында иран экономикалық жағынан дамыған ел болды.Византиямен,Үндістанмен,Орта Азиямен сауда қатынастарын жандандыра түсті.Ежелгі парся-эллиндік дәстүрлерді сақтап қалған көне қалаларда жоғарғы сапалы қолөнер бұйымдарының өндірісі дамыды.Иран кілем, жібек, парша, Жан маталарымен ,қару-жарақ шығарумен ,зергерлік бұйымдармен ,патша мен ақсүйектердің жерлерін өңдеуге қолданылды.

Құл сату сауданың пайдалы саласына айналды.Сасанидтер кезінде феодолизм өсіп нығая түсті.Орталықтанған мемлекеттің құрылуымен бір қатарда сословиелік жүйе қалыптасты.Ел тұрғындары 4 сословиелік топқа бөлінді.Бірінен екіншісіне өту қиын болды.Алғашқы үшеуі -абыздар, әскерилер чиновник тер ерекше артықшылықты ,жеңілдіктерді пайдаланылды.Олар салық төлемеді,міндеткерлік атқармады, тек өздерінің тұрақты қызметін атқарды.Төртінші сословиеге халық енді.Оларға алым-салық төлейтін,міндеткерлік өтейтін шаруалар мен қалалықтар жатты.Шаруалар қауымын “наф” деп. атады.Мұндағы барлық шаруаны “шахиншах бандак”(шахиншах құлдары.) деп атады.

Уақыт өтісімен қалалықтардың жағдайы нашарлай түсті.Олардың феодалдық жер иеленушілерге тәуелділігінің артуы, мемлекеттік салық езгісінің күшейуімен қосылып,жағдайды қиындата түсті.иран шаруалырының жағдайын делдалдық сауда одан әрі нашарлатты.Елдегі наразылықтар діни сипатқа ие болған халық қозғалыстарынан көрініс тапты.Сасанидтердің негізгі идеологиясы зороастризм болды.Зороастризм храмдарының өз жер иеліктері болды және мемлекетте зор ықпалға ие болды.IV-V ғасырларда абыздар тек Діни көсем емес , жоғарғы сот қызметін атқарып, мемлекетте шахиншахтан соң бір інші оренда тұрды.Дінге баса Назар аудару,Ирандағы зороастризмнің ықпалының өсуі жаппай еретиктік қозғалыстың өсуіне әкелді.Алғашқы осындай қозғалыстардың бірі Манихейлік болды.оның негізін салушы Месопотамиядан шыққан Мани (216-276 жж) болды.

VI ғасырдағы әлеуметтік қозғалыста діни сипатқа ие болып, кең етек алды.Бұл қозғалысты алдын абыз болған Маздак басқарды.