Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2010 ж.

2. Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002 ж.

3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997 ж.

4. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000 ж.

5. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

6. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7. Д.Назарбаева. Саяси жүйелер: қалыптасуы, дамуы, демократиялануы. А.,1997ж

8. Громыю А.Л. Политическое режимы. М., 1994.

9. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.,1998г.

10. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

4- тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Дәріс мақсаты:

1. Мемлекет қоғамдық ұйымның түрі ретінде, белгілері мен формалары.

2. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

3. Мемлекет – саяси жүйенің негізі институты.

Негізгі ұғымдар:

Адам құқықтары, азаматтық қоғам, анархизм, анархия, ассамблея, әлеуметтік саясат, геосаясат, декларация, дискриминация, егемендік, жалпы азаматтық құндылықтар, жекешелендіру, импичмент, инауграция, инновация, интеграция, коалация, консерватизм, конституция, конфедерация, коррупция, күш қолданбау саясаты, құқықтық мемлекет, либерализм, маргиналдар, мәміле, мәртебе, мемлекет, мемлекеттік билік, муниципалитет, ӛркениеттілік, пакт, президент, президенттік билік, резиденция, республика, реформа, унитарлық мемлекет, хартия, шовинизм.

Дәріс мазмұны:

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттын жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, ӛз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.

Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жӛнінде әр түрлі кӛзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар: 1. Теологиялық теория. 2. Патриархтық теория. 3. Қоғамдық келісім теориясы. 4. "Зорлық жасау" теориясы. 5. Географиялық теория. 6. Психологиялық теория. 7. Марксистік теория. 8. күштеу теориясы.

Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары: теологиялық белгілері: жария билік, егемендік, жалпылық, территория тұрғындары, мемлекеттік аппарат, салық жинау құқығы. Мемлекет функциясының классификациясы. Әр түрлі елдердегі жүзеге асырудың ерекшеліктері. Либерализм, плюрализм, марксизм, анархизмдік қоғамдағы мемлекет рӛлі туралы. Мемлекеттік басқару органдары. Қазіргі заманғы мемлекеттің негізгі функциялары. Саяси институттарға ұйымдар, мекемелер, мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар әйелдер т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мӛлшеріне қарай және т.б. пайда болатын кӛптеген әлеуметтік мақсат- мүдделерді білдіріп қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалык-әлеуметтік құрлымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты еріксіз кӛндіретін күштер, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. Солардың кӛмегімен ол адамдардың жүріс – тұрыс іс -әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жӛнінде ғалымдар арасында екі түрлі кӛзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам материалдық мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады.