Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции тандап алан спорт туріндегі дайын.комп.doc
Скачиваний:
148
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
295.94 Кб
Скачать

9.Арнайы жаттықтыру үрдісін жоспарлау

Арнайы дайындық кезеңіндегі циклді спорт түрлернің микро-циклдегі жаттықтыру міндеттері:

А) техника қозғалыстарын жетілдіру;

Б) жылдамдық мүмкіндіктерін тәрбиелеу;

В) арнайы төзімділікті дамыту;

Г) қалпына келтіру жаттығулары;

Д) жарыс жағдайында қолданылатын арнайы төзімділікке тәрбиелеу;

Жоғарыда берілген жаттықтырулар әсері спортшының жалпы өмір сүру тәртібін (оқу бітіру,еңбек ету) толықтырады, күшейтеді, жұмыс қабілеттілігін арттырады.

Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрі болып келеді. Ол дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты- спортшы денесін негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Жалпы дайындық бөлімінде әр түрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, екі-екіден және топтық жаттығулар т.б.

Арнайы дайындық бөлімінде спорт түріне,жаттықтыру міндетіне байланысты арнайы дайындық және жарыстық жатығулар қолданылады. Дайындық бөлімінің ұзақтығы сыртқы ортаға жаттықтыру үрдісінің кезеңіне, спортшының дәрежесіне байланысты 15 мин 30 мин дейін созылады. Негізгі бөлімнің міндеті-техниканы, тактиканы жетілдіру және дене қуатын қасиеттерін дамыту болып келеді. Басында жаттығу техникасын үйрету, жетілдіру, сонан соң дене қуаты қасиетін дамыту міндеттері орындалады.

Жаттықтырудың қорытынды бөлімі жүктемеден кейін спортшының ағзасын қалпына келтіру үрдісін тездету үшін өтікізіледі. Денені босаңсыту жаттығулары, жеңіл жүгіру спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке,топтық, фронтальдық, айналмалы жатығуды орындау әдістері көмегімен өткізіледі. Әрбір жаттықтыру сабағына жоспар-конспекті жазылады. Жоспар-конспектіде жаттытықтыру өткізу күні, ұзақтығы , міндеттері, жаттықтыру мазмұны, жаттықтыруларды орындау саны, әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Үлгі түрі 1- кестеде берілген.

Спорт түрлерінен жаттықтыру сабағының жоспар-конспектісі.

Жаттықтыру бөлімі

Мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау

Кіріспе 15-20 мин

Жалпы бой қыздыру

Жаттығулары: жүру, жүгіру ЖДҚҚЖ

5-7 мин

Еркін дем алу,

ағзаны жалпы қыздыру

Арнайы бой қыздыру жаттығулары: арнайы ептілікке арналған акробатикалық гимнастикалық және кеңістіктегі бейнелеу жаттығулары.

10-15 мин

Бұлшық ет топтарын жақсылап қыздыру

Негізгі бөлім

50-60 мин

Техникалық дайындық

1.

2.

Тактикалық дайындық

1.

2.

30-40 мин

20-30 мин

Жаттығуларды дұрыс, дәл орындау

Жаттығуларды күрделендіре орындау

Қорытынды бөлім

5-10 мин

Терең дем алу, денені босаңсыту жаттығу

лары. Жаттықтыруды қорытындылау.

5-10 мин

Жаттығуларды еркін орындау.

Спорт мектептеріндегі негізгі есепке алу құжаты- жаттықтыру тобының журналы. Журналды жаттықтыру уақытының кестесі, жылдық жоспар кесте, әрбір айға құрастырылған айлық жоспар, спортшылардың жаттықтыруға қатысуларын күнделікті белгілеу кестесі (44-кесте), жаттықтырулардың әр сабақ жазулары (45-кесте) спортшылар туралы мәліметтер олардың спортық көрсеткіштерін көрсетіледі.