Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер:

1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы, 2004.

  1. Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Учебное пособие. Москва, 1979.

  2. Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1990.

  3. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1969.

  4. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. Алматы, 2005.

  5. Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.

  6. Общее языкознание. Москва, 1970; Москва, 1972; Москва, 1973.

  7. Хасенов Ә. Тіл білімі, Оқу құралы. Алматы, 1996.

  8. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы, 2001.

  9. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. Москва, 1977.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Солнцев В.М. Язык как структурно-системное образование. Москва, 1977.

  2. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Оқу құралы. Алматы, 2002.

  3. Система и уровни языка. Москва, 1969.

  4. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. Москва, 1974.

Когнитивтік лингвистиканы ғылымының теориялық негізі.

2 сабақ. Когнитивтік лингвистика ғылымының теориялық негізі мен зерттелу тарихы. (1 сағат)

Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу нысанына не жатады, қандай өзекті мәселелерді қарастырады, ұғымдары қандай деген мәселелерге қысқаша шолу жасап өтсек.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралын» жоғары бағалай келе, ғалым «...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық ... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нәрсе... түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» (Жұбанов, 1999; 39) деген аса құнды қортынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» «...өте алыс экскурстерге» барды. Әр пікірін халық санасына жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық «қғымдарға», «көрніс қалыптарға», «образдарға», «ұқсата атауларға» тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұраптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар әлеуметтік-мәдени тәжірибемізді «әуелі көзқарас» (Жұбанов; 95) деп аталады. Сөйтіп, өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анотомиялықнегізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвистиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды.

Осы қатарда қазіргі тіл білімінің маңызды мәселелері тізбегінде тілдің танымдық қызметін айқындайтын когнитивті лингвистиканың қалыптасып дамуын ерекше атауға болады. Тіл ғылымының бұл саласы адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі заңдылықтарын қарастырудың жаңа үлгісін құрады. «Тіл-амал, құрал, оның арқасында адам бірімен-бірі қарым-қатынасқа енеді, пікір алысады және бірін-бірі түсінеді. Тіл ойлаумен тікелей байланысты болғандықтан, сөзді және сөйлемдегі сөздердің бірлігінде ойлау ісінің жетістіктерін тіркеп отырады. Демек, адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркеледі, сөйтіп адам қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды» (Аманжолов; 89-90) деп көрнекті ғалым С.Аманжолов атап көрсеткендей, тіл мен таным ұғымдарының сабақтастығы,тілдік құралдар арқылы адам санасында орнығатын танымдық бейнелер мен үлгілер-барлығы дерлік осы маңызды лингвистикалық бағыттың зерттеу нысанын сұрыптады. Психология, логика, пәлсапа ұстанымдармен тығыз байланыста айқындала отырып, когнетивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы әлеммен үздіксіз байланыста болу, тану, бақылау, пайымдау сияқты ұғымдардың ұштасуы негізінде дәйектеліп келеді. Бүгінгі күні лингвотанымдық зерттеулер тілді танымдық әрекеттің жемісі деп қарастыру арқылы адам бойындағы ерекше табиғи қабілеттерге көңіл бөлуді мақсат етіп отыр. Когнетивистер адам тілді саналы түрде ғана қолданбайды, ол рефлексті түрде санасында орныққан танымдық қорды ретімен пайдалану арқылы қарым-қатынас жасайды, ойын сыртқа шығарады, пікірін айтады, тіпті жаңа затты да сәйкестендіре-салыстыра таныйды деп есептейді.Оның негізінде тілдің екі түрлі ерекшелігі жататындығын ескерген ғалымдар тілді әрі қоршаған ортаны тану құралы,әрі ұғымдар мен терминдерді қалыптастыру мүмкіндіктері қатарында қарасырады (Томахин, 1984; Касевич, 1990, Колшанский, 1990). В.И.Поставалова тіл әлемдік бейненің маңызды бөлшегі, ол өзге әлемдік құндылықтарды түсіндіру құралы деп пайымдайды (Поставалова, 1988). Осы орайда, тілші А.А.Уфимцева да «... тілдік мағыналарда бүтіндей қоғам қабылдаған, жеке тұлғалар арқылы қолданыс тапқан мәдени дүниені тану, адамның өзін-өзі бағалау көріністерін кездестіруіміз заңды» деген қортынды жасайды. Тіл мен оның ішкі-сыртқы мүмкіндіктерін саралайтын бірліктерді таза формалық көрсеткіш ретінде ғана емес, идеялық, ұлттық-мәдени, танымдық, бағалағыштық мазмұндағы элементтер деп қарастыру қажеттігі-сан ғасырлар бойы өзектеліп келе жатқан лингвистикалық мәселелердің бірі. Соған қарамастан, қазіргі тілдік зерттеулер ой, таным, тіл ұғымдарының ажырамас бірлігіне негізделген тың теориялық тұжырымдармен, ғылыми ұстанымдармен әр кез толығып отырады. Тілдің қоршаған болмыспен қарым-қатынасын анықтау, олардың үйлесімді сабақтастығын сұрыптау, бір-біріне құрал болар қабілеттерін жүйелеу, филогенез, этногенез принциптерін ғылымаралық байланыстың нәтижесі деп зерделеу секілді мәселелердің баршасы адам мен оны қоршаған әлем заңдылықтарынан туындайтын факторлар ретінде танылғанда ғана, адам санасының қызметі, қабылдау, тану әрекетінің табиғаты шынайы дүние арқылы, оның әсері негізінде қалыптасқан құбылыстар деп айқындалар. Соның негізінде «... шындықтан ой арқылы, тілге жеткен және керісінше, тіл арқылы ой тізбегімен шындыққа қайта оралған хабарлар мен деректер» (Гак, 1983) болмысын саралау мүмкіндігі пайда болады. Табиғи дамудың адамзат жаратылысының керемет механизмін құраған бұл процестер көп жағдайда автоматты түрде жүзеге асып отырғандықтан, олардың бір-біріне өту кезеңдерін, әрқайсысына тән қабаттарын бөліп қарастыру қиынға соғады. Әйтсе де, асқан үйлесімділікпен, шебер орныққан заңдылықпен, рефлексті түрде реттелетін тәртіппен сабақтасқан бұл ұғымдардың бір күйден екінші күйге ауыса отырып, бірін-бірі айқындауы ғалымдар назарынан тыс қалмай, жан-жақты зерттеулерге негіз болып келеді.

