Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции тандап алан спорт туріндегі дайын.комп.doc
Скачиваний:
148
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
295.94 Кб
Скачать

Спортшының функционалды қасиеттері моделді блогының матрицасы.

Қасиеттер блогы

Мазмұны

1.

Морфологиялық элементтер

- соматотип

- салмақ пен бойдың берілгендері

- дене бітімі, қол мен аяқ ұзындығы

- икемділік қасиетінің дәрежесі

2.

Энергетика

- гемодинамика, хемауысым және потенциал

3.

Физикалық (локомоторлық) қасиеттер

- күш

- жүйріктілік

- төзіміділік

4.

Сенсомоторика

  • қимыл ассиметриясы

  • сенсорлық табалдырықтар

  • жай реакцияның жылдамдығы

  • координацияға қабілеттілік

  • күрделі моторлық реакцияның жылдамдығы мен адекваттылығы

  • рецептивті антиципация

  • сенсомоторлық төзімділік

  • жағдайлы психостресте адекватты жұмыс жасау

  • жағдайлы психостресте адекватты жұмыс жасау ұзақтылығы

5.

Жүйке типологиясы

-жүйке үрдістерінің (ЖҮ) қозу (Қ) мен тежелу (Т) күші

- жүйке үрдістернің қозғалғыштығы (қимыл әрекеті)

- жүйке үрдістерінің қалыптылығы

- жүйке үрдістерінің (ЖҮ) қозу (Қ) мен тежелу (Т) негізіндегі төзімділік

- тежелунің өз бетімен пайда болуы

- қорғаныс реакциясының типі және қауіп деңгейі

6.

Интеллект

- адекватты ойлаудың жүйріктілігі

- назар аудару диапозонының кеңділігі

- ақпаратты есте сақтау жылдамдығы

- ақпаратты сақтау уақыты

- экстрополяция

- стресс кезінде адекватты жұмыстың ұзақтылығы

7.

Темпераменттің психодинамикалық қасиеттері

  • эмоционалды қозу мен импульсивтік дәрежесі

  • ригидтілік-иілгіштік

  • экстраверттілік-интраверттілік

  • батылдық пен қорықпаудың деңгейі

  • агрессия деңгейі

8.

Тұлғаның психологиялық қасиеттері және ынталандыру социалды тәртіп

  • мақсатқа жетудің «геномақсат» және «генотәсіл» (оған жету тәсіліне алдын ала икемдеу)

  • өз ішінде қалыптасу және іске асудың дәрежесі

  • еңбекқорлық дәрежесі және кемшіліктерді анықтау деңгейі

  • мейірімділік, қостау, шектеу мөлшері

  • басқару, заң сақтау дәріжесі

  • күш-жігерлік қасиеттері

  • ұстанымдылық, міндеттілік

Берілген функционалды қасиеттердің тізімдемесін негізге ала отырып, арасынан спорттық күресте және белгілі салмақты категорияда талаптардың тым жоғарланғандарды анықтауға болады.

Сенсомоторлық қасиеттер блогында пайдаланылатын терминдерді дифференциялау және белгіленген қабілеттер қолдану бірізділігін анықтау керек.

А) Координациялау-алдын ала бағдармаланған жағдайдағы өзара келісілген қимылдарға қабілеттілік (бастапқы кезенде игеріледі.)

Б) Жағдайды сенсомоторика- ақпаратты обьективті қабылдау және өзгеріп отыратын жағдайда оған адекватты координациялық қимылдарды ұйымдастыру қабілеттілігі (ептілік қасиетін анықтайды және координациялық дағдыларды игерген соң қаралады.) Алайда ептіліктің екі түрін ажырата білу керек.

1.Дене (Н.А.Бернштейн-кеуделік) негізінде, ол спорттық гимнастикада, акробатика және спорттық күресте қолданылады.

2. Заттық ептілік көркем гимнастикада, спорттық ойындарда және жекпе-жекте қолданылады.

В) Психомоторика- психо-стрессорлық жағдайда қимыл-қозғалыс білік пен дағдыларды (ептілік) іске асыру қабілеттілігі (психостресстерсіз, жағдайлы сенсомоториканың ауқымын игергеннен кейін үйретіледі.)

Техникалық дайындық дегеніміз - жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісі. Оның негізгі міндеті- спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеруге,дағдылану.

Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді.

Мысалы: гимнастика,конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі және нақытылығымен бағаланады. Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл, қозғалысты тиімді экономиялы түрде орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс,экономиялық орындауы. Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және физиологиялық көрсеткіші оттегіні қолдану мүмкіншілігімен байланысты екені анықталған. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 км/сағат, адым ұзындығы 150 см болғанда ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суға жүзу, конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі.

Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде «эталондық» орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кино түсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерешеліктерін ескеріп жаттығуды орындау керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы,физиологиялық,психикалық және т.б. қасиеттер.

Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындау керек:

  1. Техника нәтижелілігі.

  2. Тиімділігі

  3. Тұрақтылығы

  4. Бейімділігі

  5. Экономиялығы

Тактикалық дайындық дегеніміз –жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс, амалдарды, айла тәсілдерді қолдана білу өнері.

Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:

а) спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарысластарының ерекшеліктеріне,жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау.

ә) осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.

1. Қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену,тиімді пайдалана білу.

2. Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.

3. Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластырының мүмкіншіліктерін зерттеу. (уақыты,жарыс өткізілетін орын т.б.)

4. Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.

5. Тактикалық тәсілдерді,оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру.

6. Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.

7. Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын-ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында,жарыс жағдайына ұқсас жағдайларды қайталау,арнайы кітаптар оқу,әңгіме өткізу, бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.

Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.

Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы психологиялық дайындық.Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.

  2. Арнайы психологиялық дайындық.Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық-жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған. Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді. Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.

Тиянақты жаттығу әдісі-дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.

Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі- көңіл күйді көтеру, көңілдену,қиыншылықтары жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу,жинақталу. Және т.б. әдіс-тәсілдер.

Идеомоторлық жаттығулар әдісі -жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.

Спорттағы психодиагностика әдісі-КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар,тәсілдер арқылы анықтау.

Теориялық дайындық әдісі-Спортшыларды дайндайтын заңдылықтарын,олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы сонымен қатар арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.

Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1.Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.

2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.

3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.

4.Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.

5. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.

6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.

7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.

8. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.

9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.

10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.