Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары

Саясаттану пәнінің семинар сабағы ең керекті материалдарды меңгеруге бағытталған. Семинарда студенттер дәріске сүйене отырып, негізгі бағыттағы жаңалықтарды алады, одан соң өзіндік іс-әрекетке машықтанады, дәріс сабағын тереңдете қарастырады. Олар құнды жаңалықтарды қалыптастырады, әдістемелік зерттеулерді оқиды. Ғылыми жүйелік ұйымдастырудың және оқудың негізгі болашақ түрлері мамандандырылған – кәсіпқойлық іс-әрекет.

Семинар сабағына дайындыққа арнайы оқулықтар мен әдебиеттер тізімі беріледі. Студенттер семинар сабағына тапсырма алғандықтан, бір күн бұрын сабақ басталар алдында дәрістегі көшірмелерді қарастырып семинар тақырыбына мүмкіндіктеріне байланысты арнайы берілген әдебиеттермен кітапханаларда оқып дайындалады. Сонымен қатар арнайы конспект дәптерін бастайды.

Семинар сабағына дайындалғанда, арнайы нұсқауларды дәптерлеріне түртіп, көшіріп тақырыптың мазмұнын ашып жазуы керек. Бұл студенттерге сабақ кезінде жауап беруіне көмектеседі. Оқулықтардан жазған кезінде ең алғашқы ойшылдардың көзқарасына тоқталуы тиіс. Ойшылдардың айтқан ғұлама сөздерін түртіп дәптерге көшірілуі керек.

Практикалық (семинар) сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулардың құрылымы:

1- тақырып. Саясаттану – ғылым

Семинар жоспары:

1. Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы.

2. Саясат ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Саясаттанудың негізгі элементтері мен принциптері.

2. Саясаттану- теория және қолданбалы зерттеулер ретінде.

3. Саясаттанудың әлеуметтік ғылымдармен байланысы.

2- тақырып. Саяси ілімдер тарихы

Семинар жоспары:

1. Ежелгі Үндістандағы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік. Көне Қытайдағы саяси ойдың негiзгi бағыттары.

2. Саяси iлiмнiң дамуының гүлденген кезеңi – Ежелгі Греция мен Рим ойшылдарының мемлекет туралы iлiмдерi.

3. Орта ғасырдағы Ф.Аквинскийдің, А.Августиннің билiк туралы ойы. Әл- Фараби iлiмiндегi өмiр сүрудiң басты принципi.

4. Қайта өрлеу және реформация дәуірі. Н.Макиавеллидің мемлекеттік билік принциптері. Т.Мор утопиясы. Т.Компанелла шығармасындағы ашық билiк жүйесi туралы.

5. Жаңа кезеңдегі саяси ойлар. Т.Гоббс, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо және т.б.

6. 19-ғ. II-жарт. Қазақстандағы саяси ой. Ш.Уәлиханов түсінігі бойынша азия елдерінің таптық құрылысының ерекшеліктері. А.Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері. “Қара сөздерінің” ұлттық тәрбиелік мәні.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Конфуцийдiң мемлекет және оның басқару институты туралы iлiмiнiң мәнi.

2. Саяси iлiмнiң дамуының гүлденген кезеңi-Ежелгі Греция мен Рим.

3. Әл- Фараби iлiмiндегi өмiр сүрудiң басты принципi.

4. Ибн-Халдун еңбектеріндегі қоғам дамуының кезеңдері.

5. Томос Мор утопиясы.

6. Томазо Компанелла шығармасындағы ашық билiк жүйесi туралы.

7. А. Құнанбаевтың “Қара сөздерінің” ұлттық тәрбиелік мәні.

3- тақырып. Саяси жүйе және саяси тәртіп.

Семинар жоспары:

1. Саяси жүйе түсінігінің анықтамасы, оның құралы мен құрылымы.

2. Саяси жүйе және саяси тәртіп.

3. Қазіргі саяси жүйе түрлі. ҚР саяси жүйесінің ерекшелігі мен маңызы.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

2. Қазақстандағы саяси институттар.

3. Саяси тәртіп түрлері.

4. Демократияның жаңа концепсиялары.

4- тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Семинар жоспары:

1. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері.

2. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет.

3. Қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару жүйесі.

2. Мемлекет- саяси институт ретінде.

3. Әлемдік тәжірибедегі сайлау.

4. Мемлекетті демократияландырудың алғы шарттары.

5- тақырып. Билік - саяси феномен

Семинар жоспары:

1. Билік, оның түрлері мен формалары.

2. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы билік жүйесі.

4. Билік легитимділігі, оның түрлері.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Билік легитимділігі.

2. Билік психологиясы мен мәдениеті.

3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси билік.