Тіл мен таным, қоршаған ортаны қабылдау және сұрыптау ұстанымдары, ең алдымен, тілдің универсалды ерекше табиғатынан, жалпы адамзат өмірінде атқарар қызметінен туындайды. Генеологиялық, типологиялық, ареалды факторлардың негізінде адам баласының тілі туралы ғана емес, танымы туралы да мәлімет алуға болары хақ. Оған дәлел ретінде көрнекті ғалым Қ.Жұбанов ерекше тоқтала сипаттаған ат қою процесінің даму өзгешелігін атауға болады. «Дүниеге көзқарас арқылы да нәрсеге ат қойылады... Тұрмыста пайдаға асқан затқа ат қойылады» (Жұбанов, 94-95) дей отырып, тілші жалпы есімдер мен жалқы есімдер табиғатындағы «жақындық пен аулақтық тенденцияларына» көңіл аударады. Автор заттарға ат қою процесі «... өздері жоқ жерде сөз қылу» мақсатынан туындаған деп есептейді. Алғашқы дәуірлерден-ақ бастау алған бұл процесс адамның танымын, сыртқы ортамен байланысын айқын көрсететіндіктен, автордың болмыс пен тіл әлемін ұштастырған мәселеге көңіл бөлуі заңды болар деген ойдамыз. Барша қоршаған дүниеден ат қою кезінде тек адам назар аударған не қажет деп тапқан обьектілер ескертілгендіктен, аталмыш процеске бақылау, сұрыптау әрекеттері қатысатыны анық, сондықтан лингвист Е.С.Кубрякова да «... ат қою кезінде тек адам әрекеті бағытталған, адам ойы тоқталған обьектілер ғана нысанаға алынады» деп тұжырымдайды (Кубряков, 1986). Демек тілді немесе қоршаған әлемді зерттеуге арналған тұжырымдар әр ғылым саласында, соның ішінде лингвистикада, «тілде я болмаса тіл арқылы бекітілген деректер мен ілімдер» (Ж. Фолконье) арқылы дәйектеледі. Когнитивистер әлемдік бейне тек тіл арқылы қалыпқа келтіріліп, қайта өркендеуі мүмкін деп пайымдайды. Олар «сыртқы тіл» мен «ішкі тіл» ерекшеліктерін талдау арқылы адам ойының ішкі сипаты және сыртқа шыққан бейнесі сияқты ұғымдарға мән береді. Бұл ретте жалпы тіл білімінде тіл философиясын дамытқан В. фон. Гумбольдт тұжырымдарын атаған орынды. Автор сыртқы тіл негізінде тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшелігін,яғни формалық табиғатын сұрыптаса, ішкі тіл мәселесін анықтауда «рух» ұғымына өзгеше назар аударған болатын. Осы орайда, ішкі тіл адамның, халықтың рухын танытатын құбылыс деп қарастырылады, сондықтан рух болмысы үнемі қозғалыс пен даму үстінде болатын тіл негіздері арқылы анықталады деген тұжырымның бастамасы жасалады (Гумбольдт, 1984). Айтылған пікірдің ұтымды жалғасы ретінде қазіргі лингвистердің «ішкі лексикон» ұғымына берген сипаттамсын келтіруге болады. Айталық Е.С. Кубрякова оны тілдің аккумулятивті қызметімен байланыстыра дамытады. Оның пікіріне сүйенер болсақ, бұл ұғым адам тұжырымдамаларының қоры, тәжірибесінің жүйеленер орны болып табылады (Кубрякова, 1991), себебі адам бейнелеуіндегі әлем, бір жағынан, жеке тұлғаның субьективті танымының жемісі болса, екінші жағынан, ол кез-келген қабылдаудың астарында жататын қоғамдық факторлармен де үздіксіз байланыста дамитын ортақ тәжірибелік көрсеткіш ретінде қарастырылады.

Когнитивті лингвистика – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, оның негіздері бойынша бір тілдік жағдай қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылысипатталып, әр келкі деңгейде қабылданады. «Когнитивті лингвистика – тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт» (В. Демьянков, 21), сол себепті тілдік құрылымдардың ақпаратты өңдеу барысындағы қызметін айқындау, өзге танымдық құбылыстармен байланысын сұрыптау аталмыш саланың негізгі мәселелерін жүйелеуге көмектеседі.

Мәселен, айтылған сөйлеушінің мүддесіне, көзқарасына, берілген эмоциональды бағасына әрі жағдайдың нақтылау үлгісіне және өзге де сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады, осы аталған көрсеткіштер негізінде айтылым қабылданады және жадыда сақталады, яғни сөйлеуші мен тыңдаушының ішкі танымдық құрылымы мен динамикасын сипаттау және түсіндіру үрдістері тілтанымдық алғышарттарды қалыптастырады. Тілші Қ. Жұбанов «ұжым болып қатынасудың» тілден басқа да амалдары болады деп есептеді, оның себебін ғалым «құбылыс – көп, сөз – аз» (Жұбанов, 1999, 92) деген пікірімен дәлелдеді. Осындай хабарласу амалдарының қатарында «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерде» сурет өнері, опера алдындағы увертюра, сюжетті музыкамен сүйемелдеу, үлкен ғимарат әшекейлерінен алынатын хабарлар қарастырылды. Аталған амалдар мен тілдік қатынастың ұқсастығын Қ. Жұбанов екі маңызды фактормен жүйеледі: «1)...психологиялық қиялдан туған жорамал. Мұның аты берілуге тиісті хабардың керегін айтып, керек емесін бүгіп қалу. Осы шала айтылған формаларда айтушының негізгі ойымен, мақсатымен астарлас. 2) Хабарласудың осы екі амалында да образдылық бар...» (1999; 96-97) Олай болса бұл ерекшеліктер адамға әсер етер танымдық универсалий ұстанымдарын дәйектей отырып, тілмен қатар қарым-қатынастағы түрлі хабарларды жеткізу мақсатында қолданылатын амал-тәсілдердің табиғатын сұрыптауға, олардың ерекшеліктерімен ұқсастықтарын айқындауға және дүниені танудың ортақ заңдылықтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас нормалары тілдік және «үндемей сөйлейтін» (Қ. Жұбанов, 1999, 97) бейвербалды амалдар арқылы да жүзеге асып отыратындықтан, адам танымының даму сатылары қатарында жеке тұлғалардың сыртқы бет пішіні, жанары, дауыс ырғағы, жүріс-тұрысы да сипатталады. Олар тілдік жағдайдың тыңдаушыға ықпалын негіздейтін, бақылаушының танымын уәждейтін құралдар ретінде танылып, антропоцентристік зерттеулердің психо-әлеуметтік негіздерін когнитивтік тұрғыдан айғақтауға септігін тигізеді. Тілдік универсалий секілді танымдық универсалий де жалпыадамзаттық биофизиологиялық бірліктен, шығу, пайда болу тарихынан, өмір сүру принциптерінен, халықаралық байланыстардан бастау алатындықтан, адамның тілдік әрекеті жалпыға ортақ танымдық қабілеттерден туындайды деген тұжырым негізінде бейнелерді құрастыру, логикалық қорытындылар жасау, таныс мәліметтерден жаңа деректер жасау не алу, оларды жоспарлау мен жүзеге асыру сынды ерекшеліктер жатады. Демек, адамзат болмысының маңызды бірлігі болып табылатын когнетивті шарттар, танымдық сәйкестіктер, тілдік пайымдар-адам табиғатын зерделеп танудың бірден-бір құралы. Кезінде В.Крофттың «…адам тек болмысты тексеріп қана қоймайды, ол оны әрі арнайы мақсаттарда бағыттап ұйымдастырады да» (Крофт, 1991, 271) деген сөздері соған дәлел. Адам өзіне дейін қалыптасқан тәжірибені басшылыққа алады, дамытады, сол арқылы жаңа ұғымдарды жасайды, тың негіздегі таным көкжиектерін белгілейді. Сол себепті адам танымының нысанын да алуан түрлі идеялар мен оларды тудыратын әрекеттер құрайды. Мысалы:

  1. адам сезімі арқылы қабылданатын идеялар;

  2. адамның ойлау ерекшелігі мен эмоциялық қалпы дәйектейтін идеялар тізбегі;

  3. адамның есте сақтау мен қиялдау әрекеттері арқылы дүниеге келген идеялар;

  4. жоғарыда аталған әрекеттердің сабақтасуы не болмаса жіктелуі негізінде пайда

болған ой түйіндері (Дж.Беркли, 1978, 171).

