Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Глоссари алеуметтану

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ (Academic Calendar) – демалыс (каникул, мейрам) күндері көрсетілген оқу жылының ішіндегі оқу және бақылау шараларының өткізілу күнтізбесі.

АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ (Term) – теориялық оқу кезеңі, үш форманың біреуінде көрініс алады: семестр ұзақтығы – 15 апта; триместр ұзақтығы 10 апта; квартал ұзақтығы 8 апта.

АКАДЕМИЯЛЫҚ САҒАТ лекциялық, практикалық (семинар) сабақтарының бір контакттік сағатына (50 минутқа), немесе студиялық сабақтың 1,5 контакттік сағатына (75 минутқа), немесе лабораториялық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 контакттік сағатына (100 минутқа), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 контакттік сағатына (250 минутқа) тең болады.

ГЛОССАРИЙ– терминдермен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі.

ДӘРІС – белгілі-бір тақырып бойынша материалдарды баяндау. Жоғары оқу орындарында жаңа білімді хабарлаудың алдыңғы қатарлы әдісі.

ДИСКУССИя – 1) топта шешім қабылдау үрдісін интенсификациялау мақсатымен бірлесе ұйымдасу тәсілі; 2) ақиқатты ұжыммен іздеуде оқып жүргендердің белсенділігінің негізінде оқу үрдісінің тиімділігі мен жеделдетуін көтеретін оқыту әдісі; 3) мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

КРЕДИТ (Credit, credit-hour) – тыңдаушының/оқытушының оқу жұмысы көлемінің өлшем бірлігі. Бір кредит академиялық кезең ағымындағы тыңдаушының апталық аудиториялық жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциялық, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты міндетті түрде студенттің өзіндік жұмысының (СөЖ) 2 контакттік сағатымен (100 минут) толықтырылды.

ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ (Final Examination) – оқу пәнін оқып біткеннен соң академиялық кезеңнен кейін өткізілетін тыңдаушының оқудағы жетістіктерін тексеру; қорытынды аттестацияның өткізу формасы емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тест түрінде.

МІНДЕТТІ КОМПОНЕНТ (Core Subjects) – оқу бағдарламасы бойынша магистранттардың міндетті түрде оқитын пәндері.

ӘЛЕУМЕТТАНУ – қоғам дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы, оларды адамдардың, қауымдастықтар мен қоғамның қимыл әрекетпен жүзеге асырудың жолдары, формалары және әдістері жөніндегі ғылым.

ӘЛЕУМЕТТАНУ ЗЕРТТЕУІ – қомтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын және жеке ғылымдарды арнайы және нақты әлеуметтік зерттеуге қатысты жалпы теориялық және әдістемелік негіз ролін атқарады.

ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ АГЕНТТЕРІ - әлеуметтендіру процесінің барысына бағытталған мақсатпен ықпал жасап, әлеуметтендіруді жүзеге асыратындардың немесе оған әсер ететіндедің бірі.

ӘЛЕУМЕТТАНУ ӘРЕКЕТ - әдетте адамның қажетінен туындайтын, өзге адамдардың әрекетімен байланысты болатын, басқалардың мінез-құлығына бағытталған, оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде ол өзгелердің мінез-құлқының ықпалын басынан кешіретін адамның саналы әрекеті.

ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР – адамдардың іс-әрекетін, қоғамдық өмірді белгілі бір мәдениет құндылықтарына сәйкес және қоғам тұтастығын, тұрақтылығын нығайтатын мінез-құлық, стандарты реттейтін ереже.

ӘЛЕУМЕТТІК өЛШЕМ – сандық және бағалық негізде әлеуметтік құбылыстар мен процесстер туралы әлеуметтану ақпаратын алу мен зерттеу процесі.

ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЗАҢДАР – қоғамның, мемлекеттің және басқа әлеуметтік саяси күштердің, институттардың және т.б.сипатын , жалпы даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процестердің арасындағы қажетті, мәнді, қайталанатын және тұрақты өзара байланыстар.

