Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Білімді бақылау формасы:

Бақылау жұмысы: семестрде 2 жұмыс

СӚЖ: 2 тапсырма семестрге

Қорытынды емтихан: сессия кезіндегі емтихан

Білімді бағалау критерийлері, балдар %

Бақылау жұмыстары

Жеке тапсырмалар (АБ1, АБ2) 60

Қорытынды емтихан 40

Аралық бақылау ӛткен дәрістерде, практикалық және лабораториялық сабақтарда (7 апта ішінде) оқытылған теориялық және практикалық сұрақтар бойынша ӛткізіледі. Студентке сұрақтар мен практикалық тапсырмалар ұсынылады.

Білімді бағалау шкаласы: Бағаның әріптік

эквиваленті

Бағаның сандық эквиваленті

(GPA)

Балдар%

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4.0

95-100

«Ӛте жақсы»

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

«Жақсы»

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

(ӛтпейтін баға)

I

-

-

«Пән аяқталмаған»

W

-

-

«Пәннен бас тарту»

AW

-

-

«Пәннен шығарылу»

AU

-

-

«Пән тыңдалды»

P/NP (Pass/

No Pass)

-

65-100/ 0-64

«Есептелінді/ есептелінбеді»

7 Бӛлім. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің ӛздік жұмысы

(ОЖСӚЖ-Office hours):

Консультациялық қызмет:

 Саясаттану пәні бойынша студенттерге ӛздік жұмысын орындауға кӛмектесу;

 студентке бағдарламалық материалды меңгеруге қажетті жұмыстар әдістемесін таңдау үшін кӛмек;

 студент үшін күрделі тақырыпты қайта тыңдау мүмкін-дігі, оқу материалын бекіту үшін практикалық тапсырмалар орындау;

 оқу материалын терең оқып-үйренуге ықпал ету;

 студенттің ғылыми саладағы ӛздік жұмысына кӛмектесу.

Бақылаулық функциясы: студенттердің білімін ағымдық, аралық және қорытынды есепке алу және бағалау барысында олардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін жүзеге асырылады. ОЖСӚЖ барысында студент бақылау, семестрлік жұмыстарды орындайды, тьютордан кеңес алады және баға алады (ағымдық және рейтингтік бақылау).

ОЖСӚЖ бойынша жоспардың құрылымы:

1- тақырып. Саясаттану – ғылым

Үй тапсырмасы:

1. Саясат деген не, ол қашан пайда болды?

2. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?

3. Саясаттың қызметтеріне не жатады?

4. Саясат әдіс-тәсілдері мен парадигмалары дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2003ж.

2. Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002ж.

3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4. Кенжебаев. М. Саясаттану негіздері. А.,1995ж.

5. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

6. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7. Қ. Рахметов, А. Болатова, З. Исмағамбетова Саясаттану. А.,2005ж.

8. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

9. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

10. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

11. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.

2- тақырып. Саяси ілімдер тарихы

Үй тапсырмасы:

1. Ежелгі Қытайдағы саяси мектептердің ерекшеліктерін атап кӛрсет.

2. Үндістандағы қоғамды варнаға немесе касталарға бӛлуді қалай түсінесің?

3. Платон мен Аристотельдің мемлекет пен билікке қосқан үлестері.

4. Орта ғасырдағы исламдық және христиандық бағыттың ӛкілдерінің саяси кӛзқарастары.

5. Жаңа дәуір мен қайта ӛрлеу дәуірінің саяси ерекшеліктері.

6. 19ғ. Қазақ ойшылдарының әлеуметтік- саяси кӛзқарастары.

Әдебиеттер:

1. М.Мұхамедов, Б.Сатершинов, Б.Сырымбетұлы Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. А.,2003ж.

2. Дастанұлы Ә. Кӛне Қытайдың кемеңгер сӛздері. //Парасат,№12. 1994ж.

3. Е.Зікібаев Конфуций. //Ақиқат, 1995ж. №11

4. Г.Р.Нұрымбетова Саяси ілімдер тарихы. Алматы, 2008 ж.

