Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сарсенбаев Т. С. Государственная идеология и политический плюрализм. // Мысль. -1996.-№5.

2. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

3. Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

4. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. –211 б.

5. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

6. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2011ж.

7. Әбсаттаров Р.Б.Әлеуметтік этникалық процестер: теория мен практика мәселесі. А., 19938. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

12- тақырып. Саяси көшбасшылық және саяси элита.

Дәріс мақсаты:

1. Саяси лидердің қалыптасу тарихы.

2. Саяси элита түсінігі.

3. Саяси лидерлік және Қазақстандағы билеуші элита.

Негізгі ұғымдар:

Саяси лидер, саяси элита, тұлға, ұлтжандылық, ұлттық мінез.

Дәріс мазмұны:

"Элита" термині француздың "еlite" деген сӛзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сӛзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бӛлу идеясы ӛте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций

(б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және тӛменгі (қарапайым) адамдарға бӛлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны кӛзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бӛлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш касиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

"Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың ӛзін-ӛзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сӛйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол кӛпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне ӛздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті ӛз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дӛңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат тӛбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рӛлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рӛл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсо-лютгік кұкық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабык каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үш-бұрышын кұрайды. Олар үкіметті кдлыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді баскарады.

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті ӛмірде әркім саясаттан шалғай ӛз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, ӛз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

Сонымен, саяси элитадеп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бӛлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рӛлін, әлеуметтік-саяси процестерге ыкпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2003ж.

2. Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002ж.

3. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4. Кенжебаев. М. Саясаттану негіздері. А.,1995ж.

5. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

6. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

8. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

9. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

13- тақырып. Дүниежүзiлiк саясат және халықаралық қатынастар.

Дәріс мақсаты:

1. Дүниежүзілік саясат ұғымы .

2. Дүниежүзілік саясаттың негізгі факторлары.

3. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

Негізгі ұғымдар:

Әлемдік саяси процесс, геосаясат, глобальдық, еуропарламент, еуроцентризм, интеграция, коалация, одақ, пакт, саяси тұрақтылық, сепаратизм, терроризм, экстремизм, фундаментализм.

Дәріс мазмұны:

Саясат қоғамдық ӛмірдін бір ғана жағы болғандықтан оған қоғамдағы басқа экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық жағдайлар да ықпалын тигізеді. Осыған байланысты саясатқа әсер ететін жағдайларды ӛзінің ықпалы дәрежесіне қарай бірнеші деңгейге бӛлуге болады. Бірінші деңгейдегі жағдай- ол дүниежүзілік және жалпы адамзаттық жағдай. Екіншісі- елдегі экономикалық, әлеуметтік, рухани-идеологиялық ахуал. Үшіншісі – нақтылы тарихи кезендегі қоғамның алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының мазмұны мен сипаты. Тӛртіншісі – қоғамдағы нақтылы саяси ӛмірдің ахуалы. Қоғамның саяси ӛмірі басқаларға қарағанда дербестеу болады және онда саясаттың субъектілері, стратегиялық тактикалық мақсаттары күрт ӛзгеріп отырады.

Саясат пен экономиканың бір-біріне ықпалын айтсақ, мұнда айқындаушы рӛлді экономика атқарады, ӛйткені, ол саясаттың материалдық негізі болып есептеледі. Ал саясат экономикалық зандары саналы түрде қолдану формасы болып келеді және ол еңбекші қауымның экономикалық жағдайынан туындайтын мүдделерін кӛрсетуі тиіс. Саясаттың мақсаты мен міндеттері – нақтылы экономикалық, әлеуметтік факторлар мен зандылықтарға негізделіп жасалады. Демек, саясат экономикалық зандары білуі тиіс және қатаң сақтауы әрі оған бағынуы тиіс. Саясат экономикалық зандарды саналы түрде қолдану формасы болғандықтан саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Оны мынадан кӛруге болады: 1.Саясат экономиканың даму бағытына тура ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда халықтың әлуметтік – экономикалық жағдайы жақсарып, қоғам прогресті түрде дамуы мүмкін. Яғни саясат қоғам дамуы мақсатын оны іске асыру жолдары анық кӛрсетеді және оны іске асыру үшін халықты ұйымдастырады. Экономикалық мәселелерге нақтылы дұрыс саяси мақсаттар, міндеттер қойылмайынша бірде бір тап ӛз билігін қолына ала да, ұстап та тұра алмайды. Яғни саясат экономикалық мәселелерді шешу құралы болып келеді. 2.Саясат экономикаға кері ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайда саясат белгілі бір дәрежеде, бағытта экономиканың дамуына кедергі жасап отырады. Ӛйткені, саясат экономиканың табиғи даму зандылықтарына қайшы келіп, ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік қатынастардың арасындағы үйлесімділік заңын бұзып, олардың арасындағы конфликті терендете түседі. Мұндай процестер қоғам экономикасының даму бағытына қарама-қайшы, немесе сыңар жақты жалаң істерге жол береді. Әдетте мұндай саясат саяси авантюризмге, субъективизмге әкеледі де түбінде күйзеліске, дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Оны біздің бұрынғы Кеңес Ӛкіметі тұсындағы тәжірибемізден – ақ кӛруге болады. Мәселен, саясаттың экономика үстінен үстемдік етуі, оның экономикалық

зандармен санаспауы басым болды. Сондықтан кӛптеген саяси шешімдер экономикалық жағдайларға қайшы келіп, ӛз шешімін таба алмай жатты. Мысалы: Сталиннің коллективтендірудегі асығыстығы, Хрущевтік 80-жылдары коммунизмге ӛту туралы тезистері; Брежневтің – кемелденген социализмді жариялауы, Горбачевтің – жеделдету концепциясы мен арақты мүлдем жою үшін күресі. Сонымен ӛткен тарихи жағдай саясаттың басқа қоғамдық салалардың үстінен үстемдік етуінің дәлелі болды. Ал қазіргі жағдай қоғамдық ӛмірдің барлық салаларында, әсіресе, экономикада саяси қатынастардың рӛлін ескермеудің немесе саясаттың қоғам дамуына ықпалының әлсіреуінің дәлелі болып отыр. Шаруашылықтың құлдырауы, халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының күрт тӛмендеуі, бағаның ӛсуі, ақша инфляциясы халық арасындағы саяси қобалжуларды, сенімсіздіктерді ұлғайтуда. Бұдан біз ел басшыларының қоғам дамуын жоспарлау ісінде ӛзіндік ерекшеліктердің жоқтығын немесе әлемдік тәжірибеден Қазақстан жағдайына тиімді үлгіні тандап алудағы дәрменсіздікті байқаймыз. Осыдан саясатты ғылымға тұрғыдан басқару да саясаттанудың зерттейтін мәселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуға болады. Себебі, қоғамдағы саяси басшылық әлеуметтік экономикалық ӛркендеудің сыннан ӛткен, сұрыпталған нақтылы ғылыми теориясына негізделуді, сүйенуді талап етеді.