БИЛІК - әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесі, өзінің еркін жігері мен беделіне, құқық пен моральдық нормаларға күш көрсету мен жазалауға, дәстүр-салтқа арқа сүйеген басқа адамдардың және олардың топтарының әрекеті мен мінез-құлқына шешуші ықпал жасай алатындай қабілетті, құқ пен мүмкіндікті көрсетеді.

ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТЕУ – берілген мәдениет шеңберінде адамдардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін жынысына қарап, яғни әйелдерге және еркектерге айырылуын ғылыми ізденістің негізі етіп алған әлеуметтану зертеуінің түрі.

ЕҢБЕК БөЛІНІСІ – қоғамдағы дамудың маңызды қайнар көздерінің бірі болып қызмет атқаратын тарихи дамушы еңбек әрекетінің жіктелісі.

ЖҰМЫСШЫ ТАБЫ – тікелей өнімді еңбекпен айналысатын, меншіктің түрлі формаларындағы кәсіпорындарға жалдамалы жұмыс істейтін және өз жұмыс күшін қолданумен негізгі табыс табатын қазіргі қоғамның бірден бір басты табы.

ҚОҒАМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРМАЦИЯ – тарихта маркстік, материалистік тұрғыда ұғынудың маңызды категориясы, өндіріс тәсілінің анықталуымен жалпы жағдайды көрсететін, оның тарихи дамуының белгілі бір сатысы.

МИКРО-МАКРО ӘЛЕУМЕТТАНУ - әлеуметтанудың түрлі деңгейлері. Макроәлеуметтану – бүкіл қоғамды тұтастай алып және үлкен әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың және олардың өзара әрекеті деңгейлерінде жүргізілетін әлеуметтану зерттеулері болып табылады. Микроәлеуметтану – тұлғаның, ұсақ әлеуметтік топтардың және олардың өзара әрекеті деңгейінде жүргізілетін әлеуметтану зерттеулері.

МЕМЛЕКЕТ – қоғамның маңызды саяси-әлеуметтік институты, оның саяси жүйесінің негізі. Ол адамдардың, олардың топтары мен бірлестіктерінің мінез-құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты реттеу процесінде және өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу барысында саяси билікті іске асырушы.

НАРЫҚ - шаруашылық агенттердің іс-әрекеті болып жататын ресми және бейресми сипаттағы институционалды шектеулердің (заңдар, келісім шарттар, конвенциялар, нормалар) жиынтығын білдіреді.

ОТБАСЫ – шағын әлеуметтік топ, ол некеге, қандас туыстыққа негізделген және тұрмыстың ортақтығымен, балалар тәрбиесі үшін өзара жауапкершілікпен, өзара көмектесу қатынасымен байланысқан.

ЖОРАЛҒЫ (обычай) ― мінез-құлықтың дәстүрмен бекітілген реті.

ЖұМЫССЫЗ ― еңбекке қабілетті адамның қоғамдық еңбекке араласа алмауына байланысты табыс таба алмай, жұмыссыздыққа байланысты берілетін көмек қаражатына тіршілік етуші.

ЖұМЫССЫЗДЫҚ ― еңбекке қабілеті бар адамдардың қоғамдық өндіріске араласа алмауы.

ИНВАЗИЯ ― қаланың біртекті әлеуметтік тобынан тұратын тұрғындардың ауданына (жұмысшылар тұратын ауданға) басқа әлеуметтік топтардың (орта немесе жоғары таптардың) өкілдерінің орналаса бастауы.

ИНДУСТРАЛАНДЫРУ ― ғылыми білімдерді өндіріске енгізу, энергия қуатының жаңа түрлері арқылы жаңа машиналарды пайдалану нәтижесінде бұрын адам немесе мал күші арқылы жасалған жұмыстарды орындау.

ИНДУСТРИАЛДЫҚТАН КЕЙІНГІ ҚОҒАМ ― “постиндустриалдық қоғам” мақаласын қараңыз.

ИНДУСТРИАЛЫҚҚА ДЕЙІНГІ ҚОҒАМ (дәстүрлі қоғам) ― діни институт пен әскери күштердің негізінде құрылған, негізінен ауылшаруашылығы есебінен өмір сүретін қоғам.

