Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Қазіргі тіл білімі және структурализм

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты.19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды,зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді.

Структуралық тіл білімі. 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып, қалыптасты.

Структуралық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехославакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.

Прага мектебі.Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус ( 1882-1945). Бұлар тіл білімінің негізгі нысаны - тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты. Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек,тіл дегеніміз - функционалды жүйе, белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатына - фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды. Тілдік элементтердің қызметтерін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды.

Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналысатын, тілдің ғылымдараралық нысандарына жуымайтын зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді. Глоссематикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы, профессор Луи Ельмслев ( 1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек - Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссематиктер алғашқыда Ф.де Соссюр тұжырымдарына сүйеніп, Прагалықтарымен пікірлес болғандарымен, кейін оларда біраз мәселелер жекеленді. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:

- нақты тілдік фактілермен байланысы жоқ ойтекті (абстракт) аксиомалық теория жасауды көздеу. Бірақ ондай теория жасай алған жоқ, жасау мүмкін де емес еді;

- лингвистикадағы маңызды мәселе - тілді таза қатынастардың кестесі (торы), схемасы деп санау, сол қатынастардың сипаттарын айқындау дейді;

-тілдің әр түрлі ғылымға ортақ нысан болатын тарауларын лингвистикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тастауды ұсынды.

Дескриптивтік мектеп. 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық, структуралық деп аталытын екі мектептің дем берушілері болып саналады. Бұл әдіс бойынша, тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс құбылыстар, даму, тарих дегендер ескерілмейді.

Кеңестік тіл білімі. Кеңестік тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдық зерттеулер іске асырылды. Олар негізінен мынадай салаларға қатысты:

Көп көңіл бөлінген күрделі теориялық мәселелердің бірі – ұлттық және әдеби тілдердің қалыптасып, дамуын зерттеуге байланысты. Кеңес ғалымдары (И.К.Белодед, Л.А.Булаховский, В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, Ф.П.Филин, В.Н.Ярцева және ұлттық республикадағы ғалымдар) тарихи жағдайлармен және ұлттардың қалыптасу процесіндегі ерекшеліктерімен байланысты КСРО-дағы ұлт тілдерінің және ұлттық әдеби тілдерінің тарихи даму заңдылығын ашты.

Тілдің типологиялық проблемаларын зерттеу жұмысы И.И.Мещаниновтың, сонымен бірге М.М.Гухман, С.Д.Кацнельсон, В.З Панфилов, В.И.Солнцев т.б. еңбектерінде кеңейтілді. Типологияның негізгі ұғымдары және басқа пәндерге қатысты анықталды. Бұрын дәстүрлі типологиялық классификация тек морфологияға негізделсе, енді синтаксистік және семантикалық классификациялар жасау жұмысы қолға алынды.

Әлеуметтік тіл білімі (социолингвистика). Кеңес тіл білімінде тілдің қоғамдық қызметінің заңдылықтары туралы ғылым ретінде пайда болды (В.В.Виноградов, В.М.Жирмунский, Р.О.Шор, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев). Ол – тілдің нормалық теориясын қалыптастыру, жазуды ретіне келтіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көптілділік мәселесін, әлеуметтік факторлардың тілге әсерін, тілдің қоғамдағы рөлін т.б. зерттеумен шұғылданды. Кеңестік тіл білімі теориясының дамуына академиктер И.И.Мещаниниов, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов еңбектерінің маңызы зор болды.