Жаңа теориялық бағыт қоршаған табиғи болмысты адам қолданысындағы сөйлесім формалары арқылы, олардың мазмұндық сипаты негізінде талдауды ұсынады. Сөйтіп, танымдық нысананы адамдық әрекеттермен ұштастыра қарастыру қажеттігін дәлелдейді. Н.Хомский тіл мен таным процестерінің тоғыса байланысуын талдай келе, төмендегідей сұрақтарға жауап іздеді:

-Бұл қандай ілімдер жиынтығы?

-Ағылшын, испан, жапон тілдерінде сөйлейтін адамдар санасында не бар?

-Бұл ілімдер жүйесі адам санасында қалай пайда болады?

-Олар сөйлесімде қалай қолданыс табады?

-Қандай физикалық миханизімдер оған, оны қолдануға материалдық негіз бола алады? (Гиздатов, 1997).

Танымдық немесе когнетивті линвистика мәселелері ғалымдар назарына аталмыш терминнің пайда болуынан әлде-қайда ертерек ілікті. Когнетивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымына адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным миханизімі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген (1;53). Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында «когнетивті» деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келеді, сондықтан когнетивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнетивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнетивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнетивті бағытта ХХ ғасырдың аяғында дүниеге келген «көтеріліс», «бетбұрыс» деп түсіндіреді (В.Б.Касевич, 1998; П.Б.Паршин, 1996). Нәтижесінде тілшілер когнетивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалайды. Сөйтіп жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнетивті ғылымды немесе когитологияны, когнетивті психологияны, мәдинеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызады (Маслова, 18-22). Ғалымдардың айтуына қарағанда,семасиология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Тіл білімінде танымдық бағыттың негізі Н.Хомскийдің, Дж.Миллердің, Ф.Джонсон-Лэрдтің, Дж. Лакоффттың, Р.Шенктің, М.Джонсонның, Т.А.ван Дейктің т.б. зерттеулеріне сүйене дүниеге келді. Кейін аталмыш ғылым саласы орыс тіл білімінде Н.Д.Арутюнова, Е.Г.Беляевская, Е.С.Кубрякова, В.С.Демьянков, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия, В.А.Масолва сынды өзге де ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп келеді. 1975ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті грамматиканы ұсынамыз» атты мақалалары, 1985ж Ж.Факоньенің «Ментальды кеңістік» атты зерттеуінің 1-томы, ал 1991ж. 2-томы жарық көрді. Танымдық мәселелерге өзіндік тұжырммен келген зерттеулер қатарында ғалымдар Дж.Лакоффтың «Әйел, от және қауіпті заттары» мен М.Джонсонның «Тән ойлау үстінде» атты кітаптарын да атап өтеді. 80-жылдардың аяқ шенінде «Бенджаминс» баспасынан Б.Рудзки-Остынның басқаруымен дайындалған «Когнетивті лингвистика мәселелері» аттыкөлемді мақалалар топтамасы да шығарылды. Аталған ғылыми зерттеулердің әрқайсысы тілдің танымдық ерекшелігін әр қырынан сипаттай отырып, когнитивті лингвистиканың теориялық ұстанымдары мен бірліктерін айқындауға, танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, Чейф программасы жады қызметін ұйымдастыру теориясы деп аталып, жадының түрлері мен ерекшеліктерін белгілі бір жағдайларға қатысты зерттеуге бағытталды. Осыған орай ғалым жадының үш түрлі сипатына анықтама берді: атүсті, қысқа мерзімді және ұзақ уақытты жады. Р. Шенк пен оның шәкірттері адамның ойлау әрекеттерін сұрыптайтын кешенді теория мен концептуальды байланыстар теориясы сабақтастыра келе, концептуальды хабарларды өңдеу мәселелерімен шұғылданды. Р. Шенк барлық білім атаулыны тек лингвистикалық терминдермен түсіндіруге болмайды дей отырып, концептуальды байланыстар тілін ойлап шығарды, оның негізінде ауысудың екі түрі жатты: Р – Тrans – физикалық ауысу; М – Trans – интелектуальды ауысу. Тіл мен танымның арақатысын толық қабылдай қоймаған бұл ілімнің нақты танымдық үлгілерді құрастыруда, түсіну процесіндегі танымдық күтудің маңызын сипаттауда өзіндік жетістіктері де болды. Ғалым зерттеулеріне қызығушылық, түсіндіру, жады, күту секілді категорияларды арқау етіп, алғашқы когнитивті теориялық бірліктердің тізбегін, когнитивті операцияларды немесе концептуальды нәтижелер заңдылықтарын ұсынды. Дж. Лакофф бағдарламасына когнитивті модельдер, семантика, лингвистикалық гештальт, семантикалық прототип теориясы (немесе санаға тәуелсіз шығармашылық деңгейде жүзеге асатын танымдықпроцестер) секілді мәселелер енді. Н. Хомский негізін қалаған фразалар мен сөйлемдерді құрастырудағы морфемаларды тіркестірудің жалпы ережелері тіл білімінде маңызды өзгерістер әкелген құнды тұжырымдар қатарында бағаланып, универсалды, кейде генаративті грамматика деп аталады. Ж. Фоконьенің ментальды кеңістігі танымдық бағытты дәстүрлі логика-прагматикалық мәселелермен байланыстырудан туындады.

1990 жылдарға дейін когнитивті тіл білімі бір-бірімен тоғыса қоймаған жек зерттеу бағдарламаларын, ғылыми көзқарастар жиынтығын құрады. Оған жоғарыда аталған еңбектерді қоса, тілшілер маңызды танымдық қорытындылар жасаған Т. ван. Дейктің, Дж. Хэйманнның, Т. Гивоның ғылыми көзқарастарын да жатқызады. Когнитивистер тек 1980-1990 жж. Бастап дүниеге келген жұмыстар ғана жаңа сипаттағы, тың үлгідегі когнитивті зерттеулердің бастамасын құрды деп есептеді (В.А. Маслова).