КӘСІП ― айырбастауға және сатуға арналған заттар өндіру.

КЕДЕЙЛІК ― билігінің, білімінің, мамандығының, іс-әрекетінің сапасының, табы­сының төмендігінен туындайтын экономикалық жағдайымен анықталатын адамның әлеуметтік жағдайы.

КЕДЕЙЛІК АЙМАҒЫ (ЗОНАСЫ) ― бір елдің орташа табыс деңгейнінен табысы өте төмен адамдардың тығыз тұратын аймағы.

ҚАРАПАЙЫМ ҚОҒАМ ― басқару құрылымы күрделі емес қоғам.

ҚАУЫМДАР ― еңбек бірлестігі (корпорациясы), туыстықтар негізінде одақтасқан адамдардың топтарының бір территориядағы тұрмысы.

ҚОСКАРЬЕРЛІ ЖАНұЯ ― ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін жанұя.

ҚұНДЫЛЫҚТАР ― қайрымдылық, әділеттілік, отансүйгіштік, романтикалық (қиял­мен алынған) махаббат, достық т. б. туралы әлеуметтік тұрғыдан қолдау тапқан және көпшілік мойындаған түсініктер.

ПРИНЦИП – дүниені тану мен өзгерту процесінде фактілерді немесе білімдерді бір ізге салуға қызмет ететін, олардың кейбір жиынтығының түп негізі ретінде көрінетін ғылыми танымның рекше формасы.

ПРОЦЕСС (лат.processus - өту, жүру) – құбылыстың заңды, дәйекті өзгерісі, оның басқа құбылысқа көшуі (Даму).

ҰҒЫМ – дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасу тәсілін анықтау арқылы олардың теориялық танымның формасы.

РАНГІЛЕУ ― құбылыстар мен пенделерге төменнен жоғарыға қарай нақтылы мағыналар, бағалар беру.

РӘСІМ (ритуал) ― нақтылы әлеуметтік және мәдени құндылықты, символдық мінез-құлықты көрсететін реттелген әрекеттердің мазмұнын көрсететін дәстүрлі істердің жүйесі.

РЕАЛДЫ ТОП ― мүшелері өздерінің бір екендігін сезінетін және бірге іс-әрекеттер жасауға қабілетті адамдардан тұратын үлкен әлеуметтік топ.

РЕЙТИНГ ― белгілі, әйгілі болудың индексі.

РЕКРЕАЦИЯ ― демалу, тынығу арқылы күш-қуатты қалпына келтіру.

РОЛЬ ― нақтылы құқықтары мен жауапкершіліктері бар әлеуметтік тұғырды жүзеге асыруға қажетті мінез-құлықтың үлгісі.

РОЛЬДЕРДІҢ ШИЕЛЕНІСІ (конфликті) ― әртүрлі адамдардың немесе әлеуметтік топтардың атқаратын рольдерінен туындайтын міндеттері мен талаптарының бір-бірімен қарама-қарсы келетін қайшылықтар.

РОЛЬДІК ЖИНАҚ (репертауар) ― белгілі бір әлеуметтік тұғырмен байланысты болатын рольдердің жыйынтығы (кешені).

РОЛЬДІК КЕРНЕУ ― бір адамның атқаратын бірнеше рольдерінің арасындағы (мысалы, бір ананың өз анасы алдындағы қызы есебіндегі және өзінің балалары алдындағы аналық ролінің) қатынастардан туындаған қайшылықтардың нәтижесі.

САЛТ (ҒұРЫП) ― қоғамда сақталатын, жоғары бағаланатын бұқара үшін үлгі болып табылатын мінез-құлықтардың үлгісі.

САНКЦИЯ ― алдын ала белгіленген істерді атқаруға байланысты белгіленген сыйлықтар мен жазалаулардың жүйесі.

ТАБУ ― нақтылы бір істі істеуге, сізді айтуға, затты пайдалануға алаңсыз тиім салу.

ТАБЫС ― жалақы, зейнетақы, рента, көмекақы, алимент, гонорар т. б. түрінде ақшалай ай сайын немесе белгілі календарлық уақыт аралықтарында келіп тұратын ақшалай кірістің ағымы.

