Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Зидентоп Ларри. Демократия в Европе. М., 2001г.

2. Моисеев Н.Н. Размышления о современной политологии. М.,2000г.

3. Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав. анализ. М.,1998г.

4. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

5. Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

6. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

7. М. Қасымбеков. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы. Астана ―Елорда‖ 2000ж.

8. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. –211 б.

9. Мировые политическое развитие: век ХХ. М.,1995г.

10. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

9- тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.

Дәріс мақсаты:

1. Саяси партиялардың қалыптасуы.

2. Қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар мен бірлестіктер, олардың саяси қызметі.

3. Қ.Р. саяси партиялар.

Негізгі ұғымдар:

Авторитарлық партиялар, антогонизм, билеуші партиялар, бұқаралық партиялар, бұрмалаушылық, делегат, демократиялық партиялар, жасылдар, квота, конгресс, қоғамдық-саяси ұйымдар, нонсенс, оппазиция, рейтинг, саяси партиялар, кӛппартиялық, саяси ұйым, фракция.

Дәріс мазмұны:

Мемлекеттік емес ұйымдарың арасында қазіргі қоғамның саяси ӛмірінде ең үкен рӛл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға атсалысады. Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын ӛркендетудің маңызы мідеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға мәдени-тұрмыстық қажетін ӛтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бӛлу балалар бақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады.

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сӛз латын тілінен шықкан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жӛнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте ӛз мүдделерін қорғайтын кӛпшілік партияларды кұра бастады. Саясатқа кӛптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рӛлі одан әрі ӛсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден кӛпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің кӛрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап кӛрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) кӛпшілік партиялар.

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараныц ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше кӛре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр-түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (кӛбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия ӛзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене катынасады.

Саяси партиялар азаматтардың саяси ӛмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдарға, соның ішінде саяси

ұйымдарға мүшелердің саны мен сапасының кӛрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.

Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет ӛз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.

Кӛп партиялылық – плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы ӛткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша кӛп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Дегенмен, егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен кӛруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі кӛп ретте осы жағдайлармен байланысты.

Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс IV съезінде сӛйлеген сӛзінде Президент Н.Ә.Назарбаев «... Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бӛлімшелердің қалыптасуының ӛзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады», – деп ашық айтуы бекер емес.

Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру. Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту, азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте кӛппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін).

Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден, демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығы. Екіншіден, еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халыктың бір ұлтты әлде кӛп ұлтты, бір дінге әлде кӛп дінге бағынуы да әсер етеді.

Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар кӛппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.

Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең тәуірі, тиімдісі қайсысы деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған бірыцғай кесіп жауап беру, бір үлгіні ұсыну дұрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы ӛлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын кӛзбен түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және т.с.с.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова С.М. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жеке адамның саяси еркіндігіне ықпалы. // Ақиқат. №8, 2010. -Б.25-27. – 140 б.

2. Иманбекова Б.И. Партиялар, партиялық жүйе тарихы және қазіргі кезең А., 2001ж.

3. Саяси партиялар туралы ҚР Заңы. А.,1996ж.

4. Саяси партиялардың конституциялық құқығы. // Ақиқат,1999ж.

5. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

6. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

7. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999 г.

10- тақырып. Саяси сана және саяси мәдениет.

Дәріс мақсаты:

1. Саяси мәдениет ұғымы және оның мәні.

2. Саяси сана мен саяси мәдениеттің қызметтері.

Негізгі ұғымдар:

Ӛркениеттілік, гуманизм, саяси мәдениет, саяси сана, ұлттық сана-сезім, шовинизм.

Дәріс мазмұны:

Мәдениет пен сананың саясатқа тигізетін ықпалына келетін болсақ, мынандай ықпал ету бағыттарын айтуға болады. Біріншіден, жеке адамды тәрбиелеуде және оны әлеуметтік ортаға бейімдеуде, демек адамды білім беру және кәсіптік оқыту, тәрбиелеу арқылы қоғамдық жағдайларға икемдеу. Олардың ӛз мінез-құлқын қоғамдағы әлеуметтік нормаларға, қағидаларға сай реттеп отыруға тәрбиелеу. Екіншіден, саясат субъетілерінің іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін қоғамда материалдық, рухани мұралар жүйесінің қалыптасуы. Үшіншіден, іс-әрекеттер мен мінез-құлықтардың және әртүрлі саяси мәселелерді іске асыру үлгілерін жасау. Ондай мінез үлгілері адамның әрбір саяси жағдайға кӛзқарасын айқындап отырады. Тӛртіншіден, мәдениеттің саяси ӛмірге ықпалы саяси институттар қызметінің модельдерін жасау арқылы кӛрінеді.

Сонымен, саясат қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саясат қоғамның барлық жақтарының табиғи бірлігін қамтамасыз етудің тұтқасы болып табылады. Егер қоғамның барлық салалары саясат арқылы жүзеге асырылып отырса, ал саясат қоғамдағы белгілі бір экономикалық, мәдени, идеологиялық құрылымдар (ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер, институттар т.б.) арқылы іске асырылады. Яғни саясаттың ӛзі экономикадан, идеология мен мәдениеттен тыс ӛмір сүре алмайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

2. Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

3. Адам және саясат. А., 1998ж

4. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

5. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007ж.

11- тақырып. Саяси идеология және ұлт саясаты

Дәріс мақсаты:

1. Саяси идеология ұғымы.

2. Ұлттық және мемлекеттік саяси идеология.

3. Ұлт мәселесі және оның құрылымы

Негізгі ұғымдар:

Идеал, идеология, идеялық, ұлттық идея мен идеология, эклетизм.

Дәріс мазмұны:

Саясат идеологиямен де саясат тығыз байланысты. Идеология таптардың ең алдымен экономикалық, әлеуметтік т.б. мүдделерінің теориялық кӛрінісі. Сондықтан идеология экономикалық-әлеуметтік т.б. саясаттардың іске асырылуындағы идеялық құралы болып есептеледі. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына әкіліп соғады. Идеология саяси іс-әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз саясат болмайды. Олай болса идеология кез келген мемлекетке тән табиғи нәрсе. Алайда саясат пен идеологияның арасындағы байланыс, идеология саясаттың теориялық неғізі болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құралы болып есептеледі. Ӛйткенні оның қолында қоғамдық-саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар. Сондықтан билеуші тап ӛз идеяларын, кӛзқарастар жүйесін иландырады, яғни идеологиялық үстемдік жүргізеді. Ол үшін олар арнайы мекемелер, ұйымдар, институттар құрады солар арқалы ӛз идеологиясын жүргізіп отырады. Оған қарсы кӛзқарастармен күрес жүргізеді.

Саясатқа бұдан да басқа факторлар ықпал етіп отырады. Мәселен: географиялық, демографиялық, мәдени-тарихи, ұлттық салт-дәстүр, әлеуметтік-психологиялық т.б. Себебі, олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезенде саясатта айқындаушы, шешуші факторлардың біріне айналуы мүмкін.