Ресейлік зерттеулердің бастамасын 1985 ж. В.И. Герасимов ұсынған шолу, 1988 ж. Баспадан шыққан, тілдің когнитивті аспектілеріне арналған «Шетел тіл біліміндегі жаңалық» атты жинақтың ХХІІІ томы құрды. 1995 ж. Жазылған орыс тіліндегі аудармалардың топтамасы да «Тіл және интелект» деп атала отырып, тіларалық ғылыми байланыстың дамуына ерекше үлес қосқан еңбектердің ішінде В.А. Маслова, Ю.С. Степановтың 1997 ж. шыққан «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» зерттеуін ерекше атап өтеді. «Бұл орыс мәдениетінің құндылықтарын жинақтаған алғашқы еңбек бола тұра, концепт, констант ұғымдарының да мәдени негіздерін талдауға бағытталған аса қажет зерттеулер қатарын құрады. Мұнда «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Ғылым»...константтарының сипаттамасы нақтыланып берілді» дей келе автор маңызды лексикографиялық жұмыстарға 1996 ж. Е.С. Кубрякованың редакциясымен жарық көрген «Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігін» жатқызады (Маслова, 23). Адамзат болмысының универсалды сипатын айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға көмектесті. Барша адам баласына тән биоанотомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі табиғи болмыс бітімнің әлеуметтік мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылды. Сондықтан жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі – сыртқы сабақтастығын әрқайсысының динамикалы қозғалысын өрбітуді, сол арқылы жеке мен жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат етіп отыр. Қазіргі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйектеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден байқаған. Олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған. Ат қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енетін үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар саны көбейе түсетінін дәлелдеген. Демек, адам әрекетінің когнитивті аясы екі категорияға байланысты:

  • интелектуалы «жоғары» категорияларға немесе білім, сана, ойлау, ақыл, шығармашылық, қиял, арман, символ секілді ұғымдардың ерекше ұштасқан әлеміне;

  • «күнделікті тіршілік» категорияларына, яғни практикалық әрекет, естелік, көңіл бөлу, тану, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алар іс-қимылдар тізбегіне (Алефиренко, 196).

Осы айтылғандардан шығатын шығатын тұжырымдар негізінен мыналар:

  1. Когнитивті лингвистика – тіл білімінің маңызды саласы.

  2. Тіл мен таным арақатынасы – танымдық лингвистика нысаны.

  3. Тілдік заңдылықтар мен танымдық ұстанымдардың адам санасында, жадында көрініс табуы.

  4. Когнитивті лингвистиканың өзге ғылымдармен байланысы күшті.

Танымдық ғылымның бастауы өте ертеден тамыр тартатындығы баршаға мәлім. Оның негізгі нысаны таным мен ақыл, ой мен сана адам баласы дүниеге келгеннен бастап қатар өмір сүріп келеді. Ғылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Плотон, Әл-Фараби еңбектерінде тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлер кездеседі. Мәселен, ғұлама ойшыл Плотон « Кратиль» атты философиялық еңбегінде: «Белгілі бір затқа таңылған атаулардың көмегімен қоршаған ортаны тану танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің ең жоғарғы сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады». [1,59], - деп, тілдің таным құралы екендігіне ерекше көңіл бөлген. Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғалымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді. Солардың ішінде когнитивтік лингвистиканы отандық зерттеушілердің арасынан алғаш сөз еткен Қ.Жаманбаева: «Когнитивтік - «білім» ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын әлдебір білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. «Әлдебір» деген сөзді қолдануымыздың мәні бар. Себебі ол құрылымның нақты сипаты процесс үстінде ғана анықталады» [2 ,3].

Когнитивтік лингвистика ғылымының негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессорлар Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашқан болатын. Аталған орталық когнитивтік лингвистика негізінің қалануына айтарлықтай үлес қосты.

ХХ ғасырдың ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропацентристік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылды. Осы бағыттағы біршама жұмыстардың нәтижесінде Еуропадағы ХХ ғасырдың соңына қарай когнитивтік лингвистикалық ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, терең зерттеліп, қанатын жая түсті. Осы тұста Дж. Лакофф, Р. Лэнакер, Э. Сапер, Т. Ван Дейк, Дж. Хейман, Х.И. Шмидт, Г.Н Кент, М. Джонсон, М. Витгенштейн сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көрді. Атап айтсақ, 1975 жылы «Когнитивтік грамматика» термині ең алғаш рет Дж. Лакофф пен Т. Томпсанның «Представляем когтитивную грамматику» деген еңбектерінде айтылды. 1985 жылы когнитивтік грамматика түсінуге өте ыңғайлы, бірақ көне әдіспен Герасимовтың еңбегінде шетелдік оқырмандардың назарына ұсынылды. Осы кезде ең алғаш ағылшын баспасынан «Ментальные пространства» деген атпен Дж. Фоконьенің кітабы шықты. Аталмыш кітапта салт - дәстүрге сай логико - прагматикалық мәселелерді когнитивтік лингвистиканың аясында қарастыру ұсынылған. 1987 жылы Р. Лагакердің «Оснований когнитивной грамматики» кітабының бірінші томы жарық көрді. Осы мәселеге қатысты Дж. Лакоффтың «Женщины, огонь и опасные предметы», М. Джонсонның «Тело в мышлении» (англ. The Body in the Mind), Р. Джэкендоффтың «Сознание и вычислительное мышления», атты монографиялары баспа бетін көрді.

1988 жылы Кеңес Одағында когнитивтік лингвистика мәселелерінің ізімен «Новое в зарубежной лингвистике» сериясының XXIII томы когнитивтік аспектінің көркем шығармалар тілінде зерттелуіне арналады. Ал осы жылы белгілі «Бенджаминс» баспасынан Б. Рудзки - Остынның редакциялауымен «Проблемы когнитивной лингвистики» деп аталатын мақалалар жинағы жарық көрді. 1995 жылы «Язык и интелект» деген атпен аудармалар жинағы когнитология саласына қызығушылардың назарына ұсынылды. Когнитивтік грамматиканың өзекті мәселелерін қозғаған 1980 жылғы Л. Таммидің мақалалары болды.

Жоғарда аталған мақалалар мен еңбектердің басын қосқан алғашқы оқулықтар Еуропада 1990 жылдары жариялана бастады. Олар: «Введение в когнитивную лингвистику» (1996, авторлары - Ф. Унгерер және Х. И. Шмидт) және «Когнитивные основание грамматики» (1997, авторы Б. Хайне).

Отандық тілшілеріміздің когнитивтік лингвистика мәселелеріне қызығушылықтарын арттыра түсуге түрткі болған аталмыш зерттеушілердің еңбектері болды. Еңбектердің маңызы, зерттеушілер танымдық ғылымдар аясында тілдің «әлемнің тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударуды көздейді. Мысалы, Э.Сепир былай дейді: «... «реальный мир» в значительной мере неасознанно строится на основе языковых привычек той или иной социальной группы. Миры в которых живут различные общества - это разные мира...» [3,98]. Яғни, когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталып алынуға тиісті бірнеше ұғымдар бар.

Оның негізгісі – тілдің қызметіне қатысты «ғаламның тілдік бейнесі»(языковая картина мира) [4,97].

Адам дүниені жалпы адамзаттық және ұлттық, тарихи –қоғамдық тәжірбие негізінде бейнеленген тіл арқылы таниды. Сонда ұлттық тәжірбие тілдің ерекшелігін анықтап, соның негізінде, сол тілде сөйлеушінің санасында, соған сай өзіндік дүниенің тілдік бейнесін жасайды.

Когнитивтік ғылымның өзектілігі ресейлік ғалымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың актуальды мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С. Кубрякова, В.Н. Телия, А.Вежбицкая, А.П. Бабушкин, А.С. Аскольдов, А.Н.Баранов, Ю.М. Караулов, В.А Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен орын алды. Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде когнитология ғылының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі, ұғымдары сөз етіледі. Бұл еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын қызметінің жоғары екендігін аңғаруға болады.

Ресейлік ғалымдардың когнитнвтік лингвистикаға байланысты пікірлері әдетте бірізді емес.

«Термин «Когнитивная Наука» (англ.cognitivescience) был введен несколько десятилетий тому назад, чтобы назвать так определенный круг научных дисциплин, объединивщихся для совместного изучения процессов, связанных с получением, оброботкой, хранением и использованием, организацией и накаплениемструктур знания, а также с формулированием этих структур в мозгу человека. Когнитивная Наука – это наука о знании и познании, о результатах восприятия мира и предметно- позновательной деятельности людей, накапленных в виде осмысленных, привиденных в определенную систему данных, которые каким - то образом репрезентированы нашему сознанию и состовляют основу ментальных, или когнитивных процессов» [5,6].

Яғни, бұл тұжырымнан шығатын қорытынды, когнитивтік лингвистика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі - адам санасының әрекетінің тілден көрініс табуы.

Зерттеушілер когнитивтік лингвистиканың бірнеше қайнар көздерін атап көрсетіп, олардың әрқайсысы өз алдына дербес мағына бере алады дейді. «- ең алдымен, когнитивтік лингвистика ежелден бері сабақтастық тауып, тығыз байланыста болып келе жатқан тіл туралы ғылым мен адам психикасы туралы ілімнің ажырамас бірлікте екенін ескеру. Тілдік қолданыс жүзеге асу үшін белгілі бір психикалық мехнизмдерге сүйенері анық, бірақ бұл жағдайдың себебі туралы ешкім ешқашан сұрақ қойған емес. Осы екі гуманитарлық ғылымның бір жерде тоғысуы олардың мазмұны мен міндеті бір деп қарастыру керек деген пікір тудырмауы қажет. Когнитивтік лингвистиканы зерттеудің ғылыми ұстанымдарына психолингвистика саласынан бөлек қарастыру жатады.

– екіншіден, когнитивтік лингвистика семантикалық тіл білімінің қайнар көзі болып табылады. Шындығына келгенде, когнитивтік лингвистиканың «семантиканың беті» деп анықтап, семантикалық ойлардың табиғи жетілуі деп қарастыру керек. Яғни, адам дүниетанымының қалыптасуының нәтижесі мен тіл семантикасының категориялары семантикалық ойлардың жемісі. Американдық лингвистер Л.Талми мен Р. Лангакердің еңбектерінде семантика тіл білімінен когнитивтік грамматикаға дейінгі ойлар ашық әрі түсінікті түрде айтылған. Мәселен, Талми әртүрлі грамматикалық жағдайлар туралы мәліметтер беретін концептуальді категориялардың тізбегін көрсетті. Ол түсінікті болу үшін мынандай мысалдарды келтіреді:

1 а. Мяч катился по траве

б. Мяч продолжал катиться по траве

2 а. Она вежлива с ним

б. Она корректна с ним

3 а. Ей пришлось сходить в театр

б. Ей удалось сходить в театр,

Көрсетілген мысалдар да бір жағдайдың әртүрлі формада берілуі көрініс тапқан. Яғни, компоненттері бір – біріне агонист болады да, сыртқа шығатын ойдың тенденциясы, оның өзгеруіне себепші, не болмаса қарама – қарсы антоганист қалпына түседі. Нақты жағдайлар физикалық, психологиялық, әлеуметтік қарым- қатынасқа байланысты болуы және көптеген тілдік қолданыстардың нәтижесінен көрініс табады.

  • когнитивтік лингвистиканың тағы бір тарихи қайнар көзі бар. Оның қалыптасуы когнитивтік ғылымның қалыптасуымен кезеңдес. Когнитивтік лингвистиканың құрылымы мен адамзат ілімінің жүзеге асуы инженерлік дамумен іске асып отырады. Ол - жасанды интеллект (искуственный интеллект) деп аталады. Шетелдерде 1960 - 1970 жылдары жасанды интеллект турасында әртүрлі пікірлер туындады. Адамның интеллектуалдық іс әрекеті «адам ойының әмбебап заңдары» деген көзқарасқа қарсы пікір айтуымыздың себебі мынада: адамның интеллектуалды тапсырмаларды шешуі тікелей оның іліміне байланысты» [6, 4-8].

Қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуын А.А.Потебня, Н.Хомский, Н.Я.Марр, Г.Гадамерлер де қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді бірлікте қарауға арналған. Қазіргі кезде Бұл мәселенің аясы кеңіп, ғылымның философия, логика, психология, мәдениеттану, жасанды интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелелерді шешуі ұсынылып, толықтырылып, жаңа концепциялар негізінде зерттелді.

Қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Р.Сыздықова, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов т.б ғалымдардың шәкірттері: К. Хұсайынов, А. Ислам, Ф. Оразбаева, Г. Сағидолда, Қ.Жаманбаева, Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова, Г.Смағұлова, Б.Момынова, Г.Снасапова, Ф.Қожахметова, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сияқты зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеуде.

Когнитивтік лингвистиканың шығу тарихы жайында бірнеше пікірлер бар. Ж.Манкеева: «Тіл білімінің даму тарихында дәстүрлі үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі құрылымдық және антропацентристік»[4, 39-40] – деп біз жоғарыда сөз еткен үш ғылым саласының өзара ерекшеліктері мен олардың басты бағыттарын көрсетіп береді. ХХI ғасырдағы жаңа теориялық танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз ішінде және өзі үшін қарастыратын имманентті зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс тәжірбиелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру қажеттіліктері туып отыр. Осы қажеттілік тіл білімінде жаңа ғылыми бағыттың, соның негізінде қалыптасқан антропацентристік парадигманың дамуын талап етеді. Когнитивтік лингвистика осы саланың аясында қаралып, кейіннен өз алдына жеке сала болып бөлінді.

Когнитивтік лингвистика алғашқыда нейролингвистика ғылымының (жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар) аясында зерттелген. Зерттеу барысында ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат пайымын, ойлау деңгейін, тілдік бейнесін де қарастырғандығына көз жеткізген болатын. Бертін келе адамның танымын, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл ғылымның маңызды аспектілеріне айналды. Бұл ғалымдар арасындағы қалыптасқан екінші пікір.