6- тақырып. Адам - саясаттың субьектісі, еркіндік пен бостандық - обьектісі ретінде

Семинар жоспары:

1. Адам- жеке тұлға, басшы ретінде.

2. Әлеуметтік саясаттың маңызы.

3. Қазақстандағы адам еркіндігі мен сөз еркіндігі.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Орта тапты қалыптастырудағы саясаттың маңызы.

2. Қазақстанда адам еркіндігі мәселесін жетілдіру жолдары

3. Адам- саясат субьектісі.

4. Саяси еркіндіктің қоғамдағы кейбір мәселелері

7- тақырып. Саяси процесс және саяси қызмет.

Семинар жоспары:

1. Саяси процесс, оның қызметтері.

2. Саяси іс-әрекет, саяси шешім.

3. Саяси дау-жанжал.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Қазақстандағы демократиялық модернизация.

2. Саяси процестің қоғамдағы ролі.

3. Қазақстандағы саяси процестер.

лемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.

8- тақырып. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.

Семинар жоспары:

1. Демократияның негізгі концепциялары.

2. Қазақстан Республикасындағы демократияландырудың жаңа кезеңі

3. Либералдық демократияның мәні.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық өмірді демократияландыру идеялары.

2. Демократия түсінігі.

3. Демократияға өту жолдары.

9- тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.

Семинар жоспары:

1. Саяси партиялар, оның түрлері мен қызметтері.

2. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың жіктелуі.

3. Қазақстандағы көппартиялық жүйе.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. ТМД елдеріндегі көппартиялық жүйе.

2. Саяси партиялардың даму тарихы.

3. Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар.

10- тақырып. Саяси сана және саяси мәдениет.

Семинар жоспары:

1. Саяси мәдениет типологиясы.

2. Қарапайым сана ұғымы.

3. Халық бұқарасының саяси мәдениеті мен санасы.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Қазіргі Қазақстандағы саяси мәдениет.

2. Саяси мәдениеттің Батыстық концепсиясы.

3. Саяси құндылықтар мен саяси сана.

11- тақырып. Саяси идеология және ұлт саясаты

Семинар жоспары:

1. Саяси идеологияның мәні.

2. Либерализм саяси идеологиясы.

3. Этнос және ұлт.

4. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Саяси идеологияны жүзеге асыру стратегиялары.

2. Исламдық идеологияның әлеуметтік өмірдегі ролі.

3. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.

12- тақырып. Саяси көшбасшылық және саяси элита.

Семинар жоспары:

1. Саяси лидерлердің міндеттері мен оларды топтау.

2. Саяси элитаның қоғамдағы орны.

3. Ұлттық элита.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Саяси ой тарихындағы лидерлер туралы көзқарастар.

2. Қазақстандағы элитаның дамуы.

3. Қоғамдағы лидердің ролі.

13- тақырып. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

Семинар жоспары:

1. Әлемдік саясат және оның жүзеге асырылу әдістері.

2. Дүниежүзілік саясаттағы жаћандану процесі.

3. Қазақстанның сыртқы саясаты және геосаясат түсінігі.

4. Халықаралық терроризм және оның әлемдік саяси процеске әсері.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Жаћандану жағдайындағы діни өркениет.

2. Аймақтық дау-жанжалдар мен соғыстардың әлемдік саясатқа әсері.

3. Либерализмнің еркіндік мәселесіне көзқарасы.

14- тақырып. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.

Семинар жоспары:

1. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет.

2. Қазақстан- тәуелсіз мемлекет.

3. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік.

2. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

3. Сыртқы саясат және ішкі саясат.

Пән атауы: САЯСАТТАНУ

барлық мамандықтар

Лектордың аты-жөні:

Сарсенбаева Жанар Ганиевна

Телефон: 8-7017262108

e-mail: zhakentiy@mail.ru

кабинет: 205

Оқытушының (практикалық,

лабораториялық сабақтар) аты-жөні

Телефон:

кабинет: 205

Пререквизиттері

Постреквизиттері

Алматы, 2013 ж.

Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік бағдарламасы (Sуllabus) типтік оқу бағдарлама және мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік бағдарламасы (Sуllabus) құрастырғандар:

Сәрсенбаева Жанар Ғаниқызы саяси ғ.к., аға оқытушы

(құрастырушылардың аты-жөні, ғылыми (академиялық) дәрежесі, қызметі)

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, бекітілген.

Хаттама № _______ «____» _____________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі с.ғ.к.: _________________ Э.А. Туғанова

Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған және мақұлданған.

Хаттама № _______ «____» _____________ 2013 ж.

Факультет ОӘК тӛрағасы _______________ Б.Т. Жұбанышов т.ғ.к., аға оқытушы