ТАП (класс) ― қоғамдық қатынастардағы орны өндірістік құралдарға деген меншіктің бар немесе жоқ екендігімен, соларға сәйкес табысының көлемімен және табыс табу жолдарымен анықталатын әлеуметтік үлкен топ.

ТОЛЫҚ ЖАНҰЯ ― ері мен айелі бар жанұя.

ТОЛЫМСЫЗ ЖАНҰЯ ― ажырасу немесе жұбайлардың бірінің қайтыс болу себебінен пайда болған, тек әкеден немесе тек шешеден тұратын отбасы.

ТУЫСҚАНДЫҚ ― заң негізінде нақтылы құқықтар мен міндеттері анықталған адамдардың арасындағы туысқандық қатынастар.

ТҰҒЫР (СТАТУС) ― пенденің қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы айқын позициясы (орны).

ТҰҒЫР РАНГІ ― әлеуметтік иерархиядағы нақтылы тұғырдың орны.

ТҰҒЫРДЫҢ МАЗМҰНЫ ― құқықтар мен міндеттердің бірлігі.

ТҰҒЫРЛЫҚ ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯ ― пенде мен оның мүше болып табылатын әлеуметтік топтағы құрылымдар негізінде болатын себеп-салдарлық, иерархиялық байланыстар.

ТҰҒЫРЛЫҚ ПОРТРЕТ ― “тұғырлық жыйынтық” мақаласын қараңыз.

ТҰҒЫРЛЫҚ СӘЙКЕССІЗДІК ― бір адамның екі тұғырының арасындағы айырма­шылықтардан туындайтын қайшылықтар, үйлесімсіздіктер.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМЫ ― тұрғындардың үлкен топтары арасындағы қарапайым немесе иерархиялық түрлерде реттелмеген демографиялық, мамандық, ұлттық, діни т. б. тұрғыларда болатын арақатынастарының сомасы.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯСЫ (кіші-қоны) ― тұрғылықты жерін өзгерту мақсатында (елден елге, ауылдан қалаға, қаладан қалаға, қаладан ауылға, обылыстан обылысқа, ауданнан ауданға) көшіп-қону.

УРБАНДАНУ (УРБАНИЗАЦИЯ) ― адамдардың аулдардан қалаларға қоныс аударуы және қалалық өмірдің құндылықтарының әлеуметтік қатарлардың барлығына таралуы.

ФОРМАЛДЫ (РЕСМИ) ҰЖЫМДАНУ ― бір жерде жұмыс істейтендердің тұғырлары­ның, өзара тәртіптік қатынастарының, шектерінің тұменнен жоғарыға дейін құрылуы.

ЭКВИВАЛЕНТТІК ЖАНҰЯ ― отбасындағы шешімдерді қабылдауда, оларды орындауда, еркек пен айелге тән істерді істеуге байланысты ортақ шешімдерді демократиялық жолдармен шешу арқылы қалыптасқан жұбайлардың некелік өмірінің типі.

ЭКЗОГАМИЯ ― тайпаны құрайтын рулардың арасындағы некелік қатынас.

ЭНДОГАМИЯ ― алғашқы қауымдық қоғам кезіндегі тайпа мен рулардың арасындағы некелік қатынастар

Пререквизиттер: Қазіргі студенттердің “Әлеуметтану” курсын тыянақты түсініп кетуі олардың орта мектепте қыған “Қоғам және адам” сабағы, І-курста өтетін “Мәдениеттану” курстарын түсінугекөмектеседі.

Постреквизиттері: Социологияның теориялық-әдіснамалық, ұғымдық, қисындық негіздерін түсіну арқылы әлеуметтік құбылыстардың, қатынастардың объективтік механизмдерін ғылыми тұрғыдан пайымдай алады; социологиялық зерттеу жүргізудің теорилық-әдіснамалық мүмкіндіктерін дұрыс түсінеді; басқа қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқығанда олардың қоғамдық-әлеуметтік негіздерін айқын түсініп талдай алады.