Ғылымның қай саласының болмасын жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның өзіне тән ұғымдары мен категориялары болуы шарт. Сол сияқты когнитивтік лингвистиканың да өзіне тән ұғымдары мен категориялары бар. Зерттеушілер аталмыш ілімнің ұғымы ретінде мына терминдері ұсынады: білім, концептуалдық, когниция , когнитивтік модель, вербалдылық, ментальдылық, концепт, тілдің әлемдік бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктер т.б. Келесі бір ғалымдар тобы бұл ұғымдарға қоса тағы бірнеше терминдерді бірге қарастыруды ұсынады. «Основными элементами формирования языковой картины мира в языкознании признаны единицы, которые в научном дискурсе получили свое следующее терминологическое выражение – концепт, прототип, пропозиция, фрейм, сценарий, событие, картинка, схема, гештальт, паттерн, слот, скрипт, когниция, ментальная репрезентация, понятие»[5, 72 б.]. Енді осы ұғымдардың әрқайсысына жеке -жеке тоқталып, қызметі мен маңызына назар аударайық.

Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше көңіл бөлінеді. Когниция –адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Тіл білімінде «когниция» терминінен «интеллектуалдық, ментальдылық» сияқты атаулар да синоним ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан айырмашылығы когниция - адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі. Когницияның ментальдылығы когнитивтік жүйе концептуалдық құрылымнан тұрады. Концептуалдық құрылым, яғни когнитивтік жүйе бөлшектері мен когнитивтік ойдың формасы мыналар:

1. Ойбейне

2. Протопип

3. Сценарий

4. Фрейм

5. Концептуалдық метафора

6. Стереотип

7. Гештальт

Осы аталған ұғымдарға жеке- жеке тоқталып көрейік.

Ойбейне-белгілі бір ұлттың әлемнің шындығын тану үшін қалыптасқан заттар мен құбылыстар жайлы ұғымы. Бұған мынандай мысал келтіруге болады: қазақ халқының танымындағы «үкілі тақия, қазақы тақия, Қыз Жібектің көші, қамажай» ойбейне түріндегі концептілік тип. Контекстерде, яғни ақын - Ойбейне жазушылардың шығармаларындағы ойбейнелер «қазақы тақия, үкілі тақия кию, қамажайды билеу, аңсап көріскен Қозы мен Баяндай бір- бірімізге құшақ жая ұмтылу» сияқты мысалдар негізінде көрініс табады.

Прототип.Прототипке сөздікте мынандай анықтама беріледі: бір нәрсенің қарапайым типі немесе формасы; заттардың категориясы; категория не класс элементтерінің жалпы сипатымен функциясына негізделген абстракциялық ұғым [ 7 ,32]. Дж. Лакофф прототип типтерін «типтік үлгілер», «әлеуметтік стереотиптер», «идеалдар», «жеке модельдер», («типичные образы», «социальные стереотипы», «идеалы», «образцы», «личные модели» ) [8, 36 ], - деп өз ішінен бірнеше топқа жіктейді. Прототиптің «типтік үлгісіне» ақын-жазушылардың шығармаларындағы жалқы есімдерді жатқызуға болады. Кейіпкерлердің есімі осы аталған типтік үлгілер арқылы жасалған. Оқырмандарға типтік үлгіні түсіндіру барысында мынандай мысалдар келтіруге болады: «Мырқымбай» (Б. Майлин, « Мырқымбай» өлеңінен) деген есімнің өзінде әжуамен пернеленген астар бар. «Мырқым» және « бай» сөздерінің тіркесуі арқылы, затына аты сай кейіпкердің бейнесі сомдалып тұр. Сондай-ақ, Асқар есімді кейіпкер (С. Мұқанов, «Ботагөз» романы ) – қазақтың дарқан даласынан шыққан, әділ азамат, тапқыр, халқының болашағын ойлайтын, асқардай биікке ұмтылған адам бейнесінде суреттеледі.«Орысша киінген жігіт, – Досанов Асқар еді. Семинарияда қазақ қызы қайдан болсын, - деп ойлайтын онда Асқар, - ауылда не орысша, не қазақша мектеп жоқ, семинарияға я сол сияқты орта, я жоғары мектептерге түсу үшін, қазақ қызы оқитын бастауыш мектеп керек;» [9 ,350 б].

Прототиптік типтердің бөлінісіне қатысты ғылымда прототиптік эффект термины қолданылады. Зерттеушілер прототиптік эффект көздері ретінде метонимия, радиялды құрылым және стереотиптерді қарастырады.

Сценарий.«Белгілі бір мәтіндегі іс - әрекеттердің тиісті мағыналарының көріністенуі осы сценарийлер арақылы жүзеге асады» [7 , 9 б.].

Мысалы, үлкенді аға, кішіні іні деп тұру (тәртіптілік, ізеттілік); сөзге тыңшылық істемек болу (қулық);төбесінен ыстық су құйып жібергендей жидіп түсу(психологиялық күй), т.б.

«Фреймдер–бұл әлем туралы түсініктердің ұйымдастырылған қорын белгілі бір құрылымға түсіру» [10, 25б.], - деп С. Зайсанбаева өз зерттеу еңбегінде айтса, фрейм теориясын алғаш рет жасанды интеллект ретінде ұсынған американдық ғалым М.Минскийдің пікірінше, фрейм – адам миындағы белгілі бір стереотипті жағдайдың көріністенуіне арналған ақпарат құрылымы, оны бір бірімен жалғастырып жатқан тор ретінде елестетуге болатындығын айтады [ 11, 49б.]. Яғни, фрейм арқылы адам жанындағы ақпарат ассоциацияланады. Ассоциацияланған ақпараттар тілдік бірліктер арқылы ғана көрінеді, адам санасындағы әлемнің тілдік бейнесін көрсетеді. Мысалы, төбесінен тас құлағанмен тең болу, алты өрім қамшымен жоталата тартып жібергендей әсер ету, шоқ басқан күшіктей қыңсылау, өзегіне шыжылдап қайнап тұрған ыстық майды қотарып құйып жібергендей болуфреймдері адамның психологиялық жан күйін суреттеген концептілік өріс шеңберіне шоғырланады.

Когнитивтік тіл білімінде фреймнің қолдану аясы кең. Жоғарыда байқағанымыздай, көбінесе мәтін тілінің құрылымын түсіндіруге қолданылады. Ал тілдік бірліктің жасалуында фреймдер тәжірбие арқылы жинақталған білімді пайдалану жолын санадағы құрылымдарға жасалған операция арқылы түсіндіруге тиімді болып табылады. Психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, кез - келген санадағы ақпарат белгілі бір жүйе арқылы жадыда сақталады, яғни бұл ақпараттардың жоғары белгілері, немесе төменгі белгілері болады. Сценарийлер өте мол ақпарат қалташаларын өз бойына жинақтайды. Бірақ адам бір мезетте сол ақпаратты түгелімен қажет етпейді, әр мәлімет өз қажетіне қарай мәліметтер базасынан алынып жоғарыға шығарылады. Яғни ұғымдар, өзге ұғымдарға негізделіп белгілі бір мақсатпен жасалынады. Бұл мақсат номинативтік, экспрессивтік, прагматикалық сипатта болуы мүмкін. Жаңа нысандарға атау беруде санада қалыптасқан белгілі бір ғылым қорын жинақтаған таңбаның өзге қырынан танылуы олардың жаңа мақсатта жаңа ұғымды немесе жаңа атауды берумен ерекшеленеді. Осы өзгеріс, осы ауысудың себебі, адам санасындағы танымдық әрекеттердің жүруі фреймдік әдіс арқылы танылады. Фрейм дегенде, біз әр таңбаның беретін білім қорының санадағы ұйымдасқан құрылымын елестетуіміз керек. Ал тіл біліміндегі фрейм тілдегі әртүрлі стереотипті ситуация туралы білімінің берілуін түсіндіруде қолданылады.

