Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции тандап алан спорт туріндегі дайын.комп.doc
Скачиваний:
148
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
295.94 Кб
Скачать

2. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары.

Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілгі мен дағдысын қалыптастыруда,арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін,спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.

«Жаттыққандық»-дегеніміз жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.

«Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің техникалық шеберлігінің,тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез-келгеніне жеке арналуы мүмкін.

«Спорттық қалып,спорттық бап» спортшының белгелі бір циклде спорттық жоғарғы нәтижелер көрсетуге дайын күйі.

Спорттық жаттықтыру амалдары. Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.

Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:

I.Жарыс жаттығулары.

II. Арнайы дайындық жаттығулары.

III. Жалпы дайындық жаттығулары.

I. Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз.Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.

II. Арнайы дайындық жаттығуларыспортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:

  1. Жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл, әрекеттер.

  2. Дайындық жаттығулары -негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш,жылдамдық,төзімділік) дамытатын жаттығулар.

  3. Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнасттардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері

  4. Бейнелеу жаттығулары –жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (коньки жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі)

  5. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды, суға секірушінің қолдануы және т.б.)

III. Жалпы дайындық жаттығуларыспорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл,қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.

3. Спорттық жаттығулардың қағидалары

Спорт жаттығуларының өзіндік ерекшелігі,өзіне тән қағидалаларын тудырады.

Саналық қағидалары- спортшының санасында жоғарғы спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.

Біртіндеушілік қағидалары- жүктемені жоғарғы деңгейге дейін біртіндеп өсіру.

Даралық қағидалары- спортшының талантына, жеке басы мүмкіндігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру әдістемесінің өзгеруі.

Жүйелік қағидасы (немесе жаттықтыру процесінің үзіліссіздігі). Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырлады.

Ғалымдар мен жаттықтырушылар кейінгі кездері жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Сонда жыл сайын жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндігі, сол арқылы да олар өте жоғарғы көрсеткіштер көрсететіні анықталады. Қазіргі әдістер аздаған өзгерістермен спорт саласында 20 жылдай қолданылып келеді. Осы әдіс өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып болды деп айтуға болады. Өйткені оның негізгі компоненті берілген уақыт негізгі үлкен жаттықтыру көлемі өз шегіне жетті. Сондықтан біз қазір ескі әдістің өзгеріп, жаңа әдістің пайда болу кезеңінде тұрмыз.

Спортшының өзінің энергиясын, күшін, керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аударуға тиіс.

Циклдік қағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклдік дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) және макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді.

Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді.

Кіші толқындар- микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар- мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты. Үлкен толқындар- макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты.

Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл процесс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады.

Жалпы дайындық кезінде жоғарғы спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әр түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл, қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы кезеңдерінде байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық арақатынасы 60-40 %, жарыс кезеңінде 20,30-80,70%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді. Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғарғы дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі бөлек беріледі.