Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции тандап алан спорт туріндегі дайын.комп.doc
Скачиваний:
148
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
295.94 Кб
Скачать

4. Спорт жаттықтыруларының әдістері.

Спорт жаттықтырулары дене тәрбиесі жүйесінің бір бөлігі болғандықтан оның барлық әдістеріне үйретудің әдістемелері қолданылады.

Негізінде спорт жаттығуларына дене қуаты қаситтерін, қозғалыс шеберлігін жоғарғы дәрежеде дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығу әдістері қолданылады. Олар : бір қалыпты орындау, қайталау, аралық орындау әдістері.

  1. Ұзақ уақытта орындалатын бірқалыпты қайталау мен ауыспалы қайталау әдістерін циклдік спорт түрлерімен жаттығатын спортшыларды дайындауда қолданған жөн. Ол әдістер ұзақтығын, толассыздығымен және бірқалыптылығымен білінеді (төзімділік қасиетін дамытады).

  2. Ауыспалы жаттығу әдістері-жаттығуды орындау қарқыны тез өзгеретін спорт ойындарында көп қолданылады.

  3. Аралық қайталау және үдемелі жаттығу әдістері тынығу аралығының уақытын қысқарту және жүктемені көбейту арқылы ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін дамытады.

Қозғалыс тәсілін жетілдіру үшін көрнекі көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең көлемде пайдаланылады. Спорт жаттықтыруларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте көп қолданылады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша,массаж, фармакологиялық дәрі-дәрмектер, музыка,гипноз,аутогендік жаттықтырулар т.б.).

5. Спорт жаттықтыруларының негізгі бөлімдері.

Спорт жаттықтырулары - дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген бөлімдерден құралады.

Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлатуға , дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағыттылған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.

Жаттықтыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қауты дайындығы жүргізіледі. Оның үстіне арнайы дайындық фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыл-әрекеті, қасиеті дамытылады. Осы дайындықтар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты неғұрлым мықты болса, келесі саты соғұрлым биік болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де, сондайлық биік деңгейде дамытуға қол жеткізуге болады. Осы үш сатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, ескекшілердің, конькимен жүгірушілердің, велосипедшілердің, суда жүзушілердің жаттықтырулар циклдерінде анық көрінеді. Ұзақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің жылдық жаттықтыруында осындай үш сатылық дайындық міндетті түрде орындалуы қажет.

Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады.

Функционалды дайындық

Жаттықтырушы технико-тактикалық біліктердің іске асуын қамтамасыздандыратын функционалды қасиеттердің тізімін толығымен білуі керек.

Функционалды көрсеткіштердің моделді матрицасы тек қана бағыттаушы ориентир ретінде қолданыла алады.

Белгілі кестеде берілген функционалды көрсеткіштер, түрлі дәрежеде ми және физикалық әрекеттер жасау кезінде пайдалынады және де спорттық жаттығу кезінде түрлі дәрежеде жүктеледі.