Стереотип ұғымына алғаш анықтама берген У.Липпман болатын. Оның ойынша, «стереотипті әлемдегі шым - шытырлы, күрделі белгілерді қабылдауды жеңілдететін, адамның санасындағы қалыптасқан, реттелген, терминделген «әлемнің бейнесі» ретінде қарастыруды ұсынады. Зерттеушілер стереотиптердің өзіндік белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлінді: әлеуметтік стереотип, қарым қатынас стереотипі, ұлттық стереотип, этномәдени стереотип, т.б. Әлеуметтік стереотип жеке тұлғаның ой оилауы мен тәжірибелік стереотиптерін қалыптастырады.Ұлттық стереотип белгілі бір ұлттың ұлттық еркшеліктерін қамтыса, этномәдени стереотиптер қандайда бір халықтың мәдениетіндегі өзгешеліктерді (Қазақтың қонақжайлығы, немістің – ұқыптылығын, африкандықтардың – қызуқандылығын, эстондықтардың – жайбарақаттығын, т.б. ) бейнелейді. Сонымен қатар стереотиптердіңавтостереотиптер, интеростереотиптердеген түрлері де болатындығын ескерген жөн.Автостереотиптер жеке қолданыстан туған тілдік бірліктерді қамтыса,интереостереотиптербелгілі бір халықтарға тән ұлттық белгілерді қарастырады. Кез келген ұлт жемді стереотиптің көрсеткіші ретінде қарайды және қабылдайды.

Концептуалды метафора- адам танымында ұқсату заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына. Метафораның когнитивтік теориясы туралы Эрн Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуде тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек [12:56], -дейді. Зерттеуші когнитивтік лингвистикада метафораныңзат-мағына – таңба үштігі шеңберінде қарастырылуына назар аударады. Метафораның когнитивтік бағыттағы нанымның құрамы екендігі турасында зерттеушілер мынандай қызметтеріне тоқталады;

- болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа ату беруі.

- абстірактілі мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай метафоралар ғылымда конептуалды метафора деп аталып жүр.

-метафораның индивидуалды –авторлық дүниетануды қалыптастыратын көркем сөз атрибуты.

Гештальт.«Гештальт» термині ( неміс Gestalt ) – фигура, форма, құрлым. «Гештальт – это мыслительная реалия, т. е. Термин принадлежащий определенной теорий вне её не имеющий смысла. Гештальт как таковой нельзя увидеть или нарисовать, поскольку это конструкт, теоретического построение. В научный обход его ввели немецкие учёные, представители школы гештольгопсихологий [13, 98 ].

3 сабақ. Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы (1 сағат).

Ғылымның жіктелу түрлері. Ғылым - шындық өмірінің ақиқат заңдары туралы білімнің жоғарғы формасы, теологиялық ойлаудың жемісі. Ғылым адам баласының ой- санасының, дүние танымдық өсуіне байланысты бірте-бірте туып қалыптасады. Қазіргі заманда ғылымның алуан түрі бар. Олар зерттелетін нысананың сипатына қарай әр түрлі топтарға жіктеледі. Әдетте, ғылымға нысан болатын мәселелерді жаратылыс құблыстарына және қоғамдық құблысқа жататын мәселелер деп ажыратып сол нысанаға орай бар ғылымды жаратылыстану ғылымдарыжәнеқоғамдық ғылымдардеп екі үлкен топқа бөледі. Бұл екеуіне қосылмайтын ғылым да бар: ол –философия ғылымы. Мұның оқшау тұратын себебі –ол жоғарыда аталған екі топтағы ғылымның екеуіне де қатысы бар жалпы заңдылықты зерттейді.

Когнитивтік лингвистиканың даму тарихында когнитивтік лингвистиканы қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келеді. Ол – ғалымның тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінуінен туды. Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілері психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деп т.б. пікірлер айтты. Олардың әрқайсысының өздерінше дәлелі, сүйенген негіздері барды. Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттың барлығы да бар. Әңгіме солардың қайсысының негізінің дұрыс екнін тануда.

Ешнәрсемен байланыссыз томаға – тұйық болып тұратын құбылыс қоғам өмірін де, табиғатта да кездеспейді. Түрлі құбылыстар өзара байланысып, бір-біріне ықпал-әсерін –тигізеді, біріндегі өзгеріске екіншісі себепші, түрткі болады. Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылыммен байланысы жөнінде де осыны айтуға болады.

«Когнитивная наука – это наука о знании и познании, о результатах восприятия мира и предметно –познавательной деятельности людей. В специальной литературе говорят нередко не только о Когнитивной науке, но и о когнитивных науках, включая сюда психологию, антропологию, моделирование искусственного интеллекта, философию и нейронауки. Но имеет при этом в виду те науки, которые напрямую связаны с постоновкой и решением эпистимологических проблем: природой знания и познания источниками знаний, их систематизацией, прогрессом и развитием знаний» [14,1-2б]

Ғылымның бір бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан туады.

Дыбыс тілінде бір ғана ғылымның, оның әдіс тәсілдерінің шеңберіне сыймайтын ғылымаралық мәселелер аз емес. Өйткені дыбыс тілінде қоғамдық сипатта, физика, физиологиялық, философиялық сипаттар да орасан мол. Сондықтан когнитивтік лингвистика қоғамдық ғылыммен де табиғаттану ғылымның алуан түрлі саласымен де, философия ғылымымен де байланысты. Бірақ бұл ғылымдардың ешқайсысы да когнитивтік лингвистика сияқты тілдік санаға қатысты мәселелерді тегіс қамтып, жан-жақты зерттемеиді, тек өзіне ғана тиісті мәселені қамтып, өз мүддесі тұрғысында сөз етеді. Бұған көз жеткізу үшін басқа ғылымның когнитивтік лингвистикамен байланысы жайына тоқталайық.

Когнитивтік лингвистика және философия.Тіл мәселесімен айналысушылардың басым көпшілігі философтар немесе әрі тіл ғалымы болады. Когнитивтік лингвистика өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып кетсе де, философиядан біржола қол үзіп кете алмайды. Өйткені, философия қандай бағыт ұстанғанына қарамастан, өз жақтаушысына тілдің көптеген жалпы теориялық мәселелерде (тілдің мәні, қоғам өмірінде атқаратын рөлі, даму заңдылығы, шығу, қалыптасу жолдарын, ой- санасымен байланысы, т.б. ) тілдегі мағына мен форманың бірлігіне бағыт – бағдар сілтейді, методологиялық негіз болады.