5. Аристотель. Политика. //Сочинения в 4-х томах. М.,1976г.

6. Б.Бабақұлы. Платон. //Ақиқат. 1995ж,№3.

7. Ә.Дастанұлы Сократ. //Бірлік. 1996ж, 25қаңтар.

8. Ж.Қуандық Аристотель. //Ақиқат. 1995ж,№2.

9. Болат-Канал. Цицерон. //Ақиқат. 1995ж,№5.

10. Әл-Фараби. Әлеуметтік- этикалық трактаттары. А,.1983ж.

11. Н.Макиавелли Государство. М.,1990г.

12. Шарль Луи Монтескье. Заңдар рухы туралы. А., 2004ж.

13. Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.

14. Саяси ой тарихы. А.,2004ж.

15. История политических и правовых учений. М.,1995г.

16. А.А.Чанышев История политических учений: классическая западная традиция. М., 2000г.

17. А.Құнанбаев Қара сӛздері. А.,1986ж.

18. Ш.Уәлиханов Таңдамалы шығармалары. А., 1985ж.

3- тақырып. Саяси жүйе және саяси тәртіп.

Үй тапсырмасы:

1. Саяси жүйе мен саяси тәртіптің айырмашылықтары?

2. Демократия атрибуттары: плюрализм, билік бӛлінісі, құқықтық мемлекет.

3. Демократия мен анархияның, демократия мен жауапкершіліктің ара- қатынастарын түсіндір.

4. Фашизм, сталинизм, тоталитаризм ұғымдары мен олардың қоғамға әсері.

Әдебиеттер:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2003 ж.

2. Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002 ж.

3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997 ж.

4. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000 ж.

5. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

6. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7. Д.Назарбаева. Саяси жүйелер: қалыптасуы, дамуы, демократиялануы. А.,1997ж

8. Громыю А.Л. Политическое режимы. М., 1994.

9. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.,1998г.

10. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

4- тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Үй тапсырмасы:

1. Мемлекеттің тарихи түрлері.

2. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ӛзара байланыс диалектикасы.

3. Мемлекеттің саяси мәселелерді шешудегі ролі.

Әдебиеттер:

1. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

2. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

3. Макиавелли Н. Государство. М.,1990г.

4. Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.

5. Адам және саясат. А., 1998ж

6. М. Қасымбеков. Астана “Елорда” 2000ж.

5- тақырып. Билік- саяси феномен

Үй тапсырмасы:

1. Билік дегеніміз не?

2. Қоғамдағы мемлекеттік биліктің ролі.

3. Саяси биліктің принциптері.

Әдебиеттер:

1. Технологии Политической власти. Киев,1994г

2. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

5. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

6. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

7. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

8. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

9. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.

6- тақырып. Адам - саясат субьектісі, еркіндік пен бостандық - обьектісі ретінде

Үй тапсырмасы:

1. Адамның саясатқа қатысу формалары қандай?

2. Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру саясаты.

3 Адам құқы мен еркіндігі.

Әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

2. Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

3. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. –211 б.

4. Адам және саясат. А., 1998ж

5. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

7- тақырып. Саяси процесс және саяси қызмет.

Үй тапсырмасы:

1. Саяси процесс дегеніміз не?

2. Саяси конфликтология ұғымы.

3. Саяси шешім қабылдау процесі.

Әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

2. Зидентоп Ларри. Демократия в Европе. М., 2001г.

3. Моисеев Н.Н. Размышления о современной политологии. М.,2000г.

4. Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав.анализ. М.,1998г.

5. Казахстанская политологическая энкциклопедия / Центр политических исследований: КазГНУ им. Аль-Фараби. Кафедра политологии.-Алматы: Қазақстан даму институты. 1998.

6. Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана: состояние, перспективы. Алматы, 1996.

7. Политическая наука: новые направления – Под, ред. Р. Гудина.

8. Науч. ред Е.Б. Шестопал.-М.: Вече, 1999г.

9. Пугачев В.П.., Соловьев А.И. Введение в политическое обновление Казахстана: тенденции и перспективы. Алматы, 1996г.

10. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

8- тақырып. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.

Үй тапсырмасы:

1. Демократия құндылықтары.

2. Демократияның жалпы мәні мен маңызы.

3. Әр кезеңдегі демократия түсінігі.

Әдебиеттер:

1. Зидентоп Ларри. Демократия в Европе. М., 2001г.

2. Моисеев Н.Н. Размышления о современной политологии. М.,2000г.

3. Майлыбаев Б.А. Современный политический процесс в Казахстане и России: срав. анализ. М.,1998г.

4. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

5. Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

6. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

7. Казахстан и мировое сообщество. А.,2000г.

8. Мировые политическое развитие: век ХХ. М.,1995г.

9. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

10. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы.

11. М. Қасымбеков. Астана “Елорда” 2000ж.

12. А. Сарсенбаев. Кітап: Тәуелсіздік пен демократия тұғыры. А., “Атамұра” 1998ж.

9- тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.

Үй тапсырмасы:

1. Саяси партиялардың даму тарихы?

2. Қоғамдық саяси қозғалыстардың мәні.

3. Оппазиция, және оның қоғамдағы орны.

Әдебиеттер:

1. Сыздықова С.М. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жеке адамның саяси еркіндігіне ықпалы. // Ақиқат. №8, 2010. -Б.25-27. – 140 б.

2. Иманбекова Б.И. Партиялар, партиялық жүйе тарихы және қазіргі кезең А., 2001ж.

3. Саяси партиялар туралы ҚР Заңы. А.,1996ж.

4. Саяси партиялардың конституциялық құқығы. // Ақиқат,1999ж.

5. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

6. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

7. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.

10- тақырып. Саяси сана және саяси мәдениет.

Үй тапсырмасы:

1. Саяси мәдениет дегеніміз не?

2. Саяси субмәдениет дегеніміз не?

3. Саяси сананың тұлғаға әсері.

Әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

2. Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

3. Адам және саясат. А., 1998ж

4. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

5. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007ж.

11- тақырып. Саяси идеология және ұлт саясаты

Үй тапсырмасы:

1. Саяси идеологияның таптық бағыттары.

2. Жаћанданудың саяси идеологиясы.

3. Саяси идеологияның жеке адамға әсері.

4. Қазақстан халықтары Ассамблеясы қоғамдық-саяси институт ретінде.

Әдебиеттер:

1. Сарсенбаев Т. С. Государственная идеология и политический плюрализм. // Мысль. -1996.-№5.

2. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

3. Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

4. Адам және саясат. А., 1998ж

5. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

6. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007ж.

7. Әбсаттаров Р.Б.Әлеуметтік этникалық процестер: теория мен практика мәселесі. А., 1993ж.

8. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

12- тақырып. Саяси кӛшбасшылық және саяси элита.

Үй тапсырмасы:

1. Лидер дегеніміз кімдер?

2. Элитаның қарапайым халыққа әсері.

3. Элитаның қайнар кӛзі. В. Парето, Г. Моска, Р. Михельс.

Әдебиеттер:

1. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

2. Кенжебаев. М. Саясаттану негіздері. А.,1995ж.

3. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

4. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

5. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

6. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

7. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

13- тақырып. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

Үй тапсырмасы:

1. Халықаралық институттар және оның түрлері

2. Халықаралық қатынастар жүйесі

3. Азаматтар саяси процеске қатыса отырып, ӛз мүдделерін білдіру әдістері.

4. Қазіргі әлемдік саясаттағы дін мәселесі.

Әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

2. Бурханов К.Н.. Карин Е.Т., Сатпаев Д.А., Давыдова М.М. Экстремизм в Центральной Азии: Институт России и Китая. Алматы., 2000.

3. Гаджиев К.С. Введение в политическую науку. М., 1997.

4. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2008ж.

5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007 ж.

6. Н. Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. А., 1992

7. Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы “Атамұра” 1999ж.

8. Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. А., 2003ж.

9. С.И. Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты. Алматы, 1998ж

10. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтік этникалық процестер: теория мен практика мәселесі. А., 1993ж.

11. Токаев К.К.. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы,2000г.

12. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

14- тақырып. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.

Үй тапсырмасы:

1. Қазақстан қандай мемлекеттермен сыртқы байланыста?

2. Сыртқы саясат, оның функциясы.

3. Қазіргі әлемдік саясаттағы Қазақстанның ролі.

Әдебиеттер:

1. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2008 ж.

2. Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы “Атамұра” 1999ж.

3. Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. А., 2003ж.

4. Сәрсенбаев Т. Қазіргі саяси процесс. Алматы, 2009 ж.

5. С.И. Абдулпаттаев. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты. Алматы, 1998ж.

6. А.Ишмухамедов. Проблемы становления и развития политической науки в Казахстане. РК. А.,1999г.

7. Суворов Л.С., Н.Ә. Назарбаев- Қ.Р. Тәуелсіз сыртқы саясаттың негізін қалаушысы. А.,2001ж.

8. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.международные отношения, 1998.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

САЯСАТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ

Пән аталуы: Саясаттану

Мамандығы: Барлық мамандықтар

Оқу нысаны: күндізгі

Алматы, 2013 ж.

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ

1- тақырып. Саясаттану – ғылым

Дәріс жоспары:

1. Саясаттанудың объектiсi мен пәні

2. Саясаттанудың әдiстерi мен қызметтерi, заңдары

3. Саясаттың пайда болуы және табиғаты, оның қоғам ӛмірінің басқа салаларымен ӛзара байланысы.

Негізгі ұғымдар:

Адам, тұлға, жеке басқа табынушылық, бихевиоризм, идеал, идеология, келісім, конфликт, мәміле, саясат, саясат-ғылым, саясат субьектілері, обьект, саясаттану, субьективтік, тоталитаризм, ішкі саясат, күш қолдану саясаты, парадигма.

Дәріс мазмұны:

Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым–қатынас барысындағы ӛз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Екінші сӛзбен айтқанда саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда саясаттың белгісі таптық, партияның мемлекеттің мүдделері мақсат – міндеттерінің жиынтығы деп айтуға болады. Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның ӛмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды әлементі болып табылады.

Саясаттың қоғамдағы рӛлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:

қоғамның жалпы мақсатын анықтау

қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау

қоғамдығы қатынастарды реттеу мен бӛлу

шешімдер қабылдау

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың ӛзекті мәселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізделген саяси режим пайда болды. Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бӛлінеді: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар. Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады. Саясат қоғамда үлкен ӛзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалары. Сондықтан саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде қарастыратын болсақ, ол-ғылым. Ӛйткені саясат қоғамдық даму зандылықтарына негізделеді. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты. Яғни қоғам дамуының зандылықтары ашылғаннан кейін ғана және ірі қоғам қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде әлеуметтік процестерге ықпал ете бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Әрекетсіз – заңдылық жоқ. Егер адам әрекеті қоғамның даму заңы мен манаспаса онда ол нәтижесіз болады. Сонымен саясаттың мақсаты тек қана объективтік факторларды ғана жасауда емес, сонымен бірге ол субъективтік факторларды да қарыптастыру керек.

Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық дамудың зандарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды ӛзінің практикалық қызметінде қолдана алады.Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор –

ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Тӛртінші жағдай, ол саяси әректті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.

Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, зандылықтары, қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сӛзбен айтқанда неге саясат ғылым болады десек, ӛйткені ол қоғамның саяси ӛмірі жӛніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал оның негізгі мәселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мәні мен мазмұны: оның айқындаушы бергілері мен принциптері және негіздері; қоғамдық ӛмірдің негізгі бағыттары бойынша басты мақсат – міндеттері, олардың зандылықтары, қозғаушы күштері және олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың әртүрлі жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мәдениеттің және сүріп жатқан саяси мемлекеттер мен партиялардың саясатына, әлеуметтік саяси күштердің әрекеттеріне ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы – саясаттану болып табылады.

Саясаттану саяси құбылыстар мен ӛзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Саясаттануда парадигма деп саяси ӛмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі ӛлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп бӛлеміз.