Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010ж.

2. Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы ―Атамұра‖ 1999ж.

3. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. –211 б.

4. Сыздықова С.М. Қазақстан Республикасының Конституциясы – азаматтардың ар-ождан еркіндігінің кепілі. // «Еуразия: халықтар, мәдениеттер, қауымдар» атты Тӛртінші халықаралық Еуразия ғылыми форумының еңбектері (Астана, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, 2005, 7-8 қазан); - Б.204-207. – 471 б.

5. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

6. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

7. Макиавелли Н. Государство. М.,1990г.

8. Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.

9. Адам және саясат. А., 1998ж

10. М. Қасымбеков. Астана ―Елорда‖ 2000ж.

5- тақырып. Билік- саяси феномен

Дәріс мақсаты:

1. Биліктің мәні, концепсиясы.

2. Саяси биліктің негізгі элементтері.

3. Қазақстанның билік жүйесін демократияландыру.

Негізгі ұғымдар:

Атқарушы билік, билік, биліктің тармақталуы, брифинг, вето, вотум, демогогия, заң шығарушы билік, интерпеляция, конституциялық сот, конфликтология, қысымшы топтар, легитимділік, лобби, лояльдық, нигилизм, обструкция, оппазиция, парламент, парламенттік республика, санкция, саяси бостандықтар, сенат, сот билігі, толеранттық, узурпация, ультиматум.

Дәріс мазмұны:

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінін мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі,саясаттың негізгі мәселесі —билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалык жүйеде акша кандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Билік жӛнінде ғалымдар арасында әр түрлі аныктамалар мен тұжырымдамалар бар. 1. Телеологиялық анықтама; 2. Бихевиористік анықтама; 3. Инструменталистік анықтама; 4. Структуралистік анықтама; 5. Конфликтілік анықтама және т.б. Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортак пікір, анықтама жок екенін байкадық. Дегенмен, ғылым болғандыктан аныктама беріледі. Мысалы, "Философиялык энциклопедиялык сӛздікте" билік туралы былай делінген: "Сӛздің жалпы мағынасында билік ӛз еркінде жүзеге асыруға кабілетгілік пен мүмкіндік, адамдардын жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсы бір амал-әдістер — бедел, құқық күштеу аркылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь ". М., 1983, 85-бет). Біздінше, билік деп біреудін екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Билік адамзат коғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық ӛндірісті ұйымдастыру үшін керек. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктін қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және қүрылысына карай баскару түрі және мемлекеттік қүрылысы болып бӛлінеді.

Басқару түрі жогарғы ӛкімет билігі кімнің қолында екендігіи кӛрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялык және республикалық болып екіге болінеді.

Билік басқару түрімен катар кұрылысына карай да ерекпіеленеді. Мемлекет кұрылысы орталық ӛкімет пен жергілікті биліктің міндеттер ӛрісінің аракатынасын білдіреді. Олунитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бӛлінеді.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бӛлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бүрынғы кеңестік дәуірде бүл үғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенін

барлық құрылымын мемлекет теңдіруінің тәсілдемелік негізі болды.

Саяси билік таптык, топтык жеке адамның саясатта тұжырымдалған ӛз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара кұкығы бар зандар мен ұйымдарды сактау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Технологии Политической власти. Киев,1994г

2. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

5. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

6. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

7. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

8. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

9. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.

6- тақырып. Адам - саясат субьектісі, еркіндік пен бостандық - обьектісі ретінде

Дәріс мақсаты:

1. Адамды саяси әлеуметтендіру, қоғамдағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары.

2. Саяси ӛмірге араласудың алғы шарттары

3. Қазақстандағы еркіндік пен бостандық мәселелері

Негізгі ұғымдар:

Адам, адам құқықтары, еркіндік, бостандық, әлеуметтік саясат, ассимиляция, геноцид, гуманизм, жалпы азаматтық құндылықтар, маргиналдар, менталитет, тұлға.

Дәріс мазмұны:

Саясаттың ең басты мақсаты – ол оның бағыттары, деңгейлері, формалары арасындағы байланысты, бір – біріне ӛзара ықпалын, олардың үйлесімділігін және әрекет ету механизмдерін анықтау болып табылады. Саясаттың объектісі- қоғам болып есептеледі. Субъектісі – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар), мемлекет, партиялар, нақтылы жеке адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік билік, ал билік белгілі бір таптың екінші тапта ӛзіне бағындыру қабілеті болғандықтан, таптардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, меншік және мемлекеттік билік туралы таптар арасындағы ӛзара қатынас саяси қатынастың объективті негізін құрайды. Сонымен саясаттың қарастыратын басты мәселелерінің бірі – саяси қатынас мәселесі.

Либералды даму ойлары ХVІІ-ХVІІІғғ. дами бастады. Либерализмнің кӛрнекті ӛкілдері: Джон Локк, Ш. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Дж. Милль және басқалары қазіргі адам құқығы туралы түсініктердің негізін қалады. Оларға адамдардың ӛмір сүру құқығын, бостандығы мен меншігін, қорлыққа қарсы күресін және табиғи құқығын қорғауды жақтады. Осы ретте халықтың дербестігі мен биліктің бӛлінуі жақталды.

Еркіндікті дұрыс түсіну және оны дұрыс пайдалана білу керек. Мысалы, Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның ӛзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ал Ф. Энгельс «Анти- Дюринг» атты еңбегінде: «Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және ӛз болмысына үстемдігі» деп жазумен қатар, ол Гегельдің еркіндік теориясы жайлы былай тұжырымдайды: – Гегель алғашқы болып еркіндік пен қажеттілік арасындағы қарым-қатынасты дұрыс кӛре білді, ӛйткені қажеттілікті білмейінше, адам соқыр болады.

Еркіндік табиғат заңдарынан тәуелсіздігінде тұрған жоқ, қайта еркіндіктің негіздері оны танып, ӛз мақсаттарына бағындыруда жатыр».

Фейербах еркіндіктің түп негізін дінге тәуелсіздіктен кӛреді. Фейербахтың ойынша: «Еркіндік – бастау мүмкіншілігінде емес, керісінше аяқтау қабілетінде жатыр, бірақ бұл еркіндіктің мүмкіншілігі мен шарты уақыт болып табылады».

Тарихи зерттеулерден белгілі болғанындай, табиғатынан адамдар тең болып жаратылады, бірақ олар сол теңдікті ӛмір бойы ұстап тұра алмайды; қоғам олардан бастапқы теңдікті тартып алады. Адамдар тек заңдардың арқасында ғана жоғалған тепе-теңдігіне қайтадан қол жеткізе алады. «Еркіндік» сӛзі сияқты кӛптеген мағынаға ие болған және де ақылға соншама түрліше әсер ететін, сірә, сӛз болмаған болар, – дейді Ш.Монтескье. Біреулер еркіндік деп ӛздері тирандық билік беріп қойған адамды жеңіл жамандауды атайды; келесілері - ӛздерінің бағынышты болар адамын сайлау құқығын айтады; үшіншілері – қару-жарақ асыну құқығын және озбырлық жасау құқығын айтады; тӛртіншілері – одан ӛз заңдарына бағынып, ӛз ұлтынан шыққан адамның қарамағында болу артықшылығын кӛреді. Бір халық ұзақ уақыт бойы еркіндікті ұзын сақал қою салты деп қабылдады. Кейбіреулер, басқаның бәрін итеріп тастап, бұл атауды басқарудың белгілі түрімен байланыстырады».

Бенжамен Анри Констан де Ребектің пікірінше, жеке бостандық – осы заманға қажет бостандық, «саяси бостандық оның кепілі». А.Шопенгауэр «бостандық» туралы былай дейді: «Дәл қарастырғанда бұл ұғым теріс тұрғыда кӛрініс береді. Біз оны тек ешқандай бӛгет пен кедергінің жоқ екендігі деп түсінеміз. Күш тудырушы ретінде осынау соңғысы оң тұрғыдағы ұғым деп саналуға тиіс. Осынау кедергілердің ықтимал қасиеттеріне сәйкес бостандық ұғымының әбден әрқилы үш түрі бар: олар – физикалық, интеллектуалдық және инсанияттық бостандық».

Бостандықтың артықшылығы адамдардың сол бостандықтың ӛзін орынсыз пайдалануға алып келді. Бұл жерде бостандықтың да шегі болуы керек деп тұр.

Еркіндік пен бостандық егіз ұғым десек болады. Дегенмен, жеке адам бостандығы оның мемлекетпен қарым-қатынасына байланысты. Мемлекет құқықтық нормалар арқылы адамның ӛзі қалауына сай іс-әрекеттерінің шегін айқындайды. Сонымен қатар мемлекет жеке адамның осы бостандығына біреулердің шектейтін әрекеттерінен қорғауы тиіс.

Саясатты ӛнер деп қарастыру керек. Ӛйткені, саясаттың субъектісі адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы әрі қуаттылығы кӛп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде, жеке адамның қабілетіне, ішкі мәдениетіне, білімдарлығына, тапқырлығына, творчестволық іскерлігіне байланысты. Демек, саясаттың дұрыс жүруі саясаткердің қоғамдағы бар табиғи-әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда творчестволық батылдық кӛрсетеалуымен және оны қоғамның келешегін болжай алатын логикалық кӛрегендіктермен байланыстыра білуіне тәуелді. Саясаттың ӛнер болуы ең алдымен саясаткердің халықпен жұмыс істей білуінде және оның саясат объектісі мен субъектісінің біртұтастығын тани білу және мойындай білу қасиетімен байланысты. Саясаткердің мұндай қабілеттері оның ішкі рухани дүниесіне сай болып келетін ерекше жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мәселен, адамгершілігі, халық пен ар намыс алдындағы жауапкершілігімен, психологиялық құрылымымен, мінезіндегі салмақтылық, тұрақтылық табандылықпен, халықтың пікірімен санаса білу және олардың кӛңіл-күйін білу мүмкіндіктерімен де байланысты. Саяси басшылардаң іскерлегі оның қалың бұқараны саяси ӛмірге қатыстыра білуінен, қоғам дамуының тарихи кезеңіне, халықтың саяси мәдениет деңгейіне сәйкес келетін саясаттың түрлерін және оны іске асыру құралдары мен әдістерін, тәсілдерін тандап алу қабілетінен кӛрінеді. Мәселен, қазіргі саясат келер елдегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, ғылыми- техникалық, финанс, инвенстициялық, кадр саясаттарында Республиканың табиғи және әлеуметтік ресурстарының ерекшелітері, ондағы эколгиялық, демографиялық, мәдени, ұлттық факторлар толық ескерілуде ме деген мәселе тұрады.

Республикадағы кейбір саяси партиялар кӛтеріп отырғандай саясатта ұлттық сана, психология, ӛмір салттың, салт-дәстүрдің, біздегі қалыптасқан ерекше сипаты кӛп тұстарда ескерілмей жатыр деп айтуға болады. Елдің ӛзіндік ерекшеліктерін түсіне білу саяси басшының даралығына, даналығына, ерен қабілеттеріне байланысты құбылыс. Саясатты ӛнер деп мойындамау әртүрлі жағымсыз: субъективизм, валюнтаризм, трайбализм т.б. сияқты салдары туғызатыны белгілі. Сондықтан саясат ӛнер ретінде кӛпжақтылы, кӛпмәнді ӛте күрделі процесс.