Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Мұхамедов, Б.Сатершинов, Б.Сырымбетұлы Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. А.,2003ж.

2. Дастанұлы Ә. Кӛне Қытайдың кемеңгер сӛздері. //Парасат,№12. 1994ж.

3. Е.Зікібаев Конфуций. //Ақиқат, 1995ж. №11

4. Г.Р.Нұрымбетова Саяси ілімдер тарихы. Алматы, 2008 ж.

5. Аристотель. Политика. //Сочинения в 4-х томах. М.,1976г.

6. Б.Бабақұлы. Платон. //Ақиқат. 1995ж,№3.

7. Ә.Дастанұлы Сократ. //Бірлік. 1996ж, 25қаңтар.

8. Ж.Қуандық Аристотель. //Ақиқат. 1995ж,№2.

9. Болат-Канал. Цицерон. //Ақиқат. 1995ж,№5.

10. Әл-Фараби. Әлеуметтік- этикалық трактаттары. А,.1983ж.

11. Н.Макиавелли Государство. М.,1990г.

12. Шарль Луи Монтескье. Заңдар рухы туралы. А., 2004ж.

13. Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.

14. Саяси ой тарихы. А.,2004ж.

15. История политических и правовых учений. М.,1995г.

16. А.А.Чанышев История политических учений: классическая западная традиция. М., 2000г.

17. А.Құнанбаев Қара сӛздері. А.,1986ж.

18. Ш.Уәлиханов Таңдамалы шығармалары. А., 1985ж.

3- тақырып. Саяси жүйе және саяси тәртіп.

Дәріс мақсаты:

1. Саяси жүйе ұғымына түсініктеме.

2. Саяси жүйелерді салыстырмалы талдаудың мәні мен маңызы.

3. Саяси жүйе. Саяси жүйе билік институттарының жиынтығы ретінде.

Негізгі ұғымдар:

Саяси жүйе, саяси қазыналар, бейсаясаттық, бейтараптылық, саяси институттар, саяси тұрақтылық, децентрализация, дискуссия, догматизм, доктрина, импичмент, инауграция, инновация, модернизация, институализация, интеграция.

Дәріс мазмұны:

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына кӛп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттану-Іпысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері аркылы байланысады.

Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары кӛптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардын біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына карай, құндылыктар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің тӛмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылыктық-еуропалык, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Қоғамның саяси жүйесі – деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси ӛзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Себебі, мемлекеттік істер алға койған мақсатты амал-әдістерді оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Себебі оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бэсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмлеге келетін мемлекеттік емес кӛптеген ұйымдарда кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі кӛрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді. Сонда саяси жүйенің құрлымы қандай? Зерттеушілер оның мынандай негізгі тӛрт бӛлігін атайды: 1. Саяси институттар. 2. Саяси қатынастар. 3. Саяси ережелер. 4. Саяси мәдениет. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олар рӛлі әсіресе феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігінде ӛздеріне қаратқысы келді.Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар ӛздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігінде құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінің XIX ғасырда ӛздеріне карсыларды ерекше қатал кудалаған сот, полиция ұйымы- инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын-сургінге салып , біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси ӛмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кенестер Одағы кезінде олар қатты қүдаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай ӛзгерді. Қазақстан Ресапубликасы Конститутсиясының 10-

бабында: «Республика азаматтарының сӛз,сенім бостандығына жэне олардың еркін білдіруге құқы бар.Ешкімді де ӛз сенімін білдіруге мәжбүр етуге не сенімі үшін қудалауға болмайды»,- делінген. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды. Жоғарыда кӛрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын,еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Солармен қатар биліктен алшақ, дегенмен белгілі-бір жағдайларда оған ықпал да жасай алатын ұйымдар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық қоғамдар, кӛптеген ерікті, спорт, мәдени және т.б. ұйымдар жатады. Қоғамдық жүйенің екінші бӛлігін саяси қатынастар кұрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың (экономикалық,ұлттық діни, жанұялық т.б.) қатынастан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы кӛрініс береді. Біз осыған дейін мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сӛз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҮ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты (Шығыс пен Батыс қатынастары) болуы да мүмкін.

Қоғамның саяси жүйесінің бір бӛлігі бұл Саяси тәртіп деп саяси билік, қогамды басқарудың әдіс тәсілдер жиынтыгын, азаматтирдың қуқықтарымен еркіндіктерініқ демократиялык, дәрежесін айтады.

Казіргі саяси тәртіптерді демократиялык және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бӛледі.

Демократиялық тәртіпке халыкты биліктің кайнар кӛзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге кұкык берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктін түрі, коғамның мемлекеттік-саяси кұрылысы жатады. Антидемократиялык, тәртіп тоталитарлык және авторитарлық болып бӛлінеді.