Когнитивтік лингвистика мен философияға ортақ нысан болатын мәселе тіл мен ойлаудың, мағына мен формаларының байланысы. Олай болатын себебі ойлау мен оның заңдылығы – философияның негізгі проблемаларының бірі. Ал тіл- ойдың жемісі, ойды қолданылатын, оны жарыққа шығаратын форма, яғни ой құралы. Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа адамдарға білдіріп, тіл арқылы, сөйлеу арқылы басқаның ойын біледі. Сондықтан ойлаудың жемісі, оның материалдық формасы, құралы болып табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайды, онсыз ойлау заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін емес. Екінші жағынан, тіл-ойлау құралы, ой-оның мазмұны, мағынасы, ал мағынасыз жалаң қуыс форма. Сондықтан когнитивтік лингвистика тілдің мағыналық жағынан, оның ойды қалай жарыққа шығаратынына селқос қарай алмайды. Ал, оны білу үшін ойлау заңдылықтарынан хабардар болуымыз, бұл мәселе жөніндегі қағидалармен таныс болуымыз керек.

Когнитивтік лингвистика және логика. Когнитивтік лингвистика мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатынасы мәселесі. Логика ойлау формасын, ойлау формасының өзара байланысын, даму жолдарын зерттейтін ғылым. Ал, ойлаудың заңдылықтарын тілдік материалсыз білу мүмкін емес. Ойлау формасы тілдік элементтерімен тығыз байланысты. Сондықтан ұғым, пайымдау, ой қорытындысы сияқты логикалық категорияның тілдік элементтер арқылы көріне алатыны да, олардың арасындағы бірлік пен өзгешелік те логиктер үшін өте қажетті. Сол сияқты когнитивтік лингвистика үшін тілдің мағыналық, мазмұндық жағы да аса маңызды. Ал тілдік мазмұн дегеніміз – ой, пайымдау. Бұлар – логикалық категориялар когнитивтік лингвистиканы қызықтыратын мәселе –ойлау заңдылықтарының тіл құрлысына қандай дәрежеде әсер ететіні. Осы тұрасында зерттеуші Н.Оқасова адамның интелектуалды – рухани қызметін зерттейтін бағыттың біріне логикалық бағытты жатқызып, оның негізгі нысанына ойлаудың формальді ережелері, ұғым мен ойдың құрылымының зерттелуін атап көрсетеді [ 15 : 169 ].

Логиканың бір саласы математикалық логика соңғы жылдары тіл білімінің алдына жаңа проблемалар, тіл зерттеу ішінде математикалық формаларды қолдану міндетін қойып жүр. Мұндай формалар күрделі есептерді шығаратын және мәтінді бір тілден екінші тілге аудару міндетін атқаратын электрон машинасына әрекет үстінде басшылыққа алатын нақтылы нұсқау ережелер жасау үшін, тілдік мазмұнды шартты белгілерге, кодтарға айналдыру үшін керек.

Конгвитивтік лингвистика және физиология, физика, медицина.Сөйлеу, сөйлесу дыбыс органдарының артиуляциясы арқылы жасалатын дыбыстар тасқыны түрінде іске асып ауа толқыны арқылы құлаққа естіледі. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс. Оған лингвистиканың да, сөйлеу органдарының да, нерв жүйесінің де қатысы бар. Бұл жағынан конгвитивті лингвистика физиология, физика, медицина ғылымымен де байланысты болды.

Конгвитивті лигвистика мен физикалық байланысын зерттеушілер нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Біз жоғарыда конгвитивті лигвистика бойынша дара тұлғаның қалыптасуы үшін терең теңізі бар ішкі қажеттілік пайда болу керек дедік. Зерттеушілер осы ішкі қажеттіліктің пайда болуын физикамен байланыстырады. «Ішкі кернеудің күшейіп, тепе – теңдіктің бұзылуын ғылым қажеттілігінің алынуы дейді. Ішкі қажеттілікті тудыратын беймәлім факторлардың құрылысын термодинамикалық процестерден көруге болады. Термодинамика – энергия бір денеден екінші денеге қарай өтеді, бір формадан екіші формаға қалай айналады – соны түсідіретін ғылым [2 ,27]». «Материяның қозғалысы – тек қана тұрпайы механикалық қозғалыс дененің механикалық ауысуы емес, бұл жылу мен жарық, электр мен магнит күші химиялық қозғалыс пен ыдырау, өмір, ең соңында, сана» [16, 88]. Бұл конгвитивті лигвистиканың физикамен байланысы.

Сөйлеу әрекеті мимен жоғарғы нерв жүйесінің сөйлеу, есту органдарымен тығыз байланысты. Бұлардың зақымдануы сөйлеу әрекетіне зиянды жақтарын тигізеді. Бұл мүшелердің ауру-саулығын медицина ғылымы, оның психиатрия, дефектология, логопедия деп аталатын салалары текесереді. Олардың афария ( сөйлесімдердің бұзылуы, мылқаулар, саңлаулар тілдері ) жөніндегі ғылыми табысы, т. б. үшін де пайдалы.

Конгвитивті лигвистика мен әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл –айырылмас бірліктегі құбылыстар. Тіл - әдебиетінің жаны. Тілсіз әдебиет жоқ. Тіл әдебиеттің материалдық жағы болса, әдебиет – тілдің материалдық қызметінің жемісі. Тіл білімі де, әдбеиеттану ғылымы да ежелгі заманнан сақталған тідік нұсқаулардың мазмұнын, тілін, пайда болу тарихын зерттеу негізінде қалыптасқан философия ғылымынан бөлініп өрбіген төркіндес, кіндіктес ғылымдар.

Ал конгвитивті лигвистика осы екеуін тоғыстыратын тіл білімінің бір саласы. Олай дейтінімізідің себебі, әдебиеттегі шығармалардың танымдық белгілерін тілде айқындау конгвитивті лигвистиканың басты міндеті. Қорыта айтқанда, көркем туындының тілдік, стильдік танымдық сипатын анықтау - конгвитивті лигвистиканың қарауына жатады да, оның идеялық көркемдік жақтарын ашу, көркем образдар, характерлер жасаудағы тілдік тұлғаның қызметі деген тәрізділер әдебиеттану ғылымының үлесіне жатады. Басқаша айтқанда, көркем мәтінді талдағанда тіл маманы тілдік тұлғаның, тілдік котегорияның, тезаурустың құрылуын, танымның шығармалардың көркемдік – эстетикалық мазмұнындағы қолданысын зерттесе, әдебиетшілер, керісінше шығармалардың идеялық көркемдігінен бастап, олардың ашылуында тілдік құралдардың рөлі мен қызметін зерттейді.

Конгвитивті лигвистика мен семиотика. «Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі (жақтар) туралы ғылым, семиотика сөйлеу тілінен таңбалар ретінде қарайды [17,26]. Конгвитивті лигвистика – адам санасында танымның пайда болуын, оның консептіге айналуын қамтамасыз етсе, семиотика ғылымы – танымның таңбалануын қамтамасыз етеді. Ғалымдар бұл жағдайды былай көрсетеді:

  1. Таңбаның (семиотика) түрлері мен типтері.

  2. Таңбаның бейнеленген ой не білімнің түрлері және сол білімді таңбадан таба білу не ажырата алу механизмі, (семантика және прагматика, синтактика)

  3. Таңбаның қалыптасуы мен дамуының шарттары (семиотикалық онтогенез) мен оның қызмет ету қабілетін қалпына келтіру қағидалары (семиозис